Студопедия — Р Конститутциясы. 2 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Р Конститутциясы. 2 страница






Негізгі ұғымдары: апелляциялық немесе қадағалау тәртібі, судья, прокурор құзіреті, Прокурордың күшіне енген сот шешімдеріне, үкімдеріне және басқа қаулыларына байланысты наразылық беру.

1.Сотта азаматтық немесе қылмыстық іс қарау кезінде, апелляциялық немесе қадағалау тәртібімен іс қарау барысында прокурор өз өкілеттігін заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

Егер соттың (судьяның) шешімі, үкімі немесе басқа қаулысы заңға қайшы болуы немесе негізсіз болуы себепті оған келіспеген жағадайда прокурор істі қайта қарауға жіберу немесе соттың актісін өзгерту мақсаттарында жоғары тұрған сотқа наразылық беруге құқылы.

Сотта іс қарауға қатыспағанына қарамастан прокурор соттың күшіне енбеген заңға қайшы немесе негізсіз шешіміне, үкіміне немесе басқа қаулысына наразылық беруге құқылы.

2. Прокурор өз құзіреті шеңберінде соттан шешім, үкім немесе басқа қаулы күшіне еніп қойған істерді талап етуге құқылы.

Егер іс бойынша күшіне енген шешім, үкім немесе басқа қаулы заңға қайшы немесе негізсіз болса прокурор қадағалау тәртібімен наразылық береді. Егер наразылық беру оның өкілеттік шеңберіне кірмейтін болса прокурор жоғары тұрған прокурорға наразылық білдіруін сұрап қаулы жібере алады.

Прокурордың күшіне енген сот шешімдеріне, үкімдеріне және басқа қаулыларына байланысты наразылық беру және олардың орындалуын тоқтата тұру өкілеттігі заң актілерімен айқындалады.

3. Республиканың бас прокуроры Республика Жоғары Соты нормативтік қаулысының Конституцияға және басқа заңдарға сәйкес келмеуіне байланысты республика Жоғары Сотының Пленумына наразылық енгізе алады.

 

8 Дәріс

Тақырып: Мемлекет басқару органдар мен мекемелер, кәсіпорындармен,

лауазымды тұлғалар және азаматтар мен заң қолдануын қадағалау.

Жоспар:

1.Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауына прокурорлық қадағалаудың мәні, пәні және міндеттері.

2.Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауына қадағалау бойынша прокурордың өкілеттіктері.

3.Адам және азаматтың құқықтары мен бостандыңтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Негізгі ұғымдары: Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары, заңды тұлғалар, мемлекет мүдделері, кеңестер, бұқаралық ақпарат құралдары, тексеріс нәтижелер.

1. Адам және азаматтьң құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалаудың мәні, пәні және міндеттері

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерінің сақталуына прокурорлық қадағалау - дербес және прокурорлық кадағалау саласындағы маңыздылардың бірі болып табылады.

Осы сала дәстүрлі «жалпы қадағалау» деп аталатын, ол қарастырылып отырған саланы прокурорлық қадағалаудың басқа арнайы салаларынан шек қоюға мүмкідік беретін, прокурорлық қадағалауды реттейтін қолданыстағы заңнамада «жалпы кадағалау» термині аталмаса да, ол прокуратура органдарының қызметкерлерін құрастыру кезеңінен калыптасып, бұрынғысынша солармен колданылады.

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалау, басқа мемлекеттік қоғамдық-жарамды, жасампаз қызмет тәрізді өз мәні мен мідеттері бар.

Осы мақалада қадағалау субъектілері ретінде азаматтар қарастырылмайды. Сол накты заңдарды дәл орындау талаптары азаматтар алдына қойылады. Азаматтар заң бұзушылық жасаса прокуратура органдары заңмен белгіленген жазалау шараларын қолданады. Осыдан, егер азаматтар заң бұзушылыққа барса, олар прокурорлық қадағалаудың субъектілері болады.

Заңдар орындалуын прокурорлық қадағалау саласына ҚР Жоғарғы Соттың Пленарлық мэжілісінің нормативті қаулылары да кіреді. Прокурорлар ҚР (қол қойылған) жасалған немесе оларға қосылған екі жақты және көпжақты халықаралық шарттардың және тағы басқа халықаралық акттілердің орындалуын қадағалайды. Онымен коса улттык зацнама халыкаралык зацнамага сай болу кажеттшпн ескере отыру тиіс.

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалау саласының мәні ҚР «Прокуратура туралы» Заңының 28 б. анықталған, олар мынадай болып келеді: Құқық қорғау органдары: Заңнамалық актілер жинағы. Алматы: ЮРИСТ, 2003 ж. - 28 б. қараңыз.

1) "Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалау құқықтық актілердің жэне органдардьщ, уйымдардын, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың әрекеттері заңнамаға сәйкес болу керек;

2) кез келген заң бұзушьлықты айқындау, осындай заң бұзушлыққа мәжбүр болған себептер мен жағдайларын жою, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру».

Прокуратура басқа мемлекеттік органдардың орнын баспайды және ұйымдардың қызметі мен азаматтардың жеке өмірлеріне қол сұкпайды.

Басқа мемлекетік органдар жүзеге асыратын қадағалау мен бақылаудан осы прокурорлық қадағалау турінің айырмашылығы - заңдар бұзушылық туралы ақпарат прокурордың өз өкілеттіктерін қолдану негізі болып табылады. Осындай ақпаратқа ие болып, прокурор заң атқарушылық тексерістерін өткізеді және басқа да қадағалау әрекеттерін жасайды.

Басқа салалармен салыстырғанда адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалау саласы, анықтау мен тергеу, соттар және сотпен тағайындалған жазалауды атқаратын органдардан басқа, заңдардың көбін камтитын аса кең және көп қырлы сала болып табылады. Осы сала өте күрделі және ауыр сала болып табылады.

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын прокурорлық қадағалаудың маңыздылығының себепшісі - заңдарды бұлжытпай орындайтын, әсіресе мемлекеттік басқару және бақылау, құқық қорғау органдары, мемлекет алдында тұрған міндеттерді орындаудың маңызы ерекше мәнді болады.

3. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын,заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша прокурордың өкілетіктері

Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлгалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша прокурорлық қадағалауды жетнік жүзеге асыру үшін прокурорлар анық құқықтарға ие және заңда белгіленген міндеттер атқарады, б.а. сәйкес өкілеттіктері бар. Прокурорлық қадағалауды жүзеге асырған кезде прокурорлардың өкілеттіктері екі топқа бөлінеді:

өкілеттікті жүзеге асырған кезде прокурор мыналарға құқылы:

1) өткізіліп жатқан тексеріс мәселелері бойынша азаматтар мен лауазымды тұлғалардың түсініктерін алуға;

2) қызмет куәлігін керсету бойынша бегетсіз мемлекеттік органдардың аумақтары мен бөмелеріне және де меншіктің барлық нысанды ұйымдарына кіруге;

3) басшылар мен басқа лауазымды тұлғалардан заңдылық жағдайы және оны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы қажет құжаттарды, статистикалық мәліметтерді алуға;

4) тексеріске қатысуға және қорытындысын шыаруға мамандарды тартуға;

5) өз құзырет шегінде прокуратураға түскен материалдардың, жүгінулердің өндірісін талап етуге;

6) басқа құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен қарым-қатынас негізінде тексеріс өткізуге тартуға;

7) заңнамада қарастырылған басқа да тексеру әрекеттерін орындау. Заңдылық орындалуын қадағалау бойынша прокурор өкілеттігінің екінші

тобы айқындалған заң бұзушылықты және оған себепкер болған жағдайды жою және де заң бұзушылыққа кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту болып табылады. Аталған өкілеттіктер ҚР "Прокуратура туралы" Заңының 29 б. 2-бөлігінде бекітілген.

Тексеріс нәтижелері бойынша прокурор:

1) наразылық енгізеді.

2) заңдылық бұзушылықты жою жөнінде бұйрық береді.

3) қылмыстық іс қозғау, тәртіптік өндіріс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы өндіріс қозғау жөнінде қаулы шығарады, материалды зиян келтіргеннің орнын толтыру шараларын қабылдайды;

4) адам және азаматтың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мудделері бұзылған жағдайларында, тек заңдардан басқа, заңсыз актілердің әрекеттерін тоқтата тұрады;

5) мемлекеттік органдарымен және олардың лауазымды тұлғаларымен салынған тыйым салу-шектеу түрлі шараларын жояды және шешеді,

6) адам және азаматтың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінеді.

7) бұзылған заңдылықты жою жөнінде органға және лауазымды тұлғаға ұсыным береді.

• 3. Адам және азаматтьң құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру

Заңдардың қолданылуына прокурорлық қадағалаудың нетижелілігі көбінесе жумыстың қалай ұйымдасқанына байланысты болады. Заңдардың қолданылуына прокурорлық қадағалау жұмысын ұйымдастыру - жалпы прокуратура жұмысын ұйымдастырудың кұрамды бөлігі болып табылады және ол прокурорлық кадрларды таңдап алу, орналастыру, біліктіліктерін арттыру, олардың қызметтерін үнемі жүйелеу (бағыттау), оларды барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету, ақпараттарды жинау және талдау, прокуратура жұмысын талдау және оған баға беру, жұмысты жоспарлау, жоспарлардың орындалуын бақылау, заңдылықты нығайту жоспарларын орындаудың жоғары нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында, шұғыл қызметкерлердің, өзге де органдардың күш-жігерлерін біріктіру бойынша өзара байланыстырылған және өзара толықтырылған іс-шаралар (іс-шаралар, элементтер) жиынтығынан тұрады.

Прокуратураларда заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыру нақты прокурорлық қызметкерлерге бекітіледі Аудан және оларға теңестірілген мамандандырылған прокуратураларда жедел кұрамның штаттық санына байланысты, бұл жұмыс прокурордың бір немесе бірнеше кемекшілеріне бекітіледі Облыс және оларға теңестірілген прокуратураларда, үлкен қалалардың прокуратураларында бұл жұмысты әр қызметкерлеріне прокурорлық қадағалаудың нақты бағыттары бекітілетін заңдардың қолданылуын қадағалау басқармалары мен бөлімдері орындайды. Аудан және қала прокурорларына көмек керсету және олардың жұмыстарын бақылауды жүзеге асыру үшін бұл басқарма мен бөлімдердің прокурорлық қызметкерлеріне төмен тұрған прокуратуралар бекітіледі (зоналар). Прокуратураларда міндеттердің қалай бөлінуіне қарамастан, прокурорлар мен олардың орынбасарлары заңдардың қолданылуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қатысады, осы облыстың бағынышты прокуратураларының жұмысын бақылайды.

Заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі жұмыстар жоспарлық негізде ұйымдастырылады. Тәртік бойынша, заңдардың орындалуын қадағалау жұмыстарына жеке жұмыс жоспарлары жасалмайды. Жеке тарауға біріктірілген тиесілі іс-шаралар прокуратураның болашақтық және ағымдағы жұмыс жоспарларына қосылады. Бұлар, ең алдымен, мынадай іс-шаралар:

*заң бұзушылықтар туралы дабылға байланысты заңдардың орындалуына тексерістер жүргізу;

*шығарылатын құқықтық актілердің заңдылығын тексеру;

*басқа органдармен бірлескен немесе олармен бір уақытта заңның орындалуына тексерістер жүргізу;

*прокурорлық қадағалау актілерін (шара қолдану), оның ішшде қорытындыланған ұсыныстарды, сондай-ақ құқық қолдану тәжірибесімен оқып танысу нтижелері жөніндегі ақпараттарды әзірлеу;

*соттарға талаптар мен арыздарды әзірлеу және ұсыну;

*заңдардың орындалуына тексерістер жүргізу жөніндегі әдістемелер, ұсынымдар әзірлеу;

*Әр түрлі алдын- алу ескерту іс-шараларын жүргізу (кеңестер, бұқаралық ақпарат құралдарына шығу).

Жұмыс жоспарлары орындалу кезінде түзелулері мүмкін, бірақ жоспарланған іс-шаралардың жалпы келемі орындалуға тиіс. Бұл жұмыс жоспарларының орындалуына белгілі бір мөлшерде прокуратура басшылары тарапынан бақылау жасауды қажет етеді және ол үнемі жургізіілу| тиіс. Мұндай жағдайда, барлық звенодағы прокуратура басшылары: сен, бірақ тексер деген кағидатты басшылыққа алады. Жоғары тұрған прокурорларға келетін болсақ, олар төмен тұрған прокуратураларға тәжірибелік көмек көрсетумен тапсырмалардың, жоспарлық іс-шаралардың орындалуын тексереді. Мұндай тексерістер - прокуратура органдарын басқару әдістемесінің бірі болып табылады.

Адам мен азаматтың, заңды тұлғалар мен мемлекеттік құқықтары мен бостандықтарын сақталуын қадағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру кезінде оны есепке алуға аса көңіл бөлінеді, себебі дұрыс реттелген есеп жасалған жұмысты қарап бөуге (талдауға) көмектеседі, орындалған жұмыстың көлемі мен белгілі бәр мөлшерде сапасын, жіберген көмшіліктерді көрсетеді және оларды бағалауға мүмкіндік береді, шұгыл және статистикалық есепті жүзеге асыруды жеңілдетеді.

 

9 Дәріс

Тақырып: Жедел іздестіру қызметі, заңдылығына прокурорлық қадағалау.

Жоспар:

1.Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуына прокурорлық қадағалаудың маңызы, мәні және міндеттері.

2.Прокурордың жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі өкілеттігі.

3.Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

Негізгі ұғымдары: Жедел іздестіру қызметіне қадағалау

1.Бұл жағдайда қадағалаудың пәні – жедел іздестіру қызметін жүзеге асыру, жедел іздестіру іс-шараларын атқару барысында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, сондай-ақ жедел іздестіру қызметін жүзеге асыруға өкілетті лауазымды тұлғалардың қабылдаған актілері мен әрекеттерінің заңдылығы.

Жедел іздестіру қызметіне қадағалау жасай отырып прокурор:

1) жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардан тексеруге материалдар, құжаттар, істер және жедел іздестіру қызметінің барысы жайлы басқа қажетті мәліметтер сұратып алады (жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен жасырын түрде ынтымақтас болған немесе болып табылатын азаматтардың жеке басына қатысты мәліметтерді есептемегенде);

2) жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың жекелеген жедел іздестіру шараларының заңдылығын тексереді;

3) жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне берілген шағымдар мен өтініштерді қарайды;

4) Конституцияға, заңдарға, ҚР Президентінің жарлықтарына, басқа да актілерге қайшы келген жағдайда жедел іздестіру органдары қабылдаған, жедел іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу тактикасын реттейтін нормативтік сипаттағы актілерге наразылық береді;

5) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзған жағдайда жедел іздестіру іс-шараларын тоқтатады;

6) жедел іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру барысында заңсыздықтарға жол берген қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс немесе тәртіптік өндіріс қозғау туралы қаулы қабылдайды;

7) жедел іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру барысында анықталған заң бұзушылықтарға байланысты заңмен белгіленген басқа да актілер шығарады;

8) заңсыз қамауда отырған тұлғаларды босатады;

9) қажет болған жағдайда жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың басшыларынан өз қарамағындағыларға қатысты заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында тексеру жүргізуді талап етеді;

10) заңда көзделген жағдайларда жедел іздестіру іс-шараларын

жүргізуге санкция береді.

 

10 Дәріс

Тақырып: Тергеу мен алдын-ала анықтау заңдылығына прокурорлық

қадағалау.

Жоспар:

1.Қадағалаудың мәні,маңызы және міндеттері.

2.Прокурордың алдын-ала тергеу және анықтау орггандарында заңдардың орындалуын қадағалау өкілеттігі.

3.Алдын-ала тергеу анықтау органдарында заңдардың орындалуын қадағалау жұмысын ұйымдастыру.

4.Анықтау органдарында заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері.

5.Тергеу мен анықтама қызметінің заңдылығын қадағалаудағы прокурордың актілері.

Негізгі ұғымдары: Тергеу мен анықтама қызметінің заңдылығын қадағалау.

1.Прокурор тергеу және анықтама органдарының қызметінің заңға сәйкес жүргізілуін, жасалған қылмыстар туралы хбарлар мен ақпараттардың заңда белгіленген тәртіппен шешілуін, тергеудің дұрыс жүргізілуін қадағалайды.

Тергеу мен анықтама қызметінің заңдылығын қадағалай отырып прокурор:

1) жедел іздестіру, тергеу, анықтама қызметін жүзеге асыратын органдардан тексеруге материалдар, құжаттар, істер және жедел іздестіру қызметінің барысы жайлы басқа қажетті мәліметтер сұратып алады;

2) жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау, тіркеу, шешу кезінде заңдылықтың сақталуын қадағалайды;

3) қамауда ұстау мен қамауға алуға санкция береді;

4) қажетті жағдайда қылмыстық іс қозғайды, қылмыс бойынша тергеу жүргізуге жазбаша нұсқау береді;

5) тергеушілер мен анықтама жүргізуші тұлғалардың заңсыз қаулыларының күшін жояды;

6) тергеу, анықтама кезінде процеске қатысушылардың не басқа азаматтардың құқықтары бұзылсы, тергеудің заңсыз әдістері қолданылса кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту мәселесін қояды;

7) тергеу, анықтама қызметінің толық болмауы, заң талаптарының бұзылуы жағдайларында қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтарады, істі толығымен немесе нақты тұлғаларға қатысты тоқтатады;

8) тергеу, анықтама органдарынан келіп түскен істерді қарауға сотқа жібереді;

9) қажет болған жағдайда тергеу, анықтама органдарының басшыларынан заң бұзушылықтарын жою, қылмыстардың толық ашылуын қамтамасыз ету мақсаттарында өздеріне қарасты органдарда тексеру жүргізуін талап етеді;

10) тергеу, анықтама жүргізуші тұлғалардың, тергеу, анықтама органдары басшыларының әрекеттеріне және шешімдеріне берілген шағымдарды қабылдайды;

11) бұлтартпау шарасы ретінде қамау белгіленген тұлғаларды қамауда

ұстаудың тәртібі мен шарттарының заңға сәйкестігін тексереді;

12) заңмен белгіленген басқа да әрекеттерді жүзеге асырады.

Прокурор өз өкілеттігіне байланысты нұсқауларды жазбаша береді және ол тергеу, анықтама жүргізуші тұлғаларға міндетті болады.

 

11 Дәріс

Тақырып: Әкімшілік іс жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалау.

Жоспар:

1.Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын прокуратуралық қадағалаудың маңызы,мәні,міндеттері мен басты бағыттары.

2.Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қамтамасыз ету заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі прокурордың өкілеттігі.

 

Негізгі ұғымдары: Әкімшілік өндірістің заңдылығын қадағалау, лауазымды тұлғалар, әкімшілік құқық бұзушылықтар

1.Прокуратура әкімшілік өндіріске төмендегі мақсаттарда қадағалау жүргізеді:

1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың нақты және бірыңғай қолданылуын қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау, жаупакершілік шарасын қолдану кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;

2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың қолданылуы кезінде бұзылған адам мен азаматтың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдардың құқықтарын қалпына келтіру;

3) әкімшілік құқық бұзушылық бойынша өндіріс кезіндегі кез келген актіге азаматтардың шағым бере алуын қамтамасыз ету;

4) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы қолдану кезінде заңсыздықтарға жол берген кінәлі тұлғаларға шаралар қолдану;

2. Әкімшілік өндіріске қадағалау жүргізе отырып прокурор төмендегідей құқықтар иеленеді:







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1484. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия