Студопедия — Негізгі ұғымдар: төрелік, принцип.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Негізгі ұғымдар: төрелік, принцип.






1-сұрақ Судьяларды дайындау ұғымы

Қазіргі таңда судьяларды дайындау, іріктеу мәселелері өзекті болып отыр. Судья кадрларын іріктеуде заң мамандығын игерген тұлғалар мен жоғары заң оқу орындары бітірушілерінің судьяға заңмен қойылатын міндеттерді қаншалықты атқара алтындығын зерттеген жөн.

Заңда белгіленген судья өкілеттігінің ауқымы мен сипаты судьялыққа үміткерлерге қойылатын талаптардың жоғарылығын айғақтайды. Сот кадрларының, сондай-ақ судьялардың арнайы дайындықтан өтуі, кәсіби деңгейінің дәрежесін іріктеу мәселелері мемлекеттік деңгейге көтерілді және бұл туралы Президент те бірнеше рет айтып өтті.

Судья заң білімін игерген және оны белгілі бір жағдайда қолданатын тұлға ғана емес, сондай-ақ, ол сот билігін жүзеге асыратын басшы, ұйымдастырушы болып табылады. Жаңа кезеңдегі басшыға қойылатын талаптар тек қана жоғары-ғылыми білгірлігі ғана емес, сонымен қатар басшы мінез-құлқының тұлғалық қасиеті де ескеріледі.

Кадрлармен жұмыс жөніндегі мұндай талаптар іс жүзінде қолданылады және қазіргі жағдайда одан әрі дами түсуде.

Судья кадрларын ғылыми негіздеп, іріктеу бірнеше кезеңдерден тұруы керек.

Бірінші кезеңде, кәсіби бағдар мен кәсіби іріктеу жүргізуге негіз болатын тұлғаның психикалық сапасына қойылатын талаптардың қысқаша жиынтығын қарастырған жөн. Бұл сот кадрларының кәсіби бағдар мен іріктелуіне байланысты мәселелерде пайдаланылуы мүмкін.

Басқа да мамандықтар сияқты судья кәсібіне қолданылатын талаптар туралы мәселенің қойылуы орынды. Ал, іріктеу туралы айтатын болсақ, ол судьяның мәртебесін шешу үшін негіз беретін ерекше жол.

Екінші кезеңде, болашақ судьяның кәсіби нәтижелілігін қамтамасыз етуге кепіл бола алатын құқықтық және психологиялық өлшемдер қарастырылады. Судья болуға жарамдылық өлшемі объективті немесе субъективті сипатқа ие болады. Олардың біріншісі өзгеруге бейім, ал екіншісі тұлғаның жеке психологиялық түсінігімен байланысты.

Үшінші кезеңде судьялыққа үміткердің қасиеттерін және судья міндетін орындау үшін қажетті талаптар жиынтығын қарастырамыз. Бұған судьялыққа үміткерлер туралы алдын-ала ақпарат жинау, олардың қызметінің табыстылығы, заң қызметіне бейімділігі, заң мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі немесе жоғарғы оқу орындарындағы үлгерімін сипаттайтын мәліметтер жөніндегі ақпараттар кіреді. Судьяның қоғамдағы ерекше әлеуметтік және құқықтық мәртебесін ескерсек, судья болу үшін, тек қана жоғарғы заң білімі мен екі жыл қызмет істеуі, мүлтіксіз өмірбаяны аздық ететінін уақыттың өзі айқындады. Тағылымдамадан өту кезінде үміткер өзінің судья мантиясын киюге лайық екендігін сезініп, оған психологиялық, кәсіби және моральдық дайындығы әбден пісіп жетілуі керек.

Судья қызметін жүзеге асырудың құқықтық және психологиялық алғышарттары болашақ судьяның кәсіби қызметінің нәтижелігін қамтамасыз етудің негізгі кепілі болуы мүмкін.

Кәсіби жарамдылық өлшемдерінің деңгейін жасау мақсатқа сай объективті, сондай-ақ, субъективті негізі бар талаптарды ұсынады. Соңғысы оның тізімін анықтауды қажет етеді. Өйткені судья қызметі үшін жеке бастың көптеген қасиеттері бірдей еместігі ескертіледі.

Күнделiктi өмiрде жиi кездесетiн әртүрлi даулы мәселелер бойынша қарапайым көпшiлiкпен етене жақын жұмыс жасайтын, сот билiгiн жүзеге асыратын судьялар. Сол себептi, олардың бай өмір тәжірибесі мен мемлекеттiк тiлде сөйлеп, бұқара халыққа өз қызметiн толық түсiндiре, көрсете бiлуi олардың басты мiндетi. Көпшiлiктiң сын садағына ұшырап қалмас үшiн судья өз мiндетiне адал, жауапкершiлiктi жете сезiнетiн, ең бастысы әдiл болуы тиiс.

Сот қызметінің көпқырлығы, сонан соң қолданатын нормалары, сондай-ақ білімнің әр саласының даму деңгейі, әртүрлі кәсіптегі адамдармен сот талқылауында қажетті қатынас, ақыл-ой дамуының біркелкі еместігі, судьядан білімнің кеңдігін жүйеленген заң танымдарын білуін талап етеді. Сот кадрларын іріктеу практикасы құқық магистрі атағы немесе академиялы ғылыми дәреже өлшемдерінің болуын айғақтайды.

Магистр атағы немесе ғылыми дәреженің болуы судьяға үміткерлерді тағайындар алдында тағылымдама мерзімі мен тәртібін анықтау кезінде назарға алу мүмкін деп есептелінеді. Соттың әртүрлі қызметін орындауды қамтамасыз етуде судья маңызды рөл атқарады. Ол сот шешімдерінің әділдігі мен бұлтартпайтындығы, сондай-ақ сот мәжілісінде заңдардың қатаң сақталуы, сот талқылауын жүргізудің жоғарғы мәдениетінен көрініс табады. Судьяның құқықтық және жалпы мәдениетінің жоғарғы деңгейі – сот процесінің кең мағынадағы мәдениетін, халық алдындағы соттың тиісті беделін қамтамасыз етуі мүмкін. Ғылыми дәреже немесе магистрлік атақ құқықтық және жалпы мәдениеттің осындай деңгейі үшін тиісті алғышарттар жасайды.

Ғылыми дәреже немесе магистрлік атақ жоғарғы заң мамандығын алу үшін ғана емес, сонымен қатар кәсіпті дұрыс таңдау үшін белгілі алғышарттар жасауға да маңызды. Судья жұмысының ерекшелігімен танысқан адам оның кәсіби бейімділігі туралы мәселені шешуде маңызды кезеңі болып табылады.

Судья болуға дайындық практикалық қызмет барысында қалыптасады және судья кәсібінің ерекшелігі мен маңызынан хабары төмен адамдардың иемденіп кетуіне жол бермейді. Заң мамандығының жұмысы қызығушылық пен бейімделікті ашуға ықпал етеді, заңды қолданудың практикалық дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Заң жүйесіндегі білімін кеңейтеді, адамдармен сөйлесу, араласу тәжірибесін байытады. Бұл сот қызметі үшін маңызды.

Сот қызметі жөнінде, олардың алғашқы мақсаты туралы түсінікті судьяларды сұрау және жеке істерді зерттеу кезінде алынған мәліметтер береді. Сұралған судьялардың жартысына жуығы судья болғанға дейін заң органдарында жұмыс тәжірибесін алған. Судья үшін басқа тұлғалармен қарым-қатынаста болу – өте маңызды тәжірибелердің бірі. Сондықтан, бірқатар сарапшылардың жоғарғы соттар судьяларының оларды іріктеу кезінде, азаматтар тәрбиелеуге байланысты қызметінде, ұйымдарда жұмыс істеу стажының болуы мақсатқа сай болар еді. Сонымен бірге бұл ұйымдардағы жұмыс стажы заң мамандықтары бойынша жұмыс стажына теңестірілуі мүмкін. Азаматтар мен жұмыс істеу тәжірибесі бар тұлғаларға осындай тәжірибесі жоқ адамдарға қарағанда артықшылықтар беру дұрыс болар еді.

Судья жұмысының ерекшелігіне қарамастан, біз көрсеткен сапалылықтың болуы, ол арнайы білімді табысты қолдана білуі тұлғаның сапасының қажеттілігі туралы жайтты айғақтайды, мұның өзі теңдей жағдайда барлық судьяларға қатысты. Судьяның шексіз қасиеттері – бұл сөз жоқ, оның жоғарғы дүниетанымдық деңгейі, адамдық жоғарғы (яғни, орташадан жоғары) құқықтық сана деңгейі, моральдік қасиеті, мінез-құлықтық әдептілігі, ар-ожданы. Бұл қасиеттердің қатарына, біздің пікірімізше, заңда жазылып қойылған немесе жазылатын барлық қасиеттер енгізілуі тиіс. Олардың шексіз сипаттылығы мынада: үміткерде аталған қасиеттердің бірінің болмауы оны судья қызметіне ұсыну мүмкіндігінен айырады.

 

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 782. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия