Студопедия — Судьяның тәуелсіздігі оның маңызы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Судьяның тәуелсіздігі оның маңызы






 

Елімізде судьялардың тәуелсіздігі және олардың тек заңға бағынуы принципі Қазақстан Республикасының Конституциясында айтылған.

Қазақстан Республикасында сот әділдігін тек қана сот жүзеге асырады және тәуелсіз, дербес қызмет атқарады.

Бұл қағиданы “тек қана” деген сөздің өзі сотқа және нақты судьяға арнайы мәртебе беретін секілді.

Судьялар мен алқа билердің тәуелсіздігі олардың процеске басқа да қатысушылармен, соттың жоғары түрған сот органдарымен өзара қатьгнастарынан және соттың барлық ұйымдармен, лауазымды адамдармен, азаматтармен катынастарынан көрінеді. Нақты сот ісін қалай шешу жөнінде судьялар мен алқа билерге нұсқау беруге ешкімнін хақы жок.

Сот қызметінің заңға сәйкестігі жағынан алғанда судьялар мен алқа билер тәуелсіздігі принципі және олардың тек қана заңға бағынуы неғүрлым кең көлемді жалпы құқықтық және жалпы мемлекеттік принцип - Қазақстан Республикасы Конституциясында тұжырымдалған заңдылық принципінің көрінісі больш табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттің, оның барлык оргаңдарының зандылық негізінде іс-қимыл жасауы, құқық тәртібін, қоғам мүдделерін. азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын корғауды қамтамасыз етуі көзделген. Зандылықтың осы жалпы принципі мемлекетіміздің құқық қорғау органдарына, әсіресе соттарға мейлінше тән. Сот саласында зандылык принципі ерекше бейнеде, атап айтқанда, соттар мен алқа билердің сот әділдігін жүзеге асьгрған кезіндегі тәуелсіз жағдайымен ұштасқан түрінде көрінеді.

Сот істерін караған кездегі судьялар мен алқа билердің тәуелсіздігі біздің сот мемлекет саясаты мен заңға әуелсіз деген сөз емес. Судьялар сот әділдігін жүзеге асыруға халық уәкілдік берген жауапты мемлекет қайраткерлері больш табылады.

Судьялар мен алқа билердің тәуелсіздігі олардың нақты бір істі әр түрлі сырттан ықпал ететін және әсерін тигізетін жағдайларды болғьгзбай, өздерінің құқықтық сана-сезімі мен ішкі сеніміне сай, заң негізінде шешуінен көрінеді.

Олардың тек қана заңға бағыныштылығы деп соттық нактылы істі қарап шешудегі барлық қызметінің заң талабына қатаң түрде сай болуын айтады. Мемлекет олардың мәртебесіне сәйкес тәуелсіздігінің әлеуметтік, материалдық, құқықтык және өзге де келілдіктерін қамтамасыз етеді.

Судьялардың тәуелсіздігі олардың сайлануы, тағайындалуы мен өкілеттігінің тоқтатылуы заңда белгіленген тәртібімен, судьяларға ешкімнің тиіспеуімен, сот әділдігін жүзеге асырудың қатаң рәсімімен, шешімдер шығарған кезде судьялардың құпия кеңесуімен және құпияның жарияланып кетуіне жол бермеумен, сотты құрметтемеушілік үшін жауаптылықпен немесе нақты істерді шсшуге араласпаушылықпен, сондай-ақ соттардың қызметі үшін ұйымдық-техникалық және материалдық жағынан қажетті жағдайлар жасаумен қамтамасыз етіледі.

Соттардың сот әділдігін жүзеге асыру жөніндегі қызметіне араласуға тыйым салынады. Нақты істің жан-жақты, толық және объективті қаралуына кедергі келтіру мақсатымен судьяларға қандай түрде болсын ықпал ету не заңсыз сот шсшімін шығартуға ұмтылу Қазақстан Реслубликасының заңдарына сәйкес қылмыстық жауапқа тартылады. Бұқаралық ақпарат құралдарының өз хабарларында нақты істі сот қарауының нәтижелеріне жорамал жасауына және шешім немесе үкім заңды күшіне енгізілгенге дейін сотқа басқаша түрде ықпал етуіне хақы жоқ. Занда судьяларға ешкім тиіспейді дсп белгіленген. Судьяны, сотта өз міндеттерін орындауы кезінде өзін сайлаған орган немесе тағайындаған тұлға келісім бермейінше қамауға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

Судьяға қатысты қылмыстық істі Қазақстан Республикасының Бас прокуроры ғана қозғай алады. Істің тергелуін қадағадауды қылмыстық іс қозғаған прокурор жүзегс асырады.

Сот билігін, сот төрелігін жүзеге асыруда судьялар дербес болуы керек. Әділеттілікті орнату жолында қызмет атқарушы судьяларға біреулердің ықпал етуі, кедергі келтіруі судья тәуелсіздігі қағидасын анық бұзады. Осы келеңсіздікке жол бермес үшін судья тәуелсіздігі ерекшеліктерін, судья дербестігін неғұрлым жоғары сатыға қойып қарағанымыз жөн.

Оның ішінде қазіргі заманда, нарық заманына сай дейміз әрбір адам, билік органдары, лауазымды адамдар бір-біріне тәуелді. Мүмкін сондықтан болар еліміздегі әділдіктің бірте-бірте төмен дәрежеге түсіп, тіпті жойылуға шақ қалуы.

Әрине әділеттілікті сақтаймыз деп қаншама заңдар, нормативтік құқықтық актілер шығып жатыр бұған шүбә келтіруге болмайды. Жалпыға міндетті осы нормативтік құқықтық актілерді сақтап, көрсетілген ережелер орындалып жатса нағыз әділдік сол кезде мәресіне жетерме еді.

“Әділдік, әділдік” деп көкірек кере айтқанымызбен ешқандай нәтиже шықпай жатса келе-келе сол “тек қана” деген ұлы сөзге ие бола алмай қалатынына кім кепіл.

Сондықтан осы судья деген атқа сай болу үшін – еліміздегі әділдіктің туын көтеретін – дербес те, әділ судьялар көбейіп жатса әрине қуантарлық жағдай.

Сот төрелігін тек соттың жүзеге асыруы қағидасы сотқа ерекше мәртебе беретін, басқа қағидаларға қарағанда судья тәуелсіздігі қағидасына етене жақын қағида болып келеді. Бұл екі қағиданың байланысын мына жағдайлардан көруге болады:

- сот төрелігін іске асыру – тек соттың ғана ерекше құзіреті;

- соттың өкілеттігін кімнің болса да иемденуі заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соқтырады;

- адам жасаған қылмысқа кінәлі деп тек соттың заңды күшіне енген үкімі негізінде ғана танылады;

- жүргізудің процесс кезінде қолданылатын ережелерін басшылыққа алады;

- сот төрелігін іске асыру жөніндегі сот өкілеттігі қолданылып жүрген заңдармен белгіленеді және оны кеміту жағында, ұлғайту жағында өз бетінше өзгертуге болмайды;

- заңсыз құрылған төтенше немесе өзге де соттар шығаратын шешімдердің заңды күші болмайды және атқарылуға жатпайды;

- заңмен берілген өкілеттіктерді асыра қолданып шығарылған сот шешімдері заңсыз деп танылады және олардың күші жойылуға тиіс;

- соттың қылмыстық процесс жүйесіндегі басым жағдайы – бәсекелуші тараптар болып табылатын қылмыстық ізге түсу және қорғау органдарының позицияларына қарамастан істі нақты шешу.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1626. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Выработка навыка зеркального письма (динамический стереотип) Цель работы: Проследить особенности образования любого навыка (динамического стереотипа) на примере выработки навыка зеркального письма...

Словарная работа в детском саду Словарная работа в детском саду — это планомерное расширение активного словаря детей за счет незнакомых или трудных слов, которое идет одновременно с ознакомлением с окружающей действительностью, воспитанием правильного отношения к окружающему...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия