Студопедия — Мемлекет
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мемлекет






Сурет 4. Кәсіпорынның баға белгілеуіне ықпал ететін

негізгі факторлар

 

1. Тұтынушылар. Тұтынушылардың таңдаулары, олардың саны, табыс деңгейі, модасы, сұранысы және оның икемділігі.

2. Нарықтық орта. Нарықтың 4 үлгісі ұйымның нарықтық ортасын айқындайды. Баға белгілеу тұрғысынан алғанда нарықтық ортаның 4 негізгі тұрпатын бөліп алуға болады:

• баға, кәсіпорын бақылайтын орта;

• баға, бір топ кәсіпорын бақылайтын орта;

• баға, нарық бақылайтын орта;

• баға, мемлекет бақылайтын орта. Көпшілік елдерде бұл - коммуналдық қызметтер, қоғамдық көлік және бірқатар басқа салалар.

3. Тауар қозғалу арналарының қатысушылары. Егер "технологиялық қатарға" қатысушылардың бірі "шығу" немесе "кіру" кезінде бағаны өзгертсе, онда бұл бағаға әсер етеді.

4. Тауар өндіру мен өткізудің әрбір кезеңінде энергия бағасының көтерілуіне байланысты тиімділік арта түседі. Экономикада баға көтерілуінің мұндай жағдайын мультипликативті тиімділік деп атайды. Сондықтан барлық кәсіпорындар отын-энергетикалық салаларда бағаның: мұнай және мұнай өнімдері (бензин, керосин), газ, көмір, электр қуаты бағасының көтерілуіне аса сезімтал келеді.

5. Мемлекет. Баға белгілеуде кәсіпорынның еркіндігін мемлекет те шектейді. Келесі шектеу мынадай баспалдақтарға бөлінеді:

Баға белгілеу еркіндігі шектеулерінің мемлекеттік қалыптары

 

Мемлекеттік прейс-куранттық бағалар Бағаның шекті деңгейін белгілеу Бағаның көлденең тіркелу мүмкіндігін шектеу
Нарықтық еркін бағаларды «тұсап тастау» Прейскурантта тіркелген бағаларға шекті үстемелер немесе коэффициент белгілеу Бағаның тігінен тіркелу мүмкіндігін шектеу
Монополиялық бағаларды тіркеу Бөлшек баға элементтерінің шекті маңызын белгілеу. Бағаны бір рет көтерудің шекті деңгейін белгілеу. Монополиялық бағаларға мемлекеттік бақылау. Мемлекеттік кәсіпорындарға баға белгілеу жолымен нарықтық бағаны реттеу. Баға кемсітуіне (дискриминация) шектеу, демпингке шектеу, әділетсіз баға жарнамасын шектеу

Сурет 5. Баға белгілеудегі мемлекеттік шектеулер

1. Мемлекет бағаларды тіркей алады. Тіркеудің жалпы формуласы мынадай:

Кәсіпорынның бағасы = Тіркелген баға

Мемлекет бағаны 3 тәсілмен тіркейді:

а) мемлекеттік прейскуранттық бағаларды енгізеді.

Мемлекеттік прейскурант – тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағалары мен тарифтерінің ресми жиынтығы және оны мемлекеттік баға белгілеу органдары мен министрлік шығарады және бекітеді.

Жалпы алғанда мемлекет баға жүйесінің сыртқы қалпын құрайтын тауарларға прейскуранттық бағалар белгілейді, олар: көмір, мұнай,

газ, электр қуаты, қала көлігінің қызметі, темір жол және әуе көлігі тарифтері, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер.

Егер бағаны мемлекет белгілесе, онда бұл екі түрлі өте маңызды зардапқа душар етеді:

а) Егер баға "еркін" болса, онда сұранымның өсуі бағаның өсуіне әкеледі.

б) Егер баға тіркелген болса, онда сұранымның өсуі тауардың болмауына әкеледі.

• баға диспропорциясының мүмкіндігі зор. Оған баға дотацияларын белгілеу тәжірибесі әкеледі.

Егер мемлекет тауарларға көтерме бағаларды бөлшек бағалардан жоғары мөлшерде белгілесе, онда баға дотациялары қажет болады.

• мемлекет белгілі бір уақытқа дейін нарық бағаларын "тұсап тастауы" мүмкін. Бірақ бағаны ұзақ мерзім бойы тежеу тәжірибесінің тиімсіз екендігін есте сақтау қажет.

Сондықтан инфляцияны тоқтату және баға тепе-теңдігін құру үшін бағаларды қысқа мерзімге ғана тежеген жөн.

• егер кәсіпорындар нарықта басымдық жағдайға ие болса, мемлекет монополистің немесе олардың бағаларын тіркеуі мүмкін.

Басымдық жағдай – бұл кәсіпорынның белгілі бір тауар нарығында жайлы жағдайға ие болуы, яғни кәсіпорынның бәсекеге шешуші дәрежеде ықпал етуі, басқа кәсіпорындардың осы нарыққа кіру мүмкіндігін қиындатуы немесе олардың қызмет бостандығын басқа жолдармен шектеуі.

2. Мемлекет нарық бағаларын осы немесе басқа да қатаң дәрежеде келесі тәсілдермен реттей алады:

• Мемлекет жекелеген тауарларға бағалардың шекті деңгейін белгілеуі мүмкін.

Бөлшек баға < шекті баға

• Прейскурантта тіркелген бағаларға мемлекет шекті үстеме немесе коэффициенттер белгілеуі мүмкін.

Бөлшек баға < прейскуранттық баға + шекті үстеме

• Мемлекет бөлшек бағалардың жоғары шегін белгілемеуі де мүмкін, бірақ баға деңгейін айқындайтын негізгі өлшемдерді: өндіруші пайдасының мөлшерін, шегермелерді, жанама салықтардың шамасын ұсынады.

• Мемлекет нақты тауар бағасының бір рет жоғарлауының шекті деңгейін белгілеуі мүмкін. Бұл бағаның секіріс жасауына жол бермеу үшін жасалады

• Нарықта монополиялық немесе басымдық жағдайға ие болып отырған кәсіпорындардың бағалары мемлекеттің тура немесе жанама тіркеуінде болмауы мүмкін. Монополистік бағаларға қатаң бақылау жасалады.

• Сондай-ақ мемлекет нарық бағасына басқа меншік нысандарындағы кәсіпорындармен қатар нарықта әрекет жасап жатқан мемлекеттік кәсіпорындарға бағалар белгілей отырып ықпал ете алады.

3. Еркін (келісімді) бағалар жүйесінде мемлекеттің атқаратын рөлі нарыққа "ОЙЫН ЕРЕЖЕЛЕРІН" енгізуді көздейді, яғни мемлекет нарық қатысушыларын әділетсіз бәсекеден қорғау үшін бірқатар тыйым салу шараларын қарастырады.

• Бағаның көлденең тіркелуіне тыйым салу – бұл көп немесе одан да көп бәсекенің фирмалардың келісімді бағаларды белгілі бір деңгейде ұстауына тыйым салу.

• Бағаның ТІГІНЕН ТІРКЕЛУІНЕ ТЫЙЫМ САЛУ – бұл тауар өндірушілерге саудаға және жабдықтаушыларға өз бағаларын таңуға тыйым салу.

• Баға кемсітушілігіне тыйым салу – бұл таңдау бостандығын шектеуге тыйым салу. Бұл тыйым салудың мән-жайы мынада: сатушы өзіне ұқсас сауда кәсіпорындарына өз тауарларын бірыңғай бағалармен ұсынуы тиіс. Баға кемсітушілігіне (сату-сатып алу) байланысты қатынастарға келісімді шарттау, тек осы фирмадан ғана сатып алуды талап ететін келісім-шарттар жатады.

• Демпингке тыйым салу. Демпинг дегеніміз – бұл бәсекелестерді жою мақсатында тауарларды өзіндік құнынан төмен бағамен сату.

• Әділетсіз баға жарнамасына тыйым салу – егер соңғы кезде тұтынушыларға бастапқы баға тұрақты негізде ұсынылмаса, баға төмендеуі компания орнына таласуды немесе көзбояушылықты білдіре алмайды. Жарнама "Алдап енгізіп, көңілін аулау" принципінің тәжірибесі бойынша алдымен тұтынушылардың көңілін дүкендегі тауардың төмен бағасымен аулайды да, кейіннен ол сатылып кетті деп, орнына өзге тауардың басқа, "кәдімгі нарықтық бағамен сатылатынын" хабарлайды.

3. Бастапқы бағаны белгілеу әдістемесі

Баға саясатының мүмкіндіктері мен проблемалары нарықтың тұрпатына байланысты өзгеріп отырады (таза бәсекеден басқа).

I. Баға белгілеу міндеттерін қою

1. Өмір сүруді қамтамасыз ету.

2. Ағымдағы пайданы барынша көбейту.

3. Нарық бөліктерінің көрсеткіштері мен тауар сапасының көрсеткіштері бойынша жетекші орынға ие болу.

II. Сұранымды анықтау

Тауарға белгіленген баға сұраным деңгейінде болады. Көпшілік фирмалар сұранымның өзгеруіне өлшемдер жасайды. Егер:

• айырбас тауары бәсекелестерде болмаса;

• сатып алушылар бағаның көтерілуін қолма-қол байқамаса;

• сатып алушылар өздерінің сатып алушылық әдеттерін аздап өзгертсе;

• сатып алушылар үлкен тауар тамаша сапасымен ақталды деп есептесе, сұраным икемді және икемсіз болуы мүмкін.

III. Шығындарды бағалау

Барынша жоғары баға – сұраныммен анықталады.

Мейлінше төменгі баға – фирма шығындарымен анықталады.

Фирма өндіріс, тарату және өткізу шығындарын жабатын және тәуекел мен күш-жігер пайда беретін бағаны тағайындайды.

Шығындар түрлері:

Тұрақты шығындар - өзгермейтін өндіріс деңгейіне байланысты емес, тұрақты сипаттағы шығындар (жалға беру, жылумен қамтамасыз ету, проценттер, еңбекақы).

Құбылмалы шығындар - өндіріс деңгейіне тікелей байланысты өзгеріп отыратын шығындар.

Жалпы шығындар – бұл әрбір өндірістің нақтылы деңгейіндегі тұрақты және құбылмалы шығындардың қосындысы.

Баға барлық жалпы шығындарды жабуы қажет.

IV. Бәсекелестердің бағасы мен тауарын талдау

mіn < баға < mах, бірақ бағаның орташа мөлшердегі деңгейін белгілеуге бәсекелестердің бағалары әсер етеді. Фирма өз бәсекелестері тауарларының сапасы мен бағасын білуі қажет.

V. Баға белгілеу әдісін таңдау

Баға белгілеудің әдістері:

Орташа шығындар + пайдатауардың өзіндік құнына стандарттық қоспаларды есептеу.

Зиянсыздықты талдау және баға пайдасын қамтамасыз ету - өндіріс, маркетинг, тауар тарату шығындарынан туындайтын, керекті пайданы алу мақсатында баға белгілеу.

Тауардың сезілетін құндылығына байланысты баға белгілеу - өндіріс шығындары емес, тауардың құндылығы маңызын тұтынушының қабылдауы негізінде баға белгілеу.

Ағымдағы бағалар негізінде баға белгілеу есептеудің негізі фирманың меншік шығындары емес, негізінен бәсекелестер бағаларын пайдалану болып табылады.

Жабық сауда негізінде баға белгілеу - бағаны шығындар немесе сұраным көрсеткіштері негізінде емес, бәсекелестердің бағалық ұсынымдары негізінде есептеу.

VI. Түпкілікті бағаны белгілеу

Түпкілікті бағаны белгілеуге бірқатар факторлар әсер етеді.

Солардың бірі:

Бағаның психологиялық факторлары. Мысалы, "Жаз" деген сабын 197 теңге, "Күз" - 201, "Қыс" - 205 теңге бағамен сатылады. Сіздер үшін қай бағаның ара-қатынасы үлкен болып көрінеді: "Күз" және "Жаз" сабындары бағаларының ара-қатынасы ма, әлде "Қыс" және "Күз" сабындары бағаларының ара-қатынасы ма? Арифметикалық тұрғыдан алғанда, бұл ара-қатынастар тең және 4 теңгені құрайды, ал психологиялық тұрғыдан алғанда бұл ара-қатынас үлкен болып көрінеді. Мұндай психологиялық тиімділікті тауар баға белгілеген кезде қандай да болмасын сомадан бірнеше теңгеге төмен қойып, пайдаланған жөн.

Географиялық принцип бойынша баға белгілеу

Баға белгілеуге географиялық көзқарас елдің түпкір-түпкіріндегі тұтынушылар үшін әртүрлі баға белгілеу туралы шешім қабылдауды қажет етеді. Алыс жердегі клиентке тауар жеткізу жақын жердегі клиентке жеткізумен салыстырғанда қымбатқа түседі.

Географиялық принцип бойынша баға белгілеудің 5түрлі негізгі нұсқасы бар:

1. Тауардың шығатын жерінде бағасын белгілеу (ФОБ);

2. Жеткізу бойынша шығынды қосып, бірыңғай баға белгілеу;

3. Аймақтық баға белгілеу;

4. Базистік пункт бойынша баға белгілеу;

5. Жеткізу шығындарын өз мойнына алып, баға белгілеу.

Тауардың шығатын жерінде бағасын белгілеу (ФОБ)

АРС" фирмасы клиенттерден тауарды кәсіпорыннан тасымалдаудың тапсырыс берушінің мекен-жайына дейінгі шығындардың төлемақысын талап етуі мүмкін. Тауар үшін әрбір клиент зауыттың босату бағасы мен 15000 теңге көлемінде төлеуге мәжбүр болады. Сонымен бірге тауарды тасымалдау үшін А клиент, мысалы, қосымша ақы төлеуге тиіс. "Бұл жүйе" тауардың шығатын жерінде бағасын белгілеу (ФОБ – free оn board) деп аталады, яғни тауар тасымалдаушыға "Франко-вагон" шарты беріледі, содан кейін бұл тауар жөніндегі қүқық пен жауапкершілік тапсырыс берушіге жүктеледі, ал ол зауыттан баратын жеріне дейін тасымалдаудың барлық шығындарын өзі төлейді.

ФОБ бағасын белгілеудің жақтаушылары бұл әдісті бағалаудың ең әділ тәсілі деп санайды, өйткені әрбір тапсырыс беруші өзі үшін ақы төлейді.

Жеткізу бойынша шығынды қосып, бірыңғай баға белгілеу

Жеткізу бойынша шығынды қосып, бірыңғай баға белгілеу нұсқасы тауардың шығатын жерінде бағасын белгілеу нұсқасынан түбегейлі түрде өзгешеленеді. Бұл жағдайда фирма клиенттің орналасқан жерінің алыс-жақындығына қарамастан, көлік шығындарының сомасын бір бағамен өндіріп алады. Тасымалдау ақысы көлік шығындарының орташа сомасына тепе-тең болады.

Аймақтық баға белгілеу

Аймақтық баға белгілеу әдісін жеткізу бойынша шығынды қосып, бірыңғай баға белгілеу мен тауардың шығатын жерінде бағасын белгілеу әдістерінің қосындысы деп түсінуге болады. Бұл жағдайда фирма екі немесе бірнеше аймақтарды белгілейді. Бір аймақ аумағындағы тапсырма берушілер тек бір ғана қосынды бағаны төлейді. Мысалы, "АРС" фирмасы шығыс аймағын белгілеп, олардың клиенттеріне 1500 теңге көлемінде, батыс аймаққа – 2500 теңге, ал солтүстік аймаққа – 4000 теңге мөлшерінде көлік шығындарын тағайындауы мүмкін.

Осыған байланысты сатып алушылар бір баға аймағының шеңберінде басқа баға аймағының сатып алушыларымен салыстырғанда басымдық жағдайда бола алмайды.

Базистік пункт бойынша баға белгілеу

Базистік пункт бойынша баға белгілеу әдісімен сатушы осы немесе басқа қаланы базисік пункт ретінде таңдап алуына болады және барлық тапсырыс берушілерден осы пункттен жеткізудің көлік шығындарының құнын алуы мүмкін.

Кәсіпорынның ауданнан тыс орналасуына байланысты базистік пункті пайдаланудың пайдасы сонда, егер кәсіпорынға таяу орналасқан тапсырма берушілерге бағаның қосынды көлемі бірдей арттырылса, онда алыста орналасқан тапсырыс берушілерге бұл баға төмендетіледі.

Егер барлық сатушылар базистік пункт ретінде бір ғана қаланы таңдап алса, онда барлық клиенттерге жеткізу шығындарының бағасы бірыңғай болуы мүмкін және бұл ретте баға бәсекесі жойылуы тиіс. Қант, цемент, болат құю және автокөлік өндірісінің салалары баға белгілеу әдісін бір базистік пункт бойынша көп жылдар бойы қолданып келді, бірақ кейінгі жылдары бұл әдіс сирек қолданылып жүр. Бұл ретте көлік шығындары тапсырма берушіге ең жақын базистік пункт бойынша есептеледі.

Жеткізу бойынша шығынды өз мойынына алып, баға белгілеу

Сатушы нақты сатып алушымен немесе белгілі бір географиялық ауданмен іскерлік қатынастарды сақтау үшін жеткізу бойынша шығынды өз мойнына алып, баға белгілеу әдісін қолдануы мүмкін. Бұл жағдайда тапсырыстар келіп түсуін қамтамасыз ету үшін сатушы тауар жеткізудің нақтылы шығындарын жартылай немесе толығымен өз мойнына алады. Бәлкім, ол қызмет көлемін ұлғайтып, соның нәтижесінде орташа шығындарды азайтамын, деп ойлайтын болар. Осы баға белгілеу әдісін ол жаңа нарықтарға енгізу мақсатында және бәсекемен шиеленіскен нарықтарда өз жағдайын сақтау үшін пайдаланады.

4. Шегермелер мен есепке алу бойынша баға белгілеу

Тұтынушылардың кейбір әрекеттері үшін: есеп шот бойынша алдын ала төлегені, көп тауар сатып алғаны үшін немесе маусымнан тыс сатып алулары үшін көптеген фирмалар өздерінің алғашқы бағаларын өзгертуге дайын.

Қолма-қол ақша төлегені үшін шегерме. Қолма-қол аңша төлегені үшін шегерме деп есеп шотты дер кезінде төлейтін сатып алушылар үшін бағаның төмендетілуін айтады. Мысалы, мына бір жағдайды қарастырайық "2/10, нетто 30". Бұл, төлемақы 30 күннің ішінде төленуі тиіс екенін, бірақ 10 күннің ішінде төлей алса, сатып алушы төлеу сомасынан 2 шегеруіне болатынын білдіреді.

Бұл шартты орындаған барлық сатып алушыларға шегерме жасалуы тиіс. Осындай шегермелер көпшілік қызмет салаларына тән және олар сатушының өтімді жағдайын жақсартуға және шығындарды қысқартуға көмектеседі.

Сатып алынатын тауардың саны үшін шегерме. Сан үшін шегерме деп бағаны сатып алушының көп тауар сатып алғаны үшін кемітуді айтады. Мысалы, " 100данадан аз сатып алғаны үшін бір данасына 10 доллар, 100 дана және одан да көп сатып алғаны үшін бір данасына 9 доллар төлеуіне мүмкіндік беріледі". Сан үшін шегермелер барлық тапсырыс берушілерге ұсынылуы қажет және тауардың үлкен партиясының өтуіне байланысты сатушы шығындарының үнемделген сомасынан аспауы тиіс. Үнемділік тауардың сатылу шығындарының қысқаруынан, тауар қорының қалыптасуынан және оның тасымалдануынан құралады. Шегермелер тұтынушыны бірнеше жабдықтаушыдан емес, бір ғана сатушыдан сатып алуға ынталандырады.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1470. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.015 сек.) русская версия | украинская версия