Студопедия — Жарықтардың жалпы белгілері және анықтау тәсілдері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жарықтардың жалпы белгілері және анықтау тәсілдері






Іштің алдыңғы қабырғасында орналасатын сыртқы жарықтардың барлық түрлеріне тән жалпы белгілері бар. Сол белгілердің сипаттамаларына жеке – жеке тоқтала өтейік.

Әдетте асқынбаған жарық ауруында, басқа сырқаттармен салыстырғанда, ауру сезімі көп біліне қоймайды, ал білінгеннің өзінда аталған сезім оларды көп мазаландырмайды. Бұл жағдай жарық ауруына шалдыққан адамдардың көпке дейін дәрігерге көрінбей, жарықтың біртіндеп өте үлкен көлемге дейін ұлғаюының бір себебі болады.

Ауру сезімі, әдетте, көп жүргенде, шұғыл қимылдағанда, секіргенде немесе ауыр зат көтергенде және ауыр жұмыстан соң пайда болып, тыныш жатқанда жоғалады. Аталмыш сезім, көбінесе, жарық қақпасының тұсында орналасады, ал кейбір ауру адамдарда одан алшақ жерлерде, тіпті іштің барлық бөліктерінде білінуі мүмкін. Аталмыш сезім, әдетте, жарық томпашығының көлеміне сәйкес болмайды. Керісінше, ол жарық пайда болу процесінің бастапқы кезінде, яғни жарық ауруының дамуындағы алғашқы сатыларында, жарық томпашығы жаңа пайда бола бастағанда жиірек білінеді, ал жарық толық құралып, жарық қақпасы мен томпашығы ұлғайғанда ауру сезімі саябырлайды немесе мүлдем болмайды. Осы себептен ауру адамдардың басым көпшілігі жарық көлемі тым ұлғайып (“алып жарық”), жүріп–тұруға, киім киюге белгілі ыңғайсысыздықтар тудырғанша немесе аурудың асқынулары пайда болғанша дәрігерлерге көрінбей жүре береді.

Жарық ауруына шалдыққан пациенттер ауру сезімінен бұрын, көбінесе, іш қабырғасының осал, әлсіз (шап, кіндік т.б.) аймақтарындағы тері қабаты ісік тәрізді болып томпайып шығатынына шағымданады. Көлемі үлкен жарықтарда пациенттер, сонымен қатар, ішек қызметінің (іш қату) немесе зәр жүруінің бұзылуы (дизуриялық құбылыс) сияқты шағымдар айтуы мүмкін. Бұндай шағымдар әсіресе “сырғымалы” жарықта жарық қабына тоқ ішек немесе несіп қуығы шыққанда жиі кездеседі. Ал енді бір пациенттер еш шағым айтпауы да мүмкін, өйткені жанға бататын ауру сезімі болмағандықтан пайда болған томпашыққа олар көңіл бөлмей немесе оған үйреншіктеніп, оны өздері итеріп орнына түсіріп жүре береді. Бұндай ауру адамдарда жарық кездейсоқ немесе дәрігерге басқа сырқатпен көрінген сәтте анықталады.

Ауру адамды объективті зерттеу барысында кіндік, шап, сан, іштің ақ сызығы т.б. аймақтарда көзге көрінетін жарық томпашығы анықталады. Жарық томпашығының тек өзіне тән ерекшеліктері болады. Мысалы, жарықпен байланысты томпашық, әдетте, ауру адам вертикальді қалыпта (түрегеліп) тұрғанда, күшенгенде, яғни іш қуысының қысымын жоғарылататын себептер туғанда пайда болады да, аталған себептер жойылса, жарық қабы ішіндегі заттар іш қуысына қарай ығысу салдарынан, томпашық жоғалады немесе көлемі әжептауір кішірейеді. Бұл белгінің жарық ауруын анықтауда және оны басқа сырқаттардан (мыс. нағыз ісіктен немесе басқа жағдайлардан туатын томпайулардан) ажыратуда маңызы зор, өйткені сол аймақтарда орналасатын басқа ауруларда (мыс. ісік, лимфа түйінінің ұлғаюы, салқын абсцесс т.б.) бұндай құбылыс байқалмайды.

Жарық томпашығын пальпация, перкуссия, аускультация тәсілдері арқылы зерттегенде жарық қабына шыққан заттардың түрін (тегін) анықтауға болады. Егер жарық қабында ішек ілмектері орналасса пальпация тәсілі онда консистенциясы жұмсақ, ал іш майы болса тығыз консистециялы заттарды анықтайды. Ал перкуссия мен аускультация тәсілдері, бірінші жағдайда тимпанит және перистальтикалық шу барын аңғартады. Жарық қабына іш майы шыққан болса, әрине, аталған құбылыстар болмайды. Пальпация тәсілімен зерттеу барысында жарық қабына шыққан ағзаларды іш қуысына (орнына) қайта түсіру мүмкіншілігінің бар-жоғын анықтауға болады.

Объективтік зерттеудің келесі сәтінде дәрігер жарықты орнына түсірген соң саусақтарын жарық қақпасына енгізіп, оның аумағын (көлемін) және, жарық ауруына тән, “саусақты итеру феномені” белгісін анықтайды. Ол үшін хирург жарық қақпасына енгізілген саусағын (саусақтарын) одан шығармай ауру адамға жөтелуін өтінеді. Сол сәтте дәрігер, жарық қабындағы ағзалардың саусақтарға жанасуынан туатын итерме қозғалысын сезеді. Әдетте аталған белгілер жарық ауруын анықтауға жеткілікті болып келеді де, қосымша зерттеулердің қажеті онша болмайды және асқынбаған жарықта лабораториялық, аспаптық зерттеулер нәтижелерінде диагнозға қажет ақпараттар болмайды. Тек кейбір жағдайларда, әсіресе сырғымалы жарықты анықтауда, арнайы зерттеулерді қолдану (ирригоскопия, цистоскопия) қажеттілігі тууы мүмкін.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1903. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Выработка навыка зеркального письма (динамический стереотип) Цель работы: Проследить особенности образования любого навыка (динамического стереотипа) на примере выработки навыка зеркального письма...

Словарная работа в детском саду Словарная работа в детском саду — это планомерное расширение активного словаря детей за счет незнакомых или трудных слов, которое идет одновременно с ознакомлением с окружающей действительностью, воспитанием правильного отношения к окружающему...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия