Студопедия — Дәріс 1. Кіріспе 2 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс 1. Кіріспе 2 страница






Жануарлар үшiн тән табиғаты қандай орын алса, адамда жанның жақсылығы сондай орын алады. Эвтюмия – (жайсаң жан, рух) деп Демокрит жанның байсалдылығын, үйлесiмдiлiгiн қандайда болмасын ырымшылдық пен қорқынышқа берiмейтiн төзiмдiлiгiн атаған.

Демокриттiң адам туралы қағидасы кейiнгi грек ойшылдарының iзденiсiне бiршама ықпал еткенiн байқаймыз.

Сократ дәстүрiн жалғастырушы Платон (б.з.д. 427-547) адам мәселесiн басқадай принциптерге негiздедi.

Платон iлiмi бойынша мәңгi бақи өзгермейтiн, тәуелсiз, дара тұрған идея бар. Заттық дүние сол идеяның көшiрмесi, көлеңкесi. Заттық дүние өткiншi, тек идея – мәңгi. Осыған орай идея – рас болмыс, сезiмге жүгiнген заттық дүние – жалған болмыс. Адам жаны осы рас болмыстан туындайды. Адам дегенiмiз – жан. Жан тәндi пайдаланады. Жан тәнмен қабысқанша осы мәңгiлiк идеяның саясында еркiн өмiр сүрмек.

Жан үш бөлiктен құмарлықтан, ерлiктен, рухтан құралған. Рух жанның парасатты бөлiгi, ерлiк – сезiмталдыққа, аңғарғыштыққа, ал құштарлық - соқыр сезiмге негiзделген. Жан тәнмен қабысқанда осылардың қайсысы басым болса, адам солай болмақ. Жан тәнмен қосылғанда өзiнiң шыққан тегiн ұмыта бастайды.Бiрақ, жанның парасатты бөлiгi өзiнiң өткен дәуренiн еске түсiрiп, аңсайды. Жан мен тәннiң, тiптi жан бөлiктерiнiң арасында араздық, келiспеушiлiк туады.

Рух биiкке самғауға бейiм болса, жанның қалған екi бөлiгi төмендеуге, керi кетуге бейiм. Тек рух, парасат оларды келiстiрiп, үйлестiредi. Осыған орай, көптеген адамдар күнделiктi тiрлiкте ақиқатқа, ақыл мен әдiлдiкке жүгiнбей, сезiмге, құмарлыққа берiлiп кетедi. Сондықтан Платон жанның парасатты бөлiгiн басқа бөлiктерiнен басым тұратын ұйымдастырушысы деп бағалаған.

Жанның үш бөлiгi, үш әулетке сәйкес келедi. Олар философтар, ұландар, қолөнер кәсiбiмен айналысушылар мен егiншiлер. Алғашқылар бiлiмдi әулет – мемлекеттi билейдi, екiншiлер – сыртқы жаулардан мемлекеттi қорғайды, ал үшiншiлер - қызмет iстейдi, бағынады.

Өздерiнiң қабiлетiне қарай адамдардың мемлекетте өз орындары бар. Алтын мен мыстың қандай айырмасы болса, адамдардың да сондай айырмасы бар, араластыра алмайсың дейдi Платон.

Платон мемлекет туралы қағидасында, оның шығуын адамдардың мүддесiн қамтамасыз ету барысындағы еңбек бөлiгiнiң нәтижесi деп ұққан, мемлекет те, егiншiлер де, қолөнершiлер де, саудагерлер де, яғни әртүрлi кәсiппен айналысатын адамдар болған жағдайда олардың өмiрi жеңiлдеп өз қажеттерiн қамтамасыз етедi. Әрине, бұл дұрыс тұжырым. Бiрақ Платон, адамдар табиғатынан осындай бiр кәсiпке бейiмделген, екiншi бiр кәсiптi меңгеруге олардың қабiлетi жетпейдi деген. “Тобыр (тобыр деп халықты айтып отыр) философ бола алмайды” – дейдi Платон. [1] Ой еңбегiмен, билiк пен философтар айналысу керек, сондықтан тәрбие, оқу арқылы олар өз табиғатына бiткен артықшылығын жетiлдiрiп отыруы керек. Даналық - философтарға, ерлiк - ұландарға бiткен қасиет, ал халық - ұстамды көнбiс келедi деп олардың табиғи айырмашылықтарын құптаған.

Платон өзi өмiр сүрген құл иеленушi мемлекеттiң идеологы болғанымен оның iлiмiнен адам қабiлетiн бағалап, оның келешегiне сенгенiн байқаймыз. Ол алыстағы жұлдыздар, космос туралы қиялдамай, жердi басып жүрген адам туралы ойлады. Платон, адам алдыменен өз мемлекетiнiң азаматы болуы керектiгiн ойлады.

Адам туралы толғаныс, Платонның шәкiртi ғұлама ғалым Аристотельдiң (б.з.д. 384-322) еңбектерiнде жалғасын тапты. Оның шығармаларында сол кезеңдегi философиялық, қоғамдық, табиғаттану ғылымдары жинақтаған бiлiмдер кең қамтылды. Адам туралы iлiм жасауда Аристотель өзiне дейiнгi ойшылдардан әлде қайда озық болды. Платон өзiнiң шәкiрттерiн; егер Ксенофонтқа керегi қамшы болса, ал Аристотельге жүген керек деп бағалаған екен.

Аристотель Платон iлiмiне сын көзiмен қараған. Кейiннен Аристотель “Платон менiң досым, бiрақ ақиқат қымбат” деп оның iлiмiндегi қайшылықтарды көре бiлген. Ол адамды жан мен тәннiң бiрлiгi деп түсiндi. Жан тәннiң формасы, оны тәннен бөле алмайсың, сонымен бiрге тумақ және өлмек. Жанның әрекетi тәннiң күйiне байланысты. Сонымен қатар “Саясат” атты еңбегiнде “жаны бар мақұлық алдыменен жан мен тәннен тұрады; жан өзiнiң мәнiне сай басыңқы принцип, тән-бағыныңқы принцип” – дейдi. Аристотель Платонның жанның өз алдына дербес өмiр сүрiп кейiнен тәнмен қабысады деген қорытындысымен келiспейдi. Адам сезiмге сүйенбесе ештеңе үйренбейдi. Сезiм бiзге нақты болмыс туралы, жалқы заттар туралы бiлiм бередi. Дегенмен де, Аристотельдiң Платон әсерiнен арыла алмағандығын байқауға болады. Кейбiр пiкiрлерiнде Аристотель жанның парасатты бөлiгiн яғни адам ақылын сезiмiнен бөлек қарастыруға болатынын айтқан. Жанның ақылды бөлiгiнiң танып бiлуге қабiлетi бар. Сезiмдi, тәннен айыра алмайсың, ал ақылды жанға тәнмен байланысты болмағаны жақсы. Аристотель iлiмiнен осындай пiкiрлердi кездестiремiз. Кейбiр зерттеушiлер абстрактiлi ұғымдардың шығуын түсiндiрудiң қиындығынан туған пiкiр қайшылықтары деп жорамал жасайды.

Адам табиғаттағы дамудың бiр сатысы дей келiп, Аристотель жануарлар мен адам арасындағы ұқсастыққа назар аударды. Ал айырмашылығын, адамның еңбек құралдарын пайдаланып қоймай оны жетiлдiре бiлетiндiгiнен байқайды. Дегенменде, адамның жануарлардан айырмашылығын алдыменен жанның құрамындағы парасат деп бiлдi. Арситотель жанды үш түрге бөледi; өсiмдiктердiң жаны, сезiмтал жандар, адам жаны. Бiрiншi – барлық тiршiлiк иесiне, екiншiсi – жануарларға, үшiншiсi – адамға бiткен қасиеттар. Осыларды айыра отырып, Аристотель адамдармен жануарлар арасындағы генетикалық байланысты үзбеген.

“Жан туралы” трактатта жануарларда түйсiнедi, сезiнедi, ол түйсiгiн сезiнген жан жағымды мен жағымсызды айырады дейдi.

Өсiмдктердiң де қабiлетi бар. Олар қоректене бiледi. Өсiмдiктерде жануарлардың жаны жоқ, ал жануарларда өсiмдiк жаны бар. Сондықтан жануарлар аз, өсiмдiктер көп тараған. Ал адам әрi өсiмдiк, әрi жануар, оған қоса ақылды тiрi жан. Құдай тек ақылды жан. Арситотель адамға “қоғамдық жануар”, “саяси жануар” деп анықтама берген. Аристотельдiң эволюциялық даму сатыларын бiршама дұрыс түсiнгендiгiн, кейiннен Дарвин жоғары бағалаған. Адамдар табиғатынан қауымдасып тiршiлiк жасауға бейiм. Қауымдастық жанұядан басталады. Мемлекет - дамыған жанұя. Адамдардың қалыптасуы мемлекеттiң сапасына байланысты. Мемлекеттiң мәнi адамдардың игiлiктi өмiрiн қамтамасыз ету. Игiлiктi өмiрдi Аристотель тек байлық қана емес, әдiлеттiлiк деп ұққан. Әдiлеттi мемлекеттiң азаматтары орташа дәулетi бар меншiк иелерi. Платон меншiктi әлеуметтiк теңсiздiктiң алғы шарты деп есептеп оны жоюды көздесе, Аристотель меншiк туралы ойдың өзi-ақ адамды рахат сезiмге бөлейдi, - деп жақтаған.Жеке меншiктi, көпшiлiктi қолдаған Аристотельдi демократ деуге болар. Бiрақ шындығында олай емес. Баршаны жақтай отырып, олардың қатарына Аристотель мемлекеттiң көптеген тұрғындарын кiргiзбейдi. Ол құл иеленудi табиғи құбылыс деп түсiнедi; “… бiреулер табиғатынан құл, екiншiлер табиғатынан ерiктi бiреуге құл болу, ал екiншiсiне – мырза болу лайықты”. [2] Сондықтан құлдар мемлекеттiң азаматы емес.

Аристотельдiң адам туралы қайшылыққа толы көзқарастарының ұзын ырғағы осындай. Сонымен бiрге адамның ерекшелiгiн қоғаммен байланыстырып көрсетудiң жолдарын iздегенi Аристотель iлiмiнде сол заманның дертi жатқанымен, кейiнгi дәуiрдiң ой дамуына, iзденiсiне ықпалы орасан зор болды.

Грек философиясының эллин дәуiрi көне грек мемлекетiнiң құлдырау кезеңiмен тұспа-тұс келдi. Экономикалық және саяси жағдайдың шиеленiсуi адам күнкөрiсiн күйзелiске түсiрдi. Осындай қиын-қыстау уақыт табы философияға да әсер еттi. Жеке бастың қамы, өмiр азабынан құтылу жолдары күн тәртiбiне қойыла бастады.

Осы дәуiрдiң көрнектi ойшылы Эпикур (б.з.д. 342-271 ж.) адамның жетер жолдарын iздестiру философияның басты мiндетi деп ұқты. Дүниенi, адамды тану арқылы сол адам бойында ұялаған үрейден, қорқыныштан арылуға болады. Өмiрден ләззат алу (гедоне), бақыт (эвдемония), жан тыныштығы (атараксия) адам үшiн баға жетпес игiлiк. Эпикур өмiрден қымбат ештеңе жоқ, оны бағалай бiлу керектiгiн уағыздайды. Ол рахат өмiрдi бақытты “мәңгiлiк идеядан”, космостан iздемей, сол қарапайым күнделiктi тiршiлiктен, жерден iздедi. Эпикурдiң замандастары оның iлiмiн әр саққа жүгiртiп бағалады. Кейбiреулер, Эпикурдi “құрсақ құмарлық” философиясын насихаттаушы деп айыптады. Оның өмiрге деген құштарлықты уағыздайтын философиясының рухани мәнi тереңде жатқанын түсiнбедi.

Бақытқа асып кеткен адам, яғни құмарлықтың жетегiнде кеткен адам жетпейдi, керiсiнше өзiн тежей бiлетiн ұстамды адам жетедi.

Эпикуреистермен қатар (б.з.д) ІV ғасырдың соңында Греция мен Римде стоиктер мектебі қалыптасады. Эллин стоиктері Зенон (б.з.д, 336-264 ж.), т.б. адам өзін сыртқы жағыдайлардан тәуелсіз сезіну керек деп уағыздады. Бақыт қандайда болмасын сыртқы игілікке тәуелді емес деп үйретті. Зенонның ұстанған принципі: Өмірдің мақсаты «табиғатпен келісіп өмір сүру», қолында барға қанағат ет, қолыңда жоққа өкінбе.

Рим стоикі Сенека (б.з.д 4- б.з 65 ж.) император Неронның тәрбиешісі дүниеқорлыққа қарсы болған.

Стоиктер өмірдің ауыртпалығын шыдамдылықпен (анатея) көтере білуге шақырады. Стоиктердің этикасы адам саналы түрде тағдырға бағынуға, және басыңа түскен жақсылы, жаманды оқиғаларды куанышпен қарсы алуға дайын болу керек.

Қорыта келе, грек философиясында адам барлық мәселелердің негізгі өзегі болды деп айтуға толық негіз бар.

 

Әдебиеттер:

1 Алтай Ж. Философия тарихы:оқулық/Ж. Алтай, А. Қасабек, Қ. Мұхамбетәли.-2-шi басылымы.-Алматы:Раритет.-2006.-310 б.

2 Байтенова Н. Ж. Философия:учебник для студ. вузов/КазНУ им. аль-Фараби; сост. Н. Ж. Байтенова.-Алматы:Қазақ университетi.-2006.-390 с.

3 Нысанбаев Ә. Философия тарихы/[ғылыми ред. Ә. Нысанбаев; құраст.: Ә. Нысанбаев, Ғ. Құрманғалиева; аударғандар: Д. Раев, А. Құлсариев].-Астана:Аударма.-2006.-484 б..-(Мәдени мұра)

4 Кiшiбеков Д. Философия:оқулық/Д. Кiшiбеков, Ұ. Сыдықов.-9-шы басылымы.-Алматы:Қарасай.-2008.-356 б.

 

4 Тақырып Ортағасырлық мәдениеттегі философия мен діннің феномені

1. Ортағасырлық философияның негізгі кезендері

2. А.Августиннің құдай және адам туралы ілім. Ф.Аквинский философиясы. Номинализм және реализм.

3.Мұсылмандық философияның қалыптасуы және ерекшелігі Аль-Кинди, Аль-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Рушд философиясы.

4. Исламдық суфизм бағыты Х А Яссауидің көзқарасы. М.Кошғари, Ю.Боласағұн философиясы.

Орта ғасырлық Еуропада діни идеологияның үстемдігі философияның дамуына кері әсерін тигізді. Дегенменде философиялық ізденістер тоқтаған жоқ. 8 ғасырдан 14-15 ғасырларға дейін созылған философия схоластика (мектеби) атауымен белгілі. Философияның діни ілімнің қызметшісіне айналған шағы еді. Антика заманының соңғы кезеңдерінде пайда бола бастаған христиандық дүние таным өз күшіне ене бастаған. Міне осы кезеңде христиан теологтерінің аса ірі өкілдері Августин-Әулие (354-430) мен Фома Аквинский (шамамен 1225-1274) ілімдерінде адам туралы қағидалар көрініс тапты.

Христиандық ойшыл алғашқы католик шіркеуінің негізін салушылардың бірі әулие атанған Аврелий Августиннің ілімі батыс Еуропада кең таралды.

Оның ілімінде құдай ең жоғарғы асқақ мәңге ие, сондықтан ол ешкімге тәуелді емес. Құдай барлық тіршіліктің өзгерістердің алғы шарты. Адамды жасаған құдай. Августин адам деп алдыменен оның жанын айтады. Жан тек адамда ғана бар, жануарлар мен өсімдіктерде жоқ. Адам жаны мәңгі. Жан бөлшектенбейді, сондықтанда ол бөлінбейді, ыдырамайды. Жанның қабілеттері бар. Ол ерік, жад, зерде. Жанның еркі зердесінен биікте тұр. Құдайды жан зердесімен емес, сеніммен таниды. Сенім жанның еркіне сүйенеді.

Августин адамның еркін мойындай отырып, оған шек қойған. Адам нені қаласа, соны істей алмайды. Барлығыда құдайдан, адамның іс-әрекеті алдын-ала пайымдалып қойылған. Сенім-²Құдайдың шапағаты². Адамның болмысындағы барлық жақсылық- Құдайдан. Ал сонда зұлымдық, жамандық қайдан шығады?

Құдай адамды жаратқанда ерікті қылып жаратты. Ол өз еркіңмен таңдай білу деген сөз. Алғашқы адамдар құдайдың еркіне қарсы келіп, оның айтқанын орындамай жамандыққа ұрынған. Жамандық тәнді жаннан, табиғатты құдайдан жоғары қойғанда шығады. Осыдан адам екі ойлы, сондықтан ол жарымжан. Одан құтылудың жалғыз жолы – Құдайды ішкі рухыңмен беріліп қабылдау және оған сиыну. Сонда ғана күнәдан арылып, тазаланасың. Арылып, тазалану сыртқы дүниеге, табиғатқа емес, ішкі дүниеңе тереңдеп бойлап, өзіңді таба білуіне байланысты.

Августин ілімінен, христиан философиясының адам туралы ізденісін жалғастыра отырып, жаңа соқпақ табуға талпынғанын байқаймыз.

Христиан діні кең жайыла бастағандықтан, дәлелдеу оңайға түспеді. Осыған орай теологтар, қадым (антика) заман философиясына сүйеніп, оларды жаңа дүние танымға икемдей отырып пайдалануға күш салды.

Августин Платон дәстүрінен нәрусская алса, орта ғасырлық схоласт Фома Аквинский христиан қағидаларын Аристотель ілімімен жалғастырды. Фоманың ілімінде дүние ретімен ұйымдасқан жүйе (система), өзара байланысты сатылардан тұрады. Төменгі саты - өлі табиғат. Өлі табиғаттан өсімдіктер мен жануарлар шығып, олардан жоғары адамдар дүниесі пайда болады. Осы жүйенің биіктігінен, ең жетілген, барлық тіршіліктің алғашқы себебі, мәні құдайды көреміз. Адамның құдай жаратқан дүниеде, өзіне сай арнаулы орны бар.

Адамда дүниедегі басқа құбылыстар сияқты ²қозғаушы күшке² мұқтаж. Ол қозғаушы күш – адамның жаны. Жан адам тәнінің қозғаушы күші ғана емес, оның формасы. Адам жан мен тәннен құралған. Адам жаны ²қозғаушы күш² бола тұра өзі өзгермейді. Осыған байланысты мынадай проблема туатыны айқын: егер жан өз мәніне байланысты өздігінен қозғалмайтын болса, ол қалай тәнді қозғай алады? Осы қиыншылықтан Фома маңызды себеп (guantum ad esse) және кездей соқ себеп (guantum ad fiezi) деген ұғымдарды пайдалану арқылы шығады. Маңызды себепке сүйенсек, бір нәрсенің өмір сүруінің себебі, одан бұрынғы бір нәрсе мен байланысты болғандықтан әрі қарай түбін қуа келе алғашқы себепке тірелер еді. Ол шексіз жол. Екінші (кездейсоқ) себеп бір нәрсенің қайдан пайда болғанын жан-жақты дәлелдер келтіру арқылы түсіндіреді. Адамның жаны кездейсоқ себеп арқылы қозғалады. Ф. Аквинскийдің пайымдауынша жан тән емес, ол тәннің әрекеті, яғни тәнмен бірікпеген, тек сонда орналасқан. Дәл осы мағынада кездейсоқ себеп арқылы жан тәннің қозғаушы күші бола алады. Августин жанды тәннен тәуелсіз субстанция деп адамды жаннан айырмағанын жоғарыда айтқанбыз. Фома Аквинский Августинды толықтыра адамды тән мен жаннан құралған (compo situm) дейді. Сонымен бірге жанның мәңгілігін, дербестігін қорғау мақсатымен Августин толық және жартылай субстанция деген ұғым енгізеді. Толық субстанция деп тән мен жаннан құралған адамды айтамыз, ал жанды жеке алсақ, ол жартылай субстанция. Осы арқылы Фома Аквинский бір жағынан Августиннің артық кеткенін (адам мен жанды айырмағанын) түзейді, ал екінші жағынан оның жан адамның мәні деген сенімін арашалап қалады.

Адам жануарлармен періштелердің арасын жалғастыратын тіршілік иесі. Ф. Аквинский мен Августиннің қағидаларының айырмашылығына қарамастан, дүниедегі тіршіліктің бастауы жалғыз құдай. Адам жанының құндылығы және өлместігі осы ілімдерде көрнекті орын алатынын атап айтқанымыз жөн.

Өзінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы жағынан жерорта теңізінің шығысындағы елдер арғы орта ғасыр дәуірінде (CII ғасырға дейін) еуропа елдерінен әлде қайда жоғары тұрған еді. Осы өңірде CII ғасырда араб халифаты үстемдік құрған болатын. Араб халифатының тұсында жандана бастаған саяси-экономикалық өмір ғылымның, әдебиеттің, өнердің дамуына игі әсерін тигізді. Әртүрлі рухани дәстүрлердің, діндердің тоғысқан жерінде философиялық ойдың шыңдалып жетілуі кездейсоқ емес еді. Осы дәуірде еуропа философияның дамуы баяулай бастады, мұсылмандық шығыс елдерінде араб, парсы, түркі ойшылдарының еңбегі арқасында философия өзінің шарықтау биігіне көтерілді. Мұсылмандық ойшылдар грек философтарының дәстүрлерін жалғастырып жаңғырта білуімен қатар мұсылман дүниесінің философиясының ірге тасын қалады. Мұсылмандық философиясының негізін салғандар деп Әл-Кинди (800-870) мен Әл-Фарабиді (870-950) атаймыз. Солар салған жолды Ибн-Сина (980-1037), Ибн-Рошд (1126-1196) және тағы басқа да ойшылдар жалғастырды. Біздің мақсат үшін олардың барлығының ілімдерін қарастыру міндет емес. Дегенменде адам туралы айтарлықтай жүйелі қағида қалдырған мұсылман философтарының басты өкілдеріне назар аударалық.

Орта ғасырда мұсылман ойшылдарының арасында дүниедегі адамның алатын орны қандай, құдай мен адамның ара қатынасы қандай, дүние жаратылған ба, әлде мәңгі ме, деген сауалдар төңірегінде пікір таласы туды.

Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" атанған Әл-Фараби "Сұрақтардың мәні", "Қайырымды қала.." және т.б. еңбектерінде жоғарыда аталған сауалдарға жауап беріп, теориялық толғамдар жасаған.

Діни қағидаға, құранға сүйеніп бүкіл тіршілікті, адамды жасаушы алла тағала деп Әл-Фараби үзілді кесілді тұжырым жасамаған. Ол философиялық талдау арқылы, алла тағаланың жасампаздығын мойындай отырып, бүкіл болмыс атаулының барлығын сатыларға бөлген. Барлық болмыс бірінші себептен шығады. Әл-Фараби алла тағаланың бейнесін, бейнесіз, дерексіз, Бірінші себеп, Бірінші парасат, Бірінші тұлға деген атаулармен алмастырған.

Сол, Бірінші себептен шыққан аспан денелерінің болмысы ай әлемімен аяқталады. Ай әлемінің ең кемелдісі парасатты жануар – адам. Адам жаны пайда болысымен оның болмысына күш, қабілет бітеді. Олар қуат беруші күш, түйсіктендіруші күш, елестетуші күш, парасатты немесе ойлаушы күш, қозғаушы күш, талпынушы күш деп бөлінеді. Осы күштер дене мүшелері арқылы қызмет жасайды. Айталық, қуат беруші күш - ауыз, асқазан, бауыр т.б. мүшелер арқылы, талпындырушы күш – жүйке тамыр арқылы көрініс табады. Осы күштердің барлығы дене мен байланысты. Сонымен бірге адам жанында денеге қатыссыз әрекет жасайтын күш бар. Ол – ақыл парасат. Адам ақылды болып тумайды, ақылға қабілеті бар жан болып туады. Ақыл енжар, потенциалды, актуальды деңгейлерінен өтіп тәжірибесі молайып байыған сайын бойға дарып әрекетті ақылға айналады. Әрекетшіл ақыл арқылы адам өз кемеліне келіп толысады. Адам ақылының толысқандығын бүкіл болмыстың түзілісіне ой жүгіртіп болжай алатындығынан көреміз. Әрекетшіл ақылға адам қауымдасу арқылы жетеді. Әль-Фарабидің «Қайырымды қала…» атты трактатынан үзінді келтірейік: «Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі үшін және ең жоғары кемелділік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек, ал мұны ол жалғыз жүріп таба алмайды және оған жету үшін ол қандай да бір адам қауымын қажет етеді, осы қауымдағы адамдардың әрқайсысы оған қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан қандай да бір затты тауып беріп отырады. Оның бержағында әрбір адам өзінен басқа екінші адам жөнінде де нақ осындай күйге түседі. Міне сондықтан да бір-біріне көмектесіп отыратын, біреуі екіншісінің өмір сүруіне қажетті нәрселердің бір бөлігін тауып беріп отыратын көптеген адамдар бірлестіктері арқылы ғана адам өзінің жаратылысына сай кемелділік дәрежесіне жете алады».[3] Фараби осы ойларында адамның қоғамдық жағдайда қалыптасып, өз мәніне ие болатындығына күмәнданбаған. Әл-Фараби адам өмірінің мақсаты бақыт деп білген. «Бақыт - өз басы үшін көксейтін игілік; бұған ешбір жағдайда және ешқашанда басқа нәрсеге бола талпынбайды, өйткені (бақыттың) аржағында адамның қолы жете алмайтын бұдан артық нәрсе жоқ. Бақытқа жетуге көмектесетін еркін әрекет – тамаша әрекет. Мұны туғызатын әдет-ғұрып – қайырымдылық. Қайырымдылық дегеніміз оның өзі белгілеген, бірақ бақытқа жету мақсатынан туған жақсылық. Бақытқа (жетуге) бөгет жасайтын әрекет жаман немесе сұмпайы әрекет болмақ. Бұл әрекетті туғызатын әдет-ғұрып – кемшілік, кесепат, пасықтық». [3]

Осы пайымдаулардан Әл-Фарабидің адамға деген сүйіспеншілігі айқын көрініп тұр. Адамның ақыл-ойының оянуына «түрткі» болған бірінші себеп уақыт жағынан «алыстағы себеп», ал оның жетіліп дамуы адамның өзіне байланысты. Жеке адам өткінші, тән өлмек, ал жан мәңгі өмір сүреді. Әл-Фараби жанның өлмейтіндігіне, мәңгілігіне шынымен сенді деп кесіп айту қиын. Себебі Фарабиден қайырымды да білгір адамдардың жаны өлмейді, ал надан адамдардың жаны өледі

Адам жанының өлмейтіндігін Фараби осылай түсінген болса керек деп жорамалдауға болады.

Мұсылмандық дүниенің Орталық Азиядан шыққан ғұлама ғалымы Ибн - Сина «Жан туралы кітап» деген еңбегінде адамның басқа жануарлардан айырмашылығына көи көңіл бөлген. Адамның қызметі, іс-әрекеті туа біткен бейімділігімен қатар қоғамдағы ережелермен санасуынада байланысты. Адам алдына мақсат қоя біледі, және сол мақсатына қоғам арқылы жетеді. Қоғам өмірін реттейтін ережелерді жастайынан тәрбие арқылы бойына сіңіріп дағдысына айналдырады. Адам басқа адамдарға қызмет ете отырып өзінің қажетін өтейді. Мақсатқа жетер жолда ол өнерге, тілге сүйенеді.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1192. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Значення творчості Г.Сковороди для розвитку української культури Важливий внесок в історію всієї духовної культури українського народу та її барокової літературно-філософської традиції зробив, зокрема, Григорій Савич Сковорода (1722—1794 pp...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия