Студопедия — Дәріс13. Қазақстан тоқырау жылдарында.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс13. Қазақстан тоқырау жылдарында.






Жоспар

 

1.ХХ ғасырдың 70-80 жж. бірінші жартысындағы әлеуметтік экономикалық даму тенденциялары.

2. ХХ ғасырдың 70-80 жж. бірінші жартысындағы ауыл шаруашылығындағы дағдарыстың көрністері.

3. ХХ ғасырдың 70-80 жж. бірінші жартысындағы халықтың тұрмыс дәрежесі: тенденциясы және қарама –қайшылықтары.

4. ХХ ғасырдың 70-80 жж. бірінші жартысындағы саяси өмір және ұлттық қатынас.

 

Тірек сөз: Консерватизм, Бюрократия,тоқырау,

 

КОКП ОК (1965ж.) пленумы талдап жасаған аграрлық реформа а/ш интенсивті жолға түсірудің талпынысы болды. А/ш проблемаларын тек күрделі қаржыны көбейту арқылы ғана шешуге тырысу күткендей нәтиже бермеді.Ол қаржының 55/ дейінгі құны қымбат,аса зор м/ш комплекстерін, су шаруашылық құрлыстарын салуға а/ш техникасын сатып алуға жұмсалды, керісінше оларды жердің құнарлылығын арттыруға,электрлендіруге а/ш өнімдерін сақтайтын және өңдейтін кәсіп орындар салуға жұмсау қажет еді. Ауыл мен селоны әлеуметтік жағынан көркейтуге қалған қаржыны жұмсау принципі қолданылылды. Адамдардың мұқтажына көңіл бөлмеушіліктің салдарынан 1987ж ауылдық селолық жердегі елді мекендердің тең жартысынан көбінде денсаулық сақтау мекемсі болмады, ауылдық селолық ауруханалардың жартысына жуығы ыңғайсыз үйлерде орналасты, әрбір бесінші ауруханада су құбыры, канализация,асхана болмады. 60-70-ж. басында халықты азық түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен жабдықтау жақсарды. Алайда агралық салада күткен бетбұрыс болмады. Алғашқы кезде жарияланған және жоспарланған нәрсенің көпшілігі жүзеге асырылмай қалды. Астық өндірісінің дамуы тұрақсыз еді. Үш бесжылдық бойы 1971-1985ж. Мақтаның кортоптың, көкөністің жалпы өнімі және мем. сатып алу көлемі біраз көбейді., қант қызылшасын өндіру азайды. Мал ш/қ өнімдерін өндіру бір қалыпты болмады. Колхоздармен совхоздарда сүт өндіру 9/5 та шұғыл өсті, бірақ бұл өсім тұтастай экстенсивтік негізде сиырдың санын көбейту есебінен алынды.,өйткені қоғамдық ш/та бұл жылдары бір сиырдан алынған сүттің орташа мөлшері өскен жоқ.1971-1985ж. Ет өндірісінің өсуі тұрақты болған жоқ. Жалпы өндірілген еттің 5/1 бөлігінен 4/1 бөлігіне дейінгі мөлшері бүкілодақтық қорға жіберілді. Ет өндіісінің ең көп өсімі құс ш/да болды, 1989 ж.1970 ж. Салыстырғанда 5 есе өсті. Мұның өзі мем. Құс фабрикаларының кең жүйесі салынуының, саланы өнеркәсіптік технологияға көшірудің,оларды жеммен мем. Қордан орталықтандырылған жүйемен қамтамасыз етудің нәтижесі еді.Қой ш/ғы ақсады. 1981-1985ж. өсім тоқтады деуге б/ы. «көк бақа»еттер п/б. Себеп: шопанның ауыр еңбегіне немқұрайды қарау, малды күтіп бағудағы еңбек дәстүрін елемеу, халықтың ғ.б. қалыптасқан,сынан өткен технологиясының жоғалып кетуі болды.Жалпы алғанда мем/тің а/ш дамыту жөніндегі қолданған шаралары жартыкеш болып шықты және х/ш –ң аса маңызды бұл саласында мардымды өзгеріс бола қойған жоқ. А/ш қайыршылық жағдайға түсуінің бір себебі шаруалардың бүтіндей әкімшілік жүйенің билігінде болуы еді. А/ш басқару жүйесін КОКП ОК май(1982) пленумның шешімдері негізінде аудандық агра өнеркәсіптік бірлестіктер құру арқылы түбегейлі өзгерту талабы да мардымады,нәтиже бермеді.Адамдар көбінесе ақшаны жұмыстың нәтижесі үшін емес,жұмысқа шыққаны үшін алды.

2.60ж. Ортасында-ақ елдің партиялық мем. Басшылығы халықтың ақшалай табысын артыру бағытын ұстанды,40-50ж салыстырғанда оң рол атқарды.70ж бірінші жартысында ең төменгі жалақы 70 сомға жетті.1971-1989ж совхоздар қызыметкелерінің жалақысы 121сомнан 247 сомға дейін өсті,колхозшылардың еңбек ақысы 100-210сомға өсті,зейнет ақы 51,1 сомнан 93,2 дейін көтерілді.Жалақының мұндай дәрежеде өсуі жылдар бойы халықтың тұрмыс дәрежесі үнемі өсіп келді деп санады,ал іс жүзінде бұл шындыққа сай емес еді.Тапшылық арта түсті. Сағаттап кезекте тұру –кеңестік құрлыстың айнымас серігі,үйреншікті әдетке айналды.Әлеуметтік саладағы ең өткір проблеманың бірі тұрғын үй проблемасы болды.Қазақстан х-ң түрмыс жағыдайы Одақпен салыстырғанда артта қалды.Қазақстанның көптеген аудандары(33) аудан ең алдымен Семей ядролық полигонының зардабы тараған аймақ, Арал өңірі жан баласы төзгісіз қиын жағдайда еді. Негізінен қазақтар тұратын алыстағы аудандар қалыпты дәрігерлік көмекпен, ауыз сумен көкөніспен, жеміспен қамтамасыз етілмеді, балалар мекемелері, кітапханалар жетіспеді. Мұндай жағдай респ, мен орталық арасында қарама –қайшылықтың қауырт шиеленісуіне обьективті негіз болды. Респ. халқының тұрмыс дәрежесінің жағыдайын 70-80ж соғыстан кейінгі жылдармен салыстырғанда жағдайдың жақсарғанын мойындау қажет. Теледидар, тоңазытқыш, кір жуатын машина үй жиһаздары п.б.Туристік сапармен шет елді санаторилар демалыс үйлерінде демалушылар саны көбейді.

3. КОКП –ның бүлінуі оның әлеуметтік эко. Саясаттағы қателері ұлттық қатынасқа әсерін тигізбей қойған жоқ. Брежневтік басшылық оларды мүлтіксіз әрі ешқандай проблема жоқ деп санады. Федералдық мем. Ретінде болжалып,1922ж. Құрылған КСРО іс жүзінде унитарлық мем. Айналып кетті. Ондағы Одақтас респ. Құқықтары шектеліп,нақты егемендігі жоқ автономия ретінде дамыды. Ұлттардың өзін өзі билеуі іс жүзінде ұмыт болды. Бүкіл Кеңестік тарихтың өн бойында кеңестік федарализм жағдайында даралану тенденциясы болмайды, соц-к ұлттардың федерациядан шығу қажеттігі пайда болуы мүмкін емес деген пайымдау үстемдік құрды.С/да партия және мем. Органдар ұлттардың өзін өзі билеуін біржола жүзеге асырылған іс деп санады. Мұндай пайымдаудың дәлелі мына жағдай б/ы. КСРО еркі шығу құқығы болғанымен бірде-бір халық оны пайдаланбады. Бұл жерде нақты өмір шындығы есепке алынбады., саяси демократияның бұрмаланғандығы

Салдарынан бұлайша ерік білдірудің өзі мүмкін емес еді.

Қаралып отырған дәуірде интернационализм түсінігі жаттанды идеологиялық құрсауда болатын.Ұлттық проблеманың бәрін тек интернационалдық тәрбиені жақсарту арқылы ғана шешуге болады деп пайымдады.бұл бағыттағы тәрбие нақты өмірден алшақ жүргізілді, интернационализм идеяларын насихаттаумен шектелді, осы мағынада алғанда интер-ционалдық тәрбие ұлттық саясаттың орнына жүрді немесе бүтіндей оны ауыстырды.70-80жж. Ұлттық салт санадан гөрі Кеңестік салт-сана көбірек дәрәптелді.КСРО халықтары мен ұлттарының дамуындағы орыс мәдениетінің ролін асыра бағалау процесі жүрді,адамдардың тарихи санасын жою процесі жүрді. Тарих 1917ж басталады деп сендірді. Алшынайы интернационализм «өз» ұлтыңның да және басқа ұлтардың да ұлтық мүделерін түсініп,мойындамайынша мүмкін емес еді.Ұлтшылдық ең алдымен ұлттық мүделерді кемсітуден п.б. Интер-змді тұрыс түсінбеу Қазақстанда тіл саясатын да тек ұлт аралық қатынас тілін ғана қолдап,ал ұлт тілі туралы үндемей қалуға әкеп соқтырды. Орыс тілін қазақтардың 60/ меңгерсе,қазақ тілін орыстар1/ меңгерді.кітап90//,теледидар 70/ орыс тілінде б/ы.жер атары орыс тілінде б.ы.Бұрынғы КСРО ғы империялық тіл саясаты ең алдымен орыс тілін білмейтін адамдардың әлеуметтік өсу мүмкіндіктерін шұғыл тарылта беру мақсатын көздеді.

И.Сталин өлгенен кейін кеңестік кеңістікте тоталитарлық жүйеге қарсы көтерілістер болғаны жайлы зертеуші А.Кәкен (Кеңестік кеңістіктегі көтерілістер.//Е.Қ. 2002жыл,20.09) өз деректерін береді. 1955-1956ж Грузияда 1968,25,08, Москвада,1966-1968жж қырым-татарлары, 1966жж Өзбекстанда,1975-1977жж Вильнюсте т.б. 1959жж жазда Теміртау көтерілісі бұрық етті. Тоталитарлық жүйе көтеріліске қатысқандарды қатаң жазалады,оны Брежневтың өзі басқарды.Кейбір зиялы азаматтар мәдени-саяси ұйым,партиялар құруға ұмтылды Мәскеуде «Жас тұлпар» (М.Әуезов),Павлодарда «Жасұлан»(Арман Қаниев,мектеп оқушысы), Қарағандыда «Есеп» партиясы (Бүркіт Ысқақов) «Тай шұбар»қазақ жастарының биресми бірлестіктерді атауға болады. Хасен Қожа Ахмет Алматыдағы жоғарғы оқу орны студенттері арасында,қоғамдық орындар да «Оян,қазақ, оян елім!»днген үн парақша таратқан.

Басқаша ойлаудың барлық түрі қудаланды.Жүйенің идеологиясы мен жаттанды догмаларына саи келмеген өз көзқарастарын әдебиетпен өнер шығармаларында бейнелеген интелегенттің өкілдері қудалауға түсірілді.Ақын О.Сүлейменовтың «АЗиЯ», О,Исмағұловтың «Қазақстанның этностық геногеографиясы», филасофия институтының авторлар ұжымы даяарлаған «Дәстүрлі қазақ өнерінің дүние танымы» және басқа әдебиет пен өнер шығармалары авторлары қуғындала бастады. Ұлттық қатынастардағы қарама –қайшылықтар күн санап қордалана берді, Ол Орталықтың 1979 жылы (көктемде) Қазақстанда неміс автономиясын құру әрекетіне ұласты.(16.06. 19,06 шеру) Оған қазақ халқы қарсылық көрсетіп «Қазақстан бөлінбейді», «Неміс автономиясы болмасын» днген үндеулер көтеріп,алаңға шықты.Автономия құру туралы шешім болған жоқ деп мәлімдеп, облыстың басшылығы КОКП ОК Саяси бюросының автономиялық облыс құру жөніндегі жобасынан іс жүзінде іргесін аулақ салды.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1798. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия