Студопедия — СИЛЛАБУС
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

СИЛЛАБУС






OBZh 1111 Өмір тіршілік қауіпсіздігі пәні бойынша

 

 

 

 

Астана

 

 

ҰЕУФ 703-01-11 Силлабус. Екінші басылым

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Уақыты: _______ 2011 ж. Басылым: екінші
  Силлабус   УҰУ   7 ден 2

 

1.Түсіпова Жазгүл Болатқызы, биология ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Жаратылыстану ғылымдары факультеті Қоршаған ортаны қорғаудағы басқару және инжиниринг кафедрасының доценті.

Ғылыми қызығушылығы: адамның өмір қауіпсіздігі, физиология және экология.

Байланыс телефоны: 60-58, Қоршаған ортаны қорғауды басқару және инжиниринг халықаралық кафедрасы.

2. Пәннің аты: OBZh 1111 «Өмір тіршілік қауіпсіздігі».

3. Оқу тәртібінің жүргізілу уақыты мен орны: Семестр 1, сабақ кестесі бойынша.

4. Оқу пәнінің деректемелері:

4.1 Пререквизиттері:оқылатын пәнді игеру үшін – «Тәнтану», «Биология», «География», «Химия» (мектеп бағдарламасынан) тәрізді пәндер бойынша қалыптасқан білімдері қажет.

4.2 Постреквизиттері: осы пәнді теориялық және практикалық жағынан меңгеру барысында студенттер алынған білімдер мен дағдылар жүйесін күнделікті өмірде, төтенше жағдайлар кезінде, алғашқы көмек көрсетуде қолдана алады.

5. Оқу тәртібінің мінездемесі

5.1. Оқу тәртібінің бағыты

«Өмір тіршілік қауіпсіздігі» пәні университеттің барлық мамандықтағы студенттері үшін міндетті пән болып табылады және адам өміріне төнетін жалпы қауіп – қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы. Сонымен бірге адам тіршілігінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардағы қауіпсіздігін, төтенше жағдайдың зардабын жою мақсатында жасалатын жұмыс түрлерін, азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етудегі орны мен міндеттерін, әртүрлі зақымдануда көрсететін алғашқы көмек түрлерін, аса қауіпті әлеуметтік аурулар және оны алдын алудың тиімді шараларын, салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздерін қарастырады.

5.2. Пәнді оқытудың мақсаты

Қауіпсіздік саласында жалпы біліктілікті көтеру, адамдардың ойлау қабілетін өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттау.

5.3 Пәнді оқытудың міндеттері

- адамның еңбек қызметінде және демалысында қолайлы жағдай тудыра білу;

- адамды және оның өмір сүру ортасын зиянды әсерлерден қорғау;

- қауіп – қатерлерді тани білу: оның түрлерін, болып жатқан жерін, мүмкін зардаптың, зиянның шамасын, қатер болу мүмкіншілігін және т.б.;

- болғалы тұрған қауіп – қатердің алдын алу;

- қауіп – қатер болғанда, төтенше жағдай кезінде алған білімдерін тәжірибелік қызметте қолдана білу және білікті іс – әрекет жасай білу.

5.4 Оқу тәртібінің мазмұны

Қауіпсіздік түсінігі, Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі, төтенше жағдайларда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі және аумақ пен ұйымдарды қорғау саласындағы Азаматтық қорғаныстың міндеттері мен қолданатын шаралары, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар, әсері күшті улы заттардың түрлері, тұрғындарды қорғау шаралары, терроризммен күресу шаралары, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету, Қазақстандағы аса қауіпті, әлеуметтік мәнді аурулар, салауатты өмір салтын түзу.

 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Уақыты: _______ 2011 ж. Басылым: екінші
  Силлабус   УҰУ   7 ден 3

5.5. Оқу пәндерін оқытудың жоспары

Апта- лар Тақырыптар аты Сағат саны мен оқытуды ұйымдастыру формалары Практикалық жұмыс тапсырмалары
       
  Төтенше жағдайда (ТЖ) тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру. -«Өмір тіршілік қауіпсіздігі» (ӨТҚ) пәнінің мазмұны, курстың мақсаты. - негізгі түсініктер (қауіпсіздік,қауіп-қатер,азаматтық қорғаныс, шаруашылық обьектісі, ұйым); -төтенше жағдай жөніндегі ҚР Агенттігі, оның мақсаты, құрамы және құрылымдық аумақтық органдары; -төтенше жағдай жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия; -төтенше жағдайлар туралы халық пен ұйымдарға хабарлау. Дәріс - 1 сағ. Практикалық сабақ - 1 сағ. СӨЖ – 1 сағ. СОӨЖ – 1 сағ. «Өмір тіршілік қауіпсіздігі» пәнінің теориялық негіздерін қарастыру, қауіпсіздік және қауіп түсінігін ашу.  
  Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдай кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етудегі орны мен міндеттері: -Жоғары оқу орындарының Азаматтық қорғанысын (АҚ) ұйымдастыру; -АҚ құрамалары, оның мақсаты мен құрылу тәртібі; -«Азаматтық қорғаныс» туралы Қазақстан Республикасының Заңы -Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру принциптері мен тәртіптері - Азаматтық қорғаныс жүйесінің басқару ұйымдары мен құрылымы. Дәріс - 1 сағ. Практикалық сабақ - 1 сағ. СӨЖ – 1 сағ. СОӨЖ – 1 сағ. Шаруашылық обьектісі Азаматтық қорғанысының ұйымдық құрылымы. Азаматтық қорғаныс құрамаларының негізгі түрлері (Құтқару, Инженерлік, АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалары). Азаматтық қорғаныс туралы 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.
  Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар: -Төтенше жағдай, туындау себептері. - табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар; -техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар; - төтенше жағдай аймағы. Дәріс - 1 сағ. Практикалық сабақ - 1 сағ. СӨЖ – 1 сағ. СОӨЖ – 1 сағ. ҚӘУЗ, түрлері. Химиялық зақымдау ошағы. Табиғи және техногендiк сипаттағы ТЖ туралы 1996 ж. 5шiлдедегі ҚР заңы.

 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Уақыты: _______ 2011 ж. Басылым: екінші
  ОӘК   УҰУ   7 ден 4

 

       
  Зақымдану ошағы: - АЭС-дағы авариялар кезіндегі жергілікті жердегі радиациялық қауіп аймағы; -радиация көздері, табиғи радиоактивтілік, радиоактивті ластану; -адамға сәуле алудың қауіпі, жануарлардағы сәулелену ауруы; -қатты әсер ететін улы заттар (ҚӘУЗ), топтары, түрлері; -радиоактивтік, ҚӘУЗ-мен және бактериалдық құралдармен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек. Дәріс - 1 сағ. Практикалық сабақ - 1 сағ. СӨЖ – 1 сағ. СОӨЖ – 1 сағ.. Табиғи сипаттағы ТЖ: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, опырмалар, қар басу, дауыл, таудың су тасқыны, табиғи өрттер, сақтану шаралары; Эпидемия. Эпизоотия. Эпифитотия.
  Төтенше жағдайлар туғызған зардаптарды бағалау: -Зақымдану ошақтарын барлау; -радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлік бақылау приборлары; -зақымдау ошағындағы радиациялық ахуалды бағалау; - зақымдау ошағындағы химиялық ахуалды бағалау. Дәріс - 1 сағ. Практикалық сабақ - 1 сағ. СӨЖ – 1 сағ. СОӨЖ – 1 сағ. Транспорттық авариялар (темір жол, теңіз, әуе, автомобильді және т.б. апаттар)
  Төтенше жағдай аумағында құтқару және басқада шұғыл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру: -Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру негіздері; -құтқару және өзгеде шұғыл жұмыстарды өткізу тәсілдері мен әдістері; жарақат алғандар мен ауруларды тасымалдау. Дәріс - 1 сағ. Практикалық сабақ - 1 сағ. СӨЖ – 1 сағ. СОӨЖ – 1 сағ. Қорғаныс ғимараттары, көшіру шаралары, радиациядан, химиядан, өрттен қорғау шаралары, медициналық шаралар. Химиялық, радиациялық, биологиялық зақымдану қаупі туғандағы қимылдар.
  ТЖ халықты, аумақты қорғау шаралары. -Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен қорғау әдістері; -халықты қорғаудың ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары; -жарақаттар, бас жарақаттары, сүйектің сынуы алғашқы көмек; -жаралар, жаралар инфекциясы. Қанның ағуы, алғашқы көмек. Дәріс - 1 сағ. Практикалық сабақ - 1 сағ. СӨЖ – 1 сағ. СОӨЖ – 1 сағ. Адамдарды санитарлық тазалаудан өткізу жолдары. ТЖ суды, азық – түлікті қорғау (дезинфекция, дезактивация, дегазация).

 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Уақыты: _______ 2011 ж. Басылым: екінші
  ОӘК   УҰУ   7 ден 5

 

       
  Зілзала және оның салдарымен күрес. - жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, опырмалар, қар басу, дауыл, таудың су тасқыны, табиғи өрттер, сақтану шаралары; Дәріс - 1 сағ. Практикалық сабақ - 1 сағ. СӨЖ – 1 сағ. СОӨЖ – 1 сағ. Төтенше жағдай кезіндегі көмек шараларын ұйымдастыру, халықты қорғаудың негізгі әдістері. Өрт сөндіргіш құралдардың негізгі түрлері.
  Адамдарды санитарлық тазалау, малды ветеринарлық сақтандыру, техникамен автокөлікті арнайы тазалау – суды, азық – түлікті, жемді ТЖ жағдайда қорғау және залалсыздандыру. Дәріс - 1 сағ. Практикалық сабақ - 1 сағ. СӨЖ – 1 сағ. СОӨЖ – 1 сағ. Техногенді сипаттағы экстремальды жағдайлар
  Терроризммен күресу жолдары. -Терроризм, терроризм актiсi, террористiк ұйым, террористiк акция. -ҚР «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заңы. -Терроризммен күресу жолдары. Дәріс - 1 сағ. Практикалық сабақ - 1 сағ. СӨЖ – 1 сағ. СОӨЖ – 1 сағ. Терроризммен күресу жолдары. ҚР «Терроризммен күрес туралы» Заңы.
  Өсімдік және хайуанаттар уларымен уланған кездегі алғашқы көмек: -Улы саңырауқұлақтармен улану. - Өсімдік уларымен улану. - Тамақтан улану. - Хайуанаттардың уымен улану: жыланның шағуы, сонаның, араның шағуы, шаяндардың шағуы, қарақұрттың шағуы, өрмекшінің, бүйеннің, сколопендрдің шағуы, кененің кіруі. Алғашқы көмек шаралары. Дәріс - 1 сағ. Практикалық сабақ - 1 сағ. СӨЖ – 1 сағ. СОӨЖ – 1 сағ. Жыныстық қатынастан туындайтын аурулар: мерез, соз, ЖИТС (СПИД)
  Бақытсыз оқиғалар кезіндегі алғашқы көмек. -Күйік, үсік шалу. Алғашқы көмек; -суға бату, электр жарақаты, күннің өтуі немесе ыстық тию. Алғашқы көмек; -жүрек- тамыр аурулары. Алғашқы көмек. Дәріс - 1 сағ. Практикалық сабақ - 1 сағ. СӨЖ – 1 сағ. СОӨЖ – 1 сағ. Қоршаған орта факторларының адам денсаулығына әсері. Карантин. Обсервация. Иммунитет. Асфиксия. Асептика. Антисептика.

 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Уақыты: _______ 2011 ж. Басылым: екінші
  ОӘК   УҰУ   7 ден 6

 

       
  Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар аурулар. Аса қауіпті инфекциялар (жұқпалар). 1. Туберкулез, бруцеллез. 2. Терінің паразитарлық аурулары. 3. Оба (чума), тырысқақ (холера). 4. АИТВ (ВИЧ) инфекциясы және ЖИТС (СПИД). Дәріс - 1 сағ. Практикалық сабақ - 1 сағ. СӨЖ – 1 сағ. СОӨЖ – 1 сағ. Биологиялық қауіпті және әлеуметтік маңызы бар аурулардың сипаттамасын зерттеу: туберкулез және тағы басқалар. Ауру кезеңдері, негізгі көріністері.
  ТЖ халықты психологиялық дайындыққа әзірлеу - Темперамент туралы жалпы ұғым. - Темперамент түрлері: холерик, сангвинник, флегматик, меланхолик. - ТЖ халықты психологиялық дайындыққа әзірлеу. Дәріс - 1 сағ. Практикалық сабақ - 1 сағ. СӨЖ – 1 сағ. СОӨЖ – 1 сағ. Еңбек пен демалыстың тиімді режимдері, тиімді тамақтану.
  Салауатты өмір салтын қалыптастыру -Өмір салты және денсаулық; -денсаулық және жастардың өмір салты; -денсаулық және экология. Дәріс - 1 сағ. Практикалық сабақ - 1 сағ. СӨЖ – 1 сағ. СОӨЖ – 1 сағ. Қазақстан аймақтарының экологиялық ерекшеліктері.






Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1621. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

Основные симптомы при заболеваниях органов кровообращения При болезнях органов кровообращения больные могут предъявлять различные жалобы: боли в области сердца и за грудиной, одышка, сердцебиение, перебои в сердце, удушье, отеки, цианоз головная боль, увеличение печени, слабость...

Вопрос 1. Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации К коллективным средствам защиты относятся: вентиляция, отопление, освещение, защита от шума и вибрации...

Задержки и неисправности пистолета Макарова 1.Что может произойти при стрельбе из пистолета, если загрязнятся пазы на рамке...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия