Студопедия — АзГЗУ туралы жалпы мәліметтер
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

АзГЗУ туралы жалпы мәліметтер






Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті:

· 2004 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алушылардың аралық аттестация нәтижелері бойынша қазақстандық жоғары оқу орындары арасында 1-ші орынға ие болды;

· 2005 жылы ҚР БҒМ өткізетін Аралық мемлекеттік бақылау бойынша 1-ші орынға шықты.

· 2006 жылы Қазақстан Республикасының мамандырылған жоғары оқу орындары арасындағы рейтинг бойынша 2-ші орынға ие.

· 2007 жылы ҚР БҒМ өткізетін Бас рейтингтің қорытындысы бойынша гуманитарлық-экономикалық ЖОО арасында 2-ші орынға және Қазақстанның 60 ЖОО арасында 7-ші орынға ие болды.

· 2008 жылы Бас рейтингке сәйкес ҚазГЗУ гуманитарлық-экономикалық ЖОО арасында 1-ші орынға ие болып, еліміздің алдыңғы қатарлы 60 ЖОО арасында 7 -ші орынға шықты.

ҚазГЗУ-де жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрам жұмыс істейді, ҚазГЗУ профессурасының құрамында еліміздің көптеген атақты ғалымдары, Парламент, Конституциялық кеңес, Қазақстан Республикасының жоғарғы құқық қорғау органдарының өкілдері, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Кодекстері мен Заңдарын құрушылар бар. ҚазГЗУ-де «Құқықтану саласындағы жыл профессоры», «Қазақстанның үздік криминологы» атағына ие болған үш жеңімпаз және Қазақстанның «Үздік оқытушысы» конкурсын жеңіп алған 6 оқытушы қызмет етеді.

ҚазГЗУ Халықаралық академиялық ынтымақтастағы Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды.

ҚазГЗУ-дің тәжірибе базасы кең,көптеген мемлекеттік органдары, ұлттық компаниялары және атақты акционерлік қоғамдарымен ынтымақтастықта. Студенттік заң клиникасы қызмет етеді.

ҚазГЗУ – Халықаралық құқық бойынша Филипп Джессоп кубогына арналған халықаралық жарыстардың әкімшісі.

ҚазГЗУ-де студенттік ұйымдар: Студенттік Парламент, Ар соты, Қазақстанның «Орда» дебат клубы, мамандықтар бойынша студенттік клубтар, ғылыми және шығармашылық үйірмелер, спорт секциялары қызмет етеді. КТК құрама командасы Еуролигаға мүше. Студенттерге: «Жыл студенті» атағы беріледі, ал үздік бітірушілердің есімдері «ҚазГЗУ Алтын кітабына» енгізіледі.

Ғылыми кеңес еліміздің беделді ЖОО ретінде университеттің дамуы және маңызды мәселелерін шешуге бағытталған шешімдерді қабылдайтын,ҚазГЗУ-ді басқарудың жоғары алқалық органы болып табылады.

ҚазГЗУ жанында 2002 жылдан бастап республикамызда заң кадрларын даярлауды жетілдіру мақсатында құрылған, еліміздің 25 жоғары оқу орнына ұсынылатын «Құқық» мамандығының тобы бойынша Оқу-әдістемелік секциясы жұмыс істейді. ОӘС басшылығымен МЖМБС, типтік оқу бағдарламалары, оқу әдебиеттеріне талаптарды әзірленеді.

ҚазГЗУ жоғары және екінші жоғары білім алуға күндізгі, сырттай және қашықтықтан оқыту нысандары бойынша төмендегі мамандықтар бойынша кадрларды даярлауды жүзеге асырады: құқықтану; халықаралық құқық; қаржы; экономика; менеджмент; маркетинг; есеп және аудит; құқық қорғау қызметі; аударма ісі; психология; әлеуметтану; әлеуметтік жұмыс, туризм.

Университет оқытудың халықаралық стандартына көшті, кредиттік технология, бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша даярлаудың көпдеңгейлі жүйесі қызмет етеді.

Диссертациялық кеңеске елімізге және одан тыс аймақтарға әйгілі ғылыми кадрлары жұмылдырылған. Университет жоғары кәсіптік білімді кадрларды даярлау бойынша білім беру қызметінің ИСО 9001:2000 халықаралық сертификатына сәйкестендіруден өтті.

ҚазГЗУ білім және ғылым саласындағы танымал халықаралық ұйымдар және қорларымен, алдыңғы қатарлы шетел жоғары оқу орындары мен ҚР-дағы шетел мемлекеттерінің елшіліктерімен қарым-қатынас орнатқан.

Үздік студенттердің есімдері «ҚазГЗУ Алтын кітабына» енгізіледі.

6 атаулы шәкіртақы тағайындалған: Төле Би, Қазыбек Би, Айтеке Би, Н. А. Шайкенов атындағы, М. Т. Оспанов атындағы, Ю. А. Ким атындағы, университеттің білім беру гранттары.

Университеттің көптеген студенттері мен магистранттары Президенттік Болашақ бағдарламасына қатысып, шетел жоғары оқу орындарында білім алуда.

Оқыту қазақ және орыс тілінде мемлекеттік білім беру гранты және ақылы негізде жүргізіледі.

Басқа қаладан келген студенттер үшін ақылы негіздегі жатқахана қарастырылған.

Университет жанында әскери кафедра бар.

ЭБжӘҒЖМ құрамында мынадай кафедралар қызмет атқарады:

- Гуманитарлық және жаратылыстану пәндер кафедрасы;

- Қаржы және есеп кафедрасы;

- Экономика және бизнес кафедрасы;

- Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасы.

 

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 411. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия