Студопедия — Су ресурстары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Су ресурстары






Қазақстанның су ресурстарына беткі судан (өзен, көл) басқа жер асты суы мен минералды су көздері жатады. Қазақстанның климаты жағдайында өзен торы онша жиі болмағандықтан, халық шаруашылығы үшін жер асты суы ресурстарын пайдаланудың үлкен маңызы бар. Мал шаруашылығын өркендету үшін шөлейт пен шөл зоналарында артезиан құдықтары пайдаланылады. Үлкен қалаларды, су тапшы аудандағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету көбіне жер асты суы есебінен болады. Қазақстан жер қойнауынан құрамында адам ағзасына қажетті тұздары бар минералды су көздері табылған. Мұнда Алмаарасан, Барлықарасан, Қапаларасан, Жаркентарасан, Сарыағаш сияқты сауықтыру орындары осы су арқылы емдеу орталықтарына айналған.

Жалпы Қазақстан территориясының климаттық ерекшеліктеріне байланысты су ресурстарының маңызы арта түседі. Себебі құрғақ климат жағдайында ауыл шаруашылығын, әсіресе, суармалы егістерді өркендету үшін су ресурстары басты орын алмақ.

Су ресурстарын пайдаланудың жыл сайын өсуіне байланысты оларды дұрыс пайдалана білсе, тиімділігі арта түсер еді. Өзендерге су техникалық қондырғыларын салмақшы болған жағдайда жергілікті табиғат ерекшеліктерін міндетті түрде ескерген жөн.

 

3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Су ресурстарына не жатады?

2.Жер асты суларын пайдаланудың қандай маңызы бар?

3. Неліктен жерасты суларын пайдаланамыз?

4.Мал шаруашылығын шөл және шөлейт жерлерде өркендету үшін қандай

құдықтарды пайдаланады?

5.Су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін қалай арттыруға болар еді?

 

4. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыздар.

 

Шөл және шөлейттер

 

Қазақстанның шөл зонасы Қазақстан оңтүстігінің, орталығы мен батысының көп жерлерін алып жатыр. Шөлді жерлер Каспий теңізі жағалауларынан бастап, шығысын Жетісу Алатауына дейін және оңтүстік шығысында Тянь-Шань тауларына дейін жетеді. Ол жалпы республика территориясының 44 пайызын құрайды. Шөлді зонаның теріскей жиектері солтүстік ендіктер (47 және 48 градус) бойымен өтеді. Бұл зонада негізінен құмды және сазды шөлдер кең таралған. Тасты шөлдер Қазақстанға тән емес, олар тек шағын учаскелерде кездеседі. Шөлдің климаты тым континентті және аса құрғақ. Жалпы жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм-ден аспайды.

Шөлді зонада далалы зонадағыдай өсімдік қалың өспейді. Өсімдік көбіне құмды төбелер аралықтары мен олардың баурайларында ғана кездеседі. Ағаш тұқымдастардан мұнда өсетіні – ақ сексеуіл мен қара сексеуіл. Олардың арасында қоянсүйек, жыңғыл, жүзген, шеркез, қандым болады.

Сексеуіл республикадағы барлық орман алабы аумағының тең жартысынан астамын алып жатыр. Қара сексеуіл Бетпақдаланың батыс бөлігіне тегіс, Сарысу бойының орталығына, Іле өзенінің сағалық оң жақ жағалауына және Шу өзені мен Мойынқұм аралығына тараған.

Қара сексеуілдің биіктігі өсуге қолайлы жағдайда 6-8 метрге жетеді. Оның діңі өте тығыз, ауыр болады.

Ақ сексеуілді тоғайлар Қарақұмда, Қызылқұмда, Балқаш төңірегі мен Мойынқұмда кездеседі.

Қазақстанның шөлейт жерлері дала мен шөл зоналары аралығында орналасып, Жайық жағасынан Алтай тауларына дейін 2900 км-ге созылған. Ол республиканың барлық территориясының 14 пайызын алып жатыр. Зонаның оңтүстік шекарасы 48 градус ендікпен өтеді.

Шөлейттің климаты құрғақ, тым континенттік. Жауын-шашын аз, жылдық жауын-шашынның мөлшері 180 мм-ден 300 мм аралығында. Шөлейт зоналарда жазда өзендердің көбінің суы тартылып, кеуіп кетеді. Тұрақты ағатын ең ірі өзендері – Ойыл, Жем, Торғай, Сарысу, Аягөз. Бұл зонада 3 мыңнан астам көл бар. Олардың көпшілігінің суы ащы болады.

Шөлейттің негізгі топырағы - ашық қызғылт топырақ. Оның құрамында шірінді аз болады. Шөлейтте кесіртке мен жыландар көп. Ақбөкендер мен қарақұйрықтар кездеседі.

Таулы-төбелі гранитті Қызыларай сілемі – шөлейттегі әсем жазираның бірі. Онда қарағай ормандары өседі.

Шөлейт те қой мен жылқы шаруашылығы басым дамыған. Кей жерлерінде көкеніс пен бақша өнімдері өсіріледі.

 

 

Есте сақтаңыздар! Қазақ тілінде етістіктің райлары сөйлеушінің іс-әрекетке қарым-қатынасын білдіреді. Олар ашық рай, қалау рай, бұйрық рай және шартты рай болып бөлінеді. Іс-әрекеттің мезгілін үш шақта анық көрсетіп, үш жақта айтылатын етістіктің түрі ашық рай деп аталады. Мысалы:Ол бізді концертке шақырды. Іс-әрекет, қимылды істеуге сөйлеушінің қалау, тілек ниетін білдіретін етістіктер қалау рай деп аталады. Мысалы:Киноға барғым келеді. Іс-әрекетті, қимыл- амалды орындау жұмысы біреуге міндеттей, бұйыра айтылатын етістіктің түрі бұйрық рай деп аталады. Мысалы:Ертең жиналысқа қатысыңдар. Іс-қимылдың орындалу мүмкіншілігі екінші бір істің орындалуына тығыз байланыстылығын, шарттылығын көрсететін етістіктің түрі шартты рай деп аталады. Мысалы:Университетке оқуға түссем екен.

 

 

4.Мәтіннен етістіктің райларын тауып, түрлерін анықтаңыздар.

Үлгі: пайдалана білсе – шартты рай.

 

5.Сөйлемдерді оқып, аударыңыздар.

 

Гидросфера – жердің су қабығы. Ол мұхиттардың, теңіздердің, құрлық сулары мен мұздықтардың жиынтығы. Гидросфера Жер бетінің 71 пайызын алып жатыр. Гидросфераның негізгі бөлігін дүниежүзілік мұхит сулары құрайды. Жер шарында оның алып жатқан аумағы 361 млн квадрат км.

 

6.Етістіктерді тиісті рай формасына қойыңыз.

Өзенге шомыл... келеді. Жаңбыр жау...жер көгерер еді. Ертең студенттер «Су – тіршілік көзі» тақырыбындағы конференцияға түгел қатыс.... Суды үнем.... Үнді мұхитын көр... келеді. Суды ластап жатқан кәсіпорындарға айып салын... дұрыс болар еді.

 

7. Мақал-мәтелдерді есте сақтаңыздар.

Ағын су бал татыр,

Шабағы май татыр.

Арық бар жерде су бар,

Су бар жерде ну бар.

 

8. Суға байланысты айтылатын ырым сөздерді ұғып алыңыздар.

Суды сапырма.

Суға түкірме.

Шелектегі суға аузыңды батырма.

 

БӨЖ тапсырмасы.

9. Берілген жоспар бойынша мәтін құраңыздар.

1.Су – өмір нәрі.

2.Су – тазалық көзі.

 

10.Мәтінді оқыңыздар.

Судың ластануы

Табиғи суларды ластайтын компоненттер биологиялық және физика-химиялық қасиеттеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Физикалық күйіне қарай еритін, ерімейтін коллоидті деп, табиғатына қарай минералды-органикалық, биологиялық не бактериялық деп аталады. Минералдық компоненттерге анорганикалық қосылыстар (еритін қосылыстар) жатады. Ал олардың құрамында молекулалық және иодтық түрде болатын заттектер болады. Табиғи суларда еріген түрде әртүрлі газдар, еріген тұздар болады.

Суды ластаудың ең басты көздері – өнеркәсіптік және коммуналдық кәріздердің сулар мен өндіріс қалдықтары, ауыл шаруашылығындағы егін суарған су қалдықтары, мал шаруашылығының ағындылары.

Осыдан келіп ағын сулар ластанады. Судың ластануы адам денсаулығына өз әсерін тигізеді. Өйткені ластанған суды пайдаланған адамдар арасында жұқпалы аурулар тарайды. Ол, әсіресе, жаз айларында өрши түседі. Сондықтан ауыз суды қайнатып, тазартып ішкен дұрыс.

 

11. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Табиғи суларды ластайтын компоненттер нешеге бөлінеді?

2. Суды ластаудың ең басты көздерін ата?

 

Ағымдық бақылау сұрақтары:

1.Гидросфера дегеніміз не?

2.Үлкен қалаларды қандай сулармен қамтамасыз етеді?

3.Қазақстанның шөл және шөлейт аймақтарын атаңыздар.

4.Шөлді зоналарда қандай өсімдіктер өседі?

5.Шөлейт аймақтардың климаты қандай?

 

«Судың ластануына әсер ететін факторлар» тақырыбына реферат жазу.

3-САБАҚ;

Географиялық қабық және биосфера.

Шылаулардың түрлері

Мақсаты:Географиялық қабық туралы түсінік беру. Студенттердің сөздік қорын байытып, қарым-қатынас барысында қолдана білуге үйрету.

 

1. Сөздікпен жұмыс.

Географиялық қабық – географическая оболочка

Күн энергиясы – энергия солнца

тірі организмдер – живые организмы

шөгінді жыныстар – осадок породы

құмырсқаның илеуі – муравиное гнездо

 

1. Мәтінді оқыңыздар.

Географиялық қабық – жер шарының барлық сыртқы қабатын алып жатқан біртұтас аймақтар жүйесі. Ол бүкіл биосфераның барлық құрамдас бөліктерін қамтиды. Географиялық қабықтың қалыңдығы 35-40 км көлемді алып жатыр.

Атмосфераның, литосфера мен гидросфераның тоғысуы, бір-біріне әсер етуі нәтижесінде Жердің ерекше қабығы – географиялық қабық түзілген. Мұнда барлық процестер Күн энергиясының әсерімен және белгілі бір деңгейде ішкі жер қуаты көздерінің әсерімен жүріп жатады. Географиялық қабықта тірі организмдер өмір сүріп, дамиды. Топырақ, шөгінді жыныстар да осында орналасқан. Мұнда Күннің жылуы шоғырланады, алуан түрлі физикалық, химиялық, биологиялық процестер өтеді.

Географиялық қабықтағы тіршілік процестері оның тұтастық, ырғақтылық және зоналық заңдылықтары бойынша дамиды.

Географиялық қабық пен биосфераның құрылымы, сипаты мен зерттеу нысандары ұқсас және бірін-бірі толықтырып отырады. Биосфера географиялық қабықтан қуаты мен көлемі жағынан кіші болғанымен онда барлық тіршілік иелері жинақталған. Атап айтқанда, құмырсқаның илеуінен бастап, кішкентай ғана індер, құстардың ұялары мен ірі таулар, далалар. Екі ірі жүйелерді зерттеу экология ғылымының обьектісі болып табылады. Географиялық қабық терминін ғылымға енгізген А.А.Григорьев болса (1932), ал биосфера терминін алғаш қолданған Э.Зюсс (1875) атты ғалым.

 

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Географиялық қабық қанша көлемді алып жатыр?

2.Географиялық қабықта нелер өсіп, дамиды?

3.Экология ғылымының зерттеу обьектісі болып табылатын не?

4.Географиялық қабық терминін енгізген ғалым кім?

5.Биосфера терминін алғаш қолданған ғалым?

 

3. Сөйлемдерді мәтін бойынша толықтырыңыздар.

1. Географиялық қабық – жер шарының барлық сыртқы қабатын алып

жатқан.......................................................................................................

2. Ол бүкіл биосфераның........................................... бөліктерін қамтиды.

3. Географиялық қабықтың қалыңдығы.............. көлемді алып жатыр.

4. Географиялық қабықта........................................... өмір сүріп, дамиды.

5. Географиялық қабық пен биосфераның құрылымы, сипаты мен зерттеу

нысандары..........................................................................................................

 

4 .Мәтіннен шылауларды табыңыздар, оның түрлерін атаңыздар.

Есте сақтаңыздар! Қазақ тілінде өздерінің дербес лексикалық мағыналары жоқ, сөйлем мүшесі бола алмайтын, тек көмекші қызметінде жұмсалатын сөздерді шылаулар деп атайды. Шылаулар үш түрге бөлінеді. Септеуліктер: дейін, шейін, кейін, бұрын, туралы, жайында, т. б. Жалғаулықтар: мен(бен, пен), да, де, та, те, я, яки, не, немесе, не болмаса, және, әрі, бірақ, алайда, дегенмен, т. б. Демеуліктер: -ма, -ме, -ба, -бе, -ды,-ді, ғой, қана, -ау, т.б.  

 

5. Берілген сөйлемдердегі көп нүктелердің орнына тиісті шылауларды қойып жазыңыздар.

Жақсылық... жамандықтың арасы бір-ақ тұтам. Үлкенмен..., кішімен... тіл тапқыш. Алыс... жақынды жортқан білер. Жиналысқа ұстаздар, студенттер... басшылар қатысты. Сабаққа қатыстым,... жаңа тақырыпты түсінбедім.

 

БӨЖ тапсырмалары.

 

6. Мәтінді оқып, түсінігін айтыңыздар.

Атмосфера және оның қабаттары

Жер шарын қоршап тұрған ауа қабығын атмосфера деп атайды. Ол Жермен бірге айналып тұрады. Атмосфера – Жердің сыртқы қабығы. Оның биік шегі 150-200 км шамасынды.

Ауа – түрлі газдар қосындысы. Олардың ішіндегі ең көп мөлшерді азот пен оттегі алады. Ауада азот – 78%, оттегі – 21% шамасында. Мұнымен қоса аргон, неон, гелий секілді инертті газдар, көмірқышқыл газы, су буы, шаң-тозаң, тұздар болады. Ауа құрамы, температурасы, тығыздығы әр жердің теңіз деңгейінен биіктігіне қарай әртүрлі өзгереді.

Атмосфера үш түрлі қабаттан тұрады: трофосфера, стратосфера, атмосфераның жоғарғы қабаты.

Трофосфера – атмосфераның Жер бетіне таяу орналасқан ең төменгі қабаты. Мұнда ауаның ең тығыз және көп мөлшері – бестен төрт бөлігі орналасқан.

Трофосфера қабатының қалыңдығы полюстерде 10 км-ге, экваторда 20 км-ге жетеді. Ауа райының өзгерістері осы трофосфера қабатында жүреді: су буы жиналып, бұлтқа айналады, жауын-шашын жауып, жел тұрады.

Стратосфера – тросфера үстіндегі қабат. Оның төменгі бөлігіндегі температура біраз биіктікке дейін тұрақты болып келеді де, жоғарғы жағында азон газы қабатының күн сәулелерін сүзуіне байланысты температура жоғарылайды. Атмосфераның бұл қабаты 50-55 км биіктікке дейін барады. Мұнда ауа өте құрғақ болады.

Атмосфераның жоғарғы қабаты бірнеше концентрациялық қабықтардан тұрады. Мұнда ауа тығыздығы сирек және ионданған ауа мөлшері басым. 80-90 км биіктікке дейін температура қайта төмендейді де, одан әрі күрт көтеріліп, 1000-2000 С градусқа дейін өседі.

Атмосфера арқылы құрлық пен мұхит арасында жылу мен ылғал алмасуы тоқтаусыз жүріп жатады.

7. Сөйлемді мәтін бойынша аяқтаңыз.

Жер шарын қоршап тұрған ауа қабығын................... деп атайды.... – түрлі газдар қосындысы. Ауа құрамы, температурасы, тығыздығы......... теңіз деңгейінен биіктігіне қарай әртүрлі өзгереді. Атмосфера.......... қабаттан тұрады: трофосфера, стратосфера, атмосфераның жоғарғы қабаты. Трофосфера –..................... Жер бетіне таяу орналасқан ең төменгі қабаты. Атмосфераның........................ бірнеше концентрациялық қабықтардан тұрады.

 

Ағымдық бақылау сұрақтары:

1.Географиялық қабық дегеніміз не?

2.Географиялық қабықтың қалыңдығы қандай?

3.Атмосфера дегеніміз не?

4.Атмосфера неше қабаттан тұрады?

5.Құрлық пен мұхит арасындағы жылу мен ылғал қалай араласады?

 

«Жер Ананы аяла» тақырыбына эссе жазу.

4-САБАҚ;

Қазақстанда қалыптасқан экологиялық жағдайлар.

Үстеу, оның түрлері

Мақсаты:Қазақстан экологиясы туралы мәлімет бере отырып, студенттерді қоршаған ортаны қорғауға үйрету және оларды қазақ тілінде еркін сөйлеуге баулу.

1. Сөздік жұмысы.

зиянды сәуле – вредные излучение

өте төмен – очень низкий

көмірқышқыл газы –

ғарыш – космос

апат – бедствие, стихиное бедствие, крушение, авария

экологиялық аймақ – экологическая зона

сіңіру –

бөліп шығару –

экожүйе – экосистма

жергілікті ластану – локальное загрязнение

қышқылды жаңбыр – кислотные дожди

 

2.Ойтүрткі сұрақтар.

1. Қазақстанның экологиялық жағдайы туралы не айтасыз?

2. Экологияның нашарлауына кімдер кінәлі?

3. Экологияны жақсарту үшін қандай жұмыстар жүргізу керек?

 

3.Мәтінді оқыңыздар.

Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалығы бұрынғыға қарағанда өте төмен. Оның негізгі себебі – адамдардың тіршілік етуіне қажетті іс-әрекеттерінің нәтижесінде ауаға түрлі газдардың шығарылуы. Атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары. Ол бүкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажетті газдармен (оттегі, азот, көмірқышқыл ғазы, аргон т.б.) байытады және жерді метеорит әсерлерінен, күн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды.

Атмосфераны бұзып, табиғаттың дамуына кері әсер ететін ерекше фактор – адамның тіршілік әрекеті. Адам ақыл-ой мен еңбектің арқасында айналадағы ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді де. Табиғаттың құрамдас бөліктерінің бір-бірімен тығыз байланысты екенін ескерсек, олардың біреуі өзгерсе басқаларының да өзгеріске ұшырайтыны белгілі. Сондықтан табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде жүргізілуі керек.

Адам әрекетінің салдарынан Қазақстанда пайда болған күрделі экологиялық мәселелер бар. Олардың бірі – Арал тағдыры. Аралға құятын екі ірі өзен – Амудария мен Сырдария суын теңізге жеткізбей, егінге пайдалану осындай үлкен апатқа әкеп соқты. Теңіз суының тартылуынан оның жағалауындағы тоғайлар мен жануарлардың жойылуына әкеліп соқты. Аймақ тұрғындарының денсаулығының нашарлауына әсер етті. Қазір «Арал тағдыры – адам тағдыры» деп бұл мәселенің шешілуі үшін көп жұмыстар жүргізілуде.

Балқаш көлі де күрделі экологиялық аймақ болып отыр. Балқашқа құятын Іле өзенінің бойынан Қапшағай су қоймасының салынуы Іле өзенін мекен ететін ондатралар мен түрлі балықтардың жойылып, балық және ауылшаруашылығының дамуына кері әсерін тигізді. Балқаш көлінің айналасы тіршіліксіз шөлге айналды.

Осы күнгі экологиялық мәселелердің бірі – қышқыл жаңбырлар. Жаңбыр суы ең таза су болу керек, бірақ олай болмай отыр. Атмосфера құрамына енген өндіріс қалдықтары – күкірт диоксиді мен азот оксидтері атмосфераға еніп, ондағы ылғалмен әрекеттесіп, күкірт және азот қышқылдары түзіледі. Нәтижесінде жерге жауатын қар мен жаңбыр қышқылданады.

 

4.Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жақша ішіндегі сөздерді пайдаланып жауап беріңіздер.

1. Атмосфераның бұзылуына не себеп болуда? (газдардың шығарылуы).

2.Атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі қандай? (ауаны тазартады, зиянды сәулелерден қорғайды).

3.Қазақстанда болып жатқан қандай экологиялық мәселелер бар? (Арал теңізі, Балқаш көлі).

 

5.Сөйлемдерді аяқтаңыздар.

Адам ақыл-ой мен еңбектің арқасында айналадағы ортаға бейімделумен қатар,................................................

Адам әрекетінің салдарынан Қазақстанда пайда болған күрделі..............................

Табиғаттың құрамдас бөліктерінің бір-бірімен тығыз байланысты екенін ескерсек, олардың біреуі өзгерсе басқаларының да өзгеріске.............................

Аралға құятын екі ірі өзен – Амудария мен Сырдария суын теңізге жеткізбей, егінге пайдалану осындай.....................................................................................

 

6.Мәтіннен үстеулерді тауып, түрлерін ажыратыңыздар.

Үлгі: Бүгінгі таңда – мезгіл үстеуі.

 

Есте сақтаңыздар!

Үстеу (Наречие) Мекен үстеуі (места) – әріде (вдали), кейін (позади); Мезгіл үстеуі (времени) – бұрын (раньше), таңертең (утром); Себеп-салдар үстеуі (причины) – бекерге (напрасно), босқа (зря); Мақсат үстеуі (цели) – әдейі (из за этого), оқуға Қимыл-сын үстеуі (образа действия) – үлкендерше (по взрослому), аса (очень); Мөлшер үстеуі (количества и меры) – екі рет (дважды), бірнеше (несколько).  

 

7. Мына үстеулерді қатыстырып, сөйлем құраңыздар.

Таңертең, кешке, босқа, құр босқа, бекерге, алыс, ілгері, төмен, арғы күні, ерте, біраз, біршама, балаша.

 

8.Сөйлемдерден үстеулерді тауып, түрлерін ажыратыңыздар.

Қазіргі кезде экологиялық проблемаларды шешу маңызды болып отыр.

Кей өндіріс орындары өзен-көлдерді әдейі ластайды. Кейінгі кезде атмосфераның бұзылуы адам денсаулығына кері әсер етуде. Кәсіпорын басшыларына табиғатты ластамау керектігі жөнінде бірнеше рет ескерту жасалды.

 

9. Мәтінді оқып, мазмұнын ұғып алыңыз.

Қазақ халқының өмір тіршілігі табиғатпен етене байланысты. Сан ғасырлар бойы халқымыз табиғат құшағында тіршілік ете жүріп, оның алуан құпия сырларына көңіл бөлді және сол туралы орынды тұжырымдар мен пікірлер айта білді. Қазақ халқының табиғат жөніндегі ой-пікірлері табиғат құбылыстарының заңдылықтарымен үнемі үндесіп жатады. Халық өзін табиғаттың бөлінбес бір бөлігі деп біледі. Табиғат пен адамдардың болашағы біртұтас деп біледі. Табиғатты сүюді Отанды сүю, туған елді, туған жерді сүю деп біледі. Сондықтан да қазақ халқының қанға сіңген қасиеттерінің бірі – табиғатты қорғау. Табиғатты қорғау дегеніміз – тіршілікке қиянат жасамау, қатыгездіктен аулақ болу. Халық ұғымында құмырсқаның илеуін, құстардың ұясын бұзбау керек деген киелі ұғым бар.

 

10. Мына тіркестерді аударыңыздар, олармен сөйлем құраңыздар.

Табиғи байлық, табиғи құбылыс, табиғи орта, табиғи қор, табиғатты қорғау, табиғатты пайдалану, табиғат қорғау заңы, қоршаған ортаны қорғау, қоршаған ортаның ластануы,экологиялық мәселені көтеру.

 

11.Нақыл сөздерді ұғып, есте сақтаңыздар.

Табиғаттың иесі де, киесі де болады.

Туған жерді сүю – парыз,

Сүю үшін білу – парыз,

Қасиетін ұғу – парыз,

Күзетінде тұру – парыз.

 

12. Сөздік жұмысы:

Радиоактивті сәуле – радиоактивные лучи

Қорғасын –сивинец

Сараптама – экспертиза

Ем-дом – лечебная средства

Зиянды қылықтар – вредные привычки

 

13.Ойтүрткі сұрақтар.

1.Радиациялық сәуле дегеніміз не?

2.Радиацияның қандай зиянды әсері бар?

3.Семей полигонының адам денсаулығына тигізген әсері қандай болды?

 

14.Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.

Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті сәулемен зақымдануы көбейе түсуде. Өйткені атом элекр станциялары салынып, іске қосылып жатыр. Түрлі ракеталар ұшырылып, атом бомбалары сыналуда. Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп, адам баласына неше түрлі зиян тигізіп отыр.

Сол себепті де адамзат баласын радиациядан қорғау осы кездегі кезек күттірмейтін өзекті мәселеге айналып отыр. Адамдарды радиациядан қорғау үшін құрамында қорғасыны бар киімдер тігу қажет. Ол гамма сәулесін тұтып қалып, адам денелеріне сәулелерді өткізбейді.

Космостан келетін космостық сәулелерден іс жүзінде адам баласы қорғануға ешқандай мүмкіндігі жоқ. Ол 1000 км атмосфералық қабаттан лезде өтіп кетеді де, жер шарына түгелдей таралады. Тіпті космонавтардың өзін космос сәулесінен қорғау оңай болмай отыр.

Адамдарға бұрыннан-ақ радиактивті сәулелер әсер етіп отырған. Жылына адам 200мР радиация қабылдаған. Жер шарының түрлі аймақтарында радияцияның таралуы да әртүрлі. Бір аймақтың тұрғындары көп, екінші аймақтың тұрғындары аз мөлшерде зақымданады. Жылына адам 50-1000 мР/ радиация алуы мүмкін.

Радиациядан қорғанудың бірнеше жолдары бар. Олар физикалық, химиялық және биологиялық тәсілдер.

Физикалық тәсіл. Дер кезінде аяқ-қолды, денені жылы сумен жуып отыру керек. Қолға арнайы қолғаптар киіп, ішкі ағзаларға радиацияның өтіп кетпеуін қадағалау қажет.

Химиялық және биологиялық тәсілдер. Радиацияға қарсы қолданатын препараттарды радиопротекторлар деп атайды. Олар радиоактивті элементтердің бөлшектерін ғзалардан шығару үшін неше түрлі химиялық препатарттарды пайдаланады. Олар ағзаларды радиациядан қорғап қалады. Иондалған сәулелерді ем-дом ретінде пайдалануға болады. Ауруларға сараптама жасау үшін де таңбаланған атомда пайдаланады. Сәуле терапиясымен қан ауруларын емдеуге болады. Қауіпті ісіктерді емдеу үшін бета сәулесін қолданады. Республика халқын радиациядан қорғау – ҚР-ның алдында тұрған аса күрделі мәселе. Елімізде адамдардың денсаулығына көп көңіл бөлінуде. Әйтсе де әрбір адам өз денсаулығын күтіп, таза жүріп, зиянды қылықтардан аулақ болғаны жөн. Халқымызда «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген аталы сөз бар. Осыны естен шығармайық!

 

1 5.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Не себепті адамдар радиация алады?

2.Құрамында қорғасыны бар киімдердің қандай қасиеті бар?

3.Космос сәулелерінен адамдар қорғана алады ма?

4.Радиациядан қорғанудың қандай жолдары бар?

5.Радиацияға қарсы қолданылатын дәрілер қалай аталады?

16.Сөйлемдерді жазыңыздар.

Адамдарға бұрыннан-ақ радиактивті сәулелер әсер етіп отырған. Йондалған сәулелерді ем-дом ретінде пайдалануға болады. Сәуле терапиясымен қан ауруларын емдеуге болады.

 

17.Берілген сөйлемдерді мәтін бойынша толықтырыңыздар.

Түрлі ракеталар..............................................................................сыналуда.

Ол 1000 км..................... лезде өтіп кетеді де, жер шарына түгелдей таралады.

Жер шарының түрлі аймақтарында.................................. таралуы да әртүрлі.

Қауіпті ісіктерді емдеу үшін............................................................. қолданады.

 

БӨЖ тапсырмалары

 

18. Ойтүрткі сұрақтар:

1. Өздерің тұратын жердің табиғат жағдайлары қандай?

2.Экологиялық жағынан қандай қолайсыз аудандарды білесіңдер?

 

19. Мәтінді оқыңыздар.

Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1520. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия