Студопедия — Аудандар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Аудандар






Адамның тіршілік етуіне қолайлы және қолайсыз аудандардың болуы табиғат жағдайланына байланысты. Жаздың жылы, қыстың суық қоңыржай болуы, т.б. жағдайлар қолайлы боса, құрғақ, құмды шөлдер, биік таулар, қатал қыс, аптапты жаз қолайсыз болып табылады. Дегенмен табиғат жағдайларынан басқа адам әрекетінен болған табиғи ортаның өзгерістері де адам тіршілігіне әсер етеді.

Бқл экологиялық жағдайларға байланысты. Өнеркәсіпті қалаларға қарағанда алыс ауылдарда ауа аз ластанады. Ал, керісінше, орталықтандырылған су құбырлары болғандықтан қалада ауыз судың сапасы жақсы.

Республика территориясын бірнеше экологиялық аудандарға бөлуге болады:

1. Экологиялық жағдайы нашар аудандар;

2. Экологиялық жағдайы орташа аудандар;

3. Экологиялық жағдайы жақсы аудандар.

Экологиялық жағдайы нашар аудандарға мұнай-газ өндірілетін, металлургия, көмір кен орындары және өнеркәсіптік қалалар, Арал маңы, ядролық полигон аймағы жатады.

Экологиясы орташа аудандарға ауылшаруашылығы аудандары жатады. Мұндағы табиғат өзгерістері су, жер ресурстарының дұрыс пайдаланылмауы нәтижесінде болған.

Экологиялық жағдайы басқаларға қарағанда қолайлы аудандарға табиғат ландшафтары аз өзгеіске түскен аймақтар, орманды дала мен таулы аймақтар жатады.

Ағымдық бақылау сұрақтары:

1. Атмосферананың бұзылуына әсер ететін факторлар.

2. Арал теңізінің экологиялық жағдайына себепкер болған кімдер?

3. Қазақстан территориясы қандай экологиялық аймақтарға бөлінеді?

4. Радияциядан қорғанудың қандай жолдары бар?

 

Ауасы ең таза емес қалалар туралы мәліметтер жинастырып әкелу.

 

5-САБАҚ;

Қазақстан қорықтары:

Іс-әрекеттің өту сипаты

Мақсаты:Студенттерді өз Отанын сүюге баули отырып, қазақ тілінде өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.

 

1. Сөздікпен жұмыс.

Табиғат ресурстары – природные ресурсы

Қорықтар – заповедник

Қарыштап даму – быстро (интенсивно) развиваться

Табиғат лабораториясы –природное лаборатория

Өлке – край

Қорық аймағы – территория (зона) заповедника

Қызыл кітапқа – Красная книга

Барыс – барс

Қарақұйрық – джейран

орманды алқаптар – лесные площади

 

2. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Қазақстан территориясында қандай қорықтар бар?

2.Қай қорықта болдың?

3.Қорықтар не үшін ұйымдастырылған?

 

3. Мәтінді оқып, аударыңыздар.

Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, оларды қорғау мен байыта беру мәселесіне қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде айрықша мән беріліп отыр. Болашық ұрпаққа оларды кемеліне келтіріп табыс етуде қорықтардың алатын орны ерекше болмақ. Республикамызда табиғатты және хайуанаттарды қорғауға бағытталған жер көлемі 576,4 мың гектар алты үлкен қорық бар. «Табиғат лабораториясы» атанған бұл қорықтарда саны азайып, жойылып кетуге жақын тұрған хайуанаттар мен аса бағалы өсімдіктер ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен қатар өлкеміздің көрікті орындары да сол қалпында сақталуда. Қазақстандағы Ақсу-Жабағылы, Алматы, Қорғалжын, Барсакелмес, Марқакөл, Наурызым қорықтары осындай ерекше бақылауға алынған.

1927 жылы елімізде тұңғыш ашылған табиғат қорығы – Ақсу-Жабағылы қорығы. Ол Талас Алатауының батысында Қаратау, Жабағылы, Өгем, Піскем тауларының түйіскен тұсында орналасқан. Бұл қорықта «Қызыл кітапқа» енгізілген аса сирек кездесетін өсімдіктердің 18 түрі сақталған. Мұнда өсімдіктердің алуан түрлері мен аң-құстардың да түрлері көптеп кездеседі.

Алматы қорығы алғаш рет Іле Алатауындағы Кіщі Алматы орман шаруашылығы территориясында 1931 жылы ұйымдастырылды. Қорық аймағы Іле Алатауын, Талғар шыңын, Есік, Талғар, Шелек өзендерін қамти отырып, Қырғызстанға дейінгі жерлерге дейін созылып жатыр. Мұнда халықаралық «Қызыл кітапқа» енген, жойылып кету қаупі бар барыс, қарақұйрық мекендейді. Өсімдіктердің де сирек ұшырасатын Сиверс алмасы, Островский қызғалдағы сияқты түрлері кездеседі.

Наурызым қорығы 1959 жылы ұйымдастырылған. Қорықтың алып жатқан жер көлемі 87694 гектар. Соның 17662 гектары орманды алқаптардың үлесіне тиеді. Қорық жерінде Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын атты көлдер бар. Бұл көлдер көктем, күз айларында нағыз құс базарына айналады.

Қорғалжын қорығы Теңіз – Қорғалжын көлдер жүйесін және далалы аймақтың біраз бөлігін қамтиды. Қорық 1968 жылы ұйымдастырылған. Мұнда да көктем мен күз мезгілінде көлдердің беттері құстан көрінбей кетеді. Жалпы бұл қорық жылдың қай мезгілі болмасын қанаттылардың құтты қонысы. Сол себепті Қорғалжын мемлекеттік қорығы ЮНЕСКО белгілеген халықаралық маңызы бар сулы-батпақты резерваттар қатарына жатқызылған.

1976 жылы 7 тамызда ұйымдастырылған Марқакөл қорығы Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім мен Азу жоталарының аралығында жатыр. Алтайдың ару көлі – Марқа қамқорлыққа алынып, қорыққа сән беріп тұр. Суы тұщы осы көл теңіз деңгейінен 1500 метр биіктікте орналасқан. Жалпы қорықтың аумағы 71369 гектар. Марқакөлдің жағалауы жасыл желек жамылған ну орманға тұнып тұр. Көлде балықтың бірнеше түрі бар.

Барсакелмес қорығы Арал теңізіндегі аралда орналасқан. Көлемі 200-250 шаршы километр. Қорық саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрықты қорғау мақсатында 1939 жылы құрылған.

 

4.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Қазақстандағы қандай қорықтар ерекше бақылауға алынған?

2. Елімізде ашылған алғашқы қорықты атаңыз?

3. 1931 жылы қай қорық ұйымдастырылды?

4. Наурызым қорығы қай жылы ұйымдастырылды?

5. Қорғалжын қорығы қай жерлерді қамтиды?

6.Қорғалжын мемлекеттік қорығы неліктен ЮНЕСКО белгілеген

халықаралық маңызы бар сулы-батпақты резерваттар қатарына

жатқызылған?

7. Марқакөл қорығы қайда орналасқан?

8. Марқакөл қорығының аумағы қанша?

9. Барсакелмес қорығы қандай мақстатта құрылған?

 

Есте сақтаңыздар!!! Іс-әрекеттің орындалу құралы мынадай құрылымдарымен де беріледі. Мысалы: Біз ол кісіні газет арқылы марапаттадық. Мен Астанаға құжаттарды таныс арқылы жібердім. Мен бұл жұмысқа жолдастарымның көмегімен орналастым. Бұл биіктерге оқу арқылы жеттім. Қақтығыстар көліссөздер арқылы шешіледі деп үміттенеміз. Үйді делдалдың көмегімен сатып алдық. Қазіргі кезде адамдар таныстарымен ұялы телефондар, электронды пошта, телефакс арқылы байналысады.  

 

Іс-әрекеттің өту сипаты әртүрлі деңгейде беріледі (өте, мүлдем, әбден, аса, тым т.б.). Бұл сөздердің өзі тікелей іс-әрекеттің өзін сипаттай алады (Біз әбден қорықтық) немесе іс-әрекеттің интенсивтілігін анықтайды. Ол мүлдем өтірік айтты.

Ол есікті кілтпен ашты. Токты вольтпен өлшейді. Шаңды шаңсорғышпен тазалады. Мына есік код құрылымы көмегімен ашылады. Өте күрделі өрнекті жіңішке инемен тікті. Жүннен тоқылған киімдерді шампуньмен жуамын. Астанаға поезбен барамын немесе самолетпен ұшамын.

5.Мәтінен іс-әрекеттің өту сипатын білдіретін сөздерді, сөйлемдерді тауып жазыңыздар.

6.Берілген сөйлемдерді растаңыз.

Үлгі: Алтайдың ару көлі – Марқа қамқорлыққа алынып, қорыққа сән беріп тұр – Иә, Алтайдың ару көлі – Марқа қамқорлыққа алынып, қорыққа сән беріп тұр.

Жануарларды жою нәтижесінде жануарлардың әр түрлілігінің апатты қысқаруы өтіп жатыр. Қышқылды жаңбырлар өсімдікке де, сәулет ескерткіштеріне де зиянды әсер етуде. Барсакелмес қорығы Арал теңізіндегі аралда орналасқан. Қорғалжын қорығы 1968 жылы ұйымдастырылған. Экологиялық мәселе демографиялық мәселемен тығыз байланыста болады.

 

БӨЖ тапсырмалары

7. Мәтінді оқыңыздар.

Табиғат ескерткіштері

Қорғалатын табиғат объектілерінің арасында табиғат ескерткіштері көрнекті орын алады. Қазақстан территориясында табиғат ескерткіштерінің сан алуан түрлері кездеседі. Олардың көпшілігі адамдардың аяусыз әрекеттерінен жойылып кеткен. Қазіргі кезде сақталып қалған табиғат көріністері өткен табиғат жағдайларынан, тарихтан хабар береді. Оларды сол күйінде сақтау мақсатында қорғауға алу керек. Сонымен табиғат ескерткіштері - ғылыми, табиғи-тарихи, оқу-ағартушылық, мәдени-эстетикалық маңызына қарай қорғалатын жеке табиғи объектілер. Әрбір табиғат ескерткіштерінің көлемі 2 гектардан аспауы шарт. Маңызына қарай табиғат ескерткіштері маңында шаруашылық әрекетке тиым салынған. Республика үкіметі әзірге үш табиғат ескерткішін: Ертістің оң жағасындағы Павлодар қаласының солтүстік-батысын ала «Қаздың қайтуы», Алматы облысындағы «Шынтүрген шыршалы орманы» және «Шарын аң үйеңкі саяжайын» жұртшылыққа жариялады.

Республикамызда одан да басқа ерекше қайталанбас объектілер көп. Болашақта табиғат ескерткіштері қатарына жаңадан «Сауыр шыршалы орманы», «Көшқорған палеонтологиялық ескерткіші», «Қарақия», «Маралды көлі», «Мойылды көлі», «Қарқаралы реликтілі сфагнылы батпағы», «Тархан геологиялық кешені», «Шарын шатқалы» сияқты қайталанбас объектілер қосылмақшы.

 

8. Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырыңыздар.

Қорғалатын табиғат объектілерінің арасында........................................... көрнекті орын алады. Қазіргі кезде сақталып қалған табиғат көріністері өткен.................................................... хабар береді. Сонымен табиғат ескерткіштері - ғылыми, табиғи-тарихи, оқу-ағартушылық, мәдени-эстетикалық маңызына қарай қорғалатын.............................. объектілер............................................. әзірге үш табиғат ескерткішін: Ертістің оң жағасындағы Павлодар қаласының солтүстік-батысын ала «Қаздың қайтуы», Алматы облысындағы «Шынтүрген шыршалы орманы» және «Шарын аң үйеңкі саяжайын» жұртшылыққа жариялады.

 

Ағымдық бақылау сұрақтары:

1. Қазақстандағы қандай қорықтар ерекше бақылауға алынған?

2. Елімізде ашылған алғашқы қорықты атаңыз?

3. 1931 жылы қай қорық ұйымдастырылды?

4. Наурызым қорығы қай жылы ұйымдастырылды?

5. Қорғалжын қорығы қай жерлерді қамтиды?

6.Қорғалжын мемлекеттік қорығы неліктен ЮНЕСКО белгілеген

халықаралық маңызы бар сулы-батпақты резерваттар қатарына

жатқызылған?

7. Марқакөл қорығы қайда орналасқан?

8. Марқакөл қорығының аумағы қанша?

9. Барсакелмес қорығы қандай мақсатта құрылған?

 

«Аққу ұшып, қаз қонған мекен» деген тақырыпта эссе жазыңыздар.

6-САБАҚ;

Қазақстан Республикасының географиялық орны, мемлекеттік







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1932. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

Метод архитекторов Этот метод является наиболее часто используемым и может применяться в трех модификациях: способ с двумя точками схода, способ с одной точкой схода, способ вертикальной плоскости и опущенного плана...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Экспертная оценка как метод психологического исследования Экспертная оценка – диагностический метод измерения, с помощью которого качественные особенности психических явлений получают свое числовое выражение в форме количественных оценок...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия