Студопедия — Атамекен
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Атамекен






Атамекен – әркімге қымбат жер, қасиетті қоныс. «Ата» сөзімен тіркескен «мекен» сөзі қасиетті ұғымға айналған. Атамкен жерді, мекенді осындай киелі рухқа теңеуден шыққан. Атамекен көне замандарда ру, тайпа иелігіндегі белгілі-бір аймақ, өңір болса, бертін келе туған жер, Отан ұғымдарының баламасына айналған. Ол – елдігіміздің, мемлекеттігіміздің негізі. Аумалы-төкпелі заманда елімізден үдере көшіп кеткен қандастарымыз егемендік алғаннан кейін Қазақстанға, өз атамекендеріне қайта оралуда.

 

БӨЖ тапсырмасы.

 

10. Мәтінді оқып түсінігін айтыңыздар.

ЕХРО – 2017

ЕХРО – 2017-ге арналған аумақ Астана қаласын дамыту жүйесінде елеулі архитектуралық мәнге ие. Ол қаланың ең заманауи және айрықша ғимараттары орналасқан жаңа әкімшілік орталығында, Мыңжылдық аллеясына жақын жерде орналаспақ.

ЕХРО – 2017-ге арналған аумақ шығыс жағынан айналма жолмен, оңтүстік жағынан қалалық мәндегі жолмен және батыс пен солтүстік жағынан қала көшелерімен шектеледі.

ЕХРО – 2017 көрме кешені қолайлы жерде орналаспақ. Әуежай, теміржол вокзалы, автобус станциялары мен қоғамдық көлік бағдарларымен қосылады.

ЕХРО – 2017-ге арналған аумақ 113 гектар жерді алып жатыр, олардың ішінде 25 гектар көрме кешеніне арналған. ЕХРО – 2017аумағының 40%-дан астамы түрлі құрылымдарға, қалған бөлігі ашық қоғамдық орындарға арналған. Көрме кешені 100 мыңнан астам адамды қабылдай алады.

 

11. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. ЕХРО – 2017 көрмесі қайда өтеді?

2. ЕХРО – 2017-ге арналған аумақ қанша жерді алып жатыр?

 

Ағымдық бақылау сұрақтары.

1.Қазақстан қайда орналасқан?

2.Ол қандай мемлекеттермен шектеседі?

3.Қазақстан табиғатының ерекшелігі қандай?

4.Қазақстанның жер аумағы қанша?

5.Қазақстанның астанасында 2017 жылы қандай көрме өткізілмек?

 

«Қазақстан киелі мекен» эссе жазыңыздар.

7-САБАҚ;

 

Махмұд Қашқари - ұлы географ

Сөйлем мүшелері

Мақсаты:Қазақтың ғұлама ғалымдары туралы мәлімет бере отырып, ғалым еңбектерімен таныстыру, сөздік қорын байыту.

 

1. Сөздік жұмысы.

дәріс – урок

білімдар – ученный

ғұлама - ученный

 

2.Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.

Махмуд Қашқари – түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты-жөні - Махмұд ибн әл-Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері – қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректердегі Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени-саяси орталықтарының бірі – Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты-жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүр бойынша «Қашқариді» тіркеудің мәнісі де содан.

Ол ХІ ғасырда өмір сүрген, бірақ туған, өлген жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеңе айтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін ары қарай дамыту мақсатымен Бұқара, Нишапурда, Бағдад қалаларында болып, түркі тілдерінен бөлек араб, парсы тілдерін жетік меңгереді. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады.

Махмуд Қашқари – түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама.

Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологиялық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат-түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын баяндайды. Сол кездегі бірқатар қаламгерлердің аттары мен өмірбаяндарын, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал-мәтелдерін береді. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік картасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады.

 

3.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

Сөйлем мүшелері

Тұрлаулы Бастауыш Баяндауыш Тұрлаусыз Толықтауыш Анықтауыш Пысықтауыш

4.Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.

Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол ұлыстардың, тайпалардың тұрмыс-салтын баяндайды. Көне дәуірдегі түркілердің картасын жасады.

5. Берілген сөйлемдерді мәтін бойынша толықтырыңыздар.

Махмуд Қашқари – түркі ғалымы, әйгілі..........................................................

атты еңбектің авторы. Туған жері – қазіргі.............................................. жағасындағы (кей деректердегі Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Ол.............. өмір сүрген, бірақ туған, өлген жылы белгісіз. Сол кездегі бірқатар қаламгерлердің........................................... жырларын, мақал-мәтелдерін береді.

 

БӨЖ тапсырмалары

6. Мәтінді оқыңыздар.

Асанқайғы

Асанқайғы –көріпкел философ, ақын, жырау. Шын есімі –Хасан. Еділ бойында дүниеге келген. 1445 жылы Алтын Орда ыдыраған кезде қазақ даласына қайта оралып, Қазақ хандығын құрған Жәнібек ханның ақылшысы болған.

Асанқайғының жыр-толғаулары мен нақыл сөздеріне қарағанда, Дешті Қыпшақтың Еділ, Жайық бойынан қазақ руларының ірге көтерулерін қолдамай, Керей мен Жәнібек хандарға қарсылық білдіргені көрінеді. Асанқайғының «Жерұйық» іздеуі туралы айтылған аңыздардан да халықтың бас құрап, ірге орнықтырып, ел болу қамын ойлауда оған шешуші міндеттің жүктелгені байқалады.

Ел етеңін ойлап, еңсесін көтеруді көздеген Асанқайғы ордадан бөлінген қазақ руларын Шу, Сарысу бойына, Ұлытау төріне қоныстандырып, халықтың жол бастаушы темірқазығындай болып өтеді.

Көнекөз қариялардың шежірелерінде Асанқайғы Сарыарқада дүние салып, Ұлытау топырағына жерленеді. Ал Шоқан Уалиханов: «Асан ата өмірінің соңғы жылдарын Жетісуда өткізіп, Ыстықкөлдің жағасында дүние салған» – деп жазады.

Асанқайғы халықтың қамын ойлаған ақылгөй, көреген ғана емес, сонымен бірге керемет күйші де болған. Көптеген күйлерінің тарихы әлі күнге дейін айтылып жүр. Алайда бүгінгі ұрпаққа «Ел айрылған», «Асанқайғы», «Желмаяның жүрісі», «Зар» тәрізді санаулы күйлері жеткен.

 

7. Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырыңыздар:

............ бойында дүниеге келген. Ел етеңін ойлап, еңсесін көтеруді көздеген Асанқайғы ордадан бөлінген қазақ руларын.................................

..................................................................... қоныстандырып, халықтың жол бастаушы темірқазығындай болып өтеді. Көнекөз қариялардың шежірелерінде Асанқайғы................................... дүние салып, Ұлытау топырағына жерленеді.

Асанқайғы халықтың қамын ойлаған ақылгөй, көреген ғана емес, сонымен бірге керемет...................... болған.

Ағымдық бақылау сұрақтары:

1.М.Қашқари кім?

2.Ол қай жерде туылған?

3. Ол кейіннен қайда тұрған?

4.Оны неге Қашқари деп атайды?

5.Асанқайғы қай ғасырда өмір сүрген?

6.Асанқайғының бізге қандай күйлері жеткен?

 

Асанқайғының «Жерұйықты» іздеуі туралы естіген аңыздарыңызды әңгімелеңіздер.

 

8-САБАҚ;

Орман – тіршілік көзі, таза ауаның өзі.

Жай сөйлемдер

Мақсаты:Студенттерді табиғатты сүюге, оның әдемілігін сезіне білуге баули отырып, өз ойларын дұрыс айта білуге үйрету.

 

1. Сөздік жұмысы.

тірі ағза – живой организм

бұта – куст; кустарник

жануар – животное

ғалам – вселенная

қарағай – сосна

шырша – ель

емен – дуб

қайың – береза

терек – тополь

буландыру – испарять, превращать в пар

аңызақ – горячий ветер

шаң-тозаң – пыль

тұту – держание, задерживание

 

2.Ойтүрткі сұрақтар.

1.Орманның қандай пайдасы бар?

2.Қазақстанның қай жерлерінде орман көп кесдеседі?

3.Орманның ауасы қандай болады?

4.Орманда не өседі?

5.Сіздің туған жеріңізде орман бар ма?

 

3. Мәтінді оқып, аударыңыздар.

Орман – тіршілік көзі, таза ауаның өзі

 

Орман – күрделі тірі ағза, себебі ол тек ағаштардың жиынтығы ғана емес тірі табиғат. Орманда ағаштар, бұталар, шөптектестер, жануарлар, жәндіктер, микроорганизмдер тіршілік етеді. Орманның негізі – ағаш. Ағаш – тірі, ол тыныс алады, қоректенеді, көбейеді, өседі және «өледі».

Орман – ғаламдағы көбірек таралған ландшафтық көрініс. Ол құрлықтың 1/3 бөлігін алып жатыр. Орманның аты онда өсетін ағаш түрлеріне байланысты қойылады: қарағайлы, шыршалы, еменді, қайыңды және аралас орман және т.б. Орман адамдарға ғана емес, жер бетінде тіршілік ететін бүкіл тірі ағзаларға қажет. Сондықтан да орман – біздің бағасыз байлығымыз.

Ағаш өспеген жерде температура өте төмен болса да, өте ыстық болса да, адам оны тез сезеді. Үлкен қалалардағы тас үйлер микроклиматқа зиянды әсер етеді. Ағаш көп, жиі өскен жерде өсімдіктер суды көп буландырып, ауаны тазартып тұрады. Аптап ыстықта орманның арасы өте салқын, құрғақшылықта ауа ылғалды болады. Күннің ыстығы бұтақтарына жайыла таралып кетеді де, біразы жапырақтарына сіңеді. Егістік жерлердің айналасына ағаштарды отырғызып, егінді аңызақ желден қорғайды.

Атмосфераны зиянды газдардан жасыл өсімдіктер тазартады. Ағаштар ауадағы шаңды 42 пайызға дейін азайтады. Жалпақ жапырақты ағаштардың (терек, қайың, емен және т.б.) жапырақтарына шаң-тозаң өте көп жиналады. Ағаштар көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығарады. Мысалы, 20 жылдық 1 га жердегі қарағайлы орман жыл сайын 9,35 тонна көмірқышқыл газын сіңіріп, 7,25 тонна оттек бөледі. Шаң-тозаңдардың құрамында ауыр металдар мен қорғасын, темір, титан, мыс, цинк, никель, кобальт, марганецтің микроэлементтері болады. Бұл элементтер, әсіресе, кәсіпорындардың аумағында көп кездеседі. Ауыр металдарды көп тұтатындар қарағай, шырша ағаштары болғандықтан кәсіпорындардың айналасына осы ағаштарды отырғызады.

 

4. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Орманда нелер тіршілік етеді?

2.Атмосфераны зиянды газдардан не тазартады?

3.Қандай ағаштардың жапырақтарына шаң-тозаңдар көп жиналады?

4.Ағаштар қандай газды сіңіреді?

5.Шаң-тозаңдардың құрамында қандай микроэлементтер болады?

6.Кәсіпорындардың айналасына неліктен қарағай, шырша ағаштарын отырғызады?

 

5. Мәтіннен 5 жай сөйлемді көшіріп жазып, сөйлем мүшесіне талдаңыздар.

Үлгі:

Орманда ағаштар, бұталар, шөп тектестер, жануарлар, жәндіктер, микроорганизмдер тіршілік етеді.

 

Жай сөйлем Жай сөйлем бір ғана ойды білдіреді. Жай сөйлем құрамы мен құрлысына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Сөйлемде тұрлаулы мүшелердің болу, болмауына қарай жалаң және жайылма болып екіге бөлінеді. Жалаң сөйлем: Ағаш өседі. Жайылма сөйлем: Ағаш ауаны тазартады. Жай сөйлемдер бастауыштың болу, болмауына қарай жақты, жақсыз сөйлем болып бөлінеді. Жақты сөйлем: Ағаштар оттегін бөліп шығарады. Жақсыз сөйлем: Оларға сенуге болмайды. Сөйлемде ойды білдіруге қажет сөйлем мүшелерінің қатысу, қатыспауына байланысты толымды, толымсыз болып бөлінді. Толымды сөйлем: Біз көптен бері қалада тұрамыз. Толымсыз сөйлем: Содан бері осындамын.

 

6. Көп нүктелердің орнына тиісті сөздерді қойыңыздар.

 

Орман –...................................................................................... көзі.

Орман –......................................................................................қоймасы.

Орман –......................................................................................байлығымыз

 

7. Берілген мәтінді оқып, мағынасына назар аударыңыздар.

 

Қазақтың көрнекті жазушысы Ш. Мұртаза ағамыз Отан мен орман деген ұғымдардың бір-бірімен үндес екендігіне ерекше назар аударып, «жақсы адам жәннәтқа барады» дейді. Ал жәннәт ормансыз болмаса керек. Осы дүниенің өзінде де жәннәтта өмір сүруге болады. Оның бір кепілі – орман, тоғай. Шамаң келсе он шыбық отырғыз. Нағыз Отансүйер, Қазақстанды шын сүйер әрбір азамат бұл ізгілік ісінен қалыс қалмаса - нұр жауар. Отанымызды орманға бөлейік» - деп ұлылықты ұқтырар ұсыныс жасапты. Ал қазақтың белгілі ақыны Қадыр Мырза –Әли «Астықтың ордасы – қырман, ағаштың ордасы – орман» деген екен.

 

8. Өлеңді оқып. жаттап алыңыздар.

Ағашта өзің білген қарағай, тал,

Жалғыз-ақ неше алуан түрлісі бар.

Долана, ұшқат, шетен, ырғай, арша,

Ақ сасық, қызыл қайың, борша шынар,

Шырғанақ, сөңке, терек, сөгет емен,

Үйеңкі, шырғай, балғын, тораңғылар,

Сарыағаш, қойқарақат, жиде, шетен,

Тобылғы, түйеқұйрық, бауырқұрттар,

Қараған, боз қараған, шеңгел, шілік

Сықылды ағаштардың талайы бар.

 

І.Жансүгіровтің «Жер түгі» өлеңі.

 

9. Сөйлемдердің мағынасын түсініп, жазыңыздар.

Өте көп жасайтын болғандықтан емен ағашын «мәңгіліктің символы» деп атайды. Шөлдің сәні – сексеуіл. Дүниежүзіндегі ең биік ағаш – эвкалипт. Зәйтүн ағашын «бейбітшілік рәміз» деп атайды. Шоколад алатын кокао ағашын алғашында дәрі есебінде қолданған. Алмалардың арғы тегі – Алатаудың жабайы алмасы. Алма адамның жасын жасартады.

10. Мәтінді оқыңыздар.

Бас қаланың бағбаншысын білеміз бе?

Алматы – Алатаудың іргесінде орналасқан жасыл желекті қала. Осы қаланың бау-бақшаға айналуына зор үлес қосқан бағбаншылар қатарына Э.О.Баум, П.Рурде, Н.Моисеев, Е.Редько және т.б. атауға болады.

Алматыны жасыл желекпен көріктендіруге үлес қосқан Алаш азаматтарының бірі – Дүйсенбі Жарқынбаев. Оны көпшілік біле бермейді. Өйткені оның есімінің аталмауы – сол кездегі саясаттың кесірі.

Бағбан бабамыз Дүйсенбі Жарқынбаев 1871 жылы Алматыдағы ерлер гимназиясының бағын алғаш ұйымдастырушылардың бірі болып, едәуір алқапқа түрлі ағаштар егіп, күтіп-баптады.

 

БӨЖ тапсырмалары.

11. Мәтінді оқып, аударыңыздар.

Терек ауаны азот тотығынан тазартады

Американ ғалымдары жүргізген көп жылғы зерттеулер теректің ауа құрамындағы азоты бар органикалық қосылыстарды өзіне сіңіріп, оны амин қышқылдарына айналдыратынын анықтады. Ауасы лас қалаларда азоттың тотығы көп болатыны белгілі. Ондай қалаларда теректі көптеп өсірсе, әрі табиғатқа да әрі адмадарға да пайдалы болар еді. Терек ауаны тазартатын табиғи құрал қызметін атқарады.

Академик М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры В.Поляков терек бүршігінен «Тополин» деген дәрі алды. Бұл дәрі туберкулез және онкологиялық ауруларды емдеу үшін пайдаланылады. Оны тұндырма және май түрінде де пайдалануға болады. Сонымен қатар, терек майы өсімдіктер мен жануарлардың дамуы мен қалыпты өсіп жетілуіне де жақсы әсер ететіндігі анықталып отыр.

 

1 2.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер:

 

1.Американ ғалымдары теректің қандай қасиетін анықтады?

2.Азоттың тотығы қандай қалаларда көп болады?

3.Терек бүршігінен қандай дәрі жасалады?

 

Ағымдық бақылау сұрақтары:

1.Қазақстанның қай жерлерінде орман көп өседі?

2.Орманның қандай пайдасы бар?

3.Шөлді жерлерде қандай ағаш өседі?

4.Алмалардың арғы атасы қайдан шыққан?

5.Отан мен орманды бір деген кім?

 

«Үй маңына тал өсір, балама деп тағы өсір» сөзінің мағынасы туралы әңгімелеңіздер.

 

9-САБАҚ;

Әлемге таралған Қазақстан қызғалдағы

Жай сөйлем түрлері

Мақсаты:Қызғалдақтың Отаны қазақ жері екендігі туралы айта отырып, студенттердің бойында өз Отанына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, ойын еркін жеткізе білуге үйрету.

 

1. Сөздік жұмысы.

Қызғалдақ – тюльпан

Алқап – равнинная местность, широкое поле

Жазира – широкая, цветущая степь

Пиязшықтар – луковица

Сұрып – сорт

 

  1. Мәтінді оқыңыздар.

Дүниежүзінде қызғалдақтардың 100-ден астам түрі таулы алқаптарда, жазиралы далаларда, шөлейтті және шөлді аймақтарда өседі. Қазақстан жерінде қызғалдақтың 34 түрі өседі. Оның 11 түрі тек қана біздің елімізде ғана өседі. Орта Азия мен Қазақстанда өсетін қызғалдақ түрлері қазіргі кезде қолда өсіріліп жүрген барлық қызғалдақ сорттарының тікелей арғы тегі екендігін ғалымдар дәлелдеп берді. Олай болса, әлемге әйгілі Голландия қызғалдақтарының түп төркіні біздің еліміз деп мақтаныш сезіммен айта аламыз! Ол елге қызғалдақтар қалай барған деп ойлайсыз? Азия мен Еуропаны байланыстырып жатқан ертедегі атақты Жібек жолы арқылы қызғалдақ пиязшықтары Қазақстаннан Түркияға бұдан 1000 жыл бұрын тараған. Кейіннен Түркиядан Еуропа елдеріне апарылған.

Голландия селекционерлері қызғалдақтарға ерекше қызығушылық танытып,

оның көптеген сұрыптарын шығара бастады. Тіпті қызғалдақтың қара түсті

сұрпын да шығарды. Голландияда шығарылған қызғалдақтың сирек кездесетін сұрыптары қымбат бағаланады.

Қазіргі кезде дүниежүзінде қызғалдақтардың 6,5-10 мыңдай сұрыптары шығарылады. Солардың 2500-ден астамы Голландияда өсіріледі. Сондықтан да Голландияны «қызғалдақтар елі» деп атайды. Ал, шын мәнінде, қызғалдақтардың түпкі төркіні Қазақстан екенін ешкім біле бермейді.

Шығыс елдерінде қызғалдақ «махаббат рәмізі» деп есептелінсе, Еуропа мен Америкада «тіршілік нышаны», «көктем хабаршысы», «жарық әкелуші» деп ерекше дәріптеледі. ХІІ ғасырда өмір сүрген Шығыс шайырларының бірі Омар Хайям өз жырларына қызғалдақты арқау етіп, тебірене жыр жазғаны да белгілі.

Қазақтар қыздарын қырдың қырмызы қызғалдағына теңеп, оның теңдесі жоқ сұлулығын сезіне білген. Көктемде жерімізді ерекше әрлендіріп, даламызды құлпыртатын қызғалдақтар қандай әдемі десеңізші! Осындай әдемі, бағалы байлығымызды сақтай білейік.

 

3. Сөйлемдерді мәтінге сәйкес толықтырыңыздар.

1.Дүниежүзінде қызғалдақтардың 100-ден астам түрі.........................................

........................................................................................................................ өседі.

2.Орта Азия мен Қазақстанда өсетін қызғалдақ түрлері........................................................................................ғалымдар дәлелдеп берді.

3. Азия мен Еуропаны байланыстырып жатқан ертедегі атақты Жібек жолы арқылы қызғалдақ пиязшықтары........................................................................

1000 бұрын тараған.

4.Голландияда шығарылған қызғалдақтың....................................................

қымбат бағаланады.

5.Қазіргі кезде дүниежүзінде қызғалдақтардың................................................

шығарылады.

 

Есте сақтаңыздар:

Жай сөйлемнің түрлері Қазақ және орыс тілдерінде сөйлемдерайтылу мақстатына және интонациясына қарай хабарлы(повестовательные), сұраулы (вопросительные), лепті (восклицательные), бұйрықты (побудительные) болып бөлінеді. Хабарлы сөйлем.Бір нәрсені хабарлау, суреттеу, баяндау мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады. Мысалы: Қызғалдақтар жазиралы далаларда өседі. Сұраулы сөйлем.Жауап алу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнен кейін сұрақ белгісі (?) қойылады. Мысалы: Қазақстан жерінде қызғалдақтың қанша түрі өседі? Лепті сөйлем.Айтушының түрлі көңіл күйін (қуану, ренжу, аяу, өкіну, т.б.) білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Лепті сөйлемнің соңына леп белгісі (!) қойылады. Мысалы: Қазақстан қызғалдағы қандай әдемі! Бұйрықты сөйлем.Біреуге бұйрық беру, тілек-өтініш ету мақсатында айтылған сөйлемді бұйрықты сөйлем дейміз. Бұйрықты сөйлемнің соңына интонациясына қарай нүкте (.), леп белгісі (!) қойылады. Мысалы: Әдемілікті аяла! Табиғатты сүй!

 

4. Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазып, түрлерін ажыратыңыздар.

5. Мақал-мәтелдердің мағынасын ұғып, есте сақтаңыздар.

Қыз өссе – елдің көркі,

Гүл өссе – жердің көркі.

Гүлсіз болса жер мұңды,

Күлкісіз болса ел мұңды.

Сүйген адамыңа гүліңді сыйла,

Сыйлы қонағыңа сүріңді сыйла.

БӨЖ тапсырмалары.

6. Мәтінді оқыңыздар.

Жер бетінде алуан түрлі гүлдер бар. Олардың әрқайсысының өзіне тән түр-түрі және бір-біріне ұқсамайтын иісі де болады. Әлемдегі барлық халықтар әсемдіктің белгісі гүл деп есептейді. Гүл сыйлау мәдениеттіліктің басты көрінісі деп есептелінеді.

«Сүйген адамыңа гүліңді сыйла, сыйлы қонағыңа сүріңді сыйла»,

«гүл – жердің көркі, қыз елдің көркі» деген халық даналық сөздерінде де аса зор мән бар. Әрбір гүлге байланысты айтылатын аңыздар қаншама?!

Биік таулы алқапта өсетін еңлікгүл (эдельвейс) мөлдір махаббаттың белгісі саналады. Бұл гүлді өсімдіктің латынша атауы – «леонтоподиум» - «арыстан табаны» деген ұғымды білдіреді. Шын мәнінде, бұл гүлдің сыртқы пішіні арыстан табанын көз алдыңызға елестетеді. Оның биік таулы алқапта өсетін түрі – альпі еңлікгүлі деп аталады. Тау халықтарының аңыздары бойынша қалыңдық өзіне еңлікгүлін сыйлаған жігітпен тұрмыс құрамын деп елге жар салыпты. Өйткені еңлікгүл екінің бірінің қолы жете бермейтін биік таудың шың құздарында өседі. Ал оны іздеп табу үшін жігіттен табандылық пен қаншама қажырлылықты қажет ететіндігін айтпаса да түсінікті. Қалыңдық мұндай ер жігіттің батыл әрі батыр болатынын сезген. Талайлар бұл жолда мерт болған. Ақырында бір ержүрек жігіт бар қиындықты жеңіп, гүлді сұлу қалыңдыққа алып келген кезде ол қартайып кемпір болған екен деген аңыздан көп нәрсені аңғаруға болады.

 

7. Сөйлемдерді аударып, жазыңыздар.

Нидерланды мемлекетінде гүл өсіруге және гүлдердің жаңа сұрыптарын сақтауға ерекше мән береді. Нидерланды гүл өсірушілері еліміздің жүрегі Астана қаласының 10 жылдық мерей тойы қарсаңында қызғалдақтың жаңа сұрпын шығарып, оған «Астана» деп атау берді. Осы гүлдің 120 000 данасын Астан қаласының гүлзарларына егу үшін арнайы сыйға тартты.

 

Ағымдық бақылау сұрақтары:

1. Қазақстан жерінде қызғалдақтың қанша түрі кездеседі?

2. Қызғалдақтар Отаны қай ел?

3. Қызғалдақ пиязшықтары Қазақстаннан басқа елдерге қалай тараған?

4. Неге Голландияны қызғалдақтар елі деп атайды?

 

Көктемнің алғашқы гүлдері туралы мәліметтер жинап, әкелу.

 

 

10-САБАҚ;

Солтүстік Қазақстан аймағы

Құрмалас сөйлемдер

Мақсаты:Студенттерге еліміздің аймақтары туралы мәлімет беру арқылы елді, жерді құрметтеуге баулу, сөз байлықтарын молайту.

 

1. Сөздік жұмысы.

Аймақ – регион

Өңір – окрестнось

Аумақ – 1)величина, масштаб; 2)территория

Ащы – соленый

Тұщы – пресный, несоленый

Жазық – равнина, ровная гладкая местность

Қырат – холмистая местность, возвышенность

Үстірт – плато, возвышенность

 

2. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыздар.

Солтүстік Қазақстан аймағының құрамына Ақмола, Көкшетау, Қызылжар, Кереку Қостанай, Торғай өңірлері қарайды. Оның жалпы аумағы – 565,7 мың шаршы км. Халқы шамамен 3706,4 мың адам. Халқының орташа тығыздығы – 1шаршы км-ге 7,2 адамнан келеді.

Бұл аймақтың жер бедері, негізінен, жазық болып келгендіктен, егін егуге қолайлы. Жері ойпаңды, сондықтан онда тұщы да, ащы да көлдер көп кездеседі.

Климаты Батыс Сібір табиғатына ұқсас. Жазы қоңыр салқын, қысы айтарлықтай суық, әйтсе де дәнді дақылдар мен бұршақ тұқымдастардың, көкөніс, бақша дақылдарының пісіп жетілуіне толық жағдай бар.

Ақмола өңірі Солтүстік Қазақстан аймағының оңтүстік бөлігіндегі үлкен аумақты қамтиды. Батысында Қостанай, солтүстігінде Көкшетау, шығысында Кереку, оңтүстігінде Қарағанды өңірлерімен шектеседі. Бұл өңір Сарарқаның солтүстк бөлігінде орналасқан. Өңірдің батыс, орталық және шығыс бөліктерін Есіл, Атбасар, Сілеті жазықтары алып жатыр. Оңтүстік батысында Теңіз-Қорғалжын ойпаты бар. Есіл өзенінің оң қанаты Атбасар жазығымен, ал сол қанаты Теңіз жазығымен шектеседі. Өңірдегі ең ірі өзен – Есіл. Ол Сарыарқадағы Нияз тауларынан бастау алады да, Астана қаласын кесіп өтіп, ары қарай кеңейіп, баяу, бірқалыпты ағыспен Атбасар, Қызылжар қалаларына дейін жетіп біраз жерді аралайды.

Қарағандының Қарқаралы тауларынан бастау алатын Нұра өзені де бұл өңірге ерекше сән береді. Ол Қорғалжын көліне, одан соң Теңіз көліне құяды. Ақмола өңірінің ең бір ерекше тоқталар мақтанышы – Қорғалжын қорығы. Мұнда аң-құстардың түрлері өте көп.

Көкше өңірі – елдің ән мен жырға қосқан әсем өңірі. Оның төңірегінде қарағай мен қайыңды орманы өскен, табиғаты өте әсем Бурабай, Шортанды, Шарбақты сияқты көлдері, қыраттары, Айыртау, Аралтөбе, Үндемес, Сырымбет және Имантау атты шағын таулары бар. Ақын С.Сейфуллин табиғаттың осы сұлулығын әнге қосып, жыр етіп төккен.

Қостанай өңірі Қазақстанның қиыр солтүстік батысында орналасқан. Ол батысында Ресейдің Орынбор, Челябі, солтүстігінде Қорған жерімен шектессе, шығысында Қызылжар, Көкшетау, Ақмола өңірлерімен, оңтүстік шығысында Қарағанды, оңтүстік батысында Ақтөбе, Торғай өңірлерімен шектеседі. Қостанай өңірінің жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай.

Бұл өңірде қар аз түседі, сондықтан қара суық ұзақ болып тұрады. Жазы өте ыстық. Өңірде өзендер мен көлдер өте көп. Наурызым қорығы – Қостанай өңірінің зор мақтанышы.

Торғай өңірі Торғай үстірті мен Оңтүстік Торғай жазығына орналасқан. Қысы суық, жазы ыстық болып келеді. Бұл өңірде негізінен өсімдіктердің түрлері аз болғанымен ойпатты жерлерінде сексеуілдер көп өседі.

Кереку өңірі қазіргі Павлодар облысы аумағымен сәйкес келеді. Ол Ресейдің Новосибир, Омбы облыстарымен, Алтай өлкесімен, Қазақстанның өз ішінде Қарағанды, Ақмола, Көкшетау және Семей өңірлерімен шектеседі. Өңірде үш қала, 10 аудан 553 ауыл бар. Ертіс өзенінің 750 километрі осы Кереку өңірімен өтеді. Табиғаты ауылшаруашылығын өркендетуге қолайлы. Жазы ыстық, қысы суық. Бұл өңір пайдалы қазба байлықтарға бай. Екібастұз бен Майкөбеде таскөмір, қоңыр көмір, Бозшакөл мен Майқайыңда мыс, полиметалл кендері бар. Табиғаты ерекше әсем. Осы өңірде республикаға танымал «Мойылды» демалыс орыны бар. Балшығының емдік қасиеті ертеден-ақ белгілі болған, сол себепті де мұнда көптеген адамдар келіп, ем қабылдайды.

Қызылжар өңірі қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы аумағымен сәйкес келеді. Ол солтүстігінде Ресейдің Түмен (Тюмень), шығысында Омбы, батысында Қорған облыстарымен, өз еліміздің Торғай, Қостанай өңірлерімен, оңтүстігінде Көкшетау өңірімен шектеседі. Қызылжар өңірінің климаты шұғыл континентті. Жазы ыстық, қысы суық. Өңір түгелдей Батыс Сібір ойпатында жатыр. Миллиондаған жылдар бұрын бұл ойпат алып теңіз болған. Құрғаққа айналған ежелгі теңіз алабының түбімен енді Тобыл, Есіл, Ертіс, Обь өзендері ағып өтіп жатыр. Өңірдің оңтүстігі жазық дала болса, солтүстік бөлігінде ормандар көп. Ормандарда қайың көп өседі, арасында қарағай мен емендер де кесдеседі.

 

3. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді табыңыздар.

Есте сақтаңыздар! Екі не одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі бір ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен өзара мыныдай жолдармен байланысады: 1. Интонация арқылы: Жалғыз мен емес, елдің бәрі таңданды. 2. Жалғаулық шылаулар арқылы: Ол Сарыарқадағы Нияз тауларынан бастау алады да, Астана қаласын кесіп өтеді. 3. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тұлға жағынан тиянақсыз болғандықтан, келесі сөйлеммен құрмаласа байланысады: Өңірдің оңтүстігі жазық дала болса, солтүстігінде ормандар көп.

4. Сөйлемдерді мәтін бойынша толықтырып, жазыңыздар.

Бұл аймақтың жер бедері.................................................. егін егуге қолайлы.

Ақмола өңірі......................................................................................... қамтиды.

Қарағандының Қарқаралы тауларынан бастау алатын...................................................................................................................................ерекше сән береді.

Ақын С.Сейфуллин........................................................қосып, жыр етіп төккен.

Қызылжар өңірінің......................... шұғыл континентті. Өңірдің оңтүстігі........................., солтүстік бөлігінде ормандар көп.

 

5.Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, құрмалас сөйлемдер құраңыздар.

Жазық дала, қарағайлы ормандар, егіс алқаптары, Қызылжар өңірі, пайдалы қазбалар, жер бедері, теңіз деңгейі.

 

БӨЖ тапсырмалары.

6. Мәтінді оқып, аударыңыздар.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1537. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

Ведение учета результатов боевой подготовки в роте и во взводе Содержание журнала учета боевой подготовки во взводе. Учет результатов боевой подготовки - есть отражение количественных и качественных показателей выполнения планов подготовки соединений...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия