Студопедия — Жер асты суы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жер асты суы






Қазақстанның өзендер аз жерлерінде еспе суы мен терең қабатаралық жер асты суының үлкен маңызы бар. Халық еспе суын көне заманнан-ақ пайдаланып келеді. Дала аймақтарында негізінен құдық суын пайдаланады. Шөл мен шөлейтті жерлерде құдық – бірден-бір ауыз су көзі. Бұл жерлерде құдық болса ғана мал шаруашылығымен шұғылдануға болады. Бірақ халық шаруашылығының суға деген өскелең қажетін еспе суы қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан судың жаңа мол көзін табу керек болады. Мұндай су көздері де табылды, ол – терең қабатаралық жер асты суы.

Республика территориясында жетпістен аса артезиан алаптары табылды. Мойынқұмда 300-500 м тереңдікте 50 мың шаршы км жерді алып жатқан тұтас жер асты «теңізінің» бар екені анықталды. Оның суы ішуге де, егін суаруға да жарамды. Қызылқұмда 80-300 м тереңдікте жатқан орасан зор жер асты су алабы табылды. Жер асты суы республиканың басқа да аудандарынан, атап айтқанда, тың жерлерді игеріп жатқан аудандардан да табылды. Алматы қаласы, облыстың орталығы, аудан орталықтары, өнеркәсіп және ауылшаруашылық кәсіпорындары мен елді мекендері қазірдің өзінде жер асты суымен қамтамасыз етілді.

Қазақстанда жер астынан ыссы сулар табылған. Олар үйлерді, жылыжайларды, моншаларды жылыту үшін пайдаланылады.

Республиканың бірталай өңірінде өте тереңнен атқылап, жер бетіне шығып жатқан емдік қасиеті мол минералды су бұлақтары да көп кездеседі. Олар температурасы мен құрамындағы газдар мен тұздардың түрі жағынан (хлорлы, калийлі, натрийлі, темірлі және т.б.) әртүрлі болып келеді. Адам ағзасына шипасы бар Алмаарасан, Қапаларасан, Сарыағаш, Жаркентарасан сияқты емдік-сауықтыру орталықтары ашылған.

 

9. Мәтін бойынша сөйлемдерді аяқтаңыздар.

1. Дала аймақтарында негізінен....................................пайдаланады.

2. Мұндай су көздері де табылды, ол –.............................................суы.

3.Қазақстанда жер астынан............................. табылған.

4.Адам ағзасына шипасы бар..................................................................... сияқты емдік-сауықтыру орталықтары ашылған.

 

Ағымдық бақылау сұрақтары:

1. Гидрологияның зерттейтін обьектісі не?

2. Су қорлары не үшін қажет?

3. Қыста барлық сулар қандай күйге айналады?

4. Гидрология неше салаға бөлінеді?

 

«Су – тіршілік көзі» тақырыбында әңгіме өткізіңіздер.

 

 

13-САБАҚ;

Гидротехникалық ғимараттар

Қарсылықты қатынастардың берілуі

Мақсаты: Студенттерге гидротехникалық ғимартаттардың маңызы туралы мағлұмат бере отырып, сөздік қорларын байыту.

1. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Қандай су қоймаларын білесіздер?

2.Су қоймалары не үшін қажет?

3.Су қоймаларын салу табиғатқа зиян ба?

 

2. Мәтінді оқып, түсінігін айтыңыздар.

Табиғи су қорларын пайдалану немесе судың қоршаған ортаға зиянды әсерін жою яғни болдырмау үшін салынатын инженерлік ғимараттарды гидротехникалық ғимараттар деп атайды. Оларды жобалаумен, пайдаланумен және теориялық мәселелерді шешумен айналысатын ғылымды гидротехника дейді. Гидротехника сумен жабдықтау және суды әкету – су шаруашылық саласында су көздерін тиімді пайдаланумен, табиғи өзен ағынын реттеумен, жасанды су қорларын және су ағындарын жасаумен, лас, сарқынды суларды тазартумен, қоршаған ортаны, гидротехникалық құрылыстарды және өнеркәсіпті пайдаланудың зиянды әсерінен қорғаумен айналысады.

Осындай мәселелерді шешу үшін гидроторап және гидрожүйе гидротехникалық ғимараттар жиынтығы салынды. Гидроторап дегеніміз – бір жерге орналасып, ортақ су шаруашылығық жұмыстарын атқаратын гидротехникалық ғимараттар жиынтығы. Гидроторапты орналасқан жеріне байланысты өзендік, каналдық, теңіздік, көлдік және тоғандық деп бөледі. Ал негізгі атқаратын міндеті бойынша энергетикалық (Қаршағай), су транспорттық (Бұқтырма, Өскемен), суландыру (Теріс-Ащыбұлақ) және өзен ағынын реттеп, әртүрлі мақсатқа пайдаланылатын деп бөлінеді.

Арнайы гидротехникалық ғимараттарға мелиоративтік (каналдар, насос станциялары, жерді суғаруға, суландыруға және құрғатуға арналған т. б. ғимараттар), су энергетикалық (гидроэнергетикалық үйлер, теңестіруші резервуарлар, деривациялық каналдар және т.б. су энергиясын пайдалануға арналған ғимараттар, су жол транспорттық (каналдар, шлюздер, кеме көтергіштер, молдар, толқын тосқындар, кемежай мен айлақтар), балық шаруашылығына арналған ғимараттар жатады.

 

3. Мәтін бойынша сөйлемдерді аяқтаңыздар.

Табиғи су қорларын пайдалану немесе судың қоршаған ортаға зиянды әсерін жою яғни болдырмау үшін салынатын инженерлік ғимараттарды...........................................................деп атайды. Осындай мәселелерді шешу үшін..........................................гидротехникалық ғимараттар жиынтығы салынды................... орналасқан жеріне байланысты өзендік, каналдық, теңіздік, көлдік және тоғандық деп бөледі........................... – бір жерге орналасып, ортақ су шаруашылығық жұмыстарын атқаратын гидротехникалық ғимараттар жиынтығы.

 

4. Мына сөз тіркестерін, аударып, сөйлем құраңыздар.

Жасанды су қоймалары, су тапшылығы, табиғи ресурстар, су тазартқыш, табиғи су, текше метр.

 

5. Берілген сөйлемдерді қарсы мағыналы сөйлемдерге айналдырыңыздар.

Үлгі: Гидротехника сумен жабдықтаумен айналыспайды. Гидротехника сумен жабдықтаумен айналысқан емес. Гидротехника сумен жабдықтаумен айналысқан жоқ. Гидротехника сумен жабдықтаумен айналысады, бірақ құрғатумен айналыспайды. Гидротехника сумен жабдықтаумен айналысқанымен, әлі де көп елдімекендер сусыз отыр.

Гидротехника сумен жабдықтаумен айналысады. Балық шаруашылығына арналған ғимараттар гидротехникалық ғимараттарға жатады. Гидротехникалық ғимараттар жиынтығы салынуда.

 

6. Берілген сөйлемдермен келісіңіз немесе қарсы шығыңыз.

Бүгінгі таңда суды қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда.

Гидротехникалық ғимараттарды балық өсіру үшін салады. Кемежайлар мен айлақтар су жол транспорттық мақсатта салынады. Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы обылыс аймағын суландыру мақсатында салынған.

 

7. Сөздік жұмысы.

Су қоймасы – водохранилище

Гидротехникалық ғимарат – гидротехнические сооружения

Суландыру – орошение, орошать,обводнять

Кемежай – порт

Айлақ – пристань, бухта

Тоған – плотина, дамба,пруд, котлован

Құрғату – осушение

Сумен жабдықтау – обеспечить водой

 

8. Есте сақтаңыздар!

Қазақстандағы Ірі су қоймалары Орналасқан жері Аумағы шаршы км есебімен
Бұқтырма Қапшағай Шардара Сергеев Ертіс өзені Іле өзені Сырдария Есіл өзені  

 

БӨЖ тапсырмалары.

 

9. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Бұқтырма су қоймасының маңызы қандай?

2.Қапшағай су қоймасының маңызы қандай?

3.Шардара су қоймасының маңызы қандай?

 

10. Мәтінді оқыңыздар.

Терісащыбұлақ су қоймасы

Жуалы ауданындағы су қоймасы. Теріс өзенінің арнасына 1963 жылы салынған. Жалпы ұзындығы 13 км. Суының сыйымдылығы 158,0 млн м куб. Топырақ тан салынған бөгеттердің биіктігі 32 м, ұзндығы 1800 м, енң 100 м. Бөгеннен канал және су құбырлары тартылған. Ең көп су ағымы 36,2 м куб/с, орташа ағым 4,23м куб/с. Жуалы ауданынң 20,4 мың гектардан астам жері суарлады және 30 мың гектар шабындығы суландырылады.

Терісащыбұлақ су қоймасының суы Жамбыл облысының Жамбыл ауданының егінді алқаптарын да суландырып отыр. Оның суы Аса өзеніне жалғасып, Талас ауданына дейін жетеді.

 

Ағымдық бақылау сұрақтары:

1.Гидротехникалық ғимараттар деп қандай ғимараттарды атаймыз?

2.Гидротехника немен айналысады?

3.Гидротехникалық ғимараттардың түрлерін атаңыздар.

4.Энергетикалық ғимараттар деп қандай ғимараттарды атайды?

5.Каналдар, шлюздер мен кемежайлар қандай қызмет атқарады?

 

Су қоймаларының маңызы туралы әңгімелесу.

 

 

14-САБАҚ;

Қазақстанның жер бедері

Мекендік қатынастардың берілуі.

Мақсаты:Студенттердің туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, ойын еркін жеткізе білуге баулу.

1. Сөздік жұмысы.

жер бедері – рельеф земли

теңіз деңгейі уровень мори

жота – гребень горы, взгорье, горный хребет

аңғар – ушелье, горная треснина, русло (реки)

ұласу – продолжение, продолжаться

 

2. Мәтінді оқып, түсінігін айтыңыздар.

Қазақстан аумағының жер бедері геологиялық даму тарихы мен түзілімінің ерекшелектеріне байланысты әртүрлі және күрделі болып келеді. Бұл туралы қазіргі Қазақстанның физикалық картасында бейнеленген.

Қазақстан территориясын ұлан-байтақ ойпатты жазықтар алып жатыр, оның кей жері теңіз деңгейінен төмен. Кей жерлерінде үстірттер мен аласа таулар бар. Территорияның біраз бөлігін төбелерін қар мен мұз басқан шыңды таулар алып жатыр. Республиканың батысында Маңғыстау түбегінде ең төмен жер – Қарақия ойысы (теңіз деңгейінен – 132 м төмен), оңтүстік-шығысында ең биік жері – Хантәңрі шыңы (6995 м) орналасқан. Осы ең биік және ең төмен жерлерінің айырмасы – 7127 м.

Картаға қарап отырсаңыз абсолютті биіктіктің шығыстан батысқа қарай және оңтүстіктен солтүстікке қарай біртіндеп аласара беретінін байқауға болады. Шығысы мен оңтүстік шығысында Алтай, Тарбағатай, Тянь-Шань, Алатау жатса, батысында теңіз деңгейінен 28 метр төмен Каспий ойпаты мен Тұран ойпатының бір бөлігі жатыр. Каспий мен Арал теңіздері аралығында біртұтас Үстірт жазығы орналасқан. Аралдың теріскейі – үлкен және кіші Борсық құмдары, шығысы – Арал Қарақұмы. Оңтүстігінде Қызылқұммен шектеседі. Қызылқұм Тянь-Шань тау жоталарына дейін созылып жатыр. Бұл тау жүйесіне Талас Алатауы, Өгем, Қаратау жоталары енеді. Қаратаудың шығыс жағында жатқан Мойынқұм шөлі теріскейдегі Бетпақдаламен ұласады.

Балқаш көлі мен Батыс Сібір ойпаты арасындағы кеңістік – Сарыарқа. Балқаш көлі мен Тарбағатай және Жетісу Алатауына дейін созылып жатқан құмды алап – Сарыесік Атырау.

Қазақстан жер бедерінің табиғи ерекшеліктері оның осы күнгі климаты мен ландшафтын қалыптастыруға да өзіндік әсерін тигізген.

Жер беті құрылысының адамның тіршілігі үшін маңызы зор. Жазықтар мен тау аралық аңғарлар бұрыннан егін шаруашылығымен айналысуға қолайлы болып келген. Шалғын өсімдіктер жамылған тау беткейлері тамаша жайылым.

 

3. Мәтіннен мекендік қатынасты білдіріп тұрған сөздерді табыңыздар.

 

4. Сөйлемдерді мәтінге сәйкес толықтырып жазыңыздар.

Шығысы мен оңтүстік шығысында Алтай, Тарбағатай, Тянь-Шань, Алатау жатса, батысында теңіз деңгейінен...................................................................... бір бөлігі жатыр.

....................................................................біртұтас Үстірт жазығы орналасқан.

Аралдың теріскейі –...........................................................................................,

шығысы –......................................

Жазықтар мен тау аралық аңғарлар.....................................................айналысуға

қолайлы келеді.

........................................................ жамылған тау беткейлері тамаша жайылым.

5. Сөйлемдерден мекендік қатынастарды білдіріп тұрған сөздерді табыңыздар.

Қыста таулы аймақтарда күн суық болады. Ардақ Марқакөлге демалысқа кетпекші. Өгем шатқалында өсетін өсімдіктердің көпшілігінің дәрілік қасиеті бар. Алтай, Тарбағатай тауларында ормандар жиі орналасқан.

 

6. Адасқан обьектілерді сәйкестендіріңіздер.

Тұран көл

Каспий тау

Қаратау ойпат

Балқаш теңіз

Көкшетау шөл

Қарақұм қала

 

7. Мәтінді оқыңыздар.

Жер жаннаты – Жетісу

Жетісу – тарихи географиялық аймақ Солтүстік Балқаш, солтүстік шығысында Сасықкөл мен Алакөл, шығысында Жетісу Алатауымен, оңтүстік және оңтүстік батысында Солтүстік Тянь-Шань жоталарымен шектеседі. «ағашы тұнған жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс екен» деп, қазақтың данагөй абызы Асан Қайғы сүйсінген Жетісу өлкесінің климаты тым континентті. Себебі ол үлкен материктің кіндігінде орналасқан, әрі оңтүстік жағы таулармен қоршалған. Жал маусымдарының климатында айырмашылықтар бар. Қысқа әрі жылы көктемі шұғыл ыстық жазға ұласады. Күзде температура кенет өзгеріп, үсік жүреді, жаңбыр аралас қар жауады. Қысы салқын, құбылмалы болады.

 

8. Мақал-мәтелдердің мағынасын ұғып, есте сақтаңыздар.

Өзен жағалағанның өзегі талмас.

Көлдің көркі – құрақ,

Таудың көркі – бұлақ.

 

БӨЖ тапсырмалары

9. Мәтінді оқыңыздар.

Қазақстанның таулы аймақтарының табиғаты

Биік тауларда, оның биіктігі артқан сайын биіктік белдеулерінің спектрі өзгеріп отырады. Себебі, биіктік артқан сайын климат, топырақ, өсімдік жамылғысы, гидрологиялық, геоморфологиялық процестері өзгереді. Мұнда тау беткейлерінің экспозициясы шешуші рөл атқарады. Әрбір табиғат компоненттері өзгергендіктен табиғат комплексінде өзгеріске ұшырайды. Таулардың басындағы дамыған биіктік белдеулікті төмендегі жағдайлар дамытады:

-таулардың географиялық орны «географиялық ендігі мен тау жоталарының мұхит пен теңізге алыс-жақындағы);

-таулы өлкенің абсолюттік биіктігі. Әрбір таулы өлкеде өзіндік биіктік

белдеулік спектрі болады;

-таулы өлкенің рельефі. Орографиялық суреті, тілімденуі мен тегістелу

жағдайы, ылғалдану дәрежесі, қар жамылғысының қалыңдығы;

-таулы өлкенің климаты. Биіктік белдеулікті дамытатын бірден-бір фактор

климат.

Таулы өлкелер жазықтағы ендік бағытындағы табиғат зоналарын бұзады. Жазықтағы ормандар тау беткейлерімен көтеріліп, таулы ормандарға, орманды-тундра жазықтағы тау басына «шығып» кетеді.

 

Ағымдық бақылау сұрақтары:

1.Қазақстанның жер бедері қандай?

2.Қазақстанның жер бедері туралы қайдан білуге болады?

3.Алтай, Тарбағатай таулары еліміздің қай жағында орналасқан?

4. Үстірт жазығы қайда орналасқан?

5. Бетпақдаламен қандай шөл ұласады?

6.Жер бедерінің ерекшеліктері неге әсер етеді?

 

Таулы орманды, өзенді аймақтар туралы әңгімелесу.

 

15-САБАҚ;

Ш. Уалиханов - зерттеуші

Қайталау сабағы

Мақсаты:Студенттерді қазақ халқының озық ойлы ғалымдарының шығармаларымен таныстыру арқылы ой-өрісін дамыту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

 

1. Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Қазақтың тұңғыш ағартушы ғалымы кім?

2.Ол қайда оқыған?

3.Оның қандай еңбектерін білесіздер?

 

2. Мәтінді оқып, аударыңыздар.

Шоқан Уалиханов

(1835-1865)

Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов – қазақтың тұңғыш ғалымы, ағартушы, саяхатшы. Сауатын мұсылман мектебінде ашып, артынан орысша оқыған. Шоқан қазақ сахарасындағы ақсүйектер отбасынан шыққан. Ол атақты Абылай ханның тікелей ұрпағы. Кадет корпусында оқуға қол жеткізе алуының негізі осында. Жаратылысынан қабілетті, тума талант Шоқан кадет корпусындағы негізгі мамандыққа қатысты әскери сабақтармен қатар жағрапия, тарих, батыс, орыс әдебиеттері мен философия, физика мен математика, шетел тілі тәрізді пәндерді де бар ынтасымен оқып, ерекше меңгереді.

Өзінің ізденгіштігінің, зеректігінің нәтижесінде азаматтық позициясы тез қалыптасып жетілген Шоқанды қараңғылыққа шырмалған, езгіде отырған туған халқының тағдыры ерекше толғандырады. Сондықтан қызметтік тапсырманы орындай жүріп, ел тарихына, әдебиеті мен мәдениетіне қатысты құнды мәліметтерге мән береді.

Шоқан қырғыз еліне, Ыстықкөл аймағына саяхатқа шыққанда Омбыдан бастап жол-жөнекей Семей, Аягөз, Ақсу, Қапал, Шелек, Қарқара жерлерін мекендеген қазақ елінің бай тарихи-мәдени мұраларына, этнографиясына назар аударады, мүмкіндігінше жазып алады. Қырғыздың «Манас» эпосының «Көкетай ханның асы» атты тарауын тұңғыш рет қағазға түсіреді. Ыстықкөл сапарының нәтижесінде «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы» атты еңбектерін жазады. Құлжа, Қашқария сапары негізінде «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Жоңғария очерктері» атты еңбектері сол дәуір үшін Ресей ғылымында аса маңызды жаңалық, құнды зерттеу болып табылады.

Ш.Уалиханов өз еңбектерінде Жоңғар Алатауының, Солтүстік және Ішкі Тянь-Шань тауының өзен торлары жөнінде аса маңызды мағлұматтарды мәлімдейді. Ыстық көлге сапарында жазылған күнделігінде ол Қазақстан өзендері – Аягөз, Ақсу, Лепсі, Іле, Шелек, Шарын жөнінде көртеген қызғылықты деректер келтіреді. Өзендердің жалпы сипаттамасымен қатар олардың геологиялық құрылымын, алқаптарының жаратылысын, ағу бағытын анықтап, климатын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сипаттап жазды. Сонымен бірге Шоқан Тянь-Шань тауының сүтқоректі жануарлары мен құстарының таралу заңдылығын ашып, тау жүйесін алғашқылардың бірі болып зоогеографиялық жағынан аудандастыруға талаптанды. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің аса мол коллекциясын жинады.

Өзінің бар білімін туған халқын оятуға арнаған, ағартушылық жолмен өркениетке жеткізуді көздеген ұлы ғалым отыз-ақ жыл өмір сүріп, 1865 жылы Алтынемел асуының маңында дүниеден озды. Зираты сол жерде.

 

3. Сөйлемді мәтін бойынша толықтырыңыздар.

Ол атақты................................................ тікелей ұрпағы. Қырғыздың................... «Көкетай ханның асы» атты тарауын тұңғыш рет қағазға түсіреді.

1865 жылы.................................................................. маңында дүниеден озды. Ш.Уалиханов.......................... Жоңғар Алатауының, Солтүстік және Ішкі Тянь-Шань тауының өзен торлары жөнінде аса маңызды мағлұматтарды мәлімдейді. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің аса...................................... жинады.

4. Жақша ішіндегі сөздерді пайдаланып сұраққа жауап беріңіздер.

1.Ш.Уалиханов кім? (зерттеуші, ғалым)

2.Ол нені жазып алды? (тарихи-мәдени мұраларды, этнографияны)

3.Шоқан қайда сапарға шықты? (Ыстықкөл)

4.»Манас» эпосының қай тарауын қағазға түсірді? (Көкетай ханның асы)

 

5. Сөздер мен сөз тіркестерін аударып, сөйлем құраңыздар.

Қазақ сахарасы, ақсүйек, қабілетті, тума талант, жағрапия, азаматтық позиция, ізденгіш, зерек, құнды зерттеу, дүниеден озды.

 

БӨЖ тапсырмалары

6. Шағын мәтінді оқып, аударыңыздар.

Ш.Уалиханов Қашқарияға барар жолында Орталық Тянь-Шаньда меридиан бойынша солтүстіктен оңтүстікке қарай өтіп, оның жоталарын түгелдей дерлік аралап шықты. Осы сапарында ол бірнеше жаңалықтар ашып, оларды тұңғыш рет суреттеп жазды. Жетімшоқы, Шоқырқорым, тауларын, Нарын, Қарасай, Қаракөл өзендерінің алқаптарын ғалымның ашқан аса зор жаңалықтарының қатарына жатқызуға болады.

7. Мәтіннен жалпы есімдер мен жалқы есімдерді табыңыздар.

Ағымдық бақылау сұрақтары:

1. Ш. Уалиханов туған өлкемізді зерттеуге қандай үлес қосты?

2.Қай жылы Шоқан орыс географиялық қоғамына толық мүше болды?

3.Шоқан Қашқарияға барар жолында қайда барды?

 

Ш.Уалихановтың еңбектерінің маңызы туралы әңгімелеңіз.

Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау

Ағымдық, аралық және қорытынды бақылау жұмыстарының мақсаты – кәсіби қазақ тілі пәнінен білімдерін және тәжірибелік дағдыларын бекіту.

Ағымдық бақылау жұмысы әрбір тәжірибелік сабақтан кейін тапсырылады. Сол өтілген тақырып бойынша білім алушыларға бірнеше тапсырмалар беріледі. Аралық бақылау жұмыстары тест түрінде, бірнеше нұсқада беріледі, немесе өтілген тақырыптар бойынша тапсырмалар беріліп, ауызша сұралады. Қорытынды бақылау жұмысы бойынша емтихан сұрақтары дайындалады. Емтихан сұрақтары жазбаша және әңгімелесуге арналған материалдардан тұрады.

Білім алушылардың оқудағы жетістігі (білім, білік, дағды мен құзірет) төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес келетін әріптік жүйемен бағаланады (оңды бағалары, жоғарыдан кемуіне қарай, А-дан Д-ға дейін «қанағаттанарлық» - Ғ – қанағаттанарлықсыз»);

Барлық білім технологиясының тиімділігін, объективтілігін және сапасын арттыру мақсатында оқу процесі мен білімнің қорытынды бақылауы ажыратылады.
Ағымдық және аралық бақылаудың барлық түрі мен білім алушылардың біліміне тиісті бағалауды сабақ беретін оқытушы жүргізеді. Ол баға аталған оқу пәні бойынша білімнің қорытынды бағалауының 60 пайызынан кем.
Білім алушыларға аралық аттестаттау қорытынды бақылауды оқытушы жүргізеді, ол баға аталған оқу пәні бойынша білімнің қорытынды бағалауының 40 пайызынан аспайды.
Пән бойынша қорытынды бағаға ағымдағы, аралық және қорытынды бақылаудағы бағалар кіреді.

Аралық бақылау тапсырмалары

№ 1 аралық бақылау тапсырмалары

Бақылау түрі: коллоквиум

 

1. Негізгі мәтіннің мазмұнын ашатын белсенді лексикалық бірліктерді еске түсіріңіздер.

2. Мәтін мазмұнын қысқаша баяндаңыздар (жазбаша).

3. Мәтін бойынша кез келген диалог-сұхбат құрыңыздар.

4. Мәтіндегі ойға сәйкес келетін афоризмдерді (мақал-мәтел, цитата) жатқа айтыңыздар.

5. Жолдасыңыздың білімін тексеріңіз, өзіңіз бағалаңыз. Ол үшін мына тапсырманың бірін ұсынуға болады (тестік ыңғайдағы сұрақтар; сөйлемді әрі қарай жалғастырыңыз, проблемалық сұрақ қою, сөздік қорын тексеру т.б.).

6. Адам денсаулығына қандай факторлар әсер етедә?

7. Географиялық қабық дегеніміз не?

8. Географиялық қабық терминін енгізген ғалым кім?

9. Атмосфераның бұзылуына әсер ететін қандай факторлар?

10. Қазақстанның қандай қорықтары бар?

11. Қазақстан Еуразия материгінің қай бөлігінде орналасқан?

12. Қазақтың қандай саяхатшы ғалымдарын білесіздер?

№ 2 аралық бақылау тапсырмалары

Бақылау түрі: коллоквиум

 

1. Негізгі мәтіннің мазмұнын ашатын белсенді лексикалық бірліктерді еске түсіріңіздер.

2. Өздеріңізге ұнаған бір бөлімдегі мәселені топ болып талқылаңыздар.

3. Орманның қандай пайдасы бар?

4. Қазақстанның қай жерлерінде орман көп кездеседі№

5. Қызғалдақтың Отаны қай ел?

6. Оңтүстік Қазақстан аймағына қандай облыстар кіреді?

7. Қазақстанның қандай көне қалаларын білесіздер?

8. Гидрология нені зерттейді?

9. Гидрология нені зерттейді?

10.Гидрологиялық ғимараттар не үшін қажет?

11. Қазақстанның жер бедері қандай?

12. Жер бедерінің ерекшеліктері неге әсер етеді?

13. Ш.Уалиханов туған елімізді зерттеуге қандай үлес қосты?

14. Шоқан қай жылы орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болды?

 

 

М А З М Ұ Н Ы







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1460. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

Патристика и схоластика как этап в средневековой философии Основной задачей теологии является толкование Священного писания, доказательство существования Бога и формулировка догматов Церкви...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия