Студопедия — Экологиялық сараптама және экологиялық мониторинг пен кадастрларды жүзеге асырудың тәртібі.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Экологиялық сараптама және экологиялық мониторинг пен кадастрларды жүзеге асырудың тәртібі.






Экология саласындағы мемлекеттік басқару органдарының қызметі белгілі бір басшылық бастаулары негізінде жүзеге асырылады, соған сәйкес мемлекеттің экологиялық саясаты калыптасады. Бұл басшылық идеялары, олар жиынтығында белгілі бір мақсаттарға қол жеткізуде мемлекеттің мәнін, негізгі қасиеттерін, ішкі бірлігін білдіруі мемлекеттік басқарудың принциптері деп аталады. Мемлекеттік басқарудың принциптері белгілі бір қоғам дамуының экономикалық және әлеуметтік заңдарымен анықталады. Экология саласындағы мемлекеттік басқарудың принциптері жүйесін анықтауға болады: адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы; халықтың өмірі үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтіру; табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік; мемлекет бақылайтын жерге жеке меншік; мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешу кезінде қоғам дамуының экологиялық міңдеттерін теңгерімді шешу; экологиялық тәртіпті қамтамасыз ету үшін экономикалық ынталандыруды енгізу арқылы басқарудың экономикалық әдістерін қолдану; экономикалық проблемаларды шешуге азаматтарды, халықты, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын кеңінен тарту және белсенді түрде қатысу. Бұл экологиялық құқық саласындағы мемлекеттік басқарудың неғұрлым айрықша принциптері. Алайда мынаны ескеру керек: табиғат пайдалану саласында басқарудың жалпы принциптері де: заңдылық, жоспарлылық, бағыныштылық және т.б. қолданылады.

Экологиялық тәжірибеде мемлекеттік санкциялау әдісі кеңінен таралған, бұл әдіс жағдайында мемлекеттік емес органның шешімі оны мемлекет бекіткеннен кейін заңдық күшіне ие болады. Мұның мысалы ретінде қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысын атауға болады, ол оны мемлекет бекіткеннен кейін міндетті сипатқа ие болады. Рұқсат ету әдісі мемлекеттік емес орган дербес болған жағдайда қолданылады. Барлығы үшін міндетті шешім өздерінің "ішкі" субъектілері үшін қабылданады. Әрбір қызметті жүзеге асыру экологиялық заңды қолдану негізінде мүмкін болады. Экологияны мемлекеттік басқарудың қызметтері элемент болып табылады, ол басқару қызметінің мазмұнын басқарудың мемлекеттік оргаңдары жүйесімен байланыстырады.

Экология саласындағы мемлекеттік басқару қызметінің;мына қызметтерін бөліп көрсетуге болады:

  • Қоршаған табиғат ортасының нормаланған сапасы;
  • Экологиялық мониторингті жүзеге асыру;

· Экологиялық және табиғат пайдалану кадастрларын жүргізу;

· Экологиялық сараптаманы жүргізу;

· Экологиялық бақылауды ұйымдастыру;

· Экологиялық төлемдер мен салықтарды алу;

· Экология саласында мемлекеттік органдардың бұзушылықтары үшін жазалау шараларын қолдану.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметі тұтастай алғанда қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыратын жалпы құзыретті орган болып табылды. Үкіметтің қызметі экология жөніндегі аса маңызды мәселелерді шешумен, жалпы шараларды белгілеумен және осы саладағы негізгі бағыттарды белгілеумен, мемлекеттік экологиялық бағдарамаларды әзірлеумен және жүзеге асырумен, экологиялық нормативтерді, табиғи ресурстарды пайдалану лимиттерін және табиғат пайдаланудың экономикалық тетігін анықтаумен байланысты болады. Үкімет табиғат ортасын қорғау, экологиялық тәрбие мен білім беруді ұйымдастыру жөніндегі министрліктер мен ведостволардың қызметін үйлестіру мәселелері бойынша шешім қабылдайды. Қоғамдық экологиялық қатынастарды реттеуде Үкімет шығаратын нормативтік актілердің маңызы зор. Табиғат қорғау немесе жекелеген табиғат объектілері саласында басқару мен бақылау қызметін жүзеге асыратын бытыраңқы мемлекеттік органдар бірыңғай комитет ауқымына топтастырылды. Табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік комитеті арнайы құзыреттер жүйесін басқарады, олардың жалпы құзыреттер органдарынан өзгешелігі экологиялық заңды басқару мен қолдану мәселелерімен тікелей айналысты.

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен оның құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері:

1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы және табиғат қорғау заңын, экологиялық талаптардың нормативтерін сақтауға мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

2) мемлекеттік басқару жүйесін және қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылауды, өзінің құзыреті шектерінде қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістерін жетілдіру;

3) қоршаған ортаны қорғау жүйесін оңтайлаңдыру және табиғат пайдалану жүйесін оңтайландыруға қатысу;

4) қолданыстағы заңнаманы жетілдіру;

5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және оған қатысу;

6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпарат пен ағарту ісін тарату жүйесін дамыту.

Өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қоршаған ортаны қорғау министрлігі өзінің өкілеттігі шектерінде мына қызметтерді жүзеге асырады:

1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізеді және мемлекеттік экологиялық бағдарламаларды орындауды ұйымдастырады;

2) шаруашылық және өзге де қызметтерге экологиялық нормативтерді және экологиялық талаптарды өзінің құзыреті шегінде бекітеді немесе келіседі, қоршаған ортаны ластайтын шығарындылар мен тастандыларға, өндіріс пен тұтынудың қалдықтарын орналастыруға лимиттер мен квоталарды белгілейді;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіпте шаруашылық қызметінің экологиялық жағынан қауіпті түрлеріне, қоршаған ортаға зиянды заттардың тастандылары мен шығарындыларына лицензиялар береді;

4) қоршаған орта қызметін және табиғат пайдалануды басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді;

5) қоршаған ортаның мемлекеттік мониторингі жөніндегі жұмысты жүргізеді, сондай-ақ қоршаған ортаның мемлекеттік Мониторингінің және табиғат ресурстарының бірыңғай жүйесіне басшылықты жүзеге асырады, өндірістік үлгі ережежлерін бекітеді және өндірістік Мониторингінің бағдарламаларын келіседі;

6) республикалық бюджет бағдарламаларының әкімшісі болады, сондай-ақ олардың орындалуын ұйымдастырады.

Экологиялық нұсқамаларды жүзеге асыру және заңдық шараларды қолдану үшін қоршаған ортаны қорғау министрлігі мейлінше кең ауқымды өкілеттіктерге ие болған. Олардың мынадай құқығы бар: өзінің құзыреті шегінде лицензиялауды және лицензияларды келісуге; өзінің құзыреті шегінде табиғат пайдалануға, оны ішінде қоршаған ортаға ластайтын шығарындылар мен тастандыларға, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын көмуге және сақтауға рұқсат беруге; меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне зертханалық-талдау бақылауын жүзеге асыруға; табиғат қорғау заңын сақтау мәселелері бойынша тексерулер жүргізуге және заң тәртібінде ұйымның, құрылыстар мен объектілердің жұмысын шектеу мен тоқтата тұру, оларды пайдалануға беруге тыйым салу, экологиялық талаптарды бұза отырып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметке шектеу қою туралы нұсқама шығаруға немесе осы қызметті тоқтата тұру туралы ұсыныс енгізуге; белгіленген тәртіпте министрлік қызметі мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға; заңмен көзделген өзге де құқықгы жүзеге асыруға құқығы бар.

Атқарушы билік органдарының жүйесінде аудандар мен қалалардың әкімдіктері ерекше орын алады. Бұл органдар экология саласындағы басқаруды жүзеге асыру кезінде мейлінше пәрменді болуға тиіс. Өздерінің аумағында олар шаруашылық және мәдени-тұрмыстық қызметке басшылық жасайды; табиғат қорғауға және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мемлекеттік бақылау; табиғатты қорғау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуді, экологиялық сараптама, табиғат қорғау объектілерін салу мен қайта салу; экологиялық сараптама теріс қорытынды шығарған объектілерді салуға және қайта салуға тыйым салу туралы қорытынды дайындау; экологиялық заңдар өрескел бұзылған реттерде шаруашылық қызметті немесе объектілер салуды тоқтата тұру; табиғат ескерткіштерін табиғат объектілері деп жариялау туралы шешім қабылдау жатады. Өнеркәсіптің, канализациялық, тұрмыстық ластанулардан қаланың су көздерінің тазалығын қорғау маңызды проблема болып табылады. Сондықтан мұнда барлық бас саға үңғымаларына тексеру жүргізу және оларды пайдалану режимі жоспарланады, қаланы жер асты суларының ластану деңгейін зерттеу, қалалық канализациялық тазарту құрылыстарын қайта салу жөніндегі кешенді шаралар әзірлеу жоспарланады.

Қоршаған ортаның мониторингі - адамды қоршаған табиғи ортаның жай-күйін бақылау және адамдардың денсаулығы мен өзге де тірі организмдерге зиянды немесе қауіп туғызатын кдтерлі ахуалдар туралы ескерту. Қоршаған ортаның мониторингі жөніндегі жұмысты ұйымдастыру Қазақстан Республикасында 1972 жылдан, Ауа райын байқау мемлекеттік комитеті жанындағы Табиғи ортаның ластануы деңгейін байқаулардың Мемлекеттік қызметі құрылған кезде басталған болатын, Экологиялық мониторингтің мазмұнына ол кезде бірқатар бағыттар жатқан еді:

1) атмосфералық ауа мен атмосфералық жауын-шашынның мониторингі;

2) жер үсті суларының мониторингі;

3) топырақтың пестицидермен ластануының мониторингі;

4) ортаның мониторингі;

5) табиғат ортасының радиоактивтік ластануының мониторингі.

Қазіргі кезде қоршаған ортаның және табиғи ресурстар мониторингіне:

1) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйіне, оларға антропогендік ықпал жасау көздерін байқау (және де аталған байқаулар белгілі бір бағдарлама бойынша жүргізіледі);

2) қоршаған ортаның, табиғи ресурстардың жай-күйін және оларға антропогендік ықпал жасау көздерін бағалау;

3) қоршаған ортаның, табиғи ресурстардың және оларға антропогендік ықпал жасау көздерін болжау жатады.

Экология саласындағы басқарудың қазіргі тәжірибесі меншіктің мемлекеттік емес нысаны объектілерінің болуын ескереді. Сондықтан қолданыстағы заңда мемлекеттік экологиялық мониторинг және өндірістік экологиялық мониторинг болып бөлінеді. Қоршаған ортаның мемлекеттік мониторингін мониторингтің тұрақты және жылжымалы стансаларының жүйесі арқылы Экология және табиғи ресурстар министрлігі жүзеге асырады. Өндірістік мониторинг заңды тұлғалардың — табиғат пайдаланушылардың — қоршаған ортаның мониторингін жүргізу қоршаған ортада жүзеге асыратын олардың шаруашылық қызметінің ықпалы туралы есеп пен есептілігі. Қоршаған ортаны қадағалау құралдары, олар қолданатын әдістеме экологиялық мемлекеттік органдар талаптарына сәйкес келуге тиіс. Өндірістік және экологиялық мониторингтің деректері мезгіл-мезгіл Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жіберіледі.

Орман мониторингін енгізу Казақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексімен және 2004 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің Қаулысымен бекітілген және қабылданған Орман экологиялық жүйелерінің мониторингін жүргізудің құрылымы, мазмұны мен тәртібі туралы ережемен реттеледі. Орман кодексінің 61-бабына сәйкес орман ресурстарының мониторингі орман қорын күзету, қорғау және ормандарды молықтыру, орман қорын пайдалану ормандардың биологиялық әр-алуандығы мен экологиялық функцияларын сақтау саласын мемлекеттік басқару мақсатында орман қорының жай-күйі мен қарқынын қадағалау, бағалау және болжау жүйесін білдіреді. Жоғырыда көрсетілген Ереже оны ұдайы кешенді байқаулардың, бағалаудың орман экологиялық жүйесінің жай-күйін бақылау мен болжаудың жүйесі ретінде анықтай отырып, орман мониторингінің неғұрлым толық анықтамасын береді. Орман мониторингі мынадай мақсаттарды көздейді: орман қоры туралы тұрақты жаңарып тұратын ақпаратты алу; орман ресурстарын көптеген мақсатқа пайдалану; табиғи және антропогендік ықпал әсерімен орман экологиялық жүйесі жай-күйінің өзгеруін болжау; пайдалану, молықтыру саласындағы тиімді басқару; ормандарды қорғау мен сақтау. Орман мониторингін орман шаруашылығының органдары: яғни Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аң шаруашылығы комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады. Орман мониторингін жүргізу үшін орман шаруашылығын басқарудың мемлекеттік органы мынадай міндеттерді атқарады: жоғырыда көрсетілген Ережеге сәйкес: орманның жай-күйіне топырақ, геоботаникалық, орман патологиялық және басқа да зерттеулер мен іздестірулер жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; аэроғарыштық және ауа райын байқау ақпараттарын, қоршаған ортаның ластануы туралы деректерді алуды ұйымдастыру; түскен ақпараттарды есептеу орталықтарында өңдеуді ұйымдастыру, орман қорын картографиялау және ормандарға абиотикалық, биотикалық және антропогеңдік факторлардың теріс ықпалдарын азайту үшін шараларды әзірлеу; орман қорының жер үсті және қашықтық әдістерімен
зерттеулерін жүргізу, оны картографиялау, орман мониторингін жүргізу үшін деректер банкін жасау мен жүргізу, тақырыптық орман карталарын жасау жөніндегі зерттеулер жүргізу, әдістемелік нұсқаулар мен нұсқамалықтарды мүдделі министрліктер мен ведомстволардың қатысуымен әзірлеу және бекіту; ұзақ мерзімді және жедел ақпарат пен тақырыптық карталарға сұраным мен қажеттіктерін ұдайы зерделеу және орман қорының жай-күйін бағалау, оларға тиісті пайда болатын халық шаруашыығының және табиғат қорғау кажеттеріне сәйкес келетін деректерді енгізу; орман қоры туралы статистикалық және картографиялық ақпаратты жүйелеуді, зерделеу мен сақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ жариялауға тиісті материалдарды басып шығару және орман экологиялық жүйесінің мониторингін өткізу жөніңдегі жұмыстарды қаржыландыру". Орман шаруашылығының органдары өз кезегінде орман экологиялық жүйесінің мониторингі қызметін ұйымдастырады. Орман экологиялық жүйесінің мониторингі қызметіне: орман экологиялық жүйесі мониторингінің республикалық орталығы; орман экологиялық жүйесі мониторингінің өңірлік орталықтары жатады.

Орман экологиялық жүйесі мониторингінің республикалық орталығы орман экологиялық жүйесі мониторингі бойынша мынадай қызметтерді:

1. Орман қоры туралы деректер банкін жасап, жүргізеді;

2. Орман қорын қорғау жөніндегі ақпаратты жинаумен, оны өңдеумен, талдау жасаумен және берумен айналысады;

3. Орман пайдалану және оны молықтыру тәртібіне бақылауды, антропогендік ықпалмен және баска да факторлармен туындайтын орман қорындағы ағымдағы өзгерістердің есебін жүзеге асырады;

4. Орман экологиялық жүйесінің мониторингін жүргізу үшін кажетті ақпаратпен өңірлік орталықтарды жабдықтайды;

5. Орман мониторингі бойынша өзге де қызметті жүзеге асырады.

Өңірлік орталықтар негізінен әркайсысы өз аумағының шегінде орман мониторингі бойынша жұмыстарды жүргізеді. Өңірлік орталықтардың орман шаруашылығы кәсіпорындарының және орман қорғау қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп жүмыс істейтін ақпаратты өңдейтін өздерінің орталықтары мен топтары болады. Орман қорының жай-күйі туралы жинақталған ақпаратты олар одан әрі жинақтау мен талдау үшін Орман экологиялық жүйесі мониторингінің республикалық орталығына мезгіл-мезгіл жіберіп отырады.

Орман экологиялық жүйесі мониторингі туралы Ереже орман мониторингі мыналарды көздейді: орман мониторингінің мәні:

"1) ауа райы деректерін, ауаның, топырақтың судың ластануы туралы ақпарат, орманды жер үстінде зерттеулерінің нәтижелерін, орман қоры шекараларының өзгеруі туралы мағлұматтар, аэроғарыштық ақпарат және басқаларын алу;

2) аэроғарыш суреттерін өндеуде, алынған ақпаратты талдау мен статистикалық және картографиялық ақпарат банктерінің деректерімен салыстыру, орман қорында болған өзгерістерді анықтау;

3) шаруашылық қызметімен және табиғи зілзала әсер етпеген бөліп беру деректеріне көкейтестілік сипат беру; деректердің бөліс және картографиялық банктеріне өзгерістерді енгізу;

4) болған өзгерістерді ескере отырып, орман корының статистикалық көрсеткіштерін қайта есептеу;

5) әр түрлі тақырыптық орман карталарын жасау; орман қорындағы өзгерістерді талдау мен болжау, сондай-ақ әр түрлі ықпалдардан келетін нұқсанды азайту жөніндегі шараларды әзірлеу болып табылады".

Қазақстан Республикасында орман экологиялық жүйелерінің мониторингін жүргізудің құрылымы, мазмұны мен тәртібі туралы Ереженің 6-тармағы орман экологиялық жүйесіне ықпалын байқаудың жер үсті және қашықтық әдістері туралы сөз етеді. Зерттеулерге арналған жер үсті әдістері орманды орналастыру ұйымдарының орманды қорғау мен сақтау қызметтерінің, саланың жобалау және ғылыми ұйымдарының ақпаратын кең көлемде тарта отырып, тұрақты және уақытша сынама алаңдарында (полигондарда) жүргізіледі. Неғұрлым тиімді жұмыс үшін ауа райының деректері мен ауа ортасының, топырақтың және қардың әр түрлі заттармен ластану деңгейі туралы ақпарат беріледі. Қосымша ақпарат ретінде топографиялық-геодезиялық материалдар (оның ішінде жердің сандық үлгілері), табиғат-экономикалық жағдайлар мен шаруашылық қызметі туралы басқа да материалдар тартылады. Байқаудың қашықтық әдісі суретке түсірудің, көп спектрлік сканерлік, әр түрлі сипатта рұқсат етілген жылу инфрақызыл және радиолокациялық аэроғарыштық құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.

Орман мониторингінің тиісті қүжаттамамен білдірілетін өзінің ішкі нысаны, атап айтқанда, ол мыналарда:

1. орман қорының жай-күйінің, оны орман иелеріне, көлемдеріне, тұқымдарына, орман түрлеріне және басқаларына бөлудің тақырыптық карталарында;

2. орман қорының болуы, жай-күйі мен оны бағалау туралы мәтіндік және статистикалық материалдарда болады.

Мемлекеттік экологиялық сарапшылар — бұл мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге қажетті арнаулы білімі және жеткілікті тәжірибесі бар адамдар. Мұндай адамдарды сарапшылық орган тартады. Бұл орайда тапсырысшысының құжаттамасын беретін немесе экологиялық сараптама объектісін әзірлеуші адамдар, сондай-ақ тапсырысшымен немесе әзірлеушімен еңбек немесе өзге де шарттық қатынаста тұрған адамдар мемлекеттік экологиялық сараптаманың сарапшысы бола алмайды.

Мемлекеттік экологиялық сарапшыға белгілі бір құқықтар мен міндеттер берілген, сондай-ақ олар орындаған сараптама үшін жауап береді. Атап айтқанда, мемлекеттік экологиялық сарапшының сараптама үшін қажетті құжаттар мен материалдарды талап етуге, қосымша мамандар тартуға, жүргізілген сараптама жөнінде ерекше пікір қалыптастыруға және т.б. құқығы бар. Экологиялық сарапшының міндеттері қатарына сондай-ақ экологиялық сараптаманың кешенді, объективті, сапалы жүргізілуін қамтамасыз етуді, сонымен бірге өзге де міндеттерін орындауы кезінде заң талаптарын сақтауын жатқызады. Экологиялық сарапшының қызметі үшін сондай-ақ белгілі бір кепілдіктер белгіленген, атап айтқанда экологиялық сарапшының қызметіне келтірілген нұқсанды өтеуге байланысты сот және әкімшілік тәртібінде қандай да бір араласуға тыйым салынады. Экологиялык сараптамаға жататын құжаттамаға тапсырысшылар 35,36-баптарда көзделген белгілі бір құқықтар мен міндеттерге ие болады, атап айтқанда: мынадай құқықтарға:сарапталатын объектілерге қатысты немесе сараптама объектілерінің жекелеген талдамалары мен негіздемелері бойынша жазбаша немесе ауызша түсіндірмелер, ескертпелер мен ұсыныстар беру; экологиялық сараптаманың алдын ала және түпкілікті қорытындыларымен танысу; қосымша, қайталап немесе бақылаушылық экологиялық сараптама жүргізудің орындылығы туралы мәлімдеу; егжей-тегжейлі зерттеулер мен есептеулерді талап етпейтін түзетулерді, өзгерістерді дер кезінде енгізу; Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары, шарт ережелері не өздерінің құқықтары бұзылған жағдайларда қоғамдық сараптама қызметін көрсету кезінде шартты бұзу; экологиялық сараптама жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының бұзылуынан келтірілген зиянды өтеу туралы сотқа талап қою құқығына ие болады.

Міндеттерге:экологиялық сараптамаға қажетті материалдардың сапалы дайындалуы мен берілуін қамтамасыз етуге; экологиялық сараптама субъектілеріне сарапталатын объектілер жөнінде қажетті материалдар мен консультациялар, мәліметтер, есептеулер, қосымша талдамалар беруге; қоғамдық пікірді ескере отырып, сараптама объектісін одан әрі іске асыру жөнінде шешімдер қабылдауға; белгіленген тәртіппен сарапшылық жұмыстарына ақы төлеуге; сараптама қорытындысыңда баяндалған экологиялық сараптаманың нұсқауларын, ұсыныстарын орындауға, кемшіліктер мен жаңсақтықтарды дер кезінде жоюға; сараптама органдары белгілеген мерзімде жобаларды экологиялық сараптамадан қайта өткізуге табыс етуге міндетті.

Мемлекеттік экологиялық сараптама — Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы мен оның жергілікті жерлердегі бөлімшелерінің сараптама қызметінің түрі.

Қоғамдықэкологиялықсараптама — кез келген мемлекеттік қызмет түріне экологиялық баға беру үшін халықтың жекелеген топтарының, қоғамдық бірлестіктер мен ғылыми ұйымдардың бастамасымен құрылатын сараптама комиссиялары ерікті негізде жүзеге асыратын түрі. Ол сол объектілерге жүргізілетін мемлекеттік экологиялық сараптамаға қарамастан жүзеге асырылуы мүмкін.

Субъектілер бойьшша:

• Мемлекеттік экологиялық сараптаманы Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы мен оның жергілікті жерлердегі бөлімшелерінің сараптама қызметінің штаттағы қызметкерлері жүргізеді. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізуді мыналар:

а) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық аткарушы органы мен оның жергілікті жерлердегі бөлімшелерінің штаттағы қызметтің қызметкерлері;

б) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық аткарушы органы мен оның жергілікті жерлердегі бөлімшелері штаттан тыс сарапшыларды тарта отырып құратын сараптама комиссиялары;

в) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы құратын салааралық сараптама комиссиясы жүзеге асырады:

• Қоғамдық экологиялық сараптаманы халықтың жекелеген топтары, қоғамдық бірлестіктер және ғылыми ұйымдар бастамашылығымен құрылатын ерікті негізде сараптама комиссиялары жүзеге асырады. Қоғамдық бірлестіктер басқармасының органдары экологиялық сараптама саласында экологиялық сараптаманы жүргізуді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес олар туралы жарғыларға және ережелерге сәйкес жүзеге асырады.

Міндеттілік сипаты бойынша:

• Мемлекеттік экологиялық сараптаманың міндетті сипаты болады және табиғат пайдалану және қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсер ету бөлігінде құқықтық, ұйымдастырушылық және шаруашылық шешімдер қабылдаудың алдында жасалуға тиіс. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмайынша жобаны іске асыруға тыйым салынады. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының тұжырымдары мен ұсыныстары Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган қабылдағаннан кейін барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады.

Қоғамдық экологиялық сараптама белгілі бір шаруашылық қызметін жүзеге асыратын адамның қалауы бойынша жүргізілуі мүмкін. Қоғамдық сараптаманың ақпараттық және ұсынымдық сипаты болады.

Жүргізудің рәсімі бойынша:

• Мемлекетгік экологиялық сараптама рәсімі:

1) мемлекеттік экологаялық сараптама жүргізу туралы өтінішті тіркеуді;

2) сараптамаға берілген кажетті материалдардың, реквизиттердің болуын және толымдылығын, соның ішінде жоспарланып отырған шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалауды және олардың Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына және нормативтік талаптарға сәйкес келуін анықтауды тексеру болып табылатын алдын ала сараптаманы;

3) сараптаманың қажетті деңгейін, материалдардың талдап өнделуін, жоспарланып отырған не жүзеге асырылатын қызметтің экологиялық қауіптілік дәрежесіне салыстырмалы талдау жасау мен ішінара баға беруді, сараптама объектілерін іске асыру негіздерінің жеткілікті және анық болуын көздейтін сараптаманың негізгі сатысын;

4) жекелеген сараптамалық бағасы мен экологиялық сараптаманың нәтижелерін қорытуды, материалдардың келісілгені немесе олардың қабылданбай тасталғаны туралы тұжырымдары бар сараптамалық қорытынды әзірлеуді қоса алғанда, сараптаманың қорытынды сатысын қамтиды.

• Қоғамдық экологиялық сараптама рәсіміне:

1) қоғамдық экологиялық сараптама жүргізудің мемлекеттік тіркелуі;

2) мәлімделуі (мәлімдемеде қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізудің бастамашысы, қоғамдық сараптама құралымының және экологиялық сараптаманың объектілері орналасқан жері туралы мағлұмат хабарланады);

3) қоғамдық экологиялық сараптама корытындысын дайындау; бұқаралық ақпарат нәтижелері туралы хабар жатады.

Жүргізу мерзімдері бойынша:

• Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу мерзімі үш айдан аспауға тиіс, қаралатын құжаттаманың көлемі мен күрделілігіне қарай бұл мерзім алты айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу мерзімін алты айдан астам уақытқа ұзарту құжаттама тапсырысшысының өтініші бойынша ғана және оның сараптама жұмыстарына қосымша ақы төлеуге кепілдіктері болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

• Қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу үшін мерзім белгіленбейді, демек, ол тапсырысшының және сараптама комиссиясының қалауы бойынша анықталуы мүмкін, бұл комиссия экологиялық сараптама жүргізеді.

Қаржыландыру көзі бойынша:

• Мемлекеттік экологиялық сараптаманы қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сараптама жұмыстарын жүргізгені үшін төленетін төлемдер, сондай-ақ табиғат қорғау қорларының осы мақсатқа арнап көзделген қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

• Қоғамдық экологиялық сараптаманы қаржыландыру қоғамдық бірлестіктер мен қорлардың өз каражаты есебінен немесе қоғамдық негізде жүзеге асырылады.

• Сарапшылық комиссияның нәтижелері қорытынды түрінде ресімделеді.

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы - экологиялық сараптама объектілерін іске асыру жөнінде шешімдер қабылдауға болатындығы мен мүмкіндігі туралы тұжырымдар мазмұндалатын құжат. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының тұжырымдары мен ұсыныстары Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган қабылдағаннан кейін барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады. Мемлекеттік экологиялық сараптама теріс қорытынды берген жағдайда тапсырысшы сараптамалық қорытындының ұсыныстарына сәйкес оларды пысықтауды қамтамасыз етуге және ол белгілеген мерзімде қайтадан экологиялық сараптама жүргізуге барлық материалдарды табыс етуге немесе көздеп отырған қызметінен бас тартуға міндетті. Сонымен бірге, егер мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы теріс болып табылатын болса, онда кез келген нысандағы қаржы мекемелерінің қаржыландыруы және жобаларын іске асыруы жүргізілмеуі мүмкін. Егер мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы оң болып табылатын болса, онда ол жарамды болады:

1) жобалау құжаттамалары үшін — құрылыс басталғанға дейін оны берген күннен бастап екі жыл бойы;

2) жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан кәсіпорындардың құжаттамалары үшін — бес жылға дейін.

Экологаялық сараптама, егер:

• экологиялық сараптаманы жүргізудің рәсімі бұзылса;

• экологиялық нормалар мен ережелер, экологиялық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен молықтыру талаптары орындалмаса немесе бұрмаланса;

• азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін жайлы қоршаған ортаға құқықтары, халықтың басқа да экологиялық құқықтары мен мүдделері, экологиялық-сараптамалық процеске қатысушылардың құқықтары бұзылса;

• экологиялық сараптамаға қатысатын тараптардың құқықтары бұзылуының өзге де жағдайлары анықталатын болса, жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Мемлекеттік экологиялық сараптама органдарымен тапсырысшылар арасында туындаған келіспеушіліктерді Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы былайша қарайды:

1. Келіспеушіліктер хаттамасы ресімделеді.

2. Келіспеушіліктер хаттамасы Казақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органына қажетті материалдарды қоса отырып жіберіледі.

3) Келіспеушіліктер қорытындысын берген мемлекеттік экологиялық сараптама органының, сондай-ақ тапсырысшының қатысуымен келіспеушіліктер хаттамасы мен басқа да қажетті материалдар түскен күннен бастап бір ай ішінде шешіледі. Бұл мерзім Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін, бірақ үш айдан аспауға тиіс.

4) Келіспеушіліктер жөніндегі шешімге сотқа шағымдануы мүмкін.

Экологиялық сараптама саласындағы мүліктік даулар сот тәртібінде шешіледі.

Мемлекеттік кадастрлар барлық қоршаған ортаға қатысты жүргізілмейді. Есеп ерекшелігін ескере отырып, табиғат объектілерінің әр алуан әдістемелері, физикалық қасиеттері, олар орындайтын міндеттері, әр түрлі нысандары — бірыңғай табиғат кадастрын белгілі бір кезенде жүргізу мүмкін болмайды, оның үстіне тиімді де емес.

Табиғи ресурстар кадастры табиғат объектісінің табиғи және шаруашылық жағдайы, оның мөлшерлік және сапалық сипаттамалары туралы, есеп пен бағалау, өзге де қажетті мәліметтер туралы мағлұматтар жүйесі болып табылады (әр түрлі объектілерге қатысты олар әр алуан болуы мүмкін — шақырымдар, тонналар, жыныстар және т.т.).

Табиғи ресурстар кадастрларын жүргізу кезінде бірқатар ерекше сәттерді атап көрсетуге болады:

1) біріншіден, кадастр табиғат объектілері т







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 5850. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия