Студопедия — Экологиялық аудиттің құқықтық жағдайы.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Экологиялық аудиттің құқықтық жағдайы.






Қазақстанның нарықтық қатынастарының қалыптасуы мен тығыз ұштасуы жағдайларында дүниежүзілік экономикаға ықпал етудің экономикалық әдістеріне негізделген шешімдер қабылдау талап етіледі. Мысалы, табиғат пайдаланудың тұрақты экологиялық жағынан қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаға экономиканың ықпалын азайту арқылы ресурстық-экологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін табиғат пайдаланудың экономикалык тетіктерін жетіддіру жолымен барлық әзірленетін мемлекеттік, өңірлік және салалық бағдарламаларға экологиялық шарттар мен талаптарды енгізу қажет.

Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеудің мақсаттары төлемдер жүйесін қалыптастыру мен табиғи ресурстарды молайту және ұтымды пайдаланудың тұрақты экономикалық негізін құру, сондай-ақ мемлекеттің мүдделері мен табиғат пайдаланушылардың мүдделерін экономикалық жағынан қорғау болып табылады.

Экономикалық әдістер мыналарға бағытталған: шаруашылық қызметінің субъектілері материалдық шығынды анықтау арқылы өзінің шаруашылық қызметінде қоршаған ортаның ластануын азайтуға мүдделі болуы керек. Сөйтіп, экологиялық қатынастар субъектілеріне ықпал етудің экономикалық әдістерінің жүйесі қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыруға жәрдемдеседі. Осы көзқарасты сондай-ақ Б. В. Ерофеев те ұстанып отыр, ол былай деп есептейді: "Қоршаған ортаны экономикалық жағынан реттеу заңның экологиялық талаптарын сақтауда экономикалық мүддені қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылады". Табиғат қорғау қызметінің тиімділігі қаржы ынталылығын жасаумен анықталады, ал табиғат пайдаланушыларды табиғат қорғау шаралары мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды жүргізуге ынталандырудың өзі қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың көмегімен жүргізілуге тиіс. Экономикалық тетік ұғымына келетін болсақ, М. М. Бринчук былай деп есептейді: "Табиғат қорғаудың экономикалық тетігі дегенннен қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдаланудың занда көзделген экономикалық шараларды қамтамасыз етудің жиынтығы ұғынылады". Сондай-ақ, инновацияларды және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды енгізу, неғұрлым тиімді аз қолданылатын технологияны дамыту мен енгізу. В. В. Петровтың пікірі бойынша, экономикалық тетіктің құрамына тұрақты жұмыс істейтін институттар, оларсыз калыптықызмет атқара алмайды, сондай-ақ нарықтық қатынастарға көшетін қатынастар негізінде пайда болған жаңа институттар жатады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік Тұжырымдамасына сәйкес табиғат пайдаланудың жаңа экономикалық тетіктері баға белгілеудің жүйесіне экологиялық сипаттамаларды, табиғат пайдалануға ақы төлеу жүйесін жетілдіруді және міндетті экологиялық сақтандыруды көздейді. Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері: қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау мен қаржыландыру; Қазақстан Республикасының Салық кодексімен белгіленген табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін ақы төлеу; қоршаған ортаны ластағаны үшін ақы төлеу; Қазақстан Республикасының Салық кодексімен белгіленген табиғи ресурстарды қорғау және молықтыру үшін ақы төлеу; қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру; экологиялық сақтандыру; қоршаған ортаны экономикалық бағалау және оның ластауынан келтірілген нұқсанды өтеу; экономикалық тетіктің рөлі ең алдымен мынамен анықталады: ол табиғатты және қоршаған ортаны ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл міндет осы тетікке жататын барлық экономикалық шараларды дәйекті түрде жүзеге асыру арқылы іске асырылады. Экономикалық шаралар мен оның әдістері салалық табиғи ресурстар актілерінде де көзделген. Мысалы, ҚР-ның 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 104-бабына сәйкес орман қорын күзетудің, қорғаудың, пайдаланудың, ормандарды молықтыру мен орман өсірудің экономикалық принциптері мен әдістері: мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсіру іс-шараларын жоспарлау; мемлекеттік орман қорында Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нормалар мен нормативтерге сәйкес орман шаруашылығын жүргізуді қаржыландыру; орман ресурстарын және ормандардың пайдалы касиеттерін ақылы түрде пайдалану; ерекше қорғалатын орман аумақтарын ақылы түрде пайдалану; Қазақстан Республикасының аумағында орманды өңірлерді ұлғайтуды ынталандыру; мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік орман иеленушілердің және орман пайдаланушылардың жауапкершілігін сақтандыру болып табылады.

ҚР-ның Су кодексінің 132-бабына сәйкес экономикалық реттеудің негізгі түрлері:су пайдаланушыдан Казақстан Республикасының салық заңдарында көзделген төлемдер мен алымдарды алу; су объектілерін ұтымды пайдалану мен қорғаудың бекітілген бағдарламаларын әзірлеу және қаржыландыру; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың ресурстар сақтауға қалдығы аз технологияларды және энергияның дәстүрден тыс түрлерін енгізу және игеруі, су ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалану жөніндегі басқа да тиімді шараларды жүзеге асыруы кезінде оларға кредиттік және өзге де жеңілдіктер беру; қоғамдық қорлар құру және оларды су объектілерін қалпына келтіру мен қорғау үшін пайдалану болып табылады.

Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуде экономикалық шаралар рөлін сипаттаған кезде мынаны атап көрсету керек: табиғат қорғау қызметін басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістері бір-біріне баламалы болып табылмайды. Керісінше, олар бір-бірін толықтырады және табиғат қорғау қызметімен басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістерін қолдануды оларды оңтайлы ұштастыру бағытында реттеудің маңызы зор. Петров В.В. сондай-ақ былай деп пайымдайды: "қазіргі кезеңде экологиялық қатынастарды реттеудің негізгі белгісі экономикалық ынталандыру арқылы қоршаған табиғи ортаны қорғауда әкімшілік-құқықтық құралдарды ұштастыра жүргізуде болады". Экономикалық тетіктің ынталандырушылық қызметі олардың атына қойылған экономикалық заңның талаптарын табиғат пайдалаушылардың ынталылығы жағдайын жасауда болып табылады. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру қоршаған ортаны және ынталандыру сипатындағы өзге де шараларды тиімді жүзеге асыратын заңды тұлғаларға — табиғат пайдаланушыларға жеңілдіктер мен артықшылықтар беру арқылы жүзеге асырылады.

Экономикалық ынталандыруға:жеке және заңды тұлғаларға аз қалдықты және қалдықсыз технологияларды енгізген кезде салық және өзге де жеңілдіктерін белгілеу, қайталама ресурстарды пайдалану, табиғат қорғау тиімділігін қамтамасыз ететін өзге де қызметті жүзеге асыру; ұйымдар мен азаматтарға ластайтын заттардың шығарындылары мен тастандыларын кепілді түрде төмендету жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшін қаржы қаражаттарын шарт талаптарында беру; меншік нысанына қарамастан қоршаған ортаны тиімді жүзеге асыратын ұйымдардың жеңілдікпен кредит беруін қолдану; экологиялық жағынан таза өнімге мадақтау бағалары мен үстемелерді қолдану; экологиялық жағынан зиянды өнімге, сондай-ақ экологиялық жағынан қауіпті технологияны қолдана отырып, шығарылған өнімге арнайы салық салуды енгізу және басқалары жатуы мүмкін. Сонымен бірге экономикалық ынталандыру шаралары салалық нормативтік-құқықтық актілерде де көзделуі мүмкін. Мысалы, ҚР-ның Орман кодексінің 106-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының орманды аумағын арттыруды экономикалық жағынан ынталандыру мыналар арқылы: Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес босалқы жерлерден ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамсыз өзге де жер санаттарынан орман қорына жер бөлу; Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес, орман өсіруді ынталандыру және арнайы мақсаттағы плантациялар, агроорман мелиорациялық және өзге де қорғаншылық екпелер жасау; Республикасының сүрек ресурстарына мұқтажын қамтамасыз ету мақсатында өнімі жоғары плантациялық екпелер отырғызуға ынталандыру; селекциялық-гендік негіздегі тұқым қуалау сапасы жақсартылған орман тұқымдарын және отырғызылатын материалдарды өндіру мен қолдануды ынталандыру; орман шаруашылығына инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау жолымен жүзеге асырылады.

Қоршаған ортаны қорғау тетігі міндетінің мәні мынада болып табылады: экономикалық шаралардың көмегімен экологиялық заңмен және басқа да нормативтік-құқықтық актілермен анықталатын мемлекеттің экологиялық саясаты мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз ету. Бұл міндет экономикалық тетіктің жекелеген элементтері неғұрлым оңтайлы реттеліп, іске асырылатын болса, соғұрлым табысты шешілетін болады. Қазақстанның осы заманғы дамуы мен басталған реформаларды тереңдете түсу жөнінде қабылданған стратегиялық құжаттар республиканың ішкі әлеуметін және оның инвестициялық мүмкіндіктерін пәрменді түрде пайдалануды көздейді. Осы көзқарас тұрғысынан, ұлттық сақтандыру жүйесін дұрыс ұйымдастыру мен сақтандырудың әлеуметтік маңызды түрлерін жедел дамытуда үлкен резерв негіз болып отыр. Сақтандыру жүйесі адам өмірінің, өндірістік-экономикалық қызметтің барлық жақтарын қамтиды, ол өтемдік және жинақтаушы-сақтық міндеттерін атқарады. Осы заманғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру, сақтандыру қызметтерінің нарығын сапалық жаңа деңгейге көтеру жөніндегі шараларды әзірлеу мен кезең-кезеңімен іске асыруды қажет етеді. Нарықтық экономика жағдайларында сақтандыру институтының ерекше маңыздылығы бірқатар факторлармен анықталады. Біріншіден, сақтандыру мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан халық пен ұйымдардың әр түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта табиғи және техногендік зардаптарды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауыртпалығы мемлекеттік бюджетке түседі, оның мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табылады. Екіншіден, қазіргі жағдайларда сақтандыру тетігін пайдалану елде кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі салаларының, оның ауа райының және географиялық орналасуының, экология деңгейінің ерекшеліктерін ескере отырып, өндірістің пайдаланылып отырған технологиясын одан әрі жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Экологиялық сақтандыру өзінің лайықты орнын алуға тиіс, өйткені өндірістік авариялардың алдын алу шараларына мемлекет пен кәсіпорын қаражатының болмауы қоршаған ортаның жай-күйінің нашарлауына әкеп соқтырған болар еді. Экологиялық сақтандыру зиян келтірушінің қаржылық жағдайына қарамастан зардап шегушілердің заң бойынша өздеріне тиесілі сомаларын алуға кепілдік беруіне мүмкіндік жасайды. Ерікті экологиялық сақтандыру заңды тұлғалар мен азаматтардың өз еркін білдіруі бойынша жүзеге асырылады. Ерікті экологиялык сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі сақтанушылар мен сақтандырушылардың арасындағы келісімдермен белгіленеді. Міндетті экологиялық сақтандырудың тәртібі қоршаған ортаның авариялық ластануы салдарынан үшінші адамның өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіру салдарынан және оны өткізудің құқықтық, қаржылық және ұйымдық негіздерін белгілейтін міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің міндетті сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді.

Экологиялық аудит тікелей антропогендік қызметпен байланысты тұтастай алғанда қоршаған ортаның құлдырауына не халықтың өмір сүру жағдайларының және экологиялық тәуекелдердің нашарлауына жеткізетін қоршаған орта компоненттерінің табиғи жай-күйінің көрінеу әрі жасырын бұзылуларын анықтаудың, оларды талдау мен бағалаудың тетігі болып табылады. Сондай-ақ, экологиялық аудит қоршаған ортаны қорғау жөніндегі табиғат қорғау нормалары мен талаптарының орын алған бұзылуларының алдын алу мен жою мақсатында өзінің шаруашылық қызметінің экологиялық салдарларына бақылау жасауының құралы, сондай-ақ белгілі бір аумақтағы жеке және заңды тұлғалардың алдағы қызметінің мүмкіндіктері мен бағыттары туралы шешімдер қабылдау үшін басқару құралы болып табылады (жұмыстың бұрынғы режимін сақтау, қайта құру, жаңғырту және т.т.). Аудитті жүзеге асыру кезінде база ретінде: қолданыстағы заң актілері, қоршаған орта мен халықтың денсаулығын қорғау бөлігінде бақылау міндетін жүзеге асыратын ведомстволар шығаратын нормативтік, әдістемелік және нұсқаулық құжаттар; табиғат пайдаланушылардың өндірістік қызметінің техникалық және экологиялық сипаттамасы; қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйіне мониторингтің деректері; техникалық, технологиялық, инженерлік шешімдерді жетілдіру жөніндегі ғылыми-зерттеу және өзге де жұмыстардың нәтижелері, бұларды іске асыру қоршаған ортаны сауықтыруды қамтамасыз етеді; табиғат қорғау, экономикалық және әлеуметтік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы статистикалық органдарының деректері; кәсіпорынды, қаланы, өңірді дамытудың индикативтік жоспары пайдаланылады.

Міндетті экологиялық аудит пен бастамашылық экологиялық аудит экологиялық аудиттің түрлері болып табылады. Жеке және заңды тұлғалардың міндетті экологиялық аудитін жүргізу үшін негіздер мыналар болып табылады: құжат жүзінде дәлелденген жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметімен келтірілген қоршаған ортаға нұқсаны; заңды тұлға — табиғат пайдаланушыны қайта ұйымдастыру; қарауында стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық жағынан қауіпті объектілері бар заңды тұлғалардың банкротқа ұшырауы. Бастамашылық экологиялық аудит бастамашы мен экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның арасындағы экологиялық аудитті жүргізуге жасалған шартта көзделген экологиялық аудиттің нақты міндеттерін, мерзімдері мен көлемін ескере отырып аудиттелетін субъектінің не қатысушының бастамасы бойынша жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 тамыздағы №889 "Экологиялық аудиторлық қызметті лицензиялаудың және жүргізудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес экологиялық аудит бірнеше кезеңдерде жүргізіледі:

1) экологиялық аудиттің мақсаттарын анықтау (аудиттелетін адам қызметінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасына және экологиялық талаптарға сәйкестігін анықтау және басқалары);

2) тексерілетін адамның құжаттамасын алдын ала талдау (аудиттелетін адам оны алдын ала талдау жүргізу үшін дайындалып жатқан аудит бойынша құжаттаманы ұсынады, соның ішінде: шаруашылық жүргізуші субъектінің менеджмент жүйесі жөніндегі құжаттама, экологиялық аудит жөніндегі алдыңғы қорытындылар, аудитті орындаушыға экологиялық аудитті жүргізу мүмкіндігін анықтау үшін қажетті техникалық құжаттама);

3) экологиялық аудитті жүргізуге шарт жасасу;

4) экологиялық аудитті жүргізу (экологиялық аудит аудитор жасайтын және аудиттелетін адаммен келісілетін аудит жоспарына сәйкес жүргізіледі);

5) аудиторлық есепті жасау (міндетті экологиялық аудиттің нәтижелері қоршаған ортаны қорғау саласыңдағы уәкілетті органға беріледі, ал бастамашылық экологиялық аудиттің нәтижелері құпия болып табылады және оның мәліметтерін жариялау құқығына тек аудиттелетін субъекті ғана ие болады).

Экологиялық аудитор Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіпте аттестациядан өткен және экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алған жеке тұлға болып табылады. Мысалы, Қазақстан Републикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 тамыздағы №889 "Экологиялық аудиторлық қызметті лицензиялаудың және жүргізудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес жеке тұлғаларға арналған біліктілік талаптарына мыналар кіреді: жоғары кәсіптік немесе орта кәсіптік білім, қоршаған орта саласында кем дегеңде 3 жыл жүмыс тәжірибесінің болуы, экологиялық аудитор біліктілік куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері, тиісті материалдық-техникалық база (экологиялық аудитті жүргізу үшін қажетті компьютерлік және электронды техника, анықтамалық және әдістемелік әдебиет, нормативтік құқықтық актілер, техникалық құжаттар және т.б.).

Экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның біліктілік деңгейі осы қызмет түріне қойылатын талаптарға сәйкес келетін субъектіге қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, егер заңнамалық актілерде өзгеше мерзім белгіленбеген болса, барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап - бір ай мерзімнен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін — он күндік мерзімнен кешіктірмей береді.

Экологиялық аудитор жеке кәсіпкер ретінде не экологиялық аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыруға құқылы. Экологиялық аудиторлық ұйым — өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда, кез келген ұйымдық-құқықтық экологиялық аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық ұйым.

Экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдардың; құқық қатынастарының субъектілері ретінде құқығы болады және белгілі бір міндеттер атқарады. Мысалы олар: экологиялық аудитті жүргізудің әдістерін дербес анықтауға; экологиялық аудит өткізуге жасасылған шарттардың талаптарын орындау үшін қажетті құжаттаманы алуға және тексеруге; шарт негізінде экологиялық аудитті жүргізуге қатысуға әр түрлі бейіндегі мамандарды тартуға; экологиялық аудитті жүргізуден бас тартуға не экологиялық аудитті жүргізуге жасасылған шарт талаптарын аудиттелетін субъекті бұзған жағдайда экологиялық аудиторлық есеп беруге құқылы.

Экологиялық аудиторлар мен экологиялық аудиторлық ұйымдар:заңда көрсетілген мән-жайлардың салдарынан экологиялық аудитті жүргізу мүмкін еместігі туралы хабарлауға; аудиттелетін субъектіден алынған, сондай-ақ экологиялық аудитті жүргізу процесінде жасалған құжаттамалардың сақталуын қамтамасыз етуге; аудиттелетін субъектіге Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарға құжаттардың сәйкессіздігі анықталғаны туралы хабарлауға; экологиялық аудит нәтижелерінің құпиялылығын, сондай-ақ экологиялық аудитті жүргізу кезінде алынған мәліметтердің және мәні болатын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға; Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы міндетті экологиялық аудиттің нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарлауға; экологиялық аудитті жүргізуге жасасылған шарт бойынша міндеттемелерден туындайтын өзге де талаптарды орындауға кұқылы.

Өз кезегінде аудиттелетін субъект: экологиялық аудиторды не экологиялық аудиторлық ұйымды тандау туралы шешімді конкурс не өзге да ішкі рәсім негізінде дербес қабылдауға; экологиялық аудитті жүргізуге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптары туралы егжей-тегжейлі ақпарат алуға; экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымының ескертпелері мен қорытындыларына негізделген нормативтік құқықтық актілермен танысуға; экологиялық аудитордан немесе экологиялық аудиторлық ұйымнан Қазақстан Республикасының заңнамасына экологиялық есептіліктің және өзге де құжаттамалардың сәйкессіздігі анықталғаны туралы ұсыныстар, ақпарат алуға; экологиялық аудитордың немесе экологиялық аудиторлық ұйымның экологиялық аудитті жүргізуге жасасылған шарт талаптарын бұзу жағдайында олардың экологиялық қызмет көрсетулерінен бас тартуға құқылы.

Сонымен бірге аудиттелетін субъект: міндетті экологиялық аудитті жүргізуді ұйымдастыруға; экологиялық аудиторға және экологиялық аудиторлық ұйымға экологиялық аудитті дер кезінде және сапалы жүргізуге жағдайлар жасауға; экологиялық аудитті жүргізу үшін экологиялық аудиторға және экологиялық аудиторлық ұйымға қажетті толық және дұрыс құжаттама мен өзге де ақпарат, ауызша немесе жазбаша нысанда түсіндірме беруге; қоршаған ортаға ықпал ету туралы дұрыс есептілік және экологиялық аудитті жүргізу үшін қажетті өзге де құжаттарды беруге; егер экологиялық аудитті жүргізуге жасасылған шартта өзгеше көзделмейтін болса, экологиялық аудитордың және экологиялық аудиторлық ұйымның қызметін шектемеуге; экологиялық аудитордың және экологиялық аудиторлық ұйымның талап етуі бойынша қажетті ақпарат алу үшін өзінің атынан үшінші адамның атына жазбаша сұрау салу жіберуге; экологиялық аудиторлардың және экологиялық аудиторлық ұйымның қызметтеріне төлемақыны қамтамасыз етуге; экологиялық аудитті жүргізуге жасасылған шарт бойынша міңдеттемелерден туындайтын өзге де талаптарды орыңдауға міңдетті.

Экологиялық аудиторлар және экологиялық аудиторлық ұйымдар ерікті негізде Экологиялық аудиторлар палатасына біріге алады, ол экологиялық аудиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау үшін құрылған коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін-өзі басқаратын ұйым болып табылады. Экологиялық аудиторлар палатасы заңды тұлға болып табылады және оның мүшелерінің жалпы жиналысында қабылданатын жарғы негізінде іс-қимыл жасайды, сондай-ақ мына қызметтермен айналысады:

1) жалпы басшылықты жүзеге асырады және өз мүшелерінің қызметін үйлестіреді;

2) экологиялық аудитті жүргізудің үлгі нысанын бекітеді;

3) мемлекеттік оргаңдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда өкілдік
етеді және өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды, оларға экологиялық аудиторлық қызметін дамытуда көмектесіп, жәрдемдеседі;

4) қоршаған ортаны қорғау саласыңдағы уәкілетті органға өзінің
азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан экологиялық аудиторлардың жалтаруы жағдайлары және Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының өзге бұзушылықтары туралы хабарлайды;

5) экологиялық аудиторларын аттестациялау жөніндегі біліктілік комиссияларын құруға және экологиялық аудиторларын аттестациялауды жүргізуге қатысады;

6) экологиялық аудиторлардың тағылымдамадан өтуін және оларды оқытып-үйретуін ұйымдастырады, экологиялық аудиторлар үшін оқу бағдарламаларын белгілеуге қатысады;

7) экологиялық аудиторлардың заңсыз іс-әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарайды;

8) экологиялық аудиторларын аттестациялау жөніндегі біліктілік комиссиялары алдына экологиялық аудиторлардың лицензиядан бас тартуы туралы өтініш жасайды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Экологиялық төлемдер мен алымдарды алу жәке есептесу тәртібі.

2. Экологиялық сақтандыруды құқықтық реттеу.

3. Экологиялық аудиттің құқықтық жағдайы.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. Баимбетов Н.С. Правовые основы экологической экспертизы в Республике Казахстан. - Алматы,2001.

2. Байдельдинов Д.Л., Бекишева С.Д. Экологическое право Республики Казахстан (жалпы бөлім). - Алматы, 2004.

3. Культелеев С.Т. Экологическое право Республики Казахстан. - Алматы, 2003.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 4136. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия