Студопедия — Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау.






Жерді қорғау — оның табиғи қасиеті мен шаруашылық мақсатын қорғау. ҚР Жер кодексінің 17-тарауы жерді қорғауға арналған, ал 139-бапта жерді қорғаудың мақсаттары мен міндеттері анықталған. Бұл бапқа сәйкес, жерді қорғау қоршаған ортаның бір бөлігі ретінде жерді қорғауға, жерді ұтымды пайдалануға, жерді ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан негізсіз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа да іс-шаралар жүйесін қамтиды. Жерді ұтымды пайдалану ауыл және орман шаруашылығында топырақтың құнарлығын арттырумен байланысты агротехникалық шараларды жүргізу арқылы жер пайдалануды білдіреді. Жерді қорғау мақсаттары болып мыналар табылады: өндірістің экологиялық қауіпсі зтехнологияларын ынталандыру және орман мелиорациялық, мелиорациялық және басқа да іс-шараларды жүргізу арқылы жердің тозуы мен бұлінуін, шаруашылық қызметтің басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау; тозған немесе бұлінген жерді жақсарту мен қалпына келтіруді қамтамасыз ету; жерді оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерін тәжірибеге енгізу. Жерді қорғаудың аталған мақсаттары мен міндеттерінің барлығы нысаналы болып табылады, оларды жүргізу үшін жер туралы заңнамада ауыл және орман шаруашылығы өндірісі және құрылыс объектісі процесіне қатысатын жауапты тұлғалар белгіленген. Жерді ұтымды пайдалану мен оны қорғауға қатысты жүргізілетін бақылауды келесі түрлерге бөлуге болады:

· мемлекеттік бақылау;

· ведомстволық бақылау;

· өндірістік бақылау;

· қоғамдық бақылау.

Жерді пайдалану мен қорғауға қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 19-ақпандағы № 235 қаулысымен Жерді пайдалану мен қорғауға қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы ереже бекітілді. Бұл ережеде аталғандай, жерді пайдалану мен қорғауға қатысты мемлекеттік бакылауды жергілікті атқарушы органдар, жер ресурстарын басқару, табиғатты қорғау жөніндегі атқарушы органдар және өз құзыреті шегінде өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырады.

Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын өзге де уәкілетті органдардың қатарынан келесі органдар аталған:

· Қазақстан Республикасының Денсаулық қорғау министрлігі;

· Қазакстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі;

· Қазакстан Республикасының Су ресурстары жөніндегі комитеті.

Бұл органдар өз функцияларын жергілікті атқарушы органдармен және өзара бірлесе отырып жүзеге асырады. Ереженің күші жергілікті бюджеттен қаржыландыратын, жергілікті атқарушы органдар құрған жергілікті инспекцияларға да таралады. Жер инспекцияларына әдістемелік басшылықты Қазақстан Републикасының Жер ресустарын басқару жөніндегі агенттігі жүзеге асырады. Өз құзыреті шегінде жерді пайдалану мен қорғауға қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың нұсқаулары учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың барлығы үшін міндетті болып табылады.

Жер пайдалану құқығы. Бұл институт жер құқығы жүйесіндегі аса маңызды институттардың бірі. Жер пайдалану құқығы – бұл тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін ақылы және ақысыз негізде шектеусіз мерзімге немесе белгілі бір мерзім ішінде иелену және пайдалану құқығы.

Жер құқығы қатынастарының жер пайдалану саласындағы субъектілері болып мыналар табылады:

1) мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілер;

2) ұлттық және шетелдік субъектілер;

3) жеке және заңды тұлғалар;

4) тұрақты және уақытша субъектілер;

5) бастапқы және кейінгі субъектілер.

Жер құқығы қатынастарының субъектілері өз құрамы бойынша бірыңғай емес және жерлердің құқықтық режиміне, санаттарына, пайдалануына, жалға берілуіне, меншік түрлеріне және табиғат объектілерінің басқа түрлерімен байланысына қарай күрделі болып келеді.

Жер пайдалану құқығы заттық құқық болып табылады. Жер пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иелiктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, өтеулi немесе өтеусiз алынатын болуы мүмкін. Жер кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген негiздерден басқа реттерде ешкiмдi де жер пайдалану құқығынан айыруға болмайды.

Жер пайдаланушылар:

1) мемлекеттiк және мемлекеттiк емес;

2) ұлттық және шетелдiк;

3) жеке және заңды тұлғалар;

4) тұрақты және уақытша;

5) бастапқы және кейiнгi болып бөлiнедi.

Жep пайдалану құқығы: жер пайдалану құқығын табыстау; жер пайдалану құқығын беру; жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен ауысуы (мұраға қалдыру, заңды тұланың қайта ұйымдастырылуы) арқылы туындайды. Жер пайдалану құқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты ескерiле отырып жүзеге асырылуға тиiс.

Жер пайдалану құқығы:

1) мемлекеттiк органдар актiлерiнiң;

2) азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң негiзiнде;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздерде туындайды.

Жер пайдалану құқығын табыстау тұлғаға жер пайдалану құқығын тiкелей мемлекеттiң беретiнiн бiлдiредi. Азаматтарға және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығын табыстау облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының жер учаскесiне құқық табыстау жөніндегі құзыретiне сәйкес оның шешiмi негiзiнде жүргiзiледi. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы мемлекеттiк емес жер пайдаланушыларға уақытша жер пайдалану құқығын табыстаған кезде уақытша жер пайдалану құқығын табыстау туралы шешiм негiзiнде жер пайдаланушылармен жер учаскесiн жалға беру шарттары немесе уақытша өтеусiз жер пайдалану шарттары жасалады. Егер жер учаскесi жер қойнауын пайдалануға лицензия немесе келiсiмшарт жасасуды талап ететiн қызметтi жүзеге асыруға немесе iс-қимыл жасауға арналса, осы учаскеге жер пайдалану құқығын табыстау жер қойнауын пайдалануға тиiстi лицензия алынған немесе келiсiмшарт жасалған соң жүргізіледі.

Жер пайдалану құқығын беру тұлғаға жер пайдалану құқығын басқа жер пайдаланушының беретiнiн бiлдiредi. Жер пайдалану құқығын беру азаматтық-құқықтық мәмiлелер негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздер бойынша жүргізіледі. Жер пайдалану құқығын иелiктен шығару азаматтық-құқықтық мәмiлелер (сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбастау және басқалар) негiзiнде жүргізіледі. Жер пайдалану құқығын белгiлi бiр мерзiмге басқа тұлғаға беру жалдау немесе жер учаскесiн уақытша өтеусiз пайдалану шартының негiзiнде жүргізіледі. Жер пайдалану құқығын беру мен оны иелiктен шығаруды уақытша өтеулi жер пайдалану құқығын сатып алған тұлғалар ғана жүргiзе алады. Жер пайдалану құқығын иелiктен шығару және оны беру кезiнде жер пайдаланушылардың жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өз бетiнше өзгертуге құқығы жоқ.

Жер пайдаланушылардың;:

1) ортақ пайдаланудағы;

2) қорғаныс қажеттерiне берiлген;

3) орман қорының;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы;

5) қызметтiк жер телiмiнiң;

6) уақытша өтеусiз және уақытша қысқа мерзiмдi өтеулi жер пайдалану құқығымен берiлген жер учаскелерiнiң;

7) кепiлге берудi қоспағанда, шаруа (фермер) қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша жер пайдалану құқығымен берiлген жер учаскелерiнiң;

8) су қорының жерiнде жер пайдалану құқығын иелiктен шығаруды қоса алғанда, жер пайдалану құқығына қатысты мәмiлелер жасасуына жол берiлмейдi.

Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады.

Меншiк құқығының субъектiлерi: республика аумағындағы жерге мемлекеттiк меншiк құқығының субъектiсi - Қазақстан Республикасы; кодексте белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жер учаскелерiне жеке меншiк құқығының субъектiсi - азаматтар және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар, Жер кодексінде өзгеше белгіленбесе, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiнiң меншiк иесi болып табылатын азамат Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде жер учаскесi мемлекет меншiгiне қайтарылуға тиiс не жер учаскесiне құқық 10 жылға дейiн жалдау шартымен уақытша жер пайдалану құқығына бiр жыл iшiнде қайта ресiмделуге тиiс. Жер учаскесi мемлекет меншiгiне қайтарылған кезде, жер учаскесiнiң сатып алу бағасы меншiк иесiне осы учаскенi мемлекеттен сатып алған баға бойынша, жер учаскелерiн сатудан түсетiн қаражат есебiнен төленедi. Жергiлiктi атқарушы орган жер учаскесiн сатып алудан бас тартқан жағдайда, ол учаске оның рұқсатымен Қазақстан Республикасының азаматына сатылуы мүмкін.

Мемлекеттiк билiк органдарына, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге берiлген, қорғаныс қажеттерiне пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан, сауықтыру және тарихи-мәдени мақсаттағы, орман және су қорларының, елдi мекендер жерiндегi ортақ пайдаланудағы, босалқы жер, оның iшiнде арнайы жер қорының жер учаскелерi, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң маңындағы жайылымдық және шабындық алқаптар, сондай-ақ жеке меншiкке берiлмеген шалғайдағы жайылымдар мен басқа да жерлер мемлекеттiк меншiкте болады.

Азаматтар және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың бөлек меншiгiне: тұрғын халықтың қажетiне арнап пайдаланылатын және соған арналған жайылымдық және шабындық алқаптар; ортақ пайдаланудағы жолдар, оның iшiнде шаруашылықаралық және мекенаралық маңызы бар, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы жер учаскелерiне өтуге арналған жолдар; жер учаскелерiнiң екi немесе одан көп меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар бiрлесiп пайдаланатын суландыру құрылыстары (суландыру каналдары, суағарлар, құдықтар, суат пункттерi) орналасқан жер учаскелерi берiлмейдi.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, магистральды темiр жолдарды, ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарын және магистральды құбырларды кеңейте түсу үшiн белгiленген тәртiппен резервке қойылған, сондай-ақ сәулет-қала құрылысының және құрылыстың бекiтiлген құжаттамасына сәйкес әкiмшiлiк және әлеуметтiк маңызы бар объектiлер (әуежайлар, әуеайлақтар, вокзалдар, станциялар, ортақ пайдаланудағы жолдар, мемлекеттiк органдардың әкiмшiлiк ғимараттары, ауруханалар, мектептер, мемлекеттiк тұрғын үй қоры, парктер, бульварлар, гүлзарлар және қоғамдық пайдаланудағы басқа объектiлер) құрылысына арналған жер учаскелерi олардың жобалық игерiлуiне дейiн жер пайдаланушыларға басқа мақсаттар үшiн уақытша пайдалану құқығымен берiлуi мүмкін.

Мемлекеттiк меншiктегi жерден жер учаскелерi:

1) жеке меншiкке сатылуы немесе өтеусiз берiлуi;

2) тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берiлуi мүмкін.

Жер учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен мынадай мемлекеттiк жер пайдаланушыларға:

1) кондоминиум объектiлерiндегi үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды), үй-жайларды шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетiн заңды тұлғаларға;

2) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiсiн жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;

3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiнде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;

4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда берiледi.

Тұрақты жер пайдалану құқығы шетелдік жер пайдаланушыларға тиесiлi болмайды. Жер учаскесi азаматтар мен заңды тұлғаларға уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) немесе уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен берiлуi мүмкін. Жер кодексте және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы 5 жылға дейiнгi мерзiмге табысталады. Уақытша өтеулi жер пайдалану құқығы қысқа мерзiмдi (5 жылға дейiн) және ұзақ мерзiмдi (5 жылдан 49 жылға дейiн) болуы мүмкін. Уақытша жер пайдалану құқығын табыстау мерзiмдерi жер учаскесiне берiлетiн құқықты, оның нысаналы мақсатын және аумақты аймақтарға бөлудi ескере отырып белгiленедi.

Жер учаскелерi Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен: шалғайдағы мал шаруашылығы (маусымдық жайылымдар) үшiн; тұрғын халықтың мал жаюы мен шөп шабуы үшiн; мемлекеттiк жер пайдаланушыларға; бақша өcipу үшiн; қызметтiк жер телiмі түрiнде; ортақ пайдаланылатын жолдарды салу, мемлекеттiк меншiктегi және әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлер құрылысы кезеңiне; тозған және бұлiнген жерлердi қалпына келтiру кезiнде; Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен үйлердi және ғимараттарды уақытша өтеусiз пайдалануға берген кезде; ғибадат объектiлерi үшiн берiлуi мүмкін.

Уақытша өтеусiз жер пайдалану мерзiмi жер учаскелерiн қызметтiк жер телiмi түрiнде және тозған әрi бұлiнген жердi қалпына келтiру үшiн берiлетiн жағдайларды қоспағанда, бес жылдан аспауға тиiс. Үйлер мен ғимараттарға берiлген жер учаскесiн уақытша өтеусiз жер пайдалану мерзiмi үйлердi және ғимараттарды, соның iшiнде ғибадат құрылыстарын уақытша өтеусiз пайдалану мерзiмiмен айқындалады. Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығындағы жер учаскелерiн иелiктен шығаруға, соның iшiнде оларды кейiнгi жер пайдалануға бepугe жол берiлмейдi. Жер учаскесiне уақытша өтеулi (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы азаматтарға, мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға табысталуы мүмкін.

Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, өз мiндеттерiн тиiсiнше орындаған уақытша өтеулi жер пайдаланушы (жалға алушы) шарт мерзiмi аяқталғаннан кейiн, басқа тең жағдайларда, жаңа мерзiмге шарт жасасуға басқа тұлғалар алдында басым құқығы болады. Жалға алушы осындай шарт жасасу ниетi туралы жалға берушiнi шартта көрсетiлген мерзiмде, егер шартта мұндай мерзiм көрсетілмесе, шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн үш ай мерзiмде жазбаша хабардар етуге мiндеттi.

Мемлекеттен уақытша өтеулi ұзақ мерзiмдi жер пайдалану құқығын сатып алған, мемлекеттiк емес жер пайдаланушылар өздерiне тиесiлi жер учаскелерiн (немесе олардың бiр бөлiгiн) жалға (қосалқы жалға) немесе уақытша өтеусiз пайдалануға беруге құқылы. Уақытша өтеулi жер пайдалану құқығы шаруа (фермер) қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының азаматтарына және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларына - 49 жылға дейiнгi мерзiмге, ал шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға 10 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi.

Бастапқы жер пайдаланушы өзiнiң жер пайдалану құқығын иелiгiнен шығармай, ал өзiне тиесiлi учаскенi (немесе оның бiр бөлiгiн) жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органына хабарлай отырып, басқа тұлғаға уақытша жер пайдалануға беретiн жағдайларда, кейiнгi жер пайдалану туралы шарттың негiзiнде кейiнгi жер пайдалану туындайды. Кейiнгi жер пайдаланушы әрдайым уақытша жер пайдаланушы болып табылады, өз құқықтарын басқа жер пайдаланушыларға беруге құқығы болмайды.

Жер учаскесiн кейiнгi жер пайдалануға берген кезде бастапқы және кейiнгi жер пайдаланушылар жер пайдаланушының мемлекет алдындағы мiндеттерiн толық көлемiнде атқарады. Кейiнгi жер пайдалану туралы шарт жалдау шарты немесе уақытша өтeуciз пайдалану туралы шарт нысанында жасалады. Кейiнгi жер пайдаланушы жер учаскесiнде шаруашылық жүргiзудi жүзеге асырады, сондай-ақ кейiнгi жер пайдалану (қосалқы жалдау) туралы шартта белгiленген шарттарды сақтай отырып, жер пайдаланушының басқа да құқықтары мен мiндеттерiн iске асырады.

Мемлекеттiк жер пайдаланушылар жер учаскесiнде шаруашылық жүргiзудi жүзеге асырады, сондай-ақ осы учаскенiң нысаналы мақсаты мен жер пайдаланушы қызметiнiң жарғыдағы мақсаттарын ескере отырып, жер пайдаланушының басқа да құқықтарын iске асырады. Мемлекеттiк жер пайдаланушы өзiне тиесiлi жер пайдалану құқығын иелiгiнен шығаруға, сондай-ақ кепiлге беруге құқылы емес. Жер учаскесi қызметтiк жер телiмi тәртiбiмен берiлетiн жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк жер пайдаланушының өзiне тиесiлi жер учаскесiн уақытша өтеусiз жер пайдалануға беруiне жол берiлмейдi.

Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен ауысуы заң бойынша мұраға ие болу кезiнде немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда құқық мирасқорында жер пайдалану құқығының туындауын бiлдiредi. Жер учаскесiне ұзақ мерзiмдi уақытша жер пайдалану құқығы бap азамат қайтыс болған жағдайда, жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық зағдарында көзделген тәртiппен мұраға қалдырылады.

Егер уақытша жер пайдалану шартында өзгеше көзделмесе, қысқа мерзiмдi уақытша жер пайдалану құқығы да осындай тәртiппен мұраға қалдырылады. Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда, оған тиесiлi жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарының нормаларына және Жер кодексіне сәйкес құқық мирасқорына көшедi. Қазақстан Республикасының мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актiсiне сәйкес жария етiлген жер учаскелерiне құқық беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Жер учаскелерін нормалау.

2. Жер учаскесіне меншік құқығының және жер пайдалану құкығының туындау, өзгеру және тоқтату негіздері.

3. Меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілгеншығындарды өтеудің негіздері мен тәртібі.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. ҚР Экологиялық кодексі 9 қаңтар 2007ж.

2. Қазақстан Республикасының Жер кодексі № 442 2003 жылғы 20 маусым, Алматы.

3. ''Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 990 қаулысы.

4. Культелеев С.Т. Экологическое право Республики Казахстан. - Алматы, 2003.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 9602. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Что происходит при встрече с близнецовым пламенем   Если встреча с родственной душой может произойти достаточно спокойно – то встреча с близнецовым пламенем всегда подобна вспышке...

Реостаты и резисторы силовой цепи. Реостаты и резисторы силовой цепи. Резисторы и реостаты предназначены для ограничения тока в электрических цепях. В зависимости от назначения различают пусковые...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия