Студопедия — Түр. Түрдің түзілу үдерісі.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Түр. Түрдің түзілу үдерісі.






Түр — биологиялық немесе экологиялық популяциялар түзетін дарақтар жиынтығы. Дарақтар табиғи жағдайда бір-бірімен будандасуға қабілетті, морфофизиологиялық белгілері ұқсас және жалпы тұтас немесе жартылай таралу аймағын мекендейді. Әрбір түр табиғатта басқа түрден толық биологиялық оқшау тұрады. Биогеоценоздағы экологиялық қуыстың белгілі бір жиынтығын қалыптастыратын генотип жүйесін көрсетеді. Жердегі түрдің жалпы саны 1,5 млрд-тан 5 млрд-қа дейін деп есептеледі.

Түр түзілу, жаңа түрдің пайда болуы – өте күрделі әрі ұзақ уақыт аралығын қамтитын эволюциялық процесс. Жаңа түрдің пайда болуын алғаш рет Чарльз Дарвин табиғи сұрыптау тұжырымдамасында ерекше атап көрсетті (1859).

Ол өзінің тұжырымдамасын дивергенция деп атады. Дарвиннің пікірі бойынша кез келген ірі жүйелік топтар (өсімдіктер де, жануарларда да) бастапқы бір ғана ата-тектен пайда болып, олар кейіннен кейбір белгілері арқылы бір-бірінен ажырай бастаған. Мұны монофилетикалық теория деп атайды.

Америкалық ғалым Э.У. Майр (1904 – 2000) түр түзілудің негізгі 3 қағидасын атайды:

- филетикалық түр түзілу – бастапқы ескі түрдің өзінен бірте-бірте жаңа түр түзіліп, түр санының өзгермеуі. Мысалы, бастапқы А түрден жаңа В түр пайда болады (АВ);

- буданды түр түзілу – бастапқы екі түрдің қосылуынан жаңа бір түрдің пайда болып (АБВ), табиғатта түр санының азаюы;

- дивергентті түр түзілу – бастапқы бір түрден жеке топтардың бөлінуі арқылы екі не одан да көп түрдің пайда болуы (ААБ).

Түр түзілу процесі бір түрге жататын организмнің өз ішінде жеке топтардың бірте-бірте бір-бірінен оқшаулануы нәтижесінде жүріп отырады. Бұл жағдай маусымдық, экол., геогр., физиол., этол. және генет. оқшауларға тікелей байланысты жүзеге асады. түр түзілудің негізгі екі жолы бар: аллопатриялық түр түзілу (бір кеңістікте таралған түрден жаңа топтар пайда болып, олардың әрқайсысынан жеке жаңа түрлер шығып, олардың таралу аумақтарының бір-бірінен бөлінуі); симпатриялық түр түзілу (бастапқы түр тіршілік еткен орта жағдайларында жаңа түрлердің пайда болуымен ерекшеленеді де жаңа түрлердің таралу аумағында өзгеріс байқалмайды). Түр түзілудің бұл түрі жануарларға қарағанда өсімдіктер арасында жиі кездеседі. Симпатриялық түр түзілуде бастапқы түрдің хромосомалық жиынтығының өзгеруі полиплоидтау және будандасу жолымен жүзеге асады. Соңғы кездегі ғылыми жетістіктер түр түзілудің генетикалық негізін гендер жиынтығының өзгеруімен түсіндіреді. Бастапқы түрдің гендер жиынтығының өзгеруінен өзгеше жаңа түрлер пайда болады.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 2796. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

Объект, субъект, предмет, цели и задачи управления персоналом Социальная система организации делится на две основные подсистемы: управляющую и управляемую...

Ученые, внесшие большой вклад в развитие науки биологии Краткая история развития биологии. Чарльз Дарвин (1809 -1882)- основной труд « О происхождении видов путем естественного отбора или Сохранение благоприятствующих пород в борьбе за жизнь»...

Этапы трансляции и их характеристика Трансляция (от лат. translatio — перевод) — процесс синтеза белка из аминокислот на матрице информационной (матричной) РНК (иРНК...

Условия, необходимые для появления жизни История жизни и история Земли неотделимы друг от друга, так как именно в процессах развития нашей планеты как космического тела закладывались определенные физические и химические условия, необходимые для появления и развития жизни...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия