Студопедия — Тапсырмалар. 1-тапсырма. Мәтін бойынша жаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыз
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тапсырмалар. 1-тапсырма. Мәтін бойынша жаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыз






1-тапсырма. Мәтін бойынша жаңа сөздермен танысып, есте сақтаңыз.

зәр-кіші дәрет – моча

несеп ағар – мочеточник

несеп шығару-мочеиспускание

шат-спайка тазовых костей

жатыр-матка

қуық-мочевой пузырь

түтік-труба

шыжың-недержание мочи ночью

қуықтың қабынуы-цистит

бүйректің қабынуы-нефрит

жыныс қатынасы-половое отношение

бел-поясница

құрысу-судорга

 

2-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

Зәр шығару жүйесі, аурулары

Зәр шығару жүйесі адам ағзасындағы артық суды, тұздарды, зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды сыртқа шығару қызметін атқарады. Зәрдің түзілуі – өте күрделі процесс. Ересек адам тәулігіне 1000-1800мг түзеді. Зәр шығару мүшелері екі безден және несепті жинап шығаруға арналған мүшелерден тұрады. Несеп қаннан түзіледі. Несептің құрамында 2-4 % құрғақ зат және қалғаны су болады. Несеп түзу қызметін бүйрек атқарады. Бүйректер құрсақ қуысында жоғары бел омыртқалар тұсында орналасқан. Бүйрек жұп мүше, салмағы 120-200г. Бүйректің негізгі морфофункциялық құрылымы – нефрон. Әрбір бүйректе 1 млн-ға жуық нефрон бар. Оң жақ бүйрек сол жақ бүйректен 1-2 см төмендеу болады. Бүйрекке енген қан құрамынан зәр бөліну прцесі жүреді. Сондай-ақ бүйрек ыдырау процесі пайда болған керексіз заттарды ағзадан шығарып, қанды тұрақты жағдайға келтіріп отырады.

Несеп ағардың ұзындығы 30см, ол бүйрек түбегінен басталып, төмен қарай жүре отырып, қуыққа келіп жалғасады.

Қуық – зәрдің уақытша жиналып тұратын мүшесі. Ол жамбас қуысында шат сүйегінің артында орналасқан. Қуықтың пішіні жалпы оның созылуына, толуына, тік ішек пен жатырдың көлеміне қарай өзгеріп отырады. Қуықтың түбінен несеп каналы басталады.

Несеп каналы – қуықтың зәр шығаратын түтігі.

Зәр шығару жүйесі жыныс аппараттарымен морфологиялық және физиологиялық жағынан тығыз байланысты.

Зәр шығару мүшелерінің қабынуына, қызметінің бұзылуына, зәрдің дұрыс жүрмеуіне т.б. себептерге байланысты ауру түрі әр түрлі болады. Зәр шығару мүшелері ауруларына: қуықтың қабынуы, шыжың, бүйректің қабынуы, несептің жоқтығы, үрпінің қабынуы т.б. жатады.

 

3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Зәр шығару мүшелерінің қандай ауруларын білесіз?

2. Бүйректің қабынуы қандай ауру?

3. Бүйрек қай жерде, қалай орналасқан?

4. Бүйрек қандай қызмет атқарады?

5. Бүйректе не түзіледі?

6. Несепағардың ұзындығы, диаметрі қанша?

7. Қуықтың пішіні, сыйымдылығы қандай?

 

4 –тапсырма. Төменде пиелонифрит ауруы бойынша дәрігердің сұрақтары берілген.

Науқастың жауаптарын дайындаңыз.

1. – Қай жеріңіз ауырады?

-...

2. – Дене қызуыңыз бар ма?

-...

3. – Ауру кенеттен басталды ма, әлде көптен бері ауырасыз ба?

-...

4. – Беліңіз қалай ауырады, сыздап ауыра ма, әлде батып ауыра ма?

-...

5. – Зәріңіздің түсі өзгере ме?

-...

6. – Басыңыз ауыра ма?

-...

7. – Әлсіздік сезінесіз бе?

-...

8. – Бетіңізде, денеңізде ісік пайда болған жоқ па?

 

1-жаттығу. Берілген сөйлемдерден қажеттілік мәндегі сөздерді табыңыздар.

Менің ауылға баруым керек. Анам үйге кешке келуі керек. Сізге дәріханадан дәрі сатып алуыңыз керек. Маған бүйректің қабынуына байланысты ем алу қажет. Сіздің ауруханаға жатып, емделгеніңіз жөн. Жақсы маман болу үшін, көп оқуға тиіссіз. Ауырмау үшін, аурудың алдын алу керек. Қазақстанға білімді де, білікті маман қажет.

 

5 – тапсырма. Берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Бүйрек қабынуы, бүйрек түбегінің қабынуы, жиі кездесетін ауру, зәр шығуының бұзылуы, зәрдің өзгеруі, асқыну кезеңі, диогнозды ерте қою, сауығуға болады, науқасты

тамақтандыру, диетаға көшіру, алғашқы күннен бастап, антибиотиктер енгізу, препараттарды ауыстыру, үзіліс жасау, витаминдер тағайындау, шөптермен емдеу.

 

2 –жаттығу. Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қажетті септік жалғауларын жалғап,

берілген сөйлемдерді жазып алыңыз.

1. Несеп... лейкоциттер, бактериялар көбейеді. 2. Науқас... халі нашарлайды. 3. Несеп... зерттегенде өзгеріс байқалады. 4. Жедел пиелонефрит... диогнозын ерте қоюдың маңызы бар. 5. Ауру... белгілері: бел ауруы, қызуы... көтерілуі. 6. 10-14 күн... кейін препараттар... ауыстыру керек. 7. Пиелонефрит – бүйрек... ең жиі кездесетін ауруы.

 

10. Бақылау (сұрақтар, жаттығулар, тапсырмалар т.б.):

Коммуникативті компетенция бойынша

6-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Зәр шығару жүйесі қандай қызмет атқарады?

2. Несеп неден түзіледі?

3. Бүйрек қандай қызмет атқарады?

4. Несеп қуығы дегеніміз не?

5. Ересек адамдарда тәулігіне қанша мл. несеп түзіледі?

 

7-тапсырма. Берілген сөздерді орын тәртібі бойынша қойып, сөйлем құрастырыңыз.

1. Атқарады, сүзгіш, бүйрек, биологиялық, қызметін.

2. Қарай, болады, қуық, өзгермелі, толуына, пішіні.

3. Жағына, бел, орналасқан, екі, бүйректер, омыртқаның.

4. Келеді, қан, тамыр, қолқа, бүйрекке, арқылы.

Когнитивті – білім компетенциясы бойынша

3-жаттығу. Көп нүктенің орнына төмендегі берілген сөздерді пайдаланып, толықтырып

жазыңыз.

1. Пиелонефрит - бүйрек... қабынуы. 2. Бұған несеп жолдарының... мен бұзылуы, қысылуы және несептің жүруін бұзатын басқа да... әсер етеді. 3. Бұл бүйректің ең жиі... ауруы. 4. Жедел пиелонефрит... басталады. 5. Негізгі... – белдің сыздап ауруы. 6. Науқастың дене қызуы....

(Қажетті сөздер: шағымы, кездесетін, көтеріледі, кенеттен, түбегінің, ұлпасының, себептер, тарылуы).

 

4-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңы з.

1. Одно из заболевании мочевыделительной системы – воспаление мочевого пузыря. 2. Часто это заболевание развивается из-за внедрения микробов в мочевой пузырь. 3. Микробы попадают в мочевой пузырь после заболевании мочеточника и половых органов, гниения почек. 4. Повреждение слизистой оболочки, при осмотре медицинскими инструментами (цитоскопия) мочевого пузыря, наличие камней в мочевом пузыре, сильная простуда и другие факторы могут привести к заболеваниям мочевого пузыря.

 

Операционалды – дағды компетенциясыбойынша

8-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыздар.

В процессе обмена веществ в тканях и органах накапливаются ненужные и вредные для организма шлаки. Они попадают в кровь, а затем вместе с избытком воды выделяются из организма в виде мочи. Образуется моча в почках, выполняющих функцию очищения крови и поддержания водного и солевого баланса.

Почки-главный орган мочевыделительной системы. Они расположены по бокам позвоночного столба на высоте последнего грудного и трех верхних поясничных позвонков под диафрагмой. Правая почка помещается обычно на 2-3 сантиметра ниже левой. Каждая почка имеет бобовидную форму. Длина почки у взрослого человека 10-12 сантиметра, ширина 5-6 сантиметра, толщина 3-4 сантиметра. Вес колеблется от 120 до 200 граммов. Почки очень щедро снабжаются кровью: за сутки через них протекает 600-700 литра крови! Образование мочи начинается в почечных тельцах. По собирающим протокам она поступает в почечные чашечки, а затем в лоханку – основной приемник мочи. От лоханки начинается мочеточник – проток по которому моча оттекает в мочевой пузырь. Длина каждого мочеточника в среднем 30-35 сантиметра.

11. Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы, 2002 ж. 80-88 беттер.

2. Дәрменқұлова Р.Н.Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы, 2002 ж. 32-34 беттер.

3. Доскеева Б.Ж. Кәсіби медициналық қазақ тілі. Алматы, 2012 ж. 71-76 беттер.

Қосымша әдебиеттер:

1. Рақышев А. Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер. Алматы, 2011 ж.

2. Қазақша-орысша сөздік. ҚР Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрынұлы атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 2001 ж.

 

 


 

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

№18 тақырып: Тері құрылысы, аурулары.

Сын есім, шырайлары.

 

 

2013 ж.

 

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

 

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

 

 


1. Сабақтың тақырыбы: Тері құрылысы, аурулары. Сын есім, шырайлары.

2. Мақсаты:

- тері туралы мағлұмат беру;

- терінің құрылысы, аурулары туралы мәтінінің мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

- тері, құрылысы және аурулары туралы мәтінді пайдалана отырып, әңгіме-сұхбат құрғызу;

-түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

- сын есім, шырайлары туралы түсінікті практикалық жолмен меңгерту;

- өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру.

3. Міндеті:

1. Когнитивті – білім компетенциясы бойынша кәсіби бағытта мамандығына сәйкес тіл оралымдарын үйретіп, студенттерді медициналық арнайы мәтіндерді түсініп оқуға, сауатты жазуға дағдыландыру;

2. Операционалды – дағды компетенциясыбойынша лексикалық – грамматикалық тіл ерекшеліктерін меңгертіп, терминдерді қолданылудағы бірізділікті, оларға қойылатын талапты сақтай отырып, студенттерді сауаттылыққа тәрбиелеу;

3. Коммуникативті компетенциябойынша сөйлеу әрекеттерінің түрлеріне сәйкес жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы студенттердің болашақ мамандықтарына қатысты сөйлеу аясын кеңейту;

4. Өзін-өзі дамытубілім компетенциясы бойынша ғылыми-қоғамдық және медициналық терминдермен жұмыс істей білуге машықтандыру, болашақ мамандықтары бойынша кәсіби қатынас кезінде әр түрлі тақырыптарда тыңдаушысын түсіне білуге және өз көзқарасын білдіре білуге машықтандыру.

4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық материал бойынша

1. Тері туралы.

2. Тері ауруларының белгілеріне қатысты тілдік оралымдар

3. Аурудың өршу кезеңіндегі белгілеріне қатысты тілдік оралымдар.

4. Ауру біліне бастағандағы өзгерістер туралы.

5. Ауру асқынған кездегі сырқат белгілері.

ә) грамматикалық материал бойынша

1. Сын есім туралы түсінік.

2. Сын есімнің шырайлары туралы түсінік.

5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты):

Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.

Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин.

Өткен сабақты қорыту – 15 мин.

Жаңа грамматикалық тақырыпты түсіндіру – 15 мин

Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері – 10 мин.

Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин.

Мәтінмен жұмыс – 15 мин

Жаңа тақырыпты бекіту – 25 мин.

Бақылау жұмыстары – 15 мин.

Үйге тапсырма беру – 3 мин

Студенттің білімін бағалау – 7 мин.

 

6. Өткізу түрі: тәжірибелік

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, пікірталас, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма.

8. Көрнекі құралдар:Тақта, ноутбук, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкалар пайдалану.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 2779. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Лечебно-охранительный режим, его элементы и значение.   Терапевтическое воздействие на пациента подразумевает не только использование всех видов лечения, но и применение лечебно-охранительного режима – соблюдение условий поведения, способствующих выздоровлению...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия