Студопедия — Тапсырмалар. Сөздік–1) жеке тілдің я белгілі бір жазушы шығармаларының лексикалық жиынтығы; 2) бір тілдегі сөздердің
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тапсырмалар. Сөздік–1) жеке тілдің я белгілі бір жазушы шығармаларының лексикалық жиынтығы; 2) бір тілдегі сөздердің






Сөздіктану. Терминтану.

Сөздік–1) жеке тілдің я белгілі бір жазушы шығармаларының лексикалық жиынтығы; 2) бір тілдегі сөздердің алфавиттік тәртіпке түсірілген жинағынан құралған кітап, анықтағыш құрал. Алғашқы сөздік басқа тілдердегі ескі сөздерді түсіндіру мақсатымен көне дәуірлерде жасалды. Қазақ тілінің алғашқы сөздіктері 1860 жылдардан бастап жарық көре бастады. Қазіргі сөздіктер лингвистикалық және анықтама сипатындағы арнаулы сөздіктер болып екіге бөлінеді.

Лингвистикалық сөздіктер белгілі бір тілдің лексикасы мен фразеологиясын түсіндіруді мақсат етсе, арнаулы анықтама, энциклопедиялық, техникалық, ауыл шаруашылық т.б. белгілі бір саладағы заттарды, ұғымдарды, құбылыстарды түсіндіруді мақсат етеді. Лингвистикалық сөздіктің 20-дан астам түрлері бар. Екі тілді не көп тілді аударма сөздіктер т.б. Түсіндірме сөздік тілдегі сөздердің лексика-грамматикалық сипаттамасын, олардың жазылуы мен айтылуын, экспрессивті- эмоционалды бояуын көрсетеді. Синоним сөздігі бір сөздің мағынасы мен экспрессивті-стилистикалық реңкін сол сөзге мағынасы жағынан жақын басқа бір сөздермен түсіндіріп, синонимдік шоғырлардың жиынтығынан құралады.

Терминологиялық сөздік жеке ғылым, техника, мәдениет салаларына байланысты терминдерді түсіндіреді. Этимологиялық; сөздік жеке сөздердің тарихын, шығу төркінін ашады. Орфографиялық сөздік сөздердің дұрыс жазылуын, о рфоэпиялық; сөздік сөздердің дұрыс айтылуын көрсетеді. Фразеологиялық; сөздік тұрақты сөз тіркестерін, фразеолгия орамдарын, олардың стилистикалық сипатын көрсетеді. Омоним сөздігі тұлғасы бір, мағыналары әр басқа сөздерді қамтиды. Бұлардан басқа тарихи, ономастикалық, паронимдік, жиілік т.б. сөздіктер бар.

Термин-белгілі бір ғылым мен техника, өнер саласындағы нақтылы ұғымды білдіретін атау сөз бен сөз тіркесі. Терминология-ғылым мен техника, өнер саласына байланысты терминдердің жалпы жиынтығы.

Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыс түрлері:

1 – жаттығу.Берілген терминдерді мағынасына сәйкес тауып, сөйлем құрастырып жазыңыз.

термометр Ауруды анықтау және емдеу туралы ілім
рецептор (биол) Ауырған адамды зерттеу негізінде науқасын табу
диагностика Тітіркенуді қабылдайтын жүйке талшықтары
диагноз Термператураны өлшейтін аспап

 

2-жаттығу. Берілген терминдерді қазақ тіліне аударып, мағынасын түсіндіріңіз.

ГОРМОН - вещество, продуцируемое эндокринной железой.

ГОНОРЕЯ- заболевание, передающееся половым путем, вызываемое гонококком (может являться причиной бесплодия).

МИКОПЛАЗМА- возбудитель инфекционных заболеваний.

НАДПОЧЕЧНИКИ- эндокринная железа, вырабатывающая гормоны, регулирующие обмен веществ. Находится над почкой

ТОКСИН- яд, продуцируемый живым организмом, например, бактериями.

УРОЛОГ- врач, специализирующийся на лечении болезней мочевыводящих путей и мужской половой системы.

3 – жаттығу. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

1. Студенты внимательно слушают, потому что преподаватель объясняет урок. 2. Вы говорите неправильно, потому что не учите слова. 3. Я не читаю текст, потому что плохо знаю слова. 4. Он отвечает неправильно, потому что плохо готовился.

4-жаттығу. Бағыныңқының баяндауышы неліктен? не себепті? қашан? деген сұрақтарға жауап беретін 5-6 сөйлем жазыңыз.

5-жаттығу. Оң жақ бағанадағы етістіктер мен (сұрақ арқылы) сол жақтағы керекті сөздерден сөз тіркесін жасап, 3-4 сөйлем жазыңыз.

індеттердің үйренеді (нені?)
мінез-құлқы аулақ болу (неден?)
тәсілдерін көбейді (қайда?)
зиянды әдеттерден өзгереді (не?)
елімізде таралмауы (нелердің?)
емдеп сауықтыруға бұзылады (не?)
зат алмасу көмектеседі (неге?)

6-жаттығу. Төмендегі денсаулыққа қатысты мақал-мәтелдерді жаттап алыңыз және бір-екі мақалдың мәнін, мысалдармен дәлелдеп көріңіз.

1. Жастықтың қадірін қартайғанда білесің,

Денсаулықтың қадірін ауырғанда білесің.

2. Іздеп алған аурудың,

емі табылмас.

3. Көзің ауырса, қолыңды тый,

Ішің ауырса, аузыңды тый.

4. Ауырып жазылған жан олжа,

Жоғалып табылған мал олжа.

5. Бас ауырса, жан қорқады.

6. Дерт көп, денсаулық біреу.

7 – жаттығу. Берілген сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Созылмалы аурулардың алдын алу үшін,.... 2. Науқастың қан қысымы көтерілмесін деп,.... 3. Дәрілік өсімдіктерден дәрі жасау үшін,.... 4. Қан аздықты болдырмау үшін,.... 5. Баласы аурудан тез жазылу үшін,.... 6. Дәріханадан дәрі алмақ болып,....

Кім біледі?

1. Құрмалас сөйлемнің құрамында ең кемінде неше жай сөйлем болады?

2. Салалас құрмалас пен сабақтас құрмалас сөйлемдердің бір-бірінен айырмашылығы қандай?

3. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы кез келген сөз табынан бола бере ме?

4. Бағыныңқының баяндауыш түрі, тұлғалық белгісі ең көп болып келетін қай бағыныңқы? Оның баяндауышы, көбінесе, қай сөздің тіркесі арқылы жасалады

5. Баяндауышы қимыл есімінің қатысуымен жасалған бағыныңқы сөйлемге кім мысал келтіре алады?

6. Бағыныңқысының баяндауышы есімшеден жасалған сөйлемге кім мысал ойлап айта алар екен?

 

Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары

1-тапсырма. « Дәрігер этикасы » мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздерді оқып, есіңізге сақтаңыз.

 

адамгершілік - гуманность, человечность сыпайылық - вежливость жылы сөз - теплые слова жүріс тұрысы - поведение мәдениеттілік - культурность айығу- выздоравливать   үміт - надежда кемістік - недостаток, дефект құпия - секрет, тайна келісім - договор, соглашение жариялау - объявить міндет - обязанность адал ниет - чистая совесть  

 

2-тапсырма. « Дәрігер этикасы » мәтіні бойынша кездесетін сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз.

Мінез-құлқы, күш-жігері, дәрігер құпиясы, өмірін қорғау, дәрігердің әрбір жылы, дәрігердің негізгі міндеті, зиян келтіру, жұқпалы аурулар, дерттен тез айығу, дәрігердің адамгершілігі, жұмысқа берілу.

 

3-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

Дәрігер этикасы

Қоғамдағы адамдардың мінез-құлқы мен өзара қарым- қатынасы біршама нормалармен, ережелермен және әдет-ғұрыппен реттеледі.

Медициналық этика – медициналық қызметкерлердің жұмысындағы гуманизмнің көрінісі. Медициналық этиканың бір бөлігі –деонтология. Деонтология басқа салаларға қарағанда, медицина мен практикалық денсаулық сақтау саласына өте қажетті ғылым. Бұл медициналық қызметкерлердің күш-жігері тек ауруды емдеуге ғана емес, аурудың алдын алуға, адамның денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталғанымен түсіндіріледі.

Дәрігер этикасы (лат. ethia – әдептілік) - дәрігердің адамгершілігі, сыпайылығы, оның науқас және сау адамдармен өзара қарым-қатынасы. Дәрігердің әрбір жылы сөзі, мінезі мен жүріс-тұрысындағы мәдениеттілігі және сыпайылығы науқас адамның ауруынан тез айығып кетуіне көмектеседі. Өйткені науқас адам өзін емдеуші дәрігерін ұнатса, оған сенсе әрдайым көңілі көтеріңкі болып, үміті артып ауруынан серги бастайды.

Дәрігер этиканы сақтап, науқастың көзінше ауру кемістігін айтпауға тиіс, яғни дәрігер құпиясын сақтауы қажет. Дәрігер құпиясы дегеніміз – науқас адамның келісімінсіз оған қатысы бар мәліметтерді жарияламау. Мысалы, психикалық аурулар, әйел аурулары, кейбір кемістік т.б. Егер науқастың ауруы көпшілікке зиян келтіретін болса, оны дәрігер жасыра алмайды. Мысалы, жұқпалы аурулар кезінде, жыныс мүшесі арқылы таралатын аурумен ауырса, міндетті түрде ескертіп емдеу керек.

Кез келген ауру жағдайында да дәрігер сырқаттың психикасын бұзбауға тиіс. Қатерлі ісік ауруы бар адамдардың сұрағына абайлап жауап қайтаруы керек.

Дәрігердің негізгі міндеті – халықтың денсаулығын сақтауда адал ниетпен қызмет етіп, дәрігер құпиясын сақтап, науқас адамның алдында дәрігер этикасын дұрыс қолданып, науқастың дертінен тез айығып кетуіне барлық мүмкіндікті қолдану. Дәрігерлік мамандық одан арнайы біліммен қатар адалдықты, жаны тазалықты, жұмысқа беріле істеуі, тіпті бар өмірін соған арнауды талап етеді.

 

4-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Дәрігер этикасы дегенді қалай түсінесіз?

2. Дәрігерлік деонтология деген не?

3. Дәрігер құпиясы дегеніміз не?

4. Деонтология қандай ғылым?

 

5-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, «Дәрігер қандай болу керек» деген тақырыпта әңгіме құраңыз.

Дәрігер қандай болу керек?


оңай емес – нелегко

аурулар – больные

дәрігер – врач

емдеу – лечить, лечебный

дәрігер болу – быть врачом

сыпайы – вежливый, уравновешанный

шыдамды – терпеливый; выносливый

адамның өмірі – жизнь человека

қабілет – способность, дар

сенім – доверие

білікті маман-квалифицированный специалист

өйткені – потому что, так как

дәрігердің қолында – в руках врача

таза жүректі – с чистым (открытым) сердцем

сыйлы – уважаемый; почетный

бұл үшін – для этого, ради этого

бар күшін, білімін – все свои силы и знания

болу керек – должен быть

көп оқу керек – надо много учиться

теорияны білу – знать теорию

түсіну – понимать

қабылдау – принимать, приемный

ауру адамның өмірін сақтау – сохранить жизнь больного

дұрыс диагноз қою – поставить правильный диагноз


Когнитивті – білім компетенциясы:

1.Мағынасы жақын, синоним сөздерді көрсетіңіз.

а) дереу, жылдам

ә) қисық, дөнгелек

б) қыңыр,қоңыр

в) салмақты, жеңіл

г) күңгірт, бұлтсыз

2.Қате жазылған сөзді көрсетіңіз

а) денсаулығы

ә) денсаулықтің

б) денсаулығын

в) денсаулықты

г) денсаулығыңыз

3.Қай сөйлемде қате жазылған сөз бар?

а) Бүгін ерте тұрдым

ә) Қолжазбаңызды қалдырып кетіңіз

б) Науқастың қызуы күтірілді

в) Сыздап ауырады

г) Ақылды қыз екен

4.Қай сөйлемнен сұрақты естисіз?

а) Бірақ ол келмеді

ә) Қашан келер екен

б) Ол келмесін

в) Тезірек келсе ғой

г) Келмекші болды

5.Сөйлемді аяқтаңыз.

Науқас қатты ауырған соң,.....

а) киімін киді

ә) сабақ оқыды

б) сөйлем аударды

в) еден жуу керек

г) дәрігер шақырды

6. Адамның ішкі мүшелерін көрсетіңіз

а) ағайын

ә) бауыр

б) аяқ

в) әпке

г) туыс

7. Врачебная тайна сөзінің қазақша баламасын көрсетіңіз.

а) дәрігерлік мамандық

ә) дәрігерлік көмек

б) дәрігерлік құпия

в) дәрігерлік құжат

г) дәрігердің кеңесі

8. Қан тамырын қөрсетіңіз.

а) көктем

ә) алқа

б) саусақ

в) шеміршек

г) қолқа

9. Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз.

а) игі (еді)

ә) айту (керек)

б) оқытушы (еді)

в) ақыл (дасты)

г) жалғызбын (деме)


Операционалды – дағды компетенциясы:

1– жаттығу. Берілген сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Денсаулығы нашар болған себепті,.... 2. Науқас созылмалы аурумен ауырғандықтан,.... 3. Медицина университетінде оқу қиын болғандықтан,.... 4...., ата-анасы үйіне кеш келді. 5...., дәрігер тағайындаған дәрілерді ішпеді. 6...., жұқпалы ауруға қарсы ектірді.

 

Коммуникативтік компетенция

1.Дәрігер науқаспен қандай қарым-қатынаста болуы керек?

2.Дәрігердің міндетіне нелер жатады?

3.Дәрігер үшін өте маңызды нәрсе не?

4.Дәрігер нені ескеру қажет?

5.Науқас адамның психологясы қандай болады?

11.Негізгі әдебиеттер:

1. Дәрменқұлова Р.Н. Қазақ тілі. А., 2001. 135-136-бб.

2. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі медициналық оқу орындарына арналған. А., 2002. 113-115-бб.

Қосымша әдебиеттер:

1. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы, 2001.

2. Құлмағамбетова Қ., Елемисова Ж., Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы, 1990.133-134-бб.

3. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989.173-174-бб.


 

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

№30 тақырып: Аралық бақылау

 

 

 

2013 ж.

 

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

 

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

 


1. Тақырыбы: Аралық бақылау

3. Мақсаты: Өткен лексикалық және грамматикалық маериалдарды қайталай отырып, студенттердің алған білімін анықтау, қорыту, бекіту.

3. Міндеті:Қазақ тілінің медицинаға және күнделікті өмірге қажетті сөздерін, сөз тіркесін үйрету. Дұрыс оқуға, айтуға, жазуға, білуге үйрету. Ерекшеліктері мен айырмашылықтарын салыстыру.

Когнитивті – білім компетенциясы: сабақтас және салалас құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажырата отырып, алған білімдерін тексеру, лексикалық материалдар бойынша тілін дамыта отырып, өз бетінше баяндауды, медициналық термин сөздердің аудармасын беріп жазылуын үйрету.

 

Операционалды – дағды компетенциясы:сабақтас және салалас құрмалас сөйлемдердің баяндауыштарының жасалуына мысалдар келтіре отырып, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру, мәтінде кездесетін медициналық термин сөздердің аудармасын беріп, жазылуын үйрету.

 

Коммуникативті компетенция: өз ойларын қорытып, жүйелей білуге дағдыландыру, аударған сөздер мен сөз тіркестерін өмірде қолдана білуге баулу.

 

Өзін-өзі дамыту компетенциясы: студенттердің синтаксистік талдау дағдыларын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту

Аралық бақылауды өткізу түрі: тест жұмыстары, сұрақтарға жауап беру, мәтінмен жұмыс, ауызша баяндау, аударма жұмыстары т.б.

 

Сабақтың әдістері: коммуникативтік қарым-қатынас, жаттығу, салыстыру, түсіндіру, талдау, жинақтау, салыстыру.

4. Өткізу түрі: бақылау

5. Аралық бақылау бойынша негізгі сұрақтар:

1.Салауатты өмір салты дегенді қалай түсінесіз?

2.Валеология қандай ғылым?

3.Қан диабеті неден пайда болады?

4.Қан диабеті ауруының белгілерін атаңыз.

5.Емдеу-сақтандыру мекемелерінің түрлерін атаңыз.

6.Емдеу бөлімшелеріне қандай бөлмелер кіреді?

7.Ағзаны шынықтыру деген не?

8.Ағзаны калай шынықтыруға болады?

9.ЖИТС (СПИД) ауруы қандай ауру?

10.ЖИТС ауруының жасырын кезеңі қалай басталады?

11.ЖИТС (СПИД) ауруының белгілері қандай?

12.Жұқпалы аурулар неден пайда болады?

13.Аурудың қозуына не әсер етеді?

14.Ағзаны шынықтырудың жолдары қандай?

15.Аурулардың қоздырғыштары қалай жұғады?

16.Дәрігер этикасы дегенді қалай түсінесіз?

17.Дәрігердің негізгі міндеттері қандай?

І нұсқа

1-тапсырма. Жай сөйлемнің қандай түрлері бар? Мысалдар келтіріңіз.

2-тапсырма. Берілген сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып жазыңыз.

1. Қуық жамбас қуысында, шат сүйегінің артында орналасқан.

2. Тұңғыш рет мерездің белгілерін 1494 жылы Испания дәрігерлері ашқан.

3. Жұлын омыртқа жотасының өзегінде орналасқан.

4. Тер бездері ағзаны жиналған зиянды қалдықтардан тазартады.

3-тапсырма. Салалас құрмалас сөйлем қалай жасалады? Мысалдармен дәлелдеңіз.

4-тапсырма. Шартты бағыныңқы, мақсат бағыныңқы, қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы сыңарының жасалу жолдарын түсіндіріңіз. Мысалдар келтіріңіз.

5-тапсырма. Берілген сөйлемдерді сабақтас құрмалас сөйлемдерге ажыратып, түрлерін анықтаңыз.

1. Аурудың созылмалы түріне айналмасын деп, науқас ауруханада емделді.

2. Денеге суық тигізіп алсаңыз, дереу дәрігерге көрініңіз.

3. Дәрілік шөптерді көп қолданғанмен, аурудан тез жазылып кетпеді.

4. Тері ауруын емдету үшін, Айжан емханаға барды.

Лексикалық материал бойынша сұрақтар

1-тапсырма. Өткен мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін еске түсіріп, орыс тіліне аударыңыз.

Қант сіңіру, тағамдағы көмірсу, ағзадағы зат алмасу, мүгедек адамдар, жүйелі бақылау, ғылыми зерттеу, денсаулық сақтау, жұқпалы індеттер, дене шынықтыру, ретсіз тамақтану, мамандырылған бөлімше.

2-тапсырма Қант диабеті ауруы бойынша сұхбат құраңыз. Науқасқа дәрігердің қоятын сұрақтарын жазыңыз.

3-тапсырма .Мәтінді қазақ тіліне аударып, медициналық термин сөздерді оқып алыңыз.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 2166. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия