Студопедия — Тапсырмалар.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тапсырмалар.






Жаңа сабақ;

Жіктік жалғау

Жіктік жалғау тек қана синткасистік қызмет атқарады. Жіктеу категориясы - қазіргі қазақ тілінде тек етістікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш болып қызмет атқара алатын өзге де сөз таптарына, соның ішінде есімдерге де тән қасиет.

Жіктік жалғауы, басқа қосымшалар сияқты сөзбен сөзді байланыстырады және қарым-қатынасқа келтіріп тұрады. Жіктік жалғауы жалғанған сөз үнемі баяндауыш қызметіне жұмсалып, бастауышпен жақтық, шақтық жағынан қиыса байланысып келеді. Жіктік жалғауы баяндауыш қызметінде келетін барлық сөздерге де жалғанады.

Мысалы: мен дәрігермін, сен дәрігерсін, бүгін кезекші сенсін, біз көппіз, сен келдің;.

Жіктәік жалғаудың толық түрі және қысқа түрі бар:

Толық түрі

Жекеше І мын/ мін, бын/бін, пын/пін ІІ сың/сің сыз/сіз ІІІ третье лицо не имеет окончания   Көпше І мыз/міз, быз/біз, пыз/піз ІІ сыңдар/сіңдер, сыздар/сіздер ІІІ третье лицо не имеет окончания

 

Қысқа түрі

І –м, -қ, -к

ІІ –ң, -ңдар, -ндер

-ңыз. –ңіз, -ңыздар, -ңіздер

ІІІ жақта жіктік жалғау жалғанбайды.

Жіктік жалғаудың қысқа түрі жедел өткен шаққа және шартты райлы етістікке жалғанады: бардым, барсаң, келдің, келсең, айтыңыз, көрсеңіз, барды, барса.

В казахском языке, в отличие от русского, существительные, местоимения, прилагательные принимают личные окончания.

 

Следует отметить, что личные окончания принимают и порядковые числительные: сен үшіншісің, мен екіншімін.

Обратите внимание: Когда имена и глаголы сочетаются с отрицанием емес, то личные окончания принимают пін, мін бын.Мысалы: мен заңгер емеспін, дәрігермін.

Жаттығулар:

1-жаттығу. Берілген сөздерге жіктік жалғауын жалғап, сөйлем құрастырыңыз.

Дәрігер, инженер,заңгер, отыр, екінші, ақылды, сен.

2-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауын қойыңыз.

Сен бірінші курс студенті.... Біз практикада ауруханада болды.... Сендер сабаққа кешігіп келген жоқ....Сіздер театрға барған жоқ... Бүгін кезекші мен емес...

3-жаттығу. Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлемдер жазыңыз. Қай сөз табы екенін анықтаңыз.

Студентсіңдер, агрономсыз, көріктісің, үшіншімін, отырсың, оқыпты.

4-жаттығу. Қазақ тіліне аударып, жазып алыңыз.

Он вчера не пошел в театр. Ты купил книгу С.Муканова «Ботагоз»? Вы прочитали роман М.Ауэзова «Путь Абая»? Нет, я не читал его, скоро прочту. Мы сидим за столом и слушаем урок.

 

5-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыңыз, жаттап алыңыз. Жіктік жалғауындағы сөздерді тауып, теріп жазыңыз.

МЕН ҚАЗАҚПЫН

Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен қазақпын, ажалсыз анамын мен,

Құрсағыма сыйдырам даланы мен.

Пәк сәбимін бесікте уілдеген,

Дәуірлермен құүрдаспын, данамын мен.

Мен жігітпін, айқасқа, сынға асықпын,

Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.

Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,

Шарықтасам, қыран боп шыңға шықтым.

Мен қара көз сұлумын, сайтан қызбын,

Сайрай қалсам, тілімнен бал тамыздым.

Сүйер болсам, өмірдей өле сүйдім,

Қас батырмен қайрасқам балтам жүзін.

Ж.Молдағалиев

Мәтін алдындағы жаттығу жұмыстары

1-тапсырма. « Қазақтың танымал қоғам қайраткерлері » мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздер мен сөз тіркестерін оқып, есіңізге сақтаңыз.

тұлға-личность төраға- председатель ғалым-ученый аудармашы- переводчик құрылтай- учредительное собрание әлеуметтік- социальный ұлт-азаттық қозғалыс- национально- освободительное движение   көрнекті- выдающийся, видный негізін салушы- основоположник шығыстану- востоковедение мұра- наследие бағалану-оценивает ғұлама- гений(мудрый) марапаттау- наградить  

2-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыз. Курсивпен берілген сөз тіркестеріне сөйлем құрастырыңыз.

Қоғамдық және мемлекеттік істер, ұлт - азаттық көтеріліс, өшпестей із қалдыру, ұйымдастырушы, тау-кен ісі саласы, орденмен марапатталу, негізін салған, теміржол құрылысы, металлогениялық болжам карталары.

 

3-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз.

Қазақтың танымал қоғам қайраткерлері

Елімізде қоғамдық және мемлекеттік істерге араласып, басшылық жасаған қайраткерлер көптеп саналады. Олардың бірі Қазақстандағы ұлт - азаттық көтеріліске және мемлекеттік істерге басшылық жасаса, енді бірі әр ғылым саласында жаңалық ашып көлемді еңбектер қалдырды. Қазақтың танымал қоғам қайраткерлеріне Ә.Бөкейханов, Т.Рысқұлов, Д.Қонаев, Қ.Сатпаев, Ә.Марғұлан т.б ірі тұлғалар жатады.

Әлихан Бөкейханов (1866-1938ж.ж) -19 ғ. соңы мен 20 ғ.басындағы қазақ зиялылары, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше, Алашорда мемлекеті мен Алаш партиясын (1917-1920ж.ж) ұйымдастырушы әрі төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға. Ол 1866 жылы қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында туған.

1917жылы желтоқсанда бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш автономиясы жарияланып, Ә.Бөкейханов сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады.

Тұрар Рысқұлов (26.12.1896.-10.02.1938) - көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, саясатшы, ғалым, Кеңес Үкіметі мен Компартияның Түркістандағы аса көрнекті қайраткері. 1918-37жылдар аралығында әр түрлі мемлекеттік басшылық қызмет атқарды.1926 жылдан бастап (11жыл) Тұрар Рысқұлов Қазақстан автономиялы Республика ретінде құрамына кірген Ресей Федерациясы Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары болып істеді.

Тұрар Рысқұлов - Орта Азиядағы ең бірінші Кеңес тарихшыларының бірі. Ол Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысқа, ауылдарда социализмнің орнауына, қазақ баспасөз тарихына, Түркістан-Сібір теміржол құрылысына және тағы басқа мәселелерге арнап кітаптар, ғылыми мақалалар және кітапшалар жазды. Т.Рысқұлов 10- нан астам кітаптың, тарихи және экономикалық тақырыптарға арналған 100-ден астам гаэет, журнал мақалаларының авторы. Оның редакциялауымен 7 кітап жарық көрді. 1938 жылы Т.Рысқұлов репрессия құрбаны болды.

Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев (1912-1993ж.ж.)-КСРО және КОКП Орталық Комитетінің, Кеңестік Қазақстанның аса көрнекті басшысы, академик. Қазақстанның мәдениеті мен экономикасын дамытуға ерекше үлес қосқан ұлы тұлға. Социалистік Еңбек Ері атағын үш рет алған (1972,1976,1982 ж.ж.)

1952 жылы 17 сәуірде Қазақстан ғалымдары зор сенім көрсетіп, Д.Қонаевты Қазақ КСР ҒА-ның академигі және оның президенті етіп сайлады. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д.Қонаев Ғылым академиясының дамуы жолында зор еңбек сіңірді.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899-1964.ж.ж) - аса көрнекті ғалым, академик. Қазақстан ғылымының негізін салған. Қазақ КСР Ғылым Академиясының шаңырағын көтерген және оның тұңғыш президенті. Қ.Сәтбаев 1958 жылы Орталық Қазақстанның металлогениялық болжам карталарын жасағаны үшін ғылым саласында тұңғыш Лениндік сыйлыққа ие болды. 1963 жылы геология ғылымын дамытып, Қазақстанның қазба байлықтарын зерттеудегі еңбектері үшін төртінші рет Ленин орденімен марапатталды. Қазақта тұңғыш аспан денелеріне есімі берілген ғұлама және тұңғыш академик атағын алған ғылым адамы.

Әлкей Хақанұлы Марғұлан (1904-1985ж.ж) Ақпеті болысында (қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы) дүниеге келді. Ол - Қазақстан археология мектебінің негізін салушы, ғылымның көптеген салалары этнография, тарих, шығыстану, әдебиеттану, өнертану бойынша көрнекті қайраткер. Филология ғылымдарының докторы (1945), Бүкілодақтық География қоғамының толық мүшесі, Қазақ КСР ҒА академигі (1958), профессор (1960), Қазақ КСР ғылымының еңбек сіңірген қызметкері (1961).

Ә.Марғұлан 1943 жылдан Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария, Шу, Талас өзендері бойында және көне Отырар, Сауран, Сығанақ қалаларының орындарында қазба жұмыстарын жүргізіп, соның негізінде «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихынан» («Из истории городов и строительного искусства древнего Казахстана») деген монографиялық еңбек жазды. Ол – тарих, археология, этнография, әдебиет және өнер тарихынан 300-ден астам ғылыми зерттеу жұмысының, 100-ден астам энциклопедиялық мақалалардың авторы.

Академик Ә.Х.Марғұлан берілген мәліметтер бойынша 14 томдық негізгі еңбектерінен тұратын зор ғылыми мұра қалдырды. Әлкей Марғұланның ұзақ жылғы қоғамдық өмірдегі және ғылымдағы үлкен еңбегі жоғары бағаланып, ол Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталды.

4-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

· Қазақтың танымал қоғам қайраткерлерін атаңыз.

· Әлихан Бөкейханов кім? Қайда дүниеге келген?

· Тұрар Рысқұлов туралы не білесіз?

· Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті кім?

· Әлкей Марғұлан кім? Оның қоғамдық қызметтері қандай?

· Д.Қонаев қандай қоғамдық қызметтер атқарды?

 

5-тапсырма. Тірек сызбаны пайдаланып, мәтін құраңыз.

Студенттің білімін бақылау

Когнитивті – білім компетенциясы:

Тест тапсырмалары:


1.Жіктік жалғауындағы сөзді көрсетіңіз.

а) оқыдың

ә) баршы

б) кітабымды

в) бірге

г) сөзді

2.Жіктік жалғауының көпше түрінің І жағын көрсетіңіз.

а) Неткен табиғат әдемі еді!

ә) Сен Алматыда тұрасың ба?

б) Концертке кеше барғанбыз.

в) Тауға барып демалды.

г) Ол суретті жақсы салды.

3.Жіктік жалғауының жекеше түрінің ІІ жағын көрсетіңіз.

а) оқисың

ә) жазды

б) емдеу

в) досым

г) өнегесі

4.Көп нүктенің орнына қай сөз сәйкес келеді?

Х.Досмұхамедұлы атқыштар батальонында әскери кіші.... қызмет атқарды.

а) дәреже

ә) дәрігерлік

б) саяси

в) алға

г) жан

5.Жіктік жалғауын көрсетіңіз.

а) лар, лер

ә) ды, ны

б) сың, пыз

в) на,не

г) ма, ме

6.Жіктік жалғауының ІІ жағын көрсетіңіз.

а) студентсің

ә) үйіңнің

б) әркімге

в) жеріңе

г) отырмын

7.Жіктеліп тұрған етістікті көрсетіңіз.

а) аудардың

ә) ағайыным

б) сапалы

в) жатыр

г) жазу

8.Қай сөз табы жіктеледі?

а) шылау, зат есім

ә) есімдік, сын есім

б) етістік, еліктеуіш

в) сан есім, септеулік

г) үстеу, зат есім

9.Дұрыс емес аударманы көрсетіңіз.

а) ұлт -национальность

ә) ерлік -мужество

б) бөлім - воин

в) шеберлік -мастерство

г) бесік –колыбель

10.Сөйлемді толықтырыңыз.

Ә.Марғұланның ұзақ жылғы қоғамдық өмірдегі және... үлкен еңбегі жоғары бағаланды.

а) ғылымдағы

ә) сапармен

б) аңшылық

в) сыпай

г) шеберлік


Операционалды – дағды компетенциясы:

Берілген сөздерді пайдаланып сөйлем құраңыз. Жіктік жалғаудың қандай сөз таптарына жалғанып тұрғанын түсіндіріңіз.

Емдеу, қыдыру, ақылды, жетінші, байсалды.

Коммуникативті компетенция:

а) лексикалық материал бойынша:

· Қоғам қайраткерлер деп кімдерді айтамыз?

· Әлихан Бөкейхановтың қоғамдағы орны қандай?

· Тұрар Рысқұлов қай салада жұмыс істеді?

· Д.Қонаев туралы не білесіз?

· Әлкей Марғұлан қай жерлерде қазба жұмыстарын жүргізді?

ә) грамматикалық материал бойынша

1. Жіктік жалғау қалай жасалады?

2. Жіктік жалғау көбіне қай сөз табына жалғанады?

3. Жіктік жалғаудың есімдікке жалғануына мысал келтіріңіз.

4. Етістіктің жіктелуіне үш мысал келтіріңіз.

Адамның кәсібін көрсететін есім сөздердің жіктелуіне екі мысал келтіріңіз

Өзін-өзі дамыту компетенциясы

Жоғарыда аталған қоғам қайраткерлерінен басқа қандай тұлғаларды білесіз?

Сол туралы қысқаша мәтін құраңыз.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Бектұров Ш.К. Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1994. 110-б.

2. Бектаев А. Қазақ тілі сабақтары. Алматы, 1994.

3. Хабдин Қ.Е., Тәттібаева А.Е. Қазақ тілі сабақтары. Алматы, 2004 ж.

Қосымша әдебиеттер:

1. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы, 2001.

2. Құлмағамбетова Қ., Елемисова Ж., Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы, 1990. 46-б.

3. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989. 50-51 бб.

 


ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Қазақтың көрнекті ақын-жазушылары

(М.Мақатаев, Ж.Молдағалиев, Ә.Кекілбаев, М.Шаханов т.б.)

 

2013 ж.

 

 

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

 

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

 


1. Тақырыбы: Қазақтың көрнекті ақын-жазушылары

(М.Мақатаев, Ж.Молдағалиев, Ә.Кекілбаев, М.Шаханов т.б.)

 

1. Мақсаты:

Қазақтың көрнекті ақын-жасушыларының өмірі, шығармашылығы туралы мәлімет беру. Мәтінде кездесетін жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру;

Мәтіннің мазмұнын өз бетінше баяндауға үйрету;

Aдамгершілікке тәрбиелеу, оқушыға Патриоттық рухта тәрбие беру;

 

2. Міндеті:

- лексикалық – грамматикалық ерекшеліктердің қолдану аясын білуге машықтандыру;

- терминдердің жазылу үлгісін, оларға қойылатын талаптарды, біліктілікті қалыптастыру;

- ғылыми мәліметтерді, әдебиеттерді, қолдана алу, мәтінді түсініп, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылымға ниетін қалыптастыру;

- қазақша өз ойын тиянақты түрде жеткізу, сауатты жазуға үйрену.

 

4. Негізгі ұғымдар:

а) лексикалық тақырып бойынша

1. ХХ ғасыр әдебиетінің көрнекті өкілдері туралы мәлімет

2. М.Мақатаевтың қазақ әдебиетіндегі орны

3. М.Мақатаевтың шығармалары туралы мағлұмат

4. М.Мақатаевтың аудармалары

5. Ж.Молдағалиевтың поэмаларының тақырыбы

6. Мұхтар Шахановтың өлеңдерінің ерекшеліктері

7. Әбіш Кекілбаев шығармаларының тақырыбы

5. Сабақты өткізу жоспары:

1. Кіріспе бөлім (ұйымдастыру кезеңі) - 5 минут

2. Өткен сабақты пысықтау - 25 минут

3. Үйге берілген жаттығуларды тексеру - 20 минут

ҮЗІЛІС

4. Жаңа лексикалық тақырып бойынша жұмыс - 30 минут

5. Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс - 20 минут

ҮЗІЛІС

6. Лексикалық тақырып бойынша жаңа сөздермен жұмыс - 20 минут

7. Жаттығу жұмыстары,тестілер - 20 минут

8. Қорытындылау,үй тапсырмасын беру, бағалау - 10 минут

6. Өткізу түрі:тәжірибелік

7. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұрақ-жауап, аударма жұмысын жасату, тест тапсырмалары.

 

8. Көрнекі құралдар:кестелер, суреттер, үлестірмелі карточкалар.

9. Тапсырмалар:

а) Төмендегі сөздердің ауармасымен танысу:

Көрнекті-видный

Үлес қосу-внести вклад

Жыр жинақтары-сборник стихов

Шығармашылық-творчество

Шығармалар-произведения

Шеберлік-мастерство

Қазына-сокровище

Жоғары атақ-высокое звание

Қолдану-применять

Қоғамдық-общественный

Мемлекетік-государственный

Халық тағдыры-судьба народа

Азаматтық сарын-гражданский моти

ә) Мәтінді оқу.

Қазақтың көрнекті ақын-жазушылары

(М.Мақатаев, Ж.Молдағалиев, Ә.Кекілбаев, М.Шаханов т.б.)

Әдебиет –сөз өнері.Өйткені оның өмірді,адамдар тағдырын бейнелеп таныту құралы-сөз.Көркем сөз құдіреті арқылы ақын, жазушылар өмірдің түрлі көріністерін бейнелі де суретті түрде танытады.

ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақын - Мұқағали Мақатаев (1931-1976)Ақынның шығармашылығы туған жер, туған ел,ана тілі,адамгершілік,махаббат тақырыптарына арналған.Оның кез келген шығармаларынан жердің,елдің биік рухы сезіледі. Ақынның «Армысыңдар, достар», «Қарлығашым,келдің бе?», «Аққулар ұйықтағанда» т.б.жыр жинақтарын халық сүйіп оқиды. Мұқағали Мақатаев аударма саласында да өзіндік шеберлігін танытқан ақын.Ол Дантенің «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» атты бөлімін, Шекспирдің «Сонеттерін», Уолт Уитменнің өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Ж.Молдағалиев (1920-1988жж)- қазақтың белгілі ақыны, Ұлы Отан соғысына қатысушы. Соғыстан оралғаннан кейін түрлі қызметтер атқара жүріп, шығармашылықпен айналысты. Ж.Молдағалиев жалынды жырларымен ұлттық әдебиет әлемінде тез танылды.Ақынның тұңғыш жинағы «Жеңіс жырлары» деген атпен 1949 жылы жарық көрді. Ж.Молдағалиев «Жыр туралы», «Сел», «Мен қазақпын», «Туған жер», «Арман қанаты», «Кісен ашқан» т.б.көптеген поэмалар жазған.Ақын шығармаларында азаматтық сарын мен көңіл күйі лирикасы басым.Оның поэмаларында қазақ халқының өмірі,ұлттық ерекшелігі реалистік тұрғыда берілген. «Кісен ашқан» поэмасында Құрманғазының осы аттас күйіне құлақ қойып, ой жібере отырып,өскен өнер,өркендеген халық тағдыры баяндалған.Оның ақындық өнерін айқын танытқан бұл шығармасына Мемлекеттік сыйлық берілді. Сонымен бірге Ж.Молдағалиев А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтің, Назым Хикметтің өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Ол өзінің атақты Мен қазақпын деп аталатын поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналған,отансүйгіштік жырларымен халық жүрегінен орын алған ақын.

Ақынның шығармалары көптеген шетел тілдеріне аударылған.

Мұхтар Шаханов (1942 жылы туған)– ақын, қоғам қайраткері. Ақын шығармаларында туған жер, тіл, ел тағдыры жырланады.Өлеңдерінде философиялық ой басым. Бірнеше өлең жинақтарының және халық арасына кең тараған бірқатар әндердің авторы. Балладалары мен поэмалары дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тілдеріне аударылған. «Махаббат заңы», «Сенім патшалығы», «Сократты еске алу түні» атты драмалары республикамызда және шетел театрларында қойылған. «Шыңғыс ханның пенделік құпиясы» атты драмалық шығармасы негізінде Украинаның Довженко атындағы киностудиясы екі сериялы телефильм шығарды.

Әбіш Кекілбаев -көрнекті жазушы,мемлекеттік және қоғам қайраткері.Жазушының «Бір шөкім бұлт», «Дала балладалары», «Үркер» және т.б.шығармалары бар.Әбіш Кекілбаев шығармаларының тілі шешен.Ол шығармаларында ана тілінің бай қазынасын шебер қолдана біледі. Жазушы тек шығармашылықпен ғана емес,сонымен бірге қоғамдық, мемлекеттік істермен айналысады. Ол Қазақстанның халық жазушысы деген жоғары атаққа ие.

 

б) мәтінді аударып, мәтінге жоспар құрыңыз.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 2873. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

ТЕОРИЯ ЗАЩИТНЫХ МЕХАНИЗМОВ ЛИЧНОСТИ В современной психологической литературе встречаются различные термины, касающиеся феноменов защиты...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия