Студопедия — Тапсырмалар. 1-тапсырма. Төмендегі мәтіннің орысша баламасын жазыңыздар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тапсырмалар. 1-тапсырма. Төмендегі мәтіннің орысша баламасын жазыңыздар






1-тапсырма. Төмендегі мәтіннің орысша баламасын жазыңыздар. Өз ойларыңызбен толықтырыңыздар.

«- Алдымызда атқарылар қыруар істер бар. Бұл жолда біздің ең басты байлығымыз – берекелі бірлігіміз. Мен ауызбіршіліктен айнымайтын ақжүрек жұртымның қуатты ұлтқа, шуақты ұлысқа айналарына кәміл сенемін.»

Н.Ә.НАЗАРБАЕВ

 

2-тапсырма. Мәтінді оқу. Түсінгенін айту.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың;

Қазақстан халқына Жолдауы 2011 жыл

Биыл – біз үшін ерекше қастерлі жыл.

Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық.

Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық.

Естеріңізде болар, 1997 жылғы халыққа алғашқы Жолдауымда мен былай деген едім:

«2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады».

Осы сөздерге кезінде күмән келтіргендер аз болған жоқ.

Дегенмен, діттеген бұл межеге біз 33 жылда емес, бір мүшел жастың өзінде жеттік!

Күні кеше Астанада 56 елдің басшылары мен халықаралық ұйым өкілдерінің басын қосқан Саммит – соның айшықты айғағы.

Жұлдызымызды жарқырата түскен бұл мерейлі белестен бұрын да біз біршама биіктерді бағындырдық. Біз талайлы заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарын атамекенге жинаған әлемдегі үш елдің бірі болдық.

Осы жылдары шет елдерден 800 мыңнан астам отандасымыз келіп, халық саны бір жарым миллионға артты. Біз Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен дәулеті келіскен Астана салдық.

Есілдің жағасына серпінді дамуымыздың символы болған еңселі Елорда қондырдық.

Халқы тату-тәтті, саясаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады.

Қазақстанның халықаралық резерві бүгінде 60 миллиард долларға жуық қаржыны құрайды.

Ырыс – ынтымаққа жолығады, дәулет – бірлікпен толығады.

Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасына 120 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды.

Сонымен қатар біз әлемнің 126 еліне 200-ден астам өнім түрін шығарамыз.

Бүгінде ұлттық дәулетіміздің үштен бір бөлігі шағын және орта бизнестен құралады.

Ауыл шаруашылығы саласы да дамып келеді.

Ішкі жалпы өнім өсімі 2010 жылы 7 пайыз, өнеркәсіп өндірісі – 10 пайыз, өңдеу өнеркәсібі 19 пайыз мөлшерді құрады.

Орташа айлық жалақы 2007 жылғы 53 мыңнан 2010 жылы 80 мың теңгеге дейін артты.

Ұлттық әл-ауқат деңгейі жөнінен әлем мемлекеттерінің рейтингінде Қазақстан өткен жылы 26 сатыға ілгерілеп, 110 ел арасынан 50-ші орынға көтерілді.

Біздегі орташа айлық жалақы 5 жарым есеге, зейнетақының орташа көлемі 4 есеге көбейді.

Біз дүниені дүрбелеңге салған дағдарыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл жолына батыл бет бұрдық.

Алдымызға ұлан-ғайыр мақсаттар қойдық және оларға қысқа мерзімде қол жеткіздік.

Тәуелсіздік жылдарында 500-ге жуық жаңа денсаулық сақтау нысандары салынды.

Медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жақсарды.

 

Жағдаяттық тапсырма.

Бұқаралық ақпарат құралдарынан ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауымен танысып, топпен бірге қалайша талқылар едіңіздер.

Тест тапсырмалары:


1. Аудармасы дұрыс сөзді көрсетіңіз.

а) бөртпе-сыпь

ә) ісік-травма

б) жара-опухоль

в) тері -пот

г) тер –кожа

2. Аудармасы дұрыс емес сөзді көрсетіңіз.

а) итмұрын-шиповник

ә) қарақат-смородина

б) жүгері-кукуруза

в) қаймақ-жидкость

г) сұлы-овес

3. Дұрыс құрылған сөйлемді табыңыз.

а) Адам оттегісіз өмір сүре алмайды.

ә) Оттегісіз сүре адам өмір алмайды.

б) Адам сүре өмір оттегісіз алмайды.

в) Өмір оттегісіз сүре алмайды адам.

г) Алмайды адам сүре оттегісіз өмір.

4. Дұрыс құрылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Балдың қасиетін адамзат білген ерте заманнан емдік.

ә) Адамзат балдың емдік қасиетін ерте заманнан білген.

б) Қасиетін балдың білген ерте заманнан адамзат емдік.

в) Емдік білген адамзат ерте заманнан балдың қасиетін.

г) Білген балдың адамзат емдік заманнан ерте қасиетін.

5. Сөйлемді толықтырыңыз.

Түрлі аурулардың алдын қалай алуда... орны ерекше.

а) студентпен

ә) дәрігердің

б) оқытушыға

в) баладан

г) анама

6. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.

- Қазақстан қандай мемлекет.

а) -Ұзын

ә) -Тәуелді

б) -Қызғаншақ

в) -Тәуелсіз

г) -Йықты

7. Дұрыс жазылған сөзді табыңыз.

а) бейнелеу

ә) бійнелеу

б) бинелеу

в) бенелеу

г) бейнилеу

8. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.

Құрманғазы Сағырбайұлы кім?

а) -Әнші

ә) Күйші

б) -Жазушы

в) -Ақын

г) -Батыр

9. Сөйлемнің алдыңғы сыңарын көрсетіңіз.

..., бөлменің ауасын таза ұстау керек.

а) Аурулардан сақтану үшін.

ә) Жедел жәрдем шақырдық.

б) Дәріні көп қолданғаны.

в) Дәрігердің бақылауында

г) Ауруханаға жылдам келді.

10. Керекті сөзді қойыңыз.

Қысқы сессияға студент... дайындықпен келді.

а) әлдеқашан

ә) жоғары

б) ақырын

в) солай

г) әлдеқашан

11. Сөйлемді толықтырыңыз.

... бүгін жиналыста болдым.

а) Менде

ә) Кешке

б) Мен де

в) Сен

г) Онымен

12. Адамға қатысты сөздерді көрсетіңіз.

а) ақылды, сұлу, адал

ә) жалпақ, қалың, жылжымалы

б) үш бұрышты, төрт бұрышты

в) жасыл, көк, сұр

г) мықты, жеңіл, қабаған

13. Адамға қатысты емес сөздерді көрсетіңіз.

а) қатты, қышқыл

ә) әдепті, көңілді

б) пысық, салмақты

в) жалқау, қатыгез

г) көрікті, келбетті

14. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.

Науқас аурудан... жазылды.

а) перде

ә) сақина

б) әрең

в) ертең

г) еден

15. Дұрыс сөзді қойыңыз.

Сіздің қандай... бар?

а) ұсыныстарыңыз

ә) сұрақтар

б) әңгіме

в) шағымдары

г) айтыңыз

16. Адамның қасиетін білдіретін сөзді көрсетіңіз.

а) ақылды, сусыз, құрғақ

ә) жалпақ, қалың, жылжымалы

б) ұқыпты, сақ, қарлы

в) пысық, жалқау, қатыгез

г) мықты, жеңіл, жұмсақ

17. Сөйлемді толықтырыңыз.

Мен.... азық-түлік сатып алдым.

а) дүкенде

ә) дүкеннен

б) дүкенге

в) дүкенмен

г) дүкен

18. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіз.

Сіздің қандай шағымыңыз бар?

а) басымыз ауырады.

ә) жүрегім айнып, құсқым келеді.

б) қолы қақсайды

в) басы айналады

г) үсті бөртпелер шығады

19. Жағымды мінез-құлықты білдіретін сөздерді көрсетіңіз.

а) қатыгез, ашушаң

ә) ұқыпты, еңбекқор

б) кекшіл, әділетсіз

в) үнемшіл, тиянақсыз

г) жағымпаз, жалқау

20. Қай сөйлемнен сұрақты естисіз?

а) Бірақ ол келмеді.

ә) Қашан келер екен.

б) Ол келмесін.

в) Тезірек келсе ғой.

г) Келмекші болды.


 

11. Әдебиеттер:

1. «Егемен Қазақстан» газеті. 2011 жыл. 2-6 бб.

2. Ш.Бектұров., А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 2004 ж.

 


ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН (ОСӨЖ)

ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: ҚР Денсаулық сақтау жүйесі туралы

 

 

2013 ж.

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

 

Хаттама №____, «_____»____________2013ж.

 

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д. Аяпбергенова К.К.

 


1. Сабақтың тақырыбы: ҚР Денсаулық сақтау жүйесі туралы

2. Мақсаты:

- Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі туралы мәлімет

- Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құру тұжырымдамасының мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

-мәтінде кездесетін жаңа сөздердің мағнасын түсіндіру;

-түрлі жаттығу жұмыстары арқылы қазақша сөйлеуге дағдыландыру;

-өз бетінше сөйлем құрастыруға машықтандыру;

- өз ойларын қазақ тілінде еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

-жаңа сөздер арқылы сөздік қорын байыту

 

3. Міндеті:

- болашақ маманның мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау біліктігін арттыру;

-студентке оқып, үйренуге өз әрекетінің жемісті екендігін сезінетін жағдай жасау;

-студенттер арасында ашық, еркін, шығармашылық қатынас орнату;

-практикалық жолмен дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға дағдыландыру.

4. Негізгі ұғымдар:

- Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі туралы мәлімет

- Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құру тұжырымдамасының мазмұнын жүйелі баяндауға үйрету;

5.Сабақ өткізу жоспары:

А) Ұйымдастыру (2-5 минут).

Ә) Үй тапсырмасын сұрау (40-45 минут).

Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

-Мәтін бойынша жұмыс (50-55 минут). Жаңа сөздермен. Сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, мәтін бойынша сұрақтарға жауап, салыстыру жүргізу, аударма жұмысын жасату.

-Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс (20-40 минут).

-Жаңа сабақты қорыту (10-15 минут).

В) Студенттердің білімін бағалау (2-3 минут).

 

6. Өткізу түрі: Тәжірибелік

7. Білім берудің және оқытудың эдіс- тәсілдері:

Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, салыстыру, аударма жұмысын жасату, жағдаяттық тапсырма

8. Көрнекті құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі туралы мәлімет







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 950. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия