Студопедия — ССССССС
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ССССССС






5. Стансалардың тағайындалуы. Станса – деп жол таралымдары пойыздарды қабылдап жөнелтуді, қиылыстыруды және басып оздыруды, сонымен қатар жүктерді қабылдап – тапсыру, жолаушыларға қызмет көрсету операцияларын қамтамассыз ететін, ал дамыған жол құрылғылары құрамаларды құрастыруға және пойыздарға техникалық операциялар жасауға мүмкүншілік беретін жекелеген жол бекеті.Негізгі қызметіне, жұмыс сипатына байланысты стансалар бірнеше түрге бөлінеді: аралық, телімдік, сұрыптау, жүк және жолаушы стансалары. Аралық стансалар пойыздарды қабылдап жөнелтуді өткізу және айырылыстыру басып озу сонымен бірге жолаушыларды отырғызып түсіру, жүктерді тиеп түсіру жинақталған пойыдарды өндеу тәрізді опрерациялар атқарылып тж барлық желісінде орналыстыралатын ең көп станса түрі. Телімдік стансалар – пойыз құрамындағы вагондарға техникалық және коммерциялық тексеру, жөндеу жұмыстары орындалатын және телімдік пойыздарды сұрыпталатын, негізінен транзиттік пойыздарды өндеумен айналысатын станса. Сұрыпттау стансалары - негізінен бірнеше теміржол желісі түйіскен бекетте, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар, әкімшілік орталықтар, порттар орналысқан жерлерде немесе көп көлемді жүк тиелетін аудандарда орналасады. Сұрыпттау стансаларында негізінен алыс қашықтыққа арналған өтпелі яғни тоқтаусыз өтетінжәне де телімдік, жинақталған, өткермелік және берілістік пойыздар құрастырылады, сонымен қатар транзиттік, жүктік пойыздар өнделеді. Локомотивтерді, бригадаларды ауыстыру, техникалық тексеру т.б. жүктік және де жолаушыларға қатысты операциялар орындалады. Жүктік стансалар - ірі өнеркәсіптік және әкімшілік орталықтарда, теңіз және өзен порттары орналасқан бекеттерде, жүктерді көп көлемде тиеп-түсіретін жерлерде және де ауқымды өнеркәсіптік кәсіпорын құрылысы жүретін аймақтарда салынады. Бұл стансаларда тиеп-түсіру операцияларынан басқа келген құрамаларды өндеу, жөнетілген маршруттарды құрастыру жұмыстары атқарылады. Жолаушы стансалары - негізінен транзиттік, жергілікті және қала аралық жолаушы қозғалысы қарқынды, тұрғыны көп мекендерде салынып жолаушы тасымалына қызмет көрсетуге арналған. Телімдік және сұрыпттау стансалары атқаратын қызметтеріне және жұмыс сипаттарына байланысты техникалық станса деп те аталады. Теміржол түйіспесі - деп кем дегенде үш теміржол бағытын біріктіретін біріктіруші жол тармақтары мен стансалар жиынтығын айтамыз Жұмыс көлеміне байланысты стансалар сыныпсыз және I, II, III, IV, V сыныпты болып бөлінеді. Стансаның сыныбын анықтау үшін жұмыстың әр түрлі өлшемдерін ұпаймен бағалау жүйесі енгізілген. Егер станса жолында тәулігіне бес вагон артылса немесе түсірілсе екі ұпайға бағаланады; 50 вагонды қайта өндеу (сұрыптап құрастыру) 2- ұпай; ұсақ жөнелтілімді немесе контейнерлермен 5 вагонды сұрыптау -2 ұпай; 10 пойызды жөнелтсе немесе локомотивтермен бригаданы ауыстыру арқылы 10 пойызды өткізсе 1 ұпай т.б. Бұл ұпайлық жүйемен белгілеудің шарты мен тәртібін «ҚТЖ» ҰК АҚ бекітеді. Жұмыс көлемі 85 ұпайдан жоғары болса, сыныпсыз стансаға жатады ал егер жұмыс көлемі:

- 32-85 ұпай болса, I сыныпты;

- 14-32 ұпай болса II сыныпты;

- 4-14 ұпай болса III сыныпты;

- 0,7-4 ұпай болса IV сыныпты;

- 0,7 - ге дейін болса V сыныпты станса қатарына жатады.

Сұрыптау стансалары, неғұрлым үлкен жолаушы және жүк стансалары негізінен сыныпсыз болып келеді

6. Станса жұмыстарын реттейтін қандай негізгі құжаттар?Станса жұмысын «ҚТЖ» ҰК АҚ - мен бекітілген «Теміржол стансалары туралы ережелер» арқылы реттейді. Бұл ереже стансаның өндірістік қызметін ұйымдастыру тәртібі мен міндеттерін, стансалық құрылғыларды материялдық-техникалық қамтамассыз ету тәртібін және қаржылық қызметін, сонымен қатар станса бағытының міндеттерін жаупкершілігін және құқын анықтайды. Станса Қазақстан Республикасының теміржол жарғысына, жүктерді тасымалдау ережелеріне және қолданыстағы теміржол тарифіне сәйкес жүктік және коммерциялық операциялардың орындалуын қамтамассыз етуге міндетті.Станса жұмысы және стансадағы жекелеген технологиялық операцияларды орындау реті Теміржол жарғысына, Қазақстан Республикасының теміржолдарын техникалық пайдалану ережелеріне (ТПЕ), Кәсіпорындарының теміржол көлігін техникалық пайдалану ережесіне және «ҚТЖ» ҰК АҚ мен оның бөлімшелерінің нұсқаулықтарына өнеркәсіптік жолды пайдалану ережесіне сәйкес қойылатын талаптар негізінде жүзеге асады. Операцияларды орындау мерзімі және реті стансаның техникалық-тарқату актісі, өнеркәсіптік жол мен түйіспе стансаларының жұмысының біртұтас технологиялық үрдісінің құрастыру жоспары, қозғалыс керегені және пойыздардың нақтылы жүріс кестенің негізінде анықталады. Техникалық-тарқату актісі жекелеген бекеттердің техникалық жабдықтары, техникалық және технологиялық операцияларды орындау тәртібі, стансадан пойыздарды өткізу, қабылдап-жөнелту қауыпсіздігін, сонымен қатар айлалық жұмыстар мен басқа да операцияларды қауіпсіз жасау тәртіптері туралы мәліметтерден тұрады. Оны қолданыстағы нұсқаулықтардың талаптары мен өндіріске қызмет көрсету сипатын ескере отырып, станса бастығы құрастырады да көліктік цехтің бастығы бекітеді. Стансаның өндірістік және шаруашылық қызметін станса бастығы басқарады.Тәуліктік және ауысымдық жоспарлардың орындалу сапасын бақылау, қозғалыс қауыпсіздігі мен техника қауыпсіздігін қамтамассыз ету, техникалық жабдықтарды тиімді пайдалануды бақылау міндетін станса бастығының орынбасары, ал ол жоқ жерде станса бастығының өзі атқарады. Стансаның бос инженерінің міндеттеріне технологиялық үрдістерді оңтайландыру және оны қолданысқа енгізу, техникалық жабдықтардың қуатын арттыру және оларды тиімді қолдану шараларын орындау, сонымен қатар еңбектің алдынғы қатарлы әдістемелерін енгізу тәрізді манызды міндеттер кіреді. Айлалық жұмыстардың ауқымы үлкен стансаларда барлық айлалық қозғалыстарға жетекшілік ету айлалық диспетчерге (ДСЦ) жүктеледі. Ол диспетчерлердің саны айлалық жұмыстардың көлеміне байланысты анықталады. Әдетте ірі стансалар мен ірі кәсіпорындардың қосылма жолдарында атқарылатын жұмыстар жекелеген аудандарға бөлініп басқарылады. Станса (жеке бекеттің) кезекшісі пойыздарды қабылдап- жөнелтуге, өткізуге және айлалық қозғалыстарға, сонымен қатар деподағы, пойыз құрамындағы локомивтерді қадағалауға жетекшілік жасайды Станса жұмысының технологиялық үрдісі көбіне парктердің, вагондар мен тасымалдау құжаттарын өндеу бекеттерінің жұмыс технологиясын, олардың өзара байланысын тиімді жобалаудың сапасымен анықталады. Жұмыс технологиясын жақсартуға технологиялық үрдістерді басқару қызметкерлері арқылы орындалатын техникалық қызметтердің сапасын жатқызуға болады. Қазіргі уақытта стансалар үшін техникалық және технологиялық операцияларға шұғыл және тиімді жетекшілік жасауға арналған біріктіріліп орталықтандырылған бекеттерді салудың маңызы зор. Мұндай бекеттер жұмысқа тікелей араласпай-ақ оны шұғыл орындайтын жетекшілерді алып келеді және стансадағы ақппарат тасқынын азайтады.

7. Станса жұмысын басқару құрылымы. Станса бастығы стансаға жүктелген барлық міндеттердің орындалуына жауапты адам. Ол станса жұмысың технологиялық үрдіс негізінде тиімді ұйымдастыруды, енбектің озық әдістемелерін енгізу және оны кең көлемде дамытуды, жүк қабылдаушылар мен жүк жөнелтушілерге, жолаушыларға жоғары дәрежеде қызмет көрсетуді техникалық жабдықтарды дұрыс қолдануды, шұғыл басқаруды қамтамасыз етеді. Станса бастығығының маңызды міндеттері:

- мамандарды дұрыс тандау және олардын техникалық кәсіби біліктігін жоғарылату;- жұмыс күшін тиімді пайдалану:- еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлердің техникалық қауіпсіздігі мен мәдени-тұрмыстық жағдайларын жақсарту шараларын жүргізу;қызметткерлердің мемлекеттік және еңбек тәртіптерін тұрақты бақылап бекітіп отыру.Станса бастығына «ҚТЖ» ҰК АҚ бекітілген заңдық ережелерге сәйкес жұмыскерлерді қабылдауға және қызметтен босатуға, жақсы жұмыс істегені үшін мадақтау немесе нашар жұмыс істегені үшін сөгіс беру құқықтары берілген. Стансаның штаттық кестесі бойынша станса бастығының орынбасарының, станса кезекшісінің, бас инженердің сонымен қатар өндірістік-техникалық және басқа да бөлімшелер қызметкерлерінің міндеттері бекітіледі. Сұрыптау, жолаушы станцаларында және жұмыс көлемі үлкен жүктік, телімдік стансаларда станса жұмысын диспетчерлік басқару жүзеге асырады. Стансаның барлық шұғыл жұмыстарына ауысымдық айлалық диспетчер басшылық жасайды, ал егер ол міндетті атқарушы болмаса, оның міндетін станса кезекші атқарады. Айлалық диспетчер стансаның барлық цехтарының жұмысын үйлестіріп отырады. Жол бөлімшесінің кезекшісімен, локомотив депосының кезекшісімен, вагондарды техникалық тексеру бекетінің ауысымдық мастерімен бірге шұғыл жұмыс жоспарын жасайды және ол жоспарлардың орындалуын қамтамасыз етеді. Екі бағытты сұрыптау стансасында сұрыптау жүйесінің жұмысын станса диспетчері, ал сұрыптау жүйесіндегі айлалық жұмысты айлалық диспетчер үйлестіреді. Станса кезекшісі пойыздарды қабылдап-жөнелтуге, өткізуге, стансаның бір ауданынан басқасына ауысатын айлалық жүріске, маршрут бойынша қозғалатын пойыздардың қиылысу арқылы және қиылыспай бас жолға шығуына толығымен жетекшілік етеді. Пойыздарды қабылдап жөнелтуге және айлалық локомотивтер қозғалысына қатысты станса кезекшісінің бұйрықтары станса жұмыскерлері мен бірге айлалық және пойыздық локомотив бригадалары мен вагондарды тексерушілер үшін де міндетті болып саналады.

31. Стансаларды сумен жабдықтауда, құрылыстық жұмыстарда, жол жөндеуде және тағы да басқа тасымалды жасайтын пойыз шаруашылық

16. Станция деп,қондырғылары мен жол таралымдары бар жекеленген пункті атаймыз және олар қандай оталарды атқарады?Оталар: техникалық, жүктік, коммерсиялық және жолаушылық; Станса – деп жол таралымдары пойыздарды қабылдап жөнелтуді, қиылыстыруды және басып оздыруды, сонымен қатар жүктерді қабылдап – тапсыру, жолаушыларға қызмет көрсету операцияларын қамтамассыз ететін, ал дамыған жол құрылғылары құрамаларды құрастыруға және пойыздарға техникалық операциялар жасауға мүмкүншілік беретін жекелеген жол бекеті. Жүктік оталар - ірі өнеркәсіптерде орналасқан бекеттерде, жүктерді көп көлемде тиеп-түсіретін жерлерде және де ауқымды өнеркәсіптік кәсіпорын құрылысы жүретін аймақтарда атқарылады. Бұл отада тиеп-түсіру операцияларынан басқа келген құрамаларды өндеу, жөнетілген маршруттарды құрастыру жұмыстары арту;түсіру;контейнерлер мен ұсақ жөнелтулерді сұрыптауатқарылады,иесіне беру, тасымалдау құжаттарын ресiмдеу, кiрме жолдарға қызмет көрсету. Мұндай станцияларда сонымен қатар жүктер көлiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне, жолтабанының ені әр түрлі вагондардан көлiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне, жолтабанының ені әр түрлі вагондардан бір-біріне (мысалы, шекаралық станцияларда) тиеледi. Оларда жүк операцияларын атқаруға арналған вагондар құрастырылады және сұрыпталады. Жүк операциялары жалпы пайдаланылатын жерлерде де, сондай-ақ кәсiпорындардың кiрме жолдарында да атқарылады. Жолаушы оталары - негізінен транзиттік, жергілікті және қала аралық жолаушы қозғалысы қарқынды, тұрғыны көп мекендерде салынып жолаушы тасымалына қызмет көрсетуге арналған.Жолаушы оталарына:билет сату; жолаушыларды отырғызу және түсіру; пошталық-багаждық қызмет көрсету; жолаушылар құрамдарын өңдеу; Коммерциялық ота- сақтау және жүкті өлшеу;Ашық жылыжмалы құрамдарда жүктердің дұрыс орналасуы мен бекітілуін тексереді, пломбылардың орналасуы мен дұрыс жағдайын қарайды,жапсырмаларды, вагондардың қақпағы мен шанақ жаппалы тесіктерін бақылау және т.б оталар.Тиеп-түсіру бекеттеріне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың негізгі міндеттері - көліктік жабдықтардың ең төменгі бос тұру уақыты мен тиеп-түсіру жұмыстарын ең төменгі шығынмен қамтасыз ете отырып, жүктік операцияларды орындау және өнеркәсіптік теміржол көлігі кәсіпорындарының өндірісі үшін жүктік кешен құру. Вагондарды пойыз құрамына ретімен қою операцияларына іргелес вагондардың автотіркегіш биіктігінің айырмашылығы бекітілген 100 мм ауытқудан асып кетпеуін қадағалау және қауіпті немесе қатаң бақылаудағы жүктері бар вагондарды қауіпсіз вагондармен тасалап орналастыру операциялары жатады. Әртүрлі операцияларды орындау үшін стансаларда айлалық жабдықтар тиеп-түсіру механизмдері және қажетті жабдықтар қоданылады. Транзитті пойыздарды өңдеу технологиясы келесідей оталарды атқарады- құрамдарды техникалық қарау, вагондарды ағытусыз жөндеу және автотежегіштерді тексеріп көру,локомотивтік бригадаларды ауыстыру т.б.

17. Станция 1-ші сыныпты қанша ұпай?Жұмыс көлеміне байланысты стансалар сыныпсыз және I, II, III, IV, V сыныпты болып бөлінеді. Стансаның сыныбын анықтау үшін жұмыстың әр түрлі өлшемдерін ұпаймен бағалау жүйесі енгізілген. Егер станса жолында тәулігіне бес вагон артылса немесе түсірілсе екі ұпайға бағаланады; 50 вагонды қайта өндеу (сұрыптап құрастыру) 2- ұпай; ұсақ жөнелтілімді немесе контейнерлермен 5 вагонды сұрыптау -2 ұпай; 10 пойызды жөнелтсе немесе локомотивтермен бригаданы ауыстыру арқылы 10 пойызды өткізсе 1 ұпай т.б. Бұл ұпайлық жүйемен белгілеудің шарты мен тәртібін «ҚТЖ» ҰК АҚ бекітеді. Жұмыс көлемі 85 ұпайдан жоғары болса, сыныпсыз стансаға жатады ал егер жұмыс көлемі:

- 32-85 ұпай болса, I сыныпты;

- 14-32 ұпай болса II сыныпты;

- 4-14 ұпай болса III сыныпты;

- 0,7-4 ұпай болса IV сыныпты;

- 0,7 - ге дейін болса V сыныпты станса қатарына жатады.Сұрыптау стансалары, неғұрлым үлкен жолаушы және жүк стансалары негізінен сыныпсыз болып келеді

44. Сұрыптау төбешіктерінде айлалық локомотивтер қозғалысына кім жетекшілік ете алады? ДСПГ - дөңес бойынша кезекші жетекшілік етеді.Вагондарды баратын бағытына, тағайындалуына сәйкес жинақтау жолымен қою - сұрыптау айласы деп аталады. Екі бағытты сұрыптау стансасында сұрыптау жүйесінің жұмысын станса диспетчері, ал сұрыптау жүйесіндегі айлалық жұмысты айлалық диспетчер үйлестіреді.Сұрыптау, жолаушы станцаларында және жұмыс көлемі үлкен жүктік, телімдік стансаларда станса жұмысын диспетчерлік басқару жүзеге асырады. Стансаның барлық шұғыл жұмыстарына ауысымдық айлалық диспетчер басшылық жасайды, ал егер ол міндетті атқарушы болмаса, оның міндетін станса кезекші атқарады. Айлалық диспетчер стансаның барлық цехтарының жұмысын үйлестіріп отырады. Жол бөлімшесінің кезекшісімен, локомотив депосының кезекшісімен, вагондарды техникалық тексеру бекетінің ауысымдық мастерімен бірге шұғыл жұмыс жоспарын жасайды және ол жоспарлардың орындалуын қамтамасыз етеді. Пойыздарды қабылдап жөнелтуге және айлалық локомотивтер қозғалысына қатысты станса кезекшісінің бұйрықтары станса жұмыскерлері мен бірге айлалық және пойыздық локомотив бригадалары мен вагондарды тексерушілер үшін де міндетті болып саналады.Айлалық жұмыстар кейбір жағдайларда пойыз локомотивтерімен де атқарылады. Мысалы, жол телімінде жинақталған пойыздардың жұмысы кезінде жекелеген вагондарды құрамаға тіркеу және ағытып алу жағдайларында. Айлалық жұмыстарды тікелей құрастырушы бригадалар мен айлалық локомотив бригадасы атқарады. Құрастырушы бригада екі адамнан тұрады: пойыздарды құрастырушы және парк кезекшісі. Айлалық локомотив бригадасының құрамына локомотив жүргізуші және оның көмекшісі кіреді.

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1857. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия