Студопедия — БАҒАЛАУ САЯСАТЫ. Модульдік оқыту және модульдік жүйені бағалаудың мақсаты: әрбір пәннің модулін оқыту
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

БАҒАЛАУ САЯСАТЫ. Модульдік оқыту және модульдік жүйені бағалаудың мақсаты: әрбір пәннің модулін оқыту






Модульдік оқыту және модульдік жүйені бағалаудың мақсаты: әрбір пәннің модулін оқыту үдерісінде жүйелі жұмыс жасауға студенттердің мотивациясын (қозғамдамасын) арттыру. Модульдің қорытынды бағасы қоротынды емтиханнан кейін «Платонус» жүйесіне енгізіледі.

Пән бойынша қорытынды баға қою ережесі:

1. Пән бойынша қорытынды емтихан тапсыруға жіберу модуль бойынша тапсырманы орындау бағасына байлапнысты.

2. Сонымен қатар міндетті түрде семинар, іс-тәжірибелік сабақтарға қатысу немесе экскурсияға бару, іс-тәжірибелік дағдыларды уақытында және сапалы меңгеру, теориялық білімді де уақытында және сапалы меңгеру керек; ғылыми жобалар бойынша жүлделі орындар алу және олимпиадаларға қатысу да қажет.

3. Студенттердің білімін бағалаудың аралық бақылауы үш негізгі көрсеткіштерге негізделеді:

3.1 Пән модульдері бағдарламасының жалпы көлеміне сәйкес ағымды үлгерім бойынша студенттің жинайтын ең жоғары балы 60:

Р = 60%;

мұндағыР –аралық бақылаудың жалпы саны;

3.2 Қорытынды емтихан бойынша студенттің жинайтын ең жоғары проценты 30% (Э), модуль бойынша тапсырма үшін алатын проценты 10 (М);

Р+М+Э = 60%+10% + 30%

мұндағы, Э –қорытынды емтихан;

M - модуль бойынша тапсырма.

4. Егер студент оқу-білім беру модулін құрайтын пәндердің бірінен емтихан тапсыра алмай қалған жағдайда, бірақ модульдің басқа пәндерінен жақсы бағалары болса, онда оған академиялық жоспар бойынша оқу удерісінің оныншы аптасында бұл пәнді қайта тапсыруына рұқсат беріледі. Ал үшінші ретте де пәнді тапсыра алмай қалған жағдайда студентке бүкіл курс модульдерін қайта өтеуге тура келеді және екінші рет ақысын төлейді.

5. Егер студент растайтын құжаттарсыз модуль пәндері сабақтарының 25%-дан артығын жіберсе, онда ол пән бойынша қорытынды емтиханға және модуль бойынша тапсырманы қорғауға жіберілмейді, сонымен қатар пәнді қайта оқуға міндетті болады. Міндетті түрде қатысуы керек:

a. семинарларды;

b. iс-тәжірибелік сабақтарды;

c. зертханалық сабақтарды;

d. экскурсияларды;

e. қонақтық дәрістерді;

f. модуль тапсырмасы бойынша кеңестерді;

 

«Өте жақсы» бағасы (А; 4,0; 95-100%; А-; 3,67; 90-94%) студент бағдарламалық материалды толығымен меңгергенін көрсеткен және ешқандай қателер жібермеген, бақылау тапсырмаларын, жұмыстарды, үй тапсырмаларын өз уақытында және дұрыс орындаған жағдайда қойылады, сонымен қатар тың төл ойлар қосқан жағдайда, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқаны, пәнді оқып үйренген кезде өз бетінше қосымша ғылыми әдебиеттермен де айналысқаны, өздігінен бағдарламалық материалдарды жүйелеуді үйренгені де ескеріледі.

 

«Жақсы» бағасы (В+;3,33; 85-89%; В; 3,0; 80-84%; В-; 2,67; 75-79%) студент бағдарламалық материалды 75%-дан кем меңгермеген, мұнымен қатар, жауаптарында не есептеулерінде дөрекі қателер жібермеген, бақылау жұмыстарын, тапсырмаларды, коллоквиумдарды, үй тапсырмаларын өз уақытында аса қатты ескертпелерсіз орындаған жағдайда, сонымен қатар, оқытушының кеңесі бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланса, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысса, студент өзі жіберген елеусіз қаталер мен өзгертулерін жөндеген жағдайда және оқытушының көмегімен бағдарламалық материалды жүйелей білетін кезде қойылады.

 

«Қанағаттанарлық» бағасы (С+; 2,33; 70-74%; С –;2,0; 65-69%; С-; 1,67; 60-64%; D+; 1,33; 55-59%; D; 1,0;50-54%) студент бағдарламалық материалды 50%-дан кем меңгермеген, бақылау және зертханалық жұмыстарды, үй тапсырмаларын орындаған уақытта оқытушының көмегіне мұқтаж болған, коллоквиум тапсырған кезде дәлсіздіктер мен елеулі қателер жіберген, зерттеу жұмыстарын орындау барысында белсенділік танытпаған, тек оқытушы көрсеткен оқу әдебиеттерімен шектелген. Оқу материалдарын жүйелеуде қатты қиналған жағдайларда қойылады.

 

«Қанағаттанарлықсыз» бағасы (F; 0; 0-49%) студент бағдарламада қарастырылған негізгі материалды оқып үйрену барысында олқылықтар кездестірсе, пән бағдарламасының жартысынан көбін меңгермеген, жауаптарында қағидаға қарсы қателер жіберген, ағымды, аралық және қорытынды бақылауларда жеке тапсырмалар орындамаған, бағдарламада қарастырылған барлық негізгі әдебиеттермен жұмыс істемеген жағдайда қойылады.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 688. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия