Студопедия — СӨЖ тақырыптары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

СӨЖ тақырыптары






№№ Тақырып Тапсырма мазмұны
  ХVІІ-ХVІІІғғ. тұлғаның қалыптасуына әсер еткен құжаттар 1787ж. АҚШ Конституциясы. 1789ж. Адам құқықтарының Декларациясы.
  1948ж. Адам құқықтарының Жалпы Декларациясы. Қабылдау тарихы. Жұмыс органының құрамы.
  Қазақстан Республикасының азаматтығы Оны тумысынан алу, өтініш бойынша алу және тоқтатылу негіздері.
  Шетел азаматтары Қазақстан Республикасында болудың құқықтық негіздері. Құқықтары мен міндеттері. Депортация.
  Қос азаматтық Қос азаматтыққа қатысты Қазақстан заңнамасының позициясы. Онымен күресу жолдары.
  Азаматтығы жоқ тұлғалар Азаматтығы жоқ тұлғалар деп тану негіздері. Құқықтары мен міндеттері.
  Жеке тұлғаның халықаралық құқықтағы орны мен ролі Құқықсубъектілігі. Жауапкершілігі. Жеке тұлғаны қорғау стандарттары мен механизмдері.
  Плебисцит Оны өткізу негіздері
  Халықтардың теңдік және өзін-өзі анықтау құқығы Құқықтық сипаттамасы. Тарихы. Өзектілігі.
  Жеке тұлғаны қорғаудың Еуропалық негіздері Еуропалық құқық негіздері. Адам құқықтарының Еуропалық Сотының ролі.

 

Оқу курсы барысында пайдаланылатын кейстер

  1. Исраил V. Қазақстан (2011)

2009 жылы Қытай азаматы Аршидин (ұлты ұйғыр) “Свободная Азия” радиосына сол жылы Урумчида болған оқиғалар туралы телефонмен ақпарат береді. Ол оқиға бойынша қытайлық полицейлер бірнеше ұйғырларды өлтіргендігін хабарлайды.

Өз өміріне қауіптенген Аршидин 2009 жылы 29 қыркүйек күні Қазақстан аумағын заңсыз кесіп өтіп, Алматы қаласына барып орналасады.

Алматыда орналасқан БҰҰ Босқындар істері бойынша Басқармасына “босқын” мәртебесін іздеуші мәртебесін беру туралы өтінішін білдіреді. 2010 жылы БҰҰ БІББ Аршидинге ол өтінішін қабыл алып, куәлігін тапсырады.

Қазақстанның билік органдарының шешімімен Аршидин 01.04.2010 – 23.06.2010 аралығында үйден шықпауы тиіс болды (домашний арест). 23.06.2010 жылы Аршидин Қазақстанның билік органдарымен қамауға алынды. Оған себеп Қытай мемлекетінен ұстап беру туралы келіп түскен сұраныс болды (экстрадиция). Ол сұраныс бойынша Аршидин Қытайда “террористік әрекеттер” және “қоғамдық қауіпсіздікке нұқсан келтіру” қылмыстарымен айыпталған.

Аршидин Қытайда бұған дейін “террористік әрекеттері” үшін сотталған. Аршидин оған қарсы жасалған Қазақстанның билік өкілдерінің барлығын шағымдайды. Бірақ, шағымының барлығы қанағаттандырылмайды. Аршидин 23.06.2010-30.05.2011 аралығында қамауда отырады. 30.05.2011 жылы Қытайға экстрадицияланады.

Аршидиннің “өмір сүру” құқығы бұзылды ма? Аршидиннің “қинауда болмау” құқығы бұзылды ма? Аршидиннің “жеке басына қол сұғылмаушылық” құқығы бұзылды ма? Қазақстанның позициясын қалай қолдар едіңіз? Егер Сіз Комитет болсаңыз, қандай шешім шығарар едіңіз?

  1. Траоре v. Қазақстан (2011)

Мали азаматы Идрисса Траоре1989 жылы Қазақ ССР-нің Зооветеринарлық институтына оқуға түсіп, 1996 жылы бітірген соң Қазақстанда қалып қояды.

2004 жылы шетелдіктің тұру ықтияр хатын алады (вид на жительство). 2007 жылы ол құжаты ұрланған соң, 11.08.2009 жылға дейін ұзартылады. Траоренің Қазақстанда тұрғын үйі жоқ. Ол пәтер жалдап тұрады. Алайда, пәтер иесі оны тіркеуге рұқсат бермеген. Нәтижесінде, ол өзінің танысының пәтеріне тіркеуге тұрады және ол пәтердің адресін көші-қон полициясына береді. 2009 жылы құжатының мерзімі аяқталған соң, оны ұзарту туралы көші-қон полициясына өтініш білдіреді. Алайда, аталған орган уақытында (2 ай) жауап бермейді.

Траоренің адвокаты көші-қон полициясынан келесідей жауап алады: “Траоре жаңа ықтияр хатын ол әкімшілік жауапкершілікке тартылған соң алады (ҚР ӘК 394 б. – Тұрақты мекен-жайында тұрмау). Траоренің Қазақстанда тұрғын үйі жоқ. Ол пәтер жалдап тұрады. Алайда, пәтер иесі оны тіркеуге рұқсат бермеген. Нәтижесінде, ол өзінің танысының пәтеріне тіркеуге тұрады және ол пәтердің адресін көші-қон полициясына береді.

2009 жылы құжатының мерзімі аяқталған соң, оны ұзарту туралы көші-қон полициясына өтініш білдіреді. Алайда, аталған орган уақытында (2 ай) жауап бермейді. 2009 жылы Траоре Көші-қон полициясының әрекетін сотқа шағымданады. Нәтижесінде полиция органы ешқандай талаптарсыз ықтияр хатты беретіндігін мәлімдеген соң, Траоре өз шағымын соттан алады.

Алайда, 2010 жылы ықтияр хатты алған соң, Траореге сот орындаушысы хабарласып, сот шешіміне сәйкес одан 85$ өндіріп алу қажет екендігін хабарлайды. Сонымен қатар, Көші-қон полициясы шетелдік кез келген тұрғылықты жерін ауыстырған жағдайда, басқа қалаға 10 күннен астам уақытқа шықққан жағдайда тиісті органды хабардар етуі тиістігін мәлімдейті. Траоре БҰҰ АҚК-ке АСҚХП-нің 12, 17 баптары бұзылды деп шағымданады

И.Траоренің “Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді еркін таңдау құқығы” құқығы бұзылды ма? И.Траоренің “Жеке басына, отбасына, тұрғын үйге қол сұғылмаушылық” құқығы бұзылды ма? Қазақстанның позициясын қалай қолдар едіңіз? Егер Сіз Комитет болсаңыз, қандай шешім шығарар едіңіз?

  1. М.А.Б., У.А.Т. және Дж.- А.И.Т. V. Канада (№570/1993)

Бірнеше адамдар тобы өздерін жаңадан қалпына келтірілетін дін өкілдері деп жариялпйды. Ол адамдар тобының дін ұйымын Канада үкіметі тіркеуден бас тартады. Оған негіз болған дін өкілдерінің дінді дәріптеудің қоғамда тыйым салынған өсімдікке табыну болып табылады. Яғни, дін өкілдерінің айтуынша, дінге сену үшін және оны дәріптеу үшін міндетті түрде “марихуаннаны” пайдалану керек. Дін өкілдері өздерінің құқықтары бұзылды деп БҰҰ Адам құқықтары бойынша Комитетке шағымданады.

Комитет қандай шешім қабылдауы мүмкін?

  1. Уильям Эдуардо Дельгадо Паес V. Колумбия (195/1985)

Колумбияда орналасқан шіркеуде дін қызметкері мемлекетке қарсы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Комитетке өзінің дін бостандығы бұзылды деп шағымданады. Шағымның негізі мемлекеттің оны басқа қызметке ауыстыруға араласпағандығы болып отыр. Яғни, шіркеудің басшылары Ульям Эдуардо Дельгадо Паесті шіркеуде дін сабағын беруден басқа азаматтық сабақтарды беруге ауыстырады. Осы әрекетке наразы болған Паес ұлттық инстанцияда шағымдайды. Алайда, ұлттық соттар ол саладағы қатынастар шіркеудің өзімен реттелуі керек деп шағымын қанағаттандырмайды. Ұлттық инстанциядан қолдау таппаған Паес Комитетке шағымданады.

Комитет қандай шешім қабылдауы мүмкін?

 

  1. К.Сингх Бхиндер V. Канада (№208/1986)

Сингх Бхиндер индуизм дінін дәріптеуші Канада азаматы болып табылады. Ол Канаданың ұлттық темір жол компаниясында қызмет етеді. Ұлттық темір жол компаниясының талаптары бойынша техникалық қызметкерлер басына арнайы каска киіп жүруі тиіс. Алайда, Сингх Бхиндер индуизм дінінің дәстүрлі бас киімі сәлдені (тюрбан) шешпейтіндігін хабарлайды. Нәтижесінде ол азамат жұмыстан қуылады. Ұлттық инстанцияда қолдау таппаған Сингх БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Комитетке шағымданады.

Комитет қандай шешім қабылдауы мүмкін?

  1. Ян Ульштайнер V. Арния (ойдан шығарылған мемлекет)

Арния азаматы Ян Ульштайнер әскерде міндетті қызмет ету оның рухани және ішкі сенімдеріне қайшы келеді деп әскерде қызмет етуден бас тартады. Оның ойынша, әскерге барып қару-жарақтармен жаттығулар жасау оның ішкі жан дүниесінің сеніміне қайшы келеді. Ұлттық инстанциялардан қолдау таппаған Ян, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Комитетке шағымданады.

Сіздің ойыңызша Янның қандай құқықтары бұзылды? Егер бұзылған жағдайда, қандай шешім қабылдауға болады?

  1. Норд-Ост ісі (Азаматтар тобы V. Ресей Федерациясы)

2002 жыл 23 қазанда бір топ қаруланған террористтер Мәскеу қаласындағы Дубровкада орналасқан, ішінде 900 көрерменімен бірге театрды басып алады. Бұл жағдай бойынша арызданушылар тұтқынға алынғандар немесе олардың туысқандары болып табылады.

Тұтқындар қару қолданамыз деген қауіпте болды, сонымен қатар, театр террористтермен бомбаланған. Террористтер Шешенстан Республикасынан ресейлік әскерлердің шығарылуын талап етті. Ресейлік қауіпсіздік органдарымен келіссөздер жүргізілді. Тұтқында отыру уақытында бірнеше тұтқындар террористтермен өлтірілді.

Федералды қауіпсіздік қызметі тұтқындарды құтқару операциясын жоспарлауды жүзеге асырды.

Адамдар тұтқында 3 күн отырды. Нәтижесінде, 2002 жыл 26 қазан күні таңертең басталған операция барысында қауіпсіздік қызметкерлері тұтқындар мен террористтер отырған театр залына вентиляция арқылы белгісіз наркотикалық газды жіберді (ақпарат ешкімге тарап кетпеуі үшін, ондай газдың жіберілетіндігі құпия сақталды). Бірнеше минуттардан соң, газдың әсерінен барлық террористтер есінен айырылып қалды және қауіпсіздік қызметкерлері театр залына кіріп, террористтердің көпшілігін өлтіріп тастады.

Тұтқындар театрдан эвакуацияланып, медициналық қызметтер көрсетілді. Алайда, тұтқында отырғандардың ішінен 125-і тұтқында отыру барысында немесе шұғыл медициналық көмек көрсету көлігінде қаза тапты.

Құтқару операциясының заңды жүргізілгендігін анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, кейін, тергеу әрекеттері тоқтатылды. Арызданушылардың тергеу әрекеттерін қайта бастауды талап ететін шағымдарының барлығы қараусыз қалды. Ресми өкілдердің айтуынша, газды қолдану мен тұтқындардың өлімі арасында тікелей себепті байланыс болған жоқ. Тұтқындар 3 күн ішінде дұрыс тамақтанбауы, дұрыс су ішпеуі және адамдардың көпшілігінің ауру болуы нәтижесінде қаза тапты, деп жариялады.

АҚЕКонв. 2 б. бойынша күш қолдану заңды жүзеге асты ма? АҚЕКонв. 2 б. бойынша газды қолдану заңды ма? Құтқару операциясы АҚЕКонв. 2 б. сәйкес жүзеге асырылды ма? Құтқару операциясының тергелуі АҚЕКонв. 2 б. сәйкес жүргізілді ма?

 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

Абонемент КазГЮУ

1. Прецедентные дела Комитета по правам человека. Райя Хански, Мартин Шейнин. Институт прав человека. Университет Або Академии (Турку). 2004. 483 стр. (жазбаша нысанын оқытушылардан алуға болады, ал электронды нысаны: http://www1.umn.edu/humanrts/russian/hrtsbook/Rhrcases-index.html;

2. Адам құқықтары жөніндегі Халықаралық Билль. ҚР СІМ және БҰҰ Даму Бағдарламасы. А.,2002. 80б.

3. Европейская Конвенция о правах человека и Европейская Социальная Хартия. Донна Гомьен, Дэвид Харрис. М.,1998. Монография.

4. Халықаралық адам құқықтары. Т.Бюргенталь. А.,1999. 320б.

5. Европейское право в области прав человека. Практика и комментарий. М.Дженис. М.,1997. 640с.

6. ҚР-да босқындар мен оралмандардың құқықтарын сақтау туралы. ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің баяндамасы. А., 2008.

7. ҚР-да балалар құқықтарының сақталуы туралы. ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің баяндамасы. А., 2005.

8. ҚР-да мүгедектердің құқықтары мен мүмкіндіктері туралы. ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің баяндамасы. А., 2005.

9. Сборник международных документов по правам человека. Том 1 (А.,2001), Том 2 (А.,2002), Том 3 (часть 1 – 2003, часть 2 – 2003), Том 4 (А., 2002), Том 5 (2004), Том 6 (2005).

10. Институт омбудсмена. М.Башимов. Аст., 2003.

11. Статус беженцев в Международном праве. Гай С., Гудвин-Гилл. М.1997. 647с.

12. Евразийская концепция прав человека. Ж.Д.Бусурманов. А., КазГЮУ, 2006. 481с.

13. Смертная казнь под прицелом. Директорат по Правам чедловека Совета Европы. Донцк, 2001.

Қосымша әдебиеттер (электронды):

14. International Human Rights Law: cases, materials, commentary, O. Schutter, 2010, Part III, 729 бет. Әдебиетті осы сілтеме бойынша табуға болады: http://books.google.kz/books?id=u3QAMqdnZa0C&printsec=frontcover&dq=International+Human+Rights+Law:+cases,+materials,+commentary&hl=ru&sa=X&ei=GikwUr-gD-XW4ATaqIC4CQ&redir_esc=y#v=onepage&q=International%20Human%20Rights%20Law%3A%20cases%2C%20materials%2C%20commentary&f=false

15. International Human Rights Law: an introduction, D.S. Weissbrodt and C.Vega, 2007. Әдебиетті осы сілтеме бойынша табуға болады: http://books.google.kz/books?id=RaU1U-4gBCkC&printsec=frontcover&hl=ru#v=onepage&q&f=false.

16. Introduction to International Human Rights Law, C.F.J. Doebbler, 2006. Әдебиетті осы сілтеме бойынша табуға болады: http://books.google.kz/books?id=mQ61oCPJ1GEC&printsec=frontcover&hl=ru#v=onepage&q&f=false.

17. Research Handbook on International Human Rights Law, S. Joseph and A.Mcbeth, 2010. Әдебиетті осы сілтеме бойынша табуға болады: http://books.google.kz/books?id=1tPLRyqr26AC&printsec=frontcover&hl=ru#v=onepage&q&f=false.

18. International Human Rights Law: Six decades after the UDHR and beyond, M.A.Baderin and M.Ssenyonjo, 2010. Әдебиетті осы сілтеме бойынша табуға болады: http://books.google.kz/books?id=eQEsIttxp3gC&printsec=frontcover&hl=ru#v=onepage&q&f=false.

19. International Human Rights in Context: Law, Politics, Morals: Text and Materials, H.J.Steiner, P. Alston and R. Goodman, 2008. Әдебиетті осы сілтеме бойынша табуға болады: http://books.google.kz/books?id=UJ9spanaxwsC&printsec=frontcover&hl=ru#v=onepage&q&f=false.

20. An introduction to thehistory of international human rights law, D. Shelton (working paper, 2007). Әдебиетті осы сілтеме бойынша көшіріп алуға табуға болады: http://www.google.kz/url?sa=t&rct=j&q=&esrc=s&source=web&cd=5&cad=rja&ved=0CE4QFjAE&url=http%3A%2F%2Fwww.csb.uncw.edu%2Fpeople%2Feversp%2Fclasses%2FBLA361%2FIntl%2520Law%2FRequired%2520Readings%2F18.History%2520of%2520Human%2520Rights%2520Law.ssrn.pdf&ei=DpgyUtOYIuuN4gTdiYGYBg&usg=AFQjCNGkQ8rjMg4ZoMMpz-21gAqFV2MKog&bvm=bv.52164340,d.bGE

 

 

  1. ГЛОССАРИЙ
Атауы Анықтама Ескертпе
Адам құқықтарының дәуірі Адам құқықтарының белгілі бір кезеңдерінде пайда болған, белгілі бір саладағы адам құқықтарының жиынтығы.  
Адамның абсолютті құқықтары Адамның ешқандай жағдайдашектелуге жатпайтын құқықтары  
Арнайы процедуралар” БҰҰ Адам құқықтары бойынша Кеңеспен белгілі бір адам құқықтарының бұзылуына қатысты арнайы құрылған механизмі (мандат)  
Жалпы тәртіптегі ескертулер БҰҰ адам құқықтары бойынша комитеттерінің Пактілерде бекітілген белгілі бір құқықтарға комментарийлері  
Геноцид нәсілдік, ұлттық немесе діни желеу-сылтаулармен халықтың кейбір топтарын, тұтас бір халықтарды қырып-жою  
Қинау лауазымды адамның не олардың айдап салуымен немесе үнсіз келісімімен басқа адамның, не олардың білуімен қиналушыдан немесе үшiншi адамнан мәлiметтер алу немесе мойындату, не ол жасаған немесе жасады деп күдiк келтiрiлген iс-әрекет үшiн оны жазалау, сондай-ақ оны немесе үшiншi адамды кез келген сипаттағы кемсiтуге негiзделген кез келген себеп бойынша қорқыту немесе мәжбүр ету мақсатымен қасақана тән зардабын және (немесе) психикалық зардап шектiруi  
Апартеид елдің тұрғындарын нәсілдік кемсітушілік негізінде мәжбүрлеп бөліп-жару саясаты  
Құдайға құлшылық ету - оған тән әрекеттер - құлшылық ету орындарын салу - ритуалды құралдар мен формулалар - символдарды демонстрациялау - демалыс мерекелерін пайдалану - дін ережелерін ұстану - дін талаптарын азық-түлікте қолдану - арнайы киім үлгілері мен бас киімдерін пайдалану - өмірдің белгілі бір сатысына байланысты арнайы ритуалдарды пайдалану - арнайы тілдерді пайдалану    
Отбасы некеден (ерлi-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септiгiн тигiзуге арналған мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтар мен мiндеттерге байланысты адамдар тобы  
Неке қию (ерлi-зайыпты болу) үшiн некеге отыратын (ерлi-зайыпты болатын) еркек пен әйелдiң ерiктi әрi толық келiсiмi және олардың неке (ерлi-зайыптылық) жасына толуы қажет  
Жақын туыстар ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек ағалы-iнiлер мен апалы-сiңлiлер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер  
Азаматтық Мемлекет пен адам арасындағы тұрақты саяси-құқықтық байланыс  
Босқын Әскери қимылдар және басқа да төтенше жағдайлар кезінде ізге түсу нәтижесінде өз елін тастап кету мәжбүр болған тұлғалар  
Апатрид Азаматтығы жқ тұлға  
Бипатрид Қос азаматтығы бар тұлға  
Экстрадиция Қылмыс жасады деп айыпталған тұлғаны шетелге ұстап беру  
Плебисцит Тұрғындардың белгілі бір сауалға көзқарасын білу мақсатында бүкілхалықтық сауал жүргізу  
Саяси баспана Тұлғаның өз мемлекетінде саяси көзқарастарына байланысты қуғынға ұшырауына байланысты екінші мемлекеттің баспана беруі  

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 979. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия