Студопедия — Кіріспе. Қазіргі уақыттағы биологиялық химия – тірі ағзаның қызмет атқаруы негізіне жататын
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кіріспе. Қазіргі уақыттағы биологиялық химия – тірі ағзаның қызмет атқаруы негізіне жататын






Қазіргі уақыттағы биологиялық химия – тірі ағзаның қызмет атқаруы негізіне жататын, сонымен қатар адам мүшелері мен тіндеріндегі метаболизм ерекшеліктері мен оның реттелуі негізіндегі химиялық үрдістерді молекулалық деңгейде зерттейтін іргелі ғылым.

Жасуша, тін және мүшелердің тіршілігінің негізінде жататын негізгі метаболикалық үрдістерді білу болашақ дәрігерге олардың патологиялық жағдайларда бұзылу себептерін түсіну үшін қажет.

Биологиялық химия пәнін оқу барысында алған білімдер болашақ дәрігерге анағұрлым ақпараттық биохимиялық әдістерді таңдауға, оларды аурудың диагнозын сауатты интерпретациялауға және емдеу тиімділігін бақылауға көмектеседі.

Бағдарлама статикалық, динамикалық және функционалдық биохимияның іргелі бөлімдерін қамтиды, сонымен қатар «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған арнайы сұрақтары қарастырылады.

Биологиялық химияны оқу үшін химиядан, молекулалық биология мен медициналық генетикадан, анатомиядан, гистологиядан, медициналық биофизика мен физиологиядан алған білімдері қажет.

 

2.2. Пәнді оқытудың мақсаты студенттерде негізгі метаболиттік үрдістердің молекулалық механизмдері мен олардың реттелуі, адам мүшелері мен тіндеріндегі метаболитттік үрдістердің өту ерекшеліктері, биохимиялық көрсеткіштерді диагностика және емдеу тиімділігін бақылау үшін қолдана білу туралы біртұтас ұғым қалыптастыру.

 

2.3. Пәнді оқытудың міндеттері:

- дәрігерлерді даярлаудағы биологиялық химияның ролі туралы ұғым қалыптастыру;

- тірі ағзалардағы белоктардың, көмірсулардың, липидтердің және басқа биологиялық белсенді қосылыстардың химиялық құрылысы, қасиеттері және биологиялық функциялары туралы түсінік беру;

- энергияны трансформациялаудың, заттар алмасуының және метаболиттік үрдістердің реттелуінің биохимиялық заңдылықтары туралы ұғым қалыптастыру;

- ағзаның маңызды мүшелері мен тіндерінің молекулалық деңгейлері мен ондағы метаболизм ерекшеліктері туралы ұғым қалыптастыру;

- ауруды диагностикалауға және метаболизм бұзылыстарын түзетуге арналған қазіргі кездегі биохимиялық әдістер туралы ұғым қалыптастыру;

- биохимиялық зертханаларда жұмыс жасау кезінде қауыпсыздық техникасының сұрақтары бойынша құқықтық құзырлылықты қалыптастыру;

- топтық жұмыс кезәнде және ағылшын, мемлекеттік және орыс тілдерінде кәсіптік қатынас болу үшін коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру;

- зертханалық жұмыстар жасаған кезде операционалдық дағдыларды қалыптастыру.

2.4. Пәнді оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білуі тиіс:

- биоорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының өкілдерінің: көмірсулардың, липидтердің, жай және күрделі белоктардың, витаминдердің, т.б. құрылысын, қызметтерін және қасиеттерін;

- қоректік заттардың негізгі топтарының (белоктардың, липидтердің және көмірсулардың), витаминдердің, минералды заттардың және судың метаболизміндегі ролін;

- метаболиттік үрдістердің негізгі реакцияларының жүруінің молекулалық механизмдері мен олардың реттелуін;

- энергияның трансформациялануы, энергия алмасуының бұзылу механизмдерін;

- маңызды мүшелер мен тіндердің қызметіндегі молекулалық механизм ерекшеліктерін;

- алмасу үрдістері мен физиологиялық функциялардың реттелу механизмдерін және олардың бұзылуының мүмкін болатын салдарларын;

- қалыпты жағдайдағы және патологиялық кездегі адам ағзасының биологиялық сұйықтықтарының негізгі биохимиялық константаларын.

Операционалды дағдылар мен икемдер:

Жасай алуы тиіс:

- негізгі биохимиялық зерттеулердің нәтижелерін интерпретациялауды;

- метаболизм карталарын, арнайы анықтамалық материалдарды қолдануды;

- биологиялық белсенді заттардың тапщылығы кезіндегі биохимиялық үрдістердің және олардың реттелуінің бұзылу ерекшеліктерін болжай алуды;

- метаболизмнің бұзылуын болжай алуды;

- биологиялық сұйықтықтардағы көмірсулар, липидтер және белоктар алмасулардың аралық пен соңғы өнімдерін анықтайтын экспресс-әдістерді қолдануды;

- адамның биологиялық сұйықтарындағы ферменттердің активтілігін және басқа заттардың мөлшерін анықтау әдістерін жүргізу.

- құқықтық құзырлылық;: студент зертханалық құралдар және биологиялық материалдармен; химиялық реактивтер және зертханалық ыдыстармен жұмыс жасау ережелерін сақтай білу;

- коммуникативтік құзырлылық;: студент берілген жағдайдағы оқу-ғылыми жағдаяттарды талдаудашағын топтармен жұмыс жасай білуі тиіс; алдын ала болатын жеке мәселелерді және барлық топтың көз қарасын дәлелдеу; А2-В1 және одан жоғары деңгейде үш тілдік кәсіби терминдерді пайдаланып берілген сұрақтарға өз ойларын айта білу;жұмыстардың нәтижесін топпен және басқа студенттермен және оқытушылармен кейбір жағдайлардағы тамақтану және өмір салтын түзету, зертханалық көрсеткіштердің (биохимиялық сараптаманың) және биохимиялық механизмдерінің интерпретациясын талқылауда пікірталас жүргізіп, баяндау;

- өздігінен білімін жетілдіру: студент өз бетінше қажетті ғылыми әдебиеттерді тауып және WEB-сайттарды пайдалана білу; кейбір жағдайлардағы қажетті биохимиялық көрсеткіштерді анықтау, материалды глоссарий, сөзжұмбақ, презентация түрінде дайындау; оқу мәтіндерін кванттау және олармен жұмыс жасау; оқу-ғылыми жағдаяттарды заманауи әдебиеттерді және WEB-сайттарды пайдаланып қорытынды жасау; негізгі патология түрлерінің биохимиялық механизмдерінің негізіндегі білімді пайдаланыптамақтану және өмір салтынаұсыныс жасау;биохимияның ауқымды тақырыптарынан визуалды құралдарды дайындау.

 

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 902. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия