Студопедия — Сімдік өнімділігі және тұқымның әртүрлі сапалылығы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сімдік өнімділігі және тұқымның әртүрлі сапалылығы






 

Әр дақылдың өзіндік гүлдену ерекшеліктері, ұрықтану және oған әсер ететін жағдайлар тұқым саны мен сапасына, сайып келгенде өсімдіктің өнімділігіне елеулі түрде әсер етеді. Тұқым санының барынша көп байлануы өсімдіктің тұқым қуалағыш қасиеттеріне, экологиялық және агротехникалық жағдайларға байланысты.

Гүлдену және тұқымның қалыптасуы кезеңінде өсімдік мұқтажы мен биологиялық ерекшеліктері әрі қоршаған орта жағдайлары арасындағы байланысты бұзу — тұқым өнімділігін төмендетеді. Сонымен бірге тұқым сапасын нашарлатады. Осы себептермен қарақұмықтың небәрі 10-15 % гүлдері әдеттегідей жеміс береді, ал басқалары өліп қалады, немесе қалыпсыз жеміс береді. Тимирязев ауылшаруашылык академиясының (В.В. Гри­ценко, 1984) зерттеулері керсеткендей, қарақұмык тұқымының тек қана 40 % қалыпты толық дәнді болды. Бұршақ тұқымдас дақылдарда да (ас бұршақ, майбұршақ, жоңышқа т. б.) көп процент ұрықтанбаған гүлдер немесе өсіп-жетілмеген тұқымдар байқалады; алақат дәнділік қара бидайда 30 % дейін жетеді, ал бос дәнділік күнбағыста — 10-20 %. Тұқым қалыптасу-ында бұл қалыпсыз құбылыстарды жою — өсімдіктердің тұқымдық өнімі мен оның сапасын жақсартудың үлкен қоры болып табылады.

Модификациялық өзгергіштіктің бір көрінісі — тұқымның әртүрлі сапалылығы. Түрдің сақталып қалуына пайдалы болғанымен тұқымның әртүрлі сапалылығы агрономдық көзқарас бойынша кұптарлық жағдай емес. Бұл егін көгінің біркелкі өспеуін, сабақ бітіктігінің көп қабаттылығын, біркелкі піспеуін, өсімдікте өнімнің әртүрлілігіне әкеліп соғады.

Әртүрлі сапалылық — бір тұқым тегіндегі тұқым массасы, пішіні, көлемі және толықтық дәрежесі әртүрлі болып келуі. Олар морфологиялык, физиологиялық және генетикалық қасиеттерімен ажыратылады. Тұқымның әртүрлі сапалылығы олардың егістік және өнімділік сапаларына әсер етеді.

Әртүрлі тұқым қалыптасуын және олардың әртүрлі сапалылығын немен түсіндіруге болады? Бір шоғырдағы гүлдер әр мезгілде гүлдейді, мәселен, масақта (бидай, арпа, еркекшөп т. б.) гүлдену ортасынан жоғары және төмен карай, сіпсебастарда (сұлы, тары, судан шөбі т. б.) — жоғары бөлігінен төмен қа­рай, бұршақ тұқымдастарда (ас бұршак, майбұршак, жоңышқа т. б.) — тамырынан жоғары қарай, күрделі гүлдерде (күнбағыс, мақсары т. б.) қорапша гүл шоғырының шетінен ортасына қарай жүреді. Осындай жүйемен тұқым (жеміс) қалыптасып піседі, соның нәтижесінде оларда әртүрлі сапалылық пайда бо­лады. Тіпті дәнді дақылдардың бір масағы шеңберінде (бидай, қара бидай, арпа) ірілігі, себу сапасы әртүрлі тұқымдар пайда болады.

Бір гүлшоғыры шеңберіндегі тұкымның әр түрлі сапалылығының негізгі себебі — тканьдердің тұқым қуалаушылық әртүрлілігі, мұның өзі өсу конусы оқшаулануының басынан байқалады және гүлдер мен түйіндерге қоректік заттардың біркелкі келмеуіне байланысты.

Тұқымдар - өсімдіктердің биологиялық және шаруашылық қасиеттерін сақтаушылар, сондықтан тұқым сапасына алынатын өнім мөлшері көп деңгейде тәуелді болып келеді. Біздің жыл санауымыздың бірінші ғасырының өзінде римдік агроном Колумелла былай деп жазған: «Мен мынаны қажет деп есептеймін: астықты жинағанда, тура сол танапта, болашақ егістік үшін тұқым сұрыптап алуды ойлаған жөн. Тіпті өнім орташа болғанның өзінде жақсы масақтарды таңдап алуға болады және олардың дәндерін жеке сақтап қою қажет. Осы тұқымдардан жаңа жоғары өнім алынғанда, одан ірі және ауырсалмақты дәндерді желпіп алу керек те келесі егістікке сақтау абзал. Бұл тәсіл барынша жақсы, өйткені ылғалды топырақта да және құрғақ топырақта да астық тез азғынданады».

Тұқымдық жадығаттың себу (егістік) сапасын жақсарту үшін диқан қауымы ертеден толыққұнды ірі тұқымдарды сұрыптап ала білген. Тіпті бір өсімдік, масақ, шашақ, собық шеңберінде әртүрлі сападағы тұқымдар қалыптасады, мұның өзі «тұқымның әртүрлі сапалылығы» түсінігін енгізуге мәжбүрледі. Бір өсімдіктің өзінде морфологиялық (мөлшері, массасы, пішіні т.б.) және физиологиялық (өну ерекшеліктері, қоршаған орта факторларына қажетсінуі, тіршілікке қажетті қосылыстардың мөлшері ж.б.) әралуан тұқымдар қалыптасады. Тұқымның әртүрлі сапалылығының үш болмысы – генетикалық, матрикалдық (аналық) және экологиялық – ажыратылады.

Генетикалық әртүрлі сапалылық – аталықтар мен аналықтар гаметаларының әралуан тұқым қуалаушылығы мен ұрықтанудың көптүрлілігінен туындайды. Табиғи жағдайларда гүлді өсімдіктердің тозаңдану түрлері біркелкі емес: өсімдіктердің аналық аузына түсетін тозаңдардың саны мен сапасы басқа туыстықтар тозаңдарының болуы немесе болмауы, табиғи тозаңданудың мерзімі ж.т.б.

Тұқымның генетикалық әртүрлі сапалылығының туындауының басқа факторына аталық және аналық жыныс элементтерінің әртүрлі жаста болуы. Бұл әсіресе өсіп-жетілу кезеңі ұзақ және гүлдеуі созылыңқы өтетін өсімдіктерде (мысалы, қарақұмықта) анық байқалады. Осыдан тұқым қуалаушылық қуаты әртүрлі аталық және аналық жыныс жасушаларының ұласуынан пайда болған тұқымдар өздерінің белгілері бойынша әртүрлі сапалылықта болады, яғни тұқымның әртүрлі сапалылығының туындайтын негізгі көзі болып табылады.

Матрикалдық немесе аналық әртүрлі сапалылық тұқымдардың өсімдік гүл шоғырында әркелкі орналасуына байланысты, басқаша айтқанда, масақтың, сабақтың, шоқгүлдің т.б. әртүрлі бөліктерінде орналасуымен түсіндіріледі. Бидайда, арпада, қара бидайда масақтың орта бөлігінде орналасқан масақшалар барынша қарқынды дамиды, тары мен сұлыда – жоғарғы масақшалар ж.б. Осыған байланысты бұл масақшалардан сапасы жоғары тұқымдар алынады. Тұқымның әртүрлі сапалылығы оның түзілген орнына сәйкес қоршаған орта факторларының әртүрлі әсерімен қалыптасуына ғана емес, сонымен бірге тіршілікке қажетті заттармен басқаша қамтамасыз етілуіне де байланысты екен.

Тұқымның экологиялық әртүрлі сапалылығы – ағза мен қоршаған орта жағдайларының әрекеттесуінің нәтижесі болып табылады. Ол әртүрлі топырақтарда өсіруден, қалыптасып келе жатқан тұқымда су және метаболиттермен қамтамасыз ететін метеорологиялық және басқа факторлардың әсерінен, ал мұның өзі тұқымдардың физикалық, морфологиялық және физиологиялық-биохимиялық белгілері мен қасиеттерінің өзгеруіне ұрындырады.

Бір аудандарда (Қазақстанның солтүстік аудандарында) жыл сайын тұқым тұрақты төмен өнгіштігімен сипатталады. Ал басқа аудандарда тұқымның себу сапасының аталған себептермен төмендеу кездейсоқ жағдайда ғана байқалады.

ТМД елдерінде жүргізілген арнаулы географиялық тәжірибелер көрсеткендей, әртүрлі аймақтарда өсірілген бір сортты бір жерге жинап, қайта өсіргенде астық өніміндегі айырмашылық 83,3 %-ға дейін жеткен, яғни сорттық айырмашылықтардан да асып түскен [5].

 







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 3401. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Лечебно-охранительный режим, его элементы и значение.   Терапевтическое воздействие на пациента подразумевает не только использование всех видов лечения, но и применение лечебно-охранительного режима – соблюдение условий поведения, способствующих выздоровлению...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия