Студопедия — Тұқымдық жадығаттың сапасын жақсарту шаралары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тұқымдық жадығаттың сапасын жақсарту шаралары






Тұқымдық жадығаттың сапасын жақсарту шараларын екі топқа бөлуге болады: біріншісі – тұқымдық алқаптарда өсімдіктердің өсіп-дамуына арнайы жағдайлар жасау, екіншісі - тұқымды тазалау, сорттау, сақтау және тұқымды себу алдында өңдеу шараларын іске асыру. Төменде екінші топтың кейбір жақсарту шаралары келтірілген.

Тұқымды тазалау. Егін жинағанда өнім құрамында арамшөп өсімдіктерінің тұқымдарының, жемістерінің, жеміс шоғырларының, вегетативті мүшелерінің сынықтары және негізгі дақылдың жарақаттанған, семген тұқымдары, топырақ кесектерінің т.б. қоспалары болады. Олар жиі түрде жоғары ылғалдылықта болады да тұқымдық жадығаттың зеңмен залалдануына, өніп кетуіне, массаның өздігінен қызып кетуіне, ұрындырады. Сондықтан, әсіресе дәнді дақылдар мал азықтық шөптер т.б. құрамынан тұқымды өңдегенде барынша құнды піскен, толық тұқым фракцияларын бөліп алу өте маңызды шара, бұл бастапқы тазалау, уақытша консервілеу, кептіру, сорттау ж.б. қосымша және жанама үрдістерді қарастырады.

Тұқымды тазалау және сорттаудың нәтижесінде үш негізгі мәселе шешіледі:

1. Мемлекеттік үлгіқалып талаптарына сәйкес қоспаларды аластатып, негізгі дақылдың таза тұқымдарын алу;

2. Тұқымдық жадығаттардың физикалық көрсеткіштерін жақсарту;

3. Егістік мақсатқа барынша өнімді тұқымды бөліп алу.

Аталған мәселелерді шешу әртүрлі дақылдар тұқымдарының физикалық-механикалық қасиеттеріндегі айырмашылықтарды жан-жақты пайдалануға негізделген, олардың ішінде барынша іс-саналық маңыздыларына аэродинамикалық қасиеттері, тұқымның мөлшері мен пішіні жатады.

Тұқымды тазалау және іріктеу тұқымдардың мөлшері, пішіні, беткі күйі бойынша күрделі тұқымтазалағыш машиналарда жүргізіледі. Соңғы уақытта тұқымды тазалау мен іріктеуде тұқымның электрлік қасиеттеріне негізделген жаңа тәсілдер жасалуда. Бұл тәсілдер қиын ажыратылатын қара сұлы тұқымдарын егістік сұлыдан бөліп алуға мүмкіндік береді. Тұқым мен қоспаларды бірінен бірін ажыратудың жаңа тәсілі - түстері бойынша фотоэлектрон жүйесінен өткізу - қара түсті бөліктер зарядталған ақ түстілерден оңай ажыратылады.

Тұқымды күрделі тұқым тазалағыш машиналарда тазалап, іріктеуде електерді (решето) дұрыс таңдап алудың маңызы зор. Ол үшін тұқымдық жадығатты қолмен үлгі електе (елеуіште), немесе классификатор құрылымдарында елеп, қандайы қажет екенін анықтайды. Шамалы тұқым тобын машинадан өткізіп, електердің дұрыс таңдалғанын тексереді.

Іріктегенде тұқымдардың тек қана ірі бөліктері ғана бөлінбейді, сонымен қатар биологиялық қасиеттері жоғары тұқымдар сұрыпталады. Болашақ өнімді арттырудағы тазалау мен іріктеудің рөлін ескере отырып, әсіресе дәнді дақылдарда тазалау жұмысын күрделі тұқым тазалағыш машиналарда егінді жинап алысымен жүргізу қажет.

Тұқымды жылы ауада қыздыру. Толыққұнды піскен, зақымданбаған тұқымдар жаппай көктейді де жоғары өнімді алуды қамтамасыз етеді. Дәнді және басқа да танаптық дақылдардың танаптық өнгіштігінің төмендігі кейде тұқымның ерекше физиологиялық күйіне байланысты. Егін жинау қарсаңында көптеген дақылдардың өнгіштігі төмен, өйткені олардағы биохимиялық күрделі үрдістердің аяқталмауынан ірі молекулалы қоректік заттар жеңіл сіңімді және жылжымалы түрге айналып үлгермейді, басқаша айтқанда, тыныштық күйден өтіп үлгермейді. Осындай тұқымдармен себілгенде егін көгі селдір, әркелкі болады да өнім күрт азайып кетеді. Егін жинап болғаннан кейінгі пісіп-жетілу аяқталмаған немесе әлі де тыныштық күйіндегі тұқымдардың өнгіштігін арттыру үшін себу алдында 2-3 апта бұрын күн көзінде – жылы ауада 3-5 тәулік қыздырады.Осының нәтижесінде тұқымның егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілу кезеңі қысқарып қана қоймайды, сонымен бірге тұқым біршама залалсызданады. Өйткені күн көзі сәулелерінің бактерицидті қасиеттері бар. Мұндай тұқымның өну қуаты, танаптық өнгіштігі және түптеп келгенде дақылдың өнімі артады.

Тұқымды дәрілеу. Дәрілеудің нәтижесінде тұқымдық жадығат арқылы тарайтын әртүрлі ауру қоздырғыштардың әсері залалсыздандырады: сақтау кезеңінде тұқымның егістік сапасы сақталады және себілген тұқым мен өскіндердің өңезденуінен әрі топырақта тіршілік ететін зиянкестердің жарақаттауынан қорғалады; тұқымның қорғаныс қасиеттерін күшейте отырып, механикалық жарақаттардың кері әсерін төмендетеді, микроағзалардың дамуын басады; тұқымның өну қуаты мен өнгіштігі артады; улы химикаттың (препараттың) оң әсерінен барлық танаптық (екпе) дақылдардың өнімі артады.

Тұқымды дәрілеу – тұқымдық жадығатты себуге (отырғызуға) дайындаудағы қорытынды кезең. Сондықтан дәрілеуге дейін барлық көрсеткіштрі бойынша ол егістік кондициясына жеткізілуге тиіс.

Дәрілеу үшін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі және еліміздің басқа да нормативтік құжаттарымен рұқсат етілген препараттар (улы химикаттар) қолданылады (Кесте 7).

Дәрілеу «Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын дәрілеу» жөніндегі әдістемелік нұсқауларға сәйкес жүргізіледі, әрі препараттардың физикалық күйіне, ауру қоздырғыштардың биологиясына, құрылысына және тұқымдардың басқа да ерекшеліктері мен залалдану деңгейіне байланысты дымқылды, құрғақ және жартылай құрғақ дәрілеу болып ажыратылады. Соңғы екі тәсіл, әсіресе жартылай құрғақ дәрілеу, барынша кең тараған. Құрғақ дәрілегенде улы химикат ұнтақ түрінде тұқым бетіне қонады. Мұндай дәрілеуді арнаулы дәрілегіш машиналарда желдің жылдамдығы 2 сек/м –ден аспағанда жүргізеді. Құрғақ дәрілеудің кемшілігі - препараттың тұқым бетіне айтарлықтай нашар жабысуы, осыдан санитарлық-гигиеналық еңбек жағдайларының нашарлауы болып табылады. Бұл кемшілік жартылай құрғақ дәрілеу жолымен жойылады. Жартылай құрғақ дәрілеу барынша кең тараған, ол үшін ұнтақ улағыштың 1 тонна тұқымға арналған мөлшерін 5-10л суға араластырып, соңынан тұқымды дәрілейді. Улағыштар тұқым бетіне жақсы жабысу үшін суға жабыстырғыш заттар (ерігіш шыны - 100-200г/т, сульфит бардасының концентраты - 100г/т ж.б.). Сондықтан дәріленген тұқымды қаптауға, үюге тасымалдауға болады.

 

Кесте 7. Тұқымдық жадығатты дәрілеуде улы химикаттардың мөлшері (т/кг).

 

Дақыл Вита-вакс 200ФФ, 34 % ТМТД, 80 % Фун-дазол, 50 % Рак-сил, 6 % Фено-рам, 70 % Кол--фуго -супер, 20 % Агро- КП-2,5 % Диви-денд, 0,30
Бидай 1,5-2,0 1,5-2,0 2,0-3,0 0,4 2,0-3,0 1,5-2,0   2,0
Арпа 1,5-2,0 - 2,0-3,0 0,4 2,0-3,0 1,5-2,0   3,0
Сұлы 2,0-3,0 - 2,0-3,0          
Қара бидай - 1,5-2,0 2,0-3,0          
Тары 2,5-3,0 - 2,0   2,0      
Асбұршақ - 3,0-4,0 3,0          
Күнбағыс - 2,0-3,0 3,0          
Рапс - 5,0-6,0 -          
Қыша - 5,0-6,0 -          
Еркекшөп - 3,00-4,0 3,0-4,0          
Мақта 4,0 8,0-10,0 -       3,0  
Жүгері 2,0-3,0 2,0 -         2,0
Картоп - 2,1-2,5 0,5-1,0   2,0      
Қант қызылшасы - 4,0-6,0 -          
Қарақұмық - 2,0 -          
Күріш - - 2,0-3,0          
Эспарцет - 2,0-3,0 -          

 

Себілетін күні дәрілеу тиімсіз, ал барынша тиімдісі – себуден 5-8 ай бұрыны. Витавакс ж.б. сияқты улағыштармен тұқымды себуден 4-30 тәулік бұрын дәрілеген дұрыс.







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 3666. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Плейотропное действие генов. Примеры. Плейотропное действие генов - это зависимость нескольких признаков от одного гена, то есть множественное действие одного гена...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия