Студопедия — КҮЗДІК ТРИТИКАЛЕ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

КҮЗДІК ТРИТИКАЛЕ






Халық шаруашылығындағы маңызы. Тритикале-жоғары өнімді, ақуыз, алмастырылмайтын амин қышқылдарына (лизин, триптофан) бай, келешегі мол, жаңа, жасанды, азық түліктік және мал азықтық маңызы бар астық дақылы. Алғашқы «бидай-қара бидай» буданын 1875 жылы Шотландия ғалымы Вильсон алды, ал оның алғашқы ұрпақ беруге қабілетті будандарын 1888 жылы Германияда Римпау алған.

Әлемде, азық-түліктік дақыл ретінде кеңінен пайдаланылатын күздік бидайдың бірнеше кемшіліктері бар:

- қысқа төзімділігі нашар;

- көптеген аурулар және зиянкестермен залалданады;

- кез-келген топырақтарда өсе бермейді;

- дәнінде лизин аз ж.б.

Керісінше, күздіктердің ішінде қара бидай қыстың қолайсыз жағдайларына ең төзімді өсімдік, көктемде тез қаулап өсуінің арқасында жоғары өнімді көк балауса және масақ түзеді, дәнінің құрамындағы алмастырылмайтын амин қышқылы - лизиннің мөлшері күздік бидаймен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.

Тритикале күздік бидайдың нандық құнды қасиеттері мен қара бидайдың аталған басымдылықтарын бойына жинаған дақыл. Тритикаленің жаңа, сапалы, жоғары өнімді формалары өндіріске енгізілуде. Оларың ішінде 56-хромосомдық күздік және 42-хромосомдық жаздық тритикале топтарынан алынған будандарға ерекше көңіл бөлуге болады.

Тритикале дәнінің құрамындағы ақуыз мөлшері бидаймен салыстырғанда 1,0-1,5%-ға, ал қара бидаймен салыстырғанда 3,0-4,0%-ға жоғары, бірақ клейковинасы бидайдікімен бірдей немесе 2,0-4,0%-ға жоғары болғанымен сапасы төмен.

Тритикале дәні нан, кондитер, сыра өндірісінде және құнарландырылған жем ретінде пайдаланылады. Нандық қасиеттері бидаймен салыстырғанда көлемі, кеуектілігі төмен болғандықтан, жайылып кететіндігінен нашар болып есептеледі. Жоғары сапалы нан бидаймен (70-80%) тритикаленің (20-30%) ұнын қосып пісіргенде алынады.

Тритикале сабаны малға азық, төсеніш ретінде пайдаланылады. Жасыл балауса, ерте дайындалатын сүрлем, шөп ұнын алу үшін тритикаленің малазықтық сорттары себіледі. Тритикаленің жасыл балаусасы мен сүрлемінің құрамындағы қорытылатын протеиннің мөлшері бидайдікі мен қара бидайдікінен 0,5-1,0%-ға жоғары, мал сүйсініп жейді.

Ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері. Тритикале – ботаникалық тегі екі түрлі - бидай мен қара бидай өсімдіктері хромосомалары кешенін біріктірудің нәтижесінде синтезделген ауылшаруашылық дақылы. Дақылдың атауы да, ата-анасының латынша атаулары бөлігінің қосындысы Triticum (бидай, пшеница) + Sekale (қара бидай, рожь) – Triticale (тритикале).

Тритикале – бидай+қара бидай буданы – амфидиплоидтар қатарына жатады.

Жоғарыда аталған ғалымдар тритикалені қолдан будандастырып алған болатын болса, 1918 жылы Саратов ауылшаруашылық тәжірибе стансасында Мейстер Г.К., 1925 жылы Белоцерковь селекциялық тәжірибе стансасында В.Н.Лебедев бидай мен қара бидайдың табиғи будандарын тапқан.

56-хромосомдық октаплоидтық тритикалені В.Е. Писарев күздік жұмсақ бидайды қара бидаймен және жаздық жұмсақ бидайды қара бидаймен будандастырудың нәтижесінде алды.

Алғашқылардың бірі болып гексаплоидтық 42-хромосомдық тритикалені 1933 қатты бидайды қара бидаймен будандастыру арқылы алған А.И.Державин.

Шаруашылықта пайдалану үшін октаплоидтарға қарағанда гексаплоидтық тритикалелер тиімді, өйткені олардың масағының дәнділігі, өнімділігі, дәнінің құрамындағы ақуыз мөлшері жоғары.

Қазақстанда күздік тритикаленің бір ғана Таза сорты Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсіруге рұқсат етілген. Сорттың оригинаторы - Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты.

Б и о л о г и я л ы қ ерекшеліктері. Тритикале дәнінің өнуіне оңтайлы температура - 20оС, бірақ 5-20оС температура аралығында өне береді. Сепкеннен 5-7 күннен кейін көктей бастайды. Тритикале түптенуін күзде бастап көктемде жалғастырады, жалпы түптену дәрежесі 3-6, түптену түйнегінің деңгейінде 18-20оС температура қауіпті. Күздік бидайға қарағанда төменгі температураларға тритикале төзімді.

Тритикале өздігінен тозаңданатын өсімдік, бірақ айқас тозаңдануы да мүмкін. Вегетациялық кезеңі - 250-325 күн, күздік бидайдан 3-5 күнге кеш піседі.

Бөртіп-өну үшін тритикале құрғақ тұқымының массасынан 50-60% су қажет, оның жақсы өсіп-дамуы және жоғары өнім түзуі үшін топырақтың ылғалдылығы ең төменгі ылғал сыйымдылығынан 65-75% болуы қолайлы. Сабақтану және дәннің қалыптасуы мен толысуы кезеңінде тритикале ылғалды ең көп қажет етеді.

Басқа күздік астық дақылдарына қарағанда тритикале топырақ талғамайды күлгін, сұр, құмдауыт, сазды топырақтарда өсе береді, қара топырақты жерлерде жоғары өнім түзеді. Оған бейтарап, аздап қышқыл (pH 5,5-7,0) топырақ реакциясы қолайлы.

Өсіру технологиясындағы ерекшеліктер. Ауыспалы егістіктегі орны. Тритикале алғы дақылдарға жоғары талап қоймайды. Ол үшін таза сүрі жер, ерте пісетін картоп, дұршақ дәнді дақылдар, бір жылдық шөптер жақсы алғы дақыл болып есептеледі. Тамыр шірігімен көп залалданбайтындықтан оны астық дақылдарынан кейінгі танаптарға да себуге болады. Тритикале басқа дақылдар үшін жақсы алғы дақыл.

Тыңайтқыш қолдану. 1 ц астық және соған сәйкес сабан түзу үшін тритикалеге 4-5 кг азот, 1,3-1,6 кг фосфор, 3,6-4,0 кг калий қажет. Қоректік элементтерді тритикале өсімдігі сабақтану және дәннің қалыптасуы мен толысуы кезеңінде барынша қажетсінеді.

Тыңайтқыш қолдану мөлшері топырақтың құнарлығына, ылғалмен қамтамасыз етілу, жоспарланған өнім деңгейіне ж.б. байланысты өзгереді.

Қазақстанда негізгі тыңайтқыш ретінде 10-15 т органикалық және N45-60, P60-65, K45-60 кг деңгейінде минералдық тыңайтқыштар беріледі. Жоғары өнім алу үшін себумен бірге (Р15-20 кг/га) тыңайтқыш беру және азотпен (30-40 кг/га) үстепе қоректендіру қажет.

Топырақ өңдеу жүйесінде күздік бидай мен күздік қара бидайдікінен айырмашылық жоқ, негізінде алғы дақылға және танаптың арамшөптермен ластануына байланысты.

Себу. Себуге тазалығы 97%-дан кем емес, сорттық тазалығы 1-ші және 2-ші категорияға жататын, астықтық сорттарының 1-ші класының өнгіштігі 95%, 2-ші классыныкі 92%, ал малазықтық сорттарынікі - тиісінше - 90 және 85% тұқым пайдаланылады. Мәжбүр болған жағдайда 3-ші классқа жататын тұқымдарды себуге болады. Қатты қара күйеге және қара күйеге төзімді болғандықтан тритикале тұқымдарын себу алдында дәрілеудің қажеті жоқ.

С е б у м е р з і м і. Тритикале күздік бидайға қарағанда себуді оңтайлымерзімде өткізгенді қалайды. Тритикаленің оңтайлы себу мерзімі күздік бидайдың себу мерзімінің ортасы және соңы.

С е б у т ә с і л д е р і. Тритикалені негізінде тарқатарлы немесе тоғыспалы тәсілмен себеді, жаппай қатардағы себу тәсілі де қолданылады.

С е б у м ө л ш е р і. Тритикалені күздік бидайға қарағанда жиі себеді, себу мөлшері себетін аймақтың топырақ-климаттық жағдайларына қарай гектарына 3,5-7,5 млн өнгіш тұқым аралығында. Малазықтық сорттарды біраз көбірек мөлшерде себеді.

С е б у т е р е ң д і г і. Себу тереңдігіне күздік бидайға қарағанда тритикаленің талғамы зор. Топырақтың механикалық құрамына және ылғалдылығына байланысты тритикале 6-8 см тереңдікке себіледі.

К ү т і п - б а п т а у ш а р а л а р ы. Жаңа жыртылған жерге сепкеннен кейін егістікті тығыздау қажет. Тритикале көктемде тез көктеп өсе бастайтындықтан үстеме қорек күздік бидайға қарағанда ертерек беріледі. Тыңайтқыш енгізу әдістері мен мөлшері күздік бидайға ұқсас.

Өнімді жинау. Масақша қауыздары берік ұстайтындықтан тритикаленің дәндері піскеннен кейін шашылмайды. Тікелей және бөлектеп ору әдістері қолданылады. Тритикаленің дәндері бидайдікінен ірі болғандықтан бастырар алдында комбайнның барабаны мен барабан астының саңылауын ұлғайту керек және барабанның айналу жылдамдығын минутына 600-ге дейін азайтады.

Бастырғаннан кейінгі тазарту жұмыстары қолданыстағы тұқым тазартқыш машиналармен жүргізіледі, бірақ саңылаулары үлкен електер қолданылады.

3.4 ДӘНДІ БҮРІІІАҚ ДАҚЫЛДАРЫ (ж алпы сипаттамасы)

Бір ботаникалық бұршақ тұқымдастарына (Leguminosae - Fabaceae) жата отырып дәнді бүршақ дақылдары өсімдіктерінің биологиясында, алынатын өнімнің сапасында және өсіру технологияларында көптеген ұқсастықтар бар.

Дәнді бұршақ дақылдарына ақуызға бай кең ауқымды қосжарнақты өсімдіктер тобы біріктіріледі. Дәнді бұршақ түқымдасы барынша филогенетикалык жас және формалары бойынша аса көптүрлілігімен ерекшеленеді. Оған малазықтық және дәнді дақылдардың көпшілігі (асбұршақ, ноқат, сиыржоңышқа, атбас бұршақ, ноғатық, бадана, жасымық ж.б.) жатады.

Екпе (танаптық) дакылдарды жүйелеуде біздің елімізде дәнді бұршақ дақылдарын дәнді астық дақылдарымен бір топқа (дәнді дақылдар) біріктірілген, ал халықаралық ФАО жүйесінде оларды жеке топқа бөлген.

Олардың негізгі ерекшелігі — түйнек бактерияларының көмегімен күн сәулесінің энергиясымен атмосферальқ азотты байланысқан азотқа айналдырады да, көп мөлшерде тұқымдары мен бүкіл өсімдігінде ақуыз жинақтайды.

Халық шаруашылығындағы маңызы. Дәнді бұршақ дақылдары егіншілікте үш басты мәселелерді шешуге көмектеседі: астық өндірісін арттыруда белгілі бір рөл атқарады, өсімдік белогі мен топырақтың құнарлылығын арттырады.

Барлық дәнді бұршақ дақылдарының тұқымдары мен вегетативтік массасында жоғары мөлшерде белок болатындақтан тағамдық және мал азықтық құндылығымен сипатталады (Кесте 29).

Белоктың барынша көп мөлшерімен майбұршақ пен бөрібұршақ ерекшеленеді. Оның мөлшері әртүрлі түрлерінде ғана емес, бір дақылдың деңгейінде өсіру жағдайларына байланысты өзгереді. Дәнді бұршақ өсімдіктерінің белоктары басқа өсімдік белоктарына қарағанда суда жақсы ериді, сондықтан олар жеңіл қорытылады.

 

Кесте 29. Дәнді бұршақ тұқымдарының химиялық құрамы (%)

 

Дақыл Ақуыз (белок) Азотсыз экстрактивті заттар Май Клетчатка Күл
Асбұршақ     1,5 3,5 2,5
Атбас бұршақ Гзо   1.5 6.0 3,5
Жасымық     2.0 3.0 3.0
Ноғатық     2.0 6.0 3.0
Ноқат     4,5 4,0 3,5
Бадана     2.0 4,0 3,0
Майбұршақ     20.0 4.0 5,0
Бөрібұршақ (жіңішке жапырақты)     5,0 12,5 4,5

 

Өсімдік белогінің сапасы оның кұрамында айырбаска жатпайтын амин қышқылдарының барлығымен де сипатталады, оның үстіне олардың мөлшері адам мен жануарлардың қажетсінуін канағаттандыруға толық жетеді.

Бұршақ дақылдарының астық белогінің биологиялық құндылығы өте жоғары. Егер сүт белогінің құндылығын 100% деп есептесек, онда көптеген дәнді бұршақ дақылдарының биологиялық құндылығы 75-85%, ал майбұршақта ол 100%-ға жақындайды.

Біздің елімізде өсімдік белогі мәселесі (проблемасы) өте өткір тұр. Қазіргі кезеңде жануарлар үшін мал азығының бір азықтық өлшемінде 85-86 г-нан ғана сіңімді протеин бар, ал ол 105-110 г-нан кем болмауға тиіс. Протеиннің жетімсіздігі мал азығының айтарлықтай көп шығынына жетелейді және малдың өнімділігін арттыруға басты кедергілердің бірі болып табылады.

ҚР өкіметі мал шаруашылығын өсімдік белогі мен толық қамтамасыз ету қажеттілігін алға тартып отыр. Ол үшін асбұршақ, ноқат, майбұршақ және жоғары белокті басқа дақылдар егістігін барынша арттырған дұрыс.

Кезінде Д.Н.Прянишников көрсеткендей, белок проблемасы негізінен бұршақ тұқымдас өсімдіктердің есебінен шешілуге тиіс. Мәселе мынада: дәнді бұршақ дақылдары жоғары қоректілігімен бірге бір азықтық өлшемде 160-тан 250-г-ға дейін сіңімді протеин қалыптастырады (Кесте 30).

Малды көп мөлшерде ірі сабақты, шырынды мал азықтарымен және сүрлеммен қоректендіргенде белокты мал азығының қажеттілігі арта түседі.

Дәнді бұршақтарының астығы - жануарлар үшін құнарландырылған мал азығының құнды құрам бөлігі. Бұршақ дақылдарынан қоректілігі жақсы пішен, сүрлем және жасыл балауса дайындалады. Сабаны мен мекені де айтарлықтай мал азықтық құндылығымен ерекшеленеді. Дәнді бұршақ дақылдарының түқымдарында, сабақтары мен жапырақтарында дәнді астық дақылдарына қарағанда белок мөлшері 2-3 есе көп. Сондықтан белок теңдестігін жақсарту үшін оларды басқа дақылдармен аралас егістікте кеңінен қолданылады.

 

Кесте 30. Дәнді бұршақ дақылдарының қоректілігі

 

Дақыл 100 кг мал азығындағы азықтың өлшем мөлшері 1 азықтық өлшемге келетін сіңімді протеин мөлшері, г
    Жасыл балауса Сүрлем Астық Жасыл балауса Сүрлем Астык
Майбұршақ 20,7 20,2 130,7 21 7    
Асбұршақ 16,0 15,0 114,0      
Бөрібұршақ - мал азықтық 14,7 17,7 110,7      
Атбас бұршақ 16,0 18,0 155,0 1 63    
Сиыржоңышқа 17,0 13,8 119,2      
Ноғатық 21,9 15,0 109,3   І67  

 

Дәнді бүршақ дақылдарының сабаны мен мекенінде 8-14% белок болады, ал дәнді астық дақылдарының сабанында ол 3-4%-ды ғана құрайды.

Кейбір дәнді бұршақ дақылдары өсімдіктерінің тұқымдарында одан адам және жануарлар ағзасына қажетті барлық амин қышқылдары, оның ішінде айырбасқа жатпайтындары да (лизин, метионин, триптофан) бар. Олар жеткіліксіз болғанда белоктың бір бөлігі ғана ағзамен сіңіріледі, ал калған мөлшері энергетикалық материал ретінде жұмсалады. Мәселен, бидай құрамындағы 12% белоктың және лизинмен қамтамасыз етілуі 60% болғанда белоктың тек қана 7% сіңіріледі, арпадан - 6% ғана. Метионин жеткіліксіз болғанда баданадағы 25% белоктың 11% ғана асбұршақтың 23%, белоктың 10% ғана сіңіріледі, майбұршақтағы дерлік барлық белок сіңірілмейді.

Тұқымдардағы амин қышқылдарының мөлшері және олардың теңдестігі бойынша бірінші орынды майбұршақ иеленеді. (1 кг құрғақ затқа 170 мг), одан кейінгілері бөрібұршақ (156 мг), атбас бұршақ (150 мг), олардан айтарлықтай асбұршақ (87 мг) қалысады. Белок мөлшері сортқа, топырақ-климат жағдайларына және өсіру технологиясының ерекшеліктеріне байланысты қатты өзгереді. Солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа қарай жылжығанда дәнді бұршақ дақылдарының тұқымдарында белок мөлшері арта түседі.

Майбұршақ, ноқат және бөрібұршақтың түқымдарында май да айтарлықтай мөлшерде көп, бүл аталған өсімдіктердің құндылығын арттыра түседі.

Дәнді бұршақ өсімдіктерінің вегетативтік мүшелерінде және тұқымдарында А, В1, В2, С дәрумендері де болады.

Дәнді бұршақ дақылдарының өнеркәсіптік-шикізаттық маңызы да айтарлықтай: олардың тұқымдарынан жарма мен ұн, кондитер бұйымдары, консервілер, тағамдық және мал азықтық концентраттар дайындалады. Олардың көпшілігінің шала піскен тұқымдары мен жемістерінен көкөністік консервілер өндіріледі. Майбұршақтың тұқымынан өндірілген майдың тағамдық және техникалық маңызы зор. Ал оның уреаза ферменті бадана белогі сияқты, медицинада қолданылады. Кейбір дәнді бұршақ тұқымдары (майбұршак, ноғатық) казеин, желім және пластмасса өндірісінде шикізат ретінде пайдаланылады.

Дәнді бұршақ дақылдарының агротехникалық маңызы да зор: олар топырақта көп мөлшерде органикалық заттар жинақтайды, азот теңдестігін жақсартады және олардың кейбіреулері (бөрібұршақ, асбұршақ, атбас бұршақ) қиын еритін фосфаттарды жеңіл сіңірілетін күйге аударады. Осыған байланысты олар топырақ құнарлығын жоғарылатуға мүмкіндік жасайды.

Тамырлары мен ризосферада болатын түйнек бактерияларының көмегімен атмосферадағы азотты байланыстырып, бұршақ өсімдіктері топырақтың құнарлылығын арттырады.

М.В. Федоровтың деректеріне карағанда, бөрібұршақ әр гектарға есептегенде 400 кг-ға дейің атмосфералық азотты сіңіреді, жоңышқа - 140, түйежоңышқа - 130, асбұршақ пен сиыржоңышқа - 100, майбұршақ - 150 кг шамасында сіңіреді, сөйтіп көп мөлшерде топырақта байланысқан азот қалдырады, топырақ құнарлылығын арттырады.

Сонымен бірге бірқатар дәнді бұршақ өсімдіктері (майбұршак, атбас бұршақ, ноқат) отамалы дақылдарға жатады. Осы себепті жаздық және күздік дәнді астық дақылдарына алғы дақыл ретінде олардың құндылығы арта түседі.

Белгілі заңдылық қалыптасқан: неғұрлым бұршақты алғы дақылдың өнімі жоғары болса, соғұрлым онда кейінгі дақылдың өнімділігі жоғары. Сонымен қатар әрбір бұршақ тұқымдас дақылдың азот фиксациясын жасау қабілетін де ескеру қажет.

Дәнді бұршақ өсімдіктерін аралық дақылдар (паялы, шабылмалы және себілмелі егістер) ретінде өсіргенде топырақ құнарлылығы айтарлықтай жоғарылайды және гектар берекесі артады.

Егістік аумағы, өсіру аудандары және өнімі. Дүниежүзілік егіншілікте дәнді бұршақ дақылдарының егістік аумағы 120 млн гектарға дейін немесе астық дақылдары егістігінің 13% -дан 25%-ға дейін аумағына тең.

«ҚР-ның 2005-2030 жылдары халық шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттарында» дәнді бұршақ және басқа жемазықтық дақылдарының егістігін кеңейту және астық түсімін молайту міндеттері қойылған. Біздің елімізде орта есеппен 2004-2007 жылдары жыл сайын дәнді бұршақ дақылдары 36,2 мың/га егістік жерлерде өсірілді және астық өнімі 11,0 ц/га болды.

Дәнді бұршақ дақылдарының ішінде барынша кең тарағаны асбұршақ. Далалық аймақтың құрғақшылық аудандарында құрғақшылыққа төзімді ноқат пен ноғатықтың маңызы артып келеді.

Морфологиялық сипаттамасы. Жапырағы. Жапырақтардың құрылысы бойынша дәнді бұршақ дақылдары үш топқа бөлінеді (Сурет 23): біріншісі - қауырсын жапырақты өсімдіктер (асбұршақ, жасымық, ноғатық, ноқат, атбас бұршақ), екіншісі - үштік жапырақты өсімдіктер (бадана, майбұршак) және үшіншісі - саусақ-салалы жапырақты өсімдіктер (бөрібұршақ).

Бүл топтардың өсімдіктері бастапқы өсу сипаты бойынша ажыратылады, осыған байланысты агротехника ережелерімен де. Бірінші топтың өсімдіктері эпикотил есебінен өнеді де жер бетіне түқым жарнақтарын шығармайды, топырақта қалдырады. Олардың тұқымдарын топыраққа тереңірек сіңіреді, көктегенге дейін және көктегеннен кейінгі тырмалауды көтереді.

 

Сурет 23. Дәнді бұршақ дақылдарының егін көктері: 1 – кәдімгі бадана (үштік жапырақтар); 2 - бөрі бұршақ (саусақ-салалы жапырақтар); 3 - ноқат (қауырсын жапырақтылар).

 

Екінші және үшінші топтың өсімдіктері әуелі гипокотилдің есебінен өседі де топырақ бетіне түқым жарнақтарын алып шығады. Олар тұқымдарын саяз сіңіруді талап етеді, оларды көктегенге дейін тырмалауға болмайды және көктегеннен кейін өте сақ тырмалау қажет.

Дәнді бұршақ дақылдарының тамыр жүйесі кіндікті, топырақта 2 метр тереңдікке дейін бойлайды, бүйір тамыршалары топырақтың беткі қабатын жайлап кетеді. Тамырларының қуатты дамуына олар терең және борпас топырақты қажетсінеді (оңтайлы тығыздық 1,1-1,2 г/см3). Сондықтан дәнді бұршақ дақылдары терең өңдеуді және топырақтың жыртылатын қабатын тереңдетуді қажетсінеді.

Дәнді бұршақ дақылдарының сабақтары әр түрлі механикалық беріктілікте және себу тәсілі осыған тәуелді. Атбас бұршақта, бөрі бұршақта, бадананың бұталы түрлерінде ноқат және майбұршақта сабақтары тік өседі, вертикал жағдайын сақтайды (жиі түрде кең қатарлы тәсіл пайдаланылады). Асбұршақ, сиыржоңышқа, ноғатық, жасымық пен баданада олар пісу кезеңіне қарай жапырылады (тек жаппай қатардағы себу тәсілі қолданылады). Дәнді бұршақ дақылдарын жиі түрде сабақтары берік басқа дақылдармен аралас себеді, алдыңғылары мұртшаларымен кейінгілеріне оратылып өседі.

Гүлдері бұрыс пішінді. Күлтеше жапырақтары әртүрлі мөлшерлі және пішіні де әртүрлі (қайықша, желкен және қанатты). 10 аталық пен бір жалғыз ұялы жатыннан және бірнеше тұқым бүрлерінен тұрады. Күлтеше жапырақтары ақ түстен қызғылт-қызыл және күлгін түске дейін өзгереді. Көпшілік дәнді бұршақ дақылдарында гүлдері гүл шоғырында негізгі сабақтың және бүйір өркендерінің ұшар басында орналасқан.

Жемісі - әртүрлі пішіндегі және мөлшердегі бұршаққап. Ол екі жарғақпен ашылады және бірнеше тұқымды біріктіреді. Піскеннен кейін көпшілік өсімдіктерде бұршаққаптар жарылады да, тұқымдары шашылады (бұл дақылдарға бөлектеп жинау тәсілі тән). Ноқатта және бөрібұршақтың кейбір түрлері мен сорттарында бұршаққаптары жарылмайды (олар тікелей орылып бастырылады). Селекционерлерге бадананың, майбұршақтың және ноғатықтың бұршаққаптары әлсіз жарылатын сорттарын шығару мүмкін болды.

Тұқымдары әртүрлі пішінді, мөлшерлі және түсті болып келеді. Тұқым тұқымдық қабықтан және ұрықтан тұрады. Тұқымның жеміске бекіген жерінде тұқым жолы (ізі), ал баданада - халаза төбешіктері мен микропиле сақталған. Ұрық екі етті тұқым жарнағынан және олардың арасында орналасқан ұрықтық тамырша мен бүршікшелер орналасқан, олардан өсімдіктердің жер үсті бөлігі қалыптасады. Тұқым жарнақтары ұрықтық жапырақ болып табылады, оларда қорлық қоректік заттар жинақталады, кейіннен өсе бастағанда оларды пайдаланады.

Өсіп-даму кезеңдері. Дәнді бұршақ дақылдарында келесі өсіп-даму кезеңдері белгіленеді: өну; көктеу; сабақтың бұтақтануы; бүрлену; гүлдену; бұршаққаптардың түзілуі; пісу; толық пісу (Кесте 31).

Дәнді бұршақ дақылдары екі топқа - қысқа өсіп-жетілу кезеңді (асбұршақ, жасымық, ноғатық) және айтарлықтай ұзақ кезеңді (атбас бұршақ, ноқат, бадана, майбұршақ) - бөлінеді. Әрбір дақылдың айтарлықтай ерте пісетін және кеш пісетін сорттары болады. Әр кезеңнің сипаттамасы -кестеде келтірілген.

 

 

Кесте 31. Дәнді бұршақ дақылдарының негізгі өсіп-даму кезеңдері

 

Кезең Кезеңнің сипаттамасы Өнімділік элементтерінің қалыпгасүы
Тұқымның өнуі Тамырша нүктесінің негізінен тұқым жарнақтарындағы қоректік заттар-дың есебінен өсуі Егін бітіктігінің жиілігі, танаптық өнгіштік
Көктеу Топырақ бетінде бірінші нағыз жапырақтар пайда болады (үштік және саусақ-салалы жапырақты дақылдарда тұқым жарнағы шығады)   Жапырақтар саны мен буын аралықтары
Сабақтың бұтақтануы Сабақтың қарқынды түрде ұзара өсуі және оның бұтақтануы Гүлдер және гүл шоғырының саны
Бүрлену және гүлдену Бүрлену кезеңі алғашқы үш-бес гүл шоғырының пайда болуымен (төменгі бұтақтарда) сипатталады. Бүрлер жарылып, гүлдердің түсі жақсы байқалғанда гүлдену кезеңі белгіленеді Гүлдердің бүрлерінің саны
Бұршаққаптар-дың түзілуі (жеміс салуы) Жемістердің басынан аяғына дейін түзілуі. Кезеңнің соңында бүршаққаптар оңтайлы мөлшерге ие болады Жемістер саны
Пісу: пісудің басы Бұршаққаптардағы тұқымдар үлғаюын тоқтатады, ал түқым жолы мен тұқым қабығы сортқа тән түске енеді (дәнді бұршақ дақылдарын осы кезеңде бөлектеп жинауға болады) 1000 гүқымның массасы
Толық пісу Бүршаққаптар мен тұқым-дардың көпші-лік бұтақтарда толык пісуі, жапырақтар қурап түсе бастайды; бұршаққаптар бұратылып ашыла бастайды  
©J

Биологиялық ерекшеліктері. Дәнді бұршақ дақылдары әртүрлі өсіп-даму кезеңдерінде температураға біркелкі талап қоймайды. В.Н.Степановтың деректеріне қарағанда (Кесте 32), олар төмендегідей көрсеткіштермен сипатталады (алымында биологиялық минимум, бөлімінде - температуралық оптимум).

Температураға қоятын талаптарына қарай дәнді бұршақ дақылдарын 3
топқа бөледі: шамалы талапты (асбұршақ, жасымық, ноғатық),
түқымдарының бастапқы өне бастауына 2°С қажет, егін көгін 3-4°С
қалыптастырады, ерте себу мерзімінің дақылдары; орташа талапты (жіңішке жапырақты бөрі бұршақ, атбас бұршақ, ноқат), тұқымдарының бастапқы өну температурасы 3-4°С, көктеуіне 5-6°С қажет, орташа себу мерзімінің дақылдары; жоғары талапты (майбүршақ, бадана), түқымдарының бастапқы өну температурасы 8-10°С, көктеуі 10-13°С-да, кеш себу мерзімінің дақылдары.

 

 

Кесте 32. Дәнді бұршақ дақылдарының әртүрлі өсіп-даму кезеңдерінде температураға талаптары (°С)

 

  Дақыл Кезеңдер
көктеу вегетативтік мүшелерін қалыптастыру генеративтік мүшелерін қалыптастыру жеміс салу
Асбұршақ 4-5 6-12 4-5 12-16 10-12 16-20 12-10 22-16
Жасымық 4-5 6-12 4-5 12-16 12-15 17-21 12-10 22-17
Ноғатық 4-5 6-12 4-5 12-16 10-12 17-21 12-10 23-19
Жіңішке жапырақты бөрібұршақтар 5-6 9-12 5-6 14-16 8-10 16-20 10 20-16
Атбас бұршақ 5-6 9-12 5-6 12-16 8-10 16-20 10 22-16
Ноқат 5-6 9-12 5-6 17-18 12-15 17-21 15-22 24-20
Майбұршақ 10-12 15-18 10-11 15-18 15-18 18-22 12-10 22-18
Бадана 12-13 15-18 12-13 16-26 15-18 18-25 15-12 23-20

 

Мынадай заңдылық байқалады: тұқымның өну температурасы неғүрлым төмен болса, соғүрлым егін көгінің үсу темпсратурасы да төмен. Айталық, асбүршақ пен жасымық көктеу кезеңінде - 8°С бозқырауды (аязды, үсікті) көтереді, бөрібұршақ пен атбас бұршақ - 6°С дейін, ал майбұршақ - 3-4°С дейін аязды көтереді. Бозқырауға барынша сезімтал дақыл - бадана, оның егін көгі - 1°С температурада үсіп кетеді.

Әртүрлі дәнді бұршақ дақылдарында өеіп-даму кезеңдеріне байланысты қиын-қыстау температуралары бірдей емес (Кесте 33).

 

Кесте 33. Дәнді бұршақ дақылдарының әртүрлі өсіп-даму кезеңдеріндегі ауадан зақымдану температурасы, °С (В.Н. Степанов деректерінен)

 

Дақыл Егін көгі Гүлдену Пісу
Бозқырауға барынша төзімді
Асбұршақ -7, -8 -2.-3 3,-4
Бозқырауға төзімді
Көкшіл бөрібұршақ -6,-8 -3 -3
Атбас бұршақ -5,-6 -2,-3 -3
Бозқырауға орташа төзімді
Сары бөрібұршақ -4,-5 -2,-3 -
Бозқырауға төзімсіз
Бадана -1,-1,5 -0,5,-1 -2

Бозқыраудан болатын астық өнімінің шығынын азайтудың тиімді тәсілі - суыққа төзімді сорттарды шығару және дәнді бұршақ дақылдарын жекелеген танаптардың микроклиматын ескеріп орналастыру.

Дәнді бұршақ дақылдары өсімдіктеріне тұқымның толысу және пісу кезеңдерінде жоғары температураның маңызы ерекше, ал бұл ерекшелік себу жұмыстарын кешеуілдетуге мүмкіндік бермейді және олардың кейбірін солтүстік аудандарға қарай жылжытуға кедергі келтіреді.

Ылғалға талаптары. Дәнді бұршақ дақылдарына дәнді астық дақылдарына карағанда көп мөлшерде ылғал қажет. Мәселен, тұқымның өне бастауы үшін олар өздерінің массасының 110-140% ылғал сіңіруі керек, ал транспирациялық коэффициенті 400-ден 800-ге дейін өзгереді. Олар сыз сулары төмен топырақтарды нашар көтереді. Атбас бұршақ, майбұршақ, бөрібұршақ, сонымен бірге асбұршақ та ылғалға жоғары талап қояды, сондықтан оларды ылғалды аудандарда өсіреді. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер қатарына ноқат пен ноғатық жатады, ал жасымық пен бадана аралық жағдайды иеленеді.

Жарыққа талаптары. Күннің үзактығына қатынас деңгейі бойынша дәнді бұршақ дяқылдарын үш топқа ажыратады: ұзақ күннің өсімдіктері (асбұршақ, жасымық, ноғатық, бөрібұршақ, атбас бұршақ), олардың өсіп-даму кезеңдері жарық күннің ұзаруына байланысты қысқара береді; қысқа күннің өсімдіктері (майбұршақ және бадананың кейбір түрлері - маш), бұлардың өсіп-жетілу кезеңі күннің қысқаруына карай жеделдетіледі; бейтарап өсімдіктер тобы (бадана мен ноқаттың көптеген сорттары). Алайда дерлік әрбір дәнді бұршақ дақылының күннің ұзақтығына бейтарап қарайтын сорттары болады. Қысқа күннің өсімдіктерінің өсіп-жетілу (вегетациялық) кезеңі солтүстік жағдайында ұзара түседі, ал ұзақ күннің өсімдіктерінде бұл құбылыс оңтүстік жағдайында байқалады.

Топыраққа және қоректенуге талаптары. Дәнді бұршақ дақылдарына барынша қолайлысы орташа байланысқан, әлсіз қышқыл немесе бейтарап, фосфор, калий және кальцийдің жеткілікті мөлшері бар саздақ және орташа құмдақ топырақтар болып табылады. Олар қышқыл топырақтарда нашар өседі және кальций қоректік затын көп шығындайтындықтан ондай топырақты известеуді қажет етеді. Бөрібұршақта басқаша, ол қышқыл және құмдақ топырақтарда жақсы өседі, алайда топырақтағы известің артық мөлшерін көтере алмайды. Құмдақ (жеңіл) топырақтарда далалық асбұршақты мал азықтық мақсаттарға өсіруге болады.

Дәнді бұршақ дакылдары үшін фосфор тыңайтқыштарының рөлі зор. Дегенмен топырақ құнарлылығы мен өсімдіктердің фосфаттармен қамтамасыз етілуі жоғарылаған сайын фосфордың маңызы біршама төмендейді де, есесіне калий тыңайтқыштарының рөлі артады.

Азот тыңайтқыштарымен жағдай басқаша. Бұрын дәнді бұршақ дақылдарына оны енгізуге болмайды, өйткені олардың өздері азотты ауадан алад







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 6390. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия