Студопедия — ЖАҢА ЗАМАН РАЦИОНАЛИЗМІ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ЖАҢА ЗАМАН РАЦИОНАЛИЗМІ






 

Рационализм Р. Декарт, Б.Спиноза, Лейбниц, Ньтон
Рене Декарт (1596 -1650 жж.) «Әдістер туралы пікір» (1637) «Философия бастаулары», «Бірінші философия туралы ойлар», «Ақыл жетекшілігіне арналған ереже».   - Математикада аналитикалық геометрияның негізін салған, ол механикада қозғалыс пен тыныштықтың салыстырмалығын атап көрсетті. Әсерлесу мен жалпы әсердің заңын тұжырымдады, сондай-ақ, серпілмейтін екі заттың өзара соқтығысында қозғалыстың толық санының сақталу заңын анықтады. Ол космологияда ғылым үшін жаңа идея – Күн жүйесінің табиғи дамуын жетілдірді, әлем құрылымына және аспан денелерінің пайда болуына жағдай тудыратын космологиялық категория қозғалысының негізгі формасын оның ұсақ бөлшектерінің құйынды қозғалысы деп білді. - Декарт дамуды тек механикалық заңдылық деп түсінді, бұл болжам табиғатты диалектикалық тұрғыдан түсінуге ықпал етті. Декарт материаны кеңістікпен теңестірді. Бұл қандайда болмасын кеңістікте зат бар, бос кеңістік болмайды, ал тығыздық пен геометриялық қасиеттер дененің бір мәнін құрайды. Декарт материалистік физика іліміне дуалистік идея тән: қозғалысқа жалпы себепші – Құдай, ол материяны қозғалыс және тыныштықпен қоса жасады, және материя қозғалыс пен тыныштықтың бірдей жалпылама санын сақтайды. Физиологияда рефлекстік актының алғашқы ғылыми сипаттамасы – қимылдар тетіктерінің нобайын жасады. Декарт бойынша мәні кеңістік болып табылатын денеден жанның айырмашылығы оның ойлау қабілетінде. - білімнің міндеті адамның табиғат күштеріне үстемдік етуіне, техникалық құралдарды ойлап табу және жасауына түрткі болу, себеп пен салдарды танып білу мен адам табиғатын жетілдіру жолына қызмет етуінде деп білді. Осы міндетті орындау үшін бәріне күдіктене қарау керек деп санады. Бұл күмән барлық нәрсені танып білуге болмайды деген сенімсіздіктен туған жоқ, керісінше, ол білімнің дұрыс бастамасын тудыру үшін қажет. «Күмәнданамын, яғни, ойланамын, ойланамын, яғни, өмір сүремін» (Cogito, ergo sum) деген қағиданы осындай бастама деп есептеді. Сөйтіп, ақиқат білімнің тамыры ақылда деп есептеді де, теоретикалық ойлаудағы тәжірибенің мәніне мүлдем көңіл бөлмеді. - таным ілімінде математикалық білімнің логикалық сипатын біржақты түсіндіру нәтижесінде қалыптасқан рационализмнің негізін қалады. Декарт үшін математикалық білімнің жалпыға бірдей, қажетті сипаты ақылдың өз табиғатынан туындайтын болғандықтан, ол таным процесінде мүмкіндігінше толық тануға болатын қағидаларға сүйенген, дедукция рөліне баса мән берді. - рационализмі және туа біткен идеялар туралы ілімі (мұндай идеяларға құдай, жандық және тәндік субстанция туралы ойлары жатады) идеализмге ықпал етті. Танымдағы сананың алғашқылығы, ақылдың сезімдік қабылаулардан тәуелсіз екендігін мойындады. Егер ақыл ақиқат әдісті пайдаланатын болса, барлығынан ақиқат білімді ала алады. Мұндай әдіс ретінде Р. Декарт дедукция деп көрсетті.
Бенедикт (Барух) Спиноза (1632-1677 жж.) «Діни-саяси трактат» (1670) және «Этика» (1675). - Математика мен геометрияға құштар болып, философиядағы геометриялық әдістің негізін салды. - Білімнің мақсаты табиғатты меңгеру және адамды барынша жетілдіру деп есептеді. - Бостандық туралы ілімін қалыптастырды. Ол қажетілік шеңберінде адам бостандығының қалай мүмкін болатындығын дәлелдеді. - Табиғат туралы ілімін жасап, Декарт дуализміне қарсы болды. Спиноза табиғат - өзіне-өзі себепші, ол өзінің болмысы үшін ешнәрсені де қажетсінбейді деп тұжырымдады. Табиғат – субстанция, өзі атағандай ол – Құдай. Субстанциядан шектелген жеке заттар дүниесін ажырататын – модустар. Субстанция біртұтас, модустар шексіз көп. Шексіз ақыл ғана шексіз субстанцияны тани алады. - адам – табиғаттың бір бөлшегі. Жан модусы туралы ілімінде Спиноза адамның күрделі психологиялық өмірін зердеген және ынтықтыққа яғни аффектілерге – қуанышқа, қайғыға, құмарлыққа әкеп шектеді. Ол бостандықты ақылмен теңестірді. Бостандық белгілі бір себептерге тәуелді екендігін мойындады. Спиноза ілімі бойынша бостандықта халық бұқарасы емес, тек ақыл иесі жетумүмкін. - таным теориясында рационализм бағытын жалғастырды. Ол рационалды танымды жоғары қойып, сезімдік танымды екінші орынға қойып, тәжірбиенің рөлін төмендеті. Айқындық пен дәлдікті ақиқаттың критерийі деп жариялады. - атеизм мен еркін ойшылдықты дамытудағы рөлі зор. Діннің негізгі мақсаты – табиғатты тану емес, адамдарды өнегелі өмір сүруге шақыру деді. Сондықтан дін де, мемлекет те ой бостандығына қиянат жасамауы тиіс. - Қоғам туралы ілімінде Гоббс ілімін жалғастырушы. Гоббстан айырмашылығы биліктің жоғарғы түрі монархия емес, демократиялық билік деп көрсетті және мемлекеттің шексіз билігін бостандық талаптарымен шектеді.
Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646 – 1716 жж. «Монодология» - монадалар туралы ілімін жасады. Материя субстанция бола алмайды, ол ұзаққа созылып жатыр, әрі ол қарапайым. Монадалар бөлінбейтін рухани субстанциялар, бүкіл әлем монадалардан қалыптасады. Монадалардың саны шексіз, олардың әрқайсысы қабылдау мен ұмтылу қасиеті бар. Монадалар бір-бірімен физикалық жағынан әрекетеспейді, жоғары монадаға тәуелді. - таным теориясы – идеалистік рационализм. Локктың сенсуализмі мен эмпиризміне қарсы болып, Локктың ақыл дегеніміз таза тақта көзқарасын қолдамай, ақыл ғана білім қажетілігінің көзі бола алады деп тұжырымдады.






Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 541. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия