Студопедия — ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ АҒАРТУШЫ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ АҒАРТУШЫ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ






 

ХХ ғ. басындағы ағартушылық-демократиялық философия
Әлихан Бөкейханұлы (1866-1934) ұлттық мемлекетті құру жолындағы ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшысы. Санкт-Петербургтегі орман шаруашылығы институтының экономика факультетін бітірген, экономист, ғалым ретінде қазақ даласының экономикалық қал-ахуалы мен дәстүрлі шаруашылығын ғылыми тұрғыдан зерттеді. 1905 жылы Әлихан Бөкейханұлы Қоянды жәрмеңкесінде жазылған, Қарқаралы петициясында қазақтың өзекті мәселелері діни сенім, оқу-ағарту, баспасөз, жер, сот ісі мәселелерін көтерген қазақ зиялыларына басшы болды. 1906 жылы Ресейдің Бірінші Мемлекеттік Думасына депутат болып сайланды. Ол Петербург қаласынан шыққан бірнеше газеттердің редакторы қызметін де атқарды. «Қазақ», «Сарыарқа» газеттері мен «Айқап» журналында халықтың тұрмысы мен шаруашылығы туралы мақалалар жазып тұрды. Ұлт зиялыларының ұлт азаттық қозғалыстағы жұмыстарына басшылық етті. 1917 жылы желтоқсанда Алашорда өкіметінің төрағасы болып сайланды. Әлихан Бөкейханұлы халқымыздың өз мемлекетін құрудағы ниетін саяси-әлеуметтік теориялар негізінде ғылыми тұрғыдан өркениеттік негізде белгілеп берген тұлға. Ұлттық саяси философияны теориялық және практикалық тұрғыдан айқындаған саясаткер. Әділдік пен бірлікті ұлттық мүдде жолында жоғарғы құндылық екендігін пайымдайды. «Әділдік жоқ жұртта береке-бірлік болмайды» – деген, Әлихан Бөкейханұлы қазақтың берекелі, ынтымақты өмірін, азат күнін аңсап, саналы өмірін халқын адал қызмет етуге арналған қайраткердің адами және азаматтық болмысын мына сөздері айқындайды: «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!». Зайырлы мемлекетті жақтаған саясаткер. Дін мен білім берудің, дін мен мемлекеттің бөлектігін дәлелдеген.
Ахмет Байтұрсынұлы (1872-1937) қоғам қайраткері, түркітанушы, аудармашы. ХХ ғасырдың бас кезіндегі ұлт зиялысы, ол қазақ қоғамның саяси-әлеуметтік өміріне белсене араласып, ұлттық сананы жаңғыртуда және ұллттық мүдде жолында күрескен, саяси тұлға болып табылады. 1 905 ж. Қарқаралы құзырхатын жазуға қатысты. 1909 ж. «Қырық мысал», ал 1911 ж. «Маса» жинағы жарық көреді. Бұл еңбектерінде қазақтың көкейтесті мәселелерін көтеріп, отарлық езгідегі халықтың ауыр жағдайын феодалдық мешеулік пен арта қалушылықтың себептерін айқындауға ұмтылады. Алаш қайраткері ел-жұртын алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына алып шығуды көздеді. Сондықтан ұлттық сананы оятуға, ұлттық дербестік пен өркениет құндылықтарына ұмтылды. 1913-1918 жж. «Қазақ» газетін шығаруға қатысты. «Қазақ» газетінде жазған бір мақаласында былай деп жазады: «Халыққа керегі – өз діні, тілі, жазылуының сақталуы». Ағартушы ғалым тілдің ұлт үшін аса маңызды екендігін болжайды. Ахмет Байтұрсынұлы араб әліпбиі негізінде қазақ әліпбиін (төте жазу) жасады. «Әдебиет танытқыш» еңбегінде асыл сөз құдіретінің танымдық-тағылымдық мәнін айқындайды. «Әуелі біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі» - деп жазған. Ойшылдың ағартушылық ұстанымында жастырды оқытуға, өркениеттің жетісітіктерін игеру елдік мүдде ретінде көрсетіледі. 1917 ж. ІІ Жалпы қазақ съезінде құрылған Алашорда үкіметінің оқу комиссиясының мүшесі болды. «Малшы мен маса» өлеңінде: Мысалы, қазақ – малшы ұйықтап жатқан, Жыланды пәле делік аңдып баққан. Бәленің түрін көрген мен – Сарымаса, Халықты оянсын деп сөзбен шаққан. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ой санасын қалыптастыруда және әлеуметтік-саяси идеяларын кемелдендіруде белсене қатысқан қайраткер. «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектің жолында жұмыс істеу керек» – деген Білімнің қуатты күш ретінде, халықты алға жетелейтін рухани ұстаным екендігін, ал кәсіп елдің әл-ауқатының кемелділігінің, бірліктің ел қуатының негізі екендігін көрсете отырып, осы жолда жан аямай жұмыс жасау керектігін нақтылады.
Мағжан Жұмабайұлы (1893-1938 жж.) қазақ ақыны, ойшыл, қоғам қайраткері. ХХ ғасырдың бас кезіндегі халқымыздың ұлт-азаттық қозғалыс тарихымен сабақтаса өрбіді. Ол Уфа қаласындағы Ғалия медресесінде, Омбыдағы мұғалімдер семинариясында білім алды. 1912 ж. 18 жастағы Мағжанның «Шолпан» өлеңдер жинағы жарыққа шықты. Оның поэзиясы ұлтжандылық пен гуманистік құндылықтарға толы. 1917 ж. ІІ Жалпы қазақ съезінде құрылған Алашорда үкіметінің оқу комиссиясына Ахмет Байтұрсынұлымен бірге мүшелікке сайланды. ХХ ғасырдың 20 -жылдары «Ақ жол» газетінде, «Шолпан», «Сана» журналдарында қызмет етті. Руханиятымыздың ардақты тұлғалары Ақан сері, Базар жырау шығармашылығына қатысты ғылыми зерттеулер жүргізді. Мағжан Жұмабайұлы поэзиясында ұлттық намыс, ұлттық мүдде, ұлттық рух, түрікшілдік мұраттары айқын көрініс береді. «Мен жастарға сенемін» атты өлеңінде: Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күшті, қанатты, Мен жастарға сенемін. Елдің болашағы жас жеткіншектердің болашағына, білімі мен күш-қайратына сеніммен қараған оптимист ақын. Шығармашылығында түркі халықтарының ортақ тарихы мен рухани мұрасы, яғни түрікшілдік идеясы нақты көрініс береді. Ол түркі халықтарын рухани тұтастыққа, ортақ мүдде жолында бірігуге шақырды. Мағжанның шығармашылығындағы табиғат сұлулығы, дүниенің тылсым сыры, дүниедегі жаңғыру мен жаңару, адамдағы сезімдік иірімдер лирикалық тылысым қуатымен және көркемдік, нақышты шеберлігімен ерекшеленеді. Оның «Батыр Баян», «Қорқыт»,«Қойлыбайдың қобызы», «Жүсіп хан», «Шолпанның күнәсі», «Түркістан», «Алыстағы бауырыма», «Мен жастарға сенемін», «Күншығыс», «Педагогика» және т.б. шығармалары бар.
Міржақып Дулатұлы (1885-1935) қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, аудармашы, Алаш қайрткері. Қазақ әйелінің тұрмысындағы ауыр халін шынайы бейнелеген «Бақытсыз Жамал» романы ұлттық әдебиеттегі тұңғыш прозалық шығарма. ХХ ғасырдың бас кезіндегі еліміздің қоғамдық-саяси және рухани өмірін терең түсіне біліп, ұлтымыздың арман-мүддесін салт-санасын, ар-намысын көтерді. Ол қазақ халықының ұлттық санасын оятуға, феодалдық мешеуліктен босануға, отарлық езгіден құтылуға шақырды. Білім, ғылым, бірлік, әділдік, адал еңбек, имандылық, кәсіп, өнер халықты азаттық жолына шақыруда маңызды орын алады. Оның «Оян, қазақ!» жыр кітабы сол уақытағы қазақ елінің саяси ұранына айналды. Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты, Жер кетті, дін нашарлап, хәл хараб боп, Қазағым, енді жату жарамас-ты. Қазақ халқының мемлекеттілік құрлысына, мәдениетіне, әдебиетіне, экономикасына, тұрмыс-салтына қатысты саналы түрде еңбек етті.
Мұстафа Шоқай (1890-1941) түркі халықтарының бірлігі мен азатығы идеясын ту етіп көтерген саяси қайраткер, жазушы, аудармашы. Петербург университетнің заң факультетін бітірген. 1917 ж. құрылған Алашорда үкіметінің мүшесі. 1917 ж. Мұстафа Шоқай уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі болып сайланды. Мұстафа Шоқайдың жетекшілігімен Қоқан қаласында өткен ІҮ ұлттық құрылтайда Түркістан автономиясы жарияланды. Түркі халықтарын білім мен өнерге баулуды мақсат етті. Кеңестік үкіметтің отарындағы түркі халықтарының бостандығын жырлап, мұң-мұқтажын жоқтады. 1929-1939 жж. «Яш Түркістан“ журналын шығарып, журналға редакторлық етті. Мұстафа Шоқай «Түркістан Кеңес билігі астында» деген еңбегінде Кеңес үкіметінің Орта Азия халықтарын қанауы мен озбыр саясатын өткір сынады «Түркістан – бөлінбес, айырылмас бір өлке, халқының қаны бір, тілі бір, діні бір. Түркістанның мақсаты – өзінің құрылысы – міллет үкіметін құрып, сәрвәз боп, өз алдына бір үкімет болып тұру» - деп жазды (М. Шоқай. Түркістанның қилы тағдыры. Алматы, 1992). Жалпы адамзаттық құндылықтарды ұлықтаған гуманист ойшыл. Мұстафа Шоқай өз халқының мүддесін қорғау үшін бейбіт жолмен күресуді мақсат еткен. Түркі және мұсылман халықтарының басын біріктіру жолында күрескен қайраткер.






Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 685. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия