Студопедия — ХХ ғасыр Батыс философиясы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ХХ ғасыр Батыс философиясы






 

ХХ ғ. Батыс Еуропа философиясының ілімдеріне тән сипаттар
сциентистік – ғылым мен техниканың жетістіктерін жоғары бағалайтын, философияны арнайы ғылымға айналдыру және ондағы дүниетанымдық сұрақтардан тазартумен байланысты позитивизмнің ағымдарына тән тенденция. антисциентистік –негізінен иррационалистік тенденция – ғылым мен танымның негативті тұстарын алға тартатын ілімдер: өмір философиясы, экзистенцианализм және т.б. жатады.
ХІХ ғасырдағы бейклассикалық философияның бағыттары:
   
Иррационализм – қоршаған дүниенің тұтастығы мен ішкі заңдылығы жоқ деп түсіндіретін, дүниені ақыла емес аффектіге, ерікке бағынадырған бейклассикалық бағыт. Өкілдері Артур Шопенгауэр, Фридрих Ницше Өмір философиясы - адам үшін басты және шынайылық – өмір деп есептеп, өмірді құбылыс ретінде талдайтын бағыт. Өкілдері: Вильгелм Дильтей, Фридрих Ницше, Серен Кьеркегор
Артур Шопенгауэр (1788-1860 жж.) – волюнтаризмді негіздеуші. Волюнтаризм – қоршаған дүниедегі басты қозғаушы күш – ерік (воля) деп санайтын философиялық ағым. «Дүние ерік және қабылдау ретінде» философия материалистер сияқты объектіге де, идеалистер сияқты субъектіге де емес, сананың акті болып табылатын қабылдауға сүйенуі қажет деген ұстанымды жақтады. Орталық ұғымы – ерік. Ерік – абсолютті бастама, барлық мәнді анықтауға және оған ықпал етуге қабілетті идеалды күш;Ерік – тіршілік негізінде жатқан космостық күш;Ерік сана негізінде жатады және заттардың ең жалпы мәні болып табылады. Әр адамның еркі әрекетерін анықтайтыны сияқты, бүкіл әлемдік ерік – дүниедегі сыртқы құбылыстардың пайда болуы мен заттардың қозғалысына себепші болады. Өлі табиғаттың да «бейсаналық», «қалғып жатқан» еркі бар. Дүние – еріктің жүзеге асуы. А дам тағдыры мәселесінде пессимистік сипат тән. Ол адамның табиғатқа ғана емес, өзіне-өзі билік ете алу мүмкіндігіне сенбеді. Адам тағдыры бүкіл әлемдік хаос тізбегінде өтеді және бүкіл әлемдік қажетілікке бағынышты. Жеке адам еркі қоршаған дүние еркіне бағынышты деп есептеді. Осындай ойларымен ол өмір философиясының пайда болуына әсерін тигізді. Фридрих Ницше (1844-1900 жж.). Еңбектері «Заратустра осылай деген», «Қайырымдылық пен зұлымдықтың арғы жағында», «Антихристианин» «Адамилық, тым адамилық». Философияының мақсаты – адамның қоршаған дүниеге бейімделіп, өзін барынша жүзеге асыруына көмектесу. Қоршаған дүние мен өмір негізінде ерік жатыр. Ницще адам еркін бірнеше түрге бөлді: өмірге деген ерік, адамның өз ішіндегі ерік, басқарылмайтын бейсаналық ерік – аффектілер, соңғы түрі «билікке деген ерікті» - адам және табиғат тіршілігінің негізі ретінде көрсетті. Вильгелм Дильтей (1833-1911 жж.) қоршаған дүниенің көптүрлігі мен адам өмірінің бірігейлігі туралы идеяны ұстанды. Гегель философиясын сынап, «ойлаудың» орнына «өмір» ұғымын қоюды ұсынды. Өмір – адамның дүниедегі болмысының тәсілі. Өмірдің белгілері: тұтастық, көптүрлі рухани бастамаға ие, жоғарғы дүниемен ажырамас бірлікте. Философия өмірді, оның барлық көріністерін айрықша құбылыс ретінде қарастыруға тиіс. Тарих – прогреске апаратын айқын және заңды процесс емес, жеке адамды ғана емес, тұтас халықтарды иірімге тартатын хаос, кездейсоқтар тізбегі. Тарих барысын өзерту мүмкін емес. Серен Кьеркегор (1813-1855 жж.) Даниялық философ, Копенгаген университетінде теологиялық және философиялық білім алған. Еңбектері: «Немесе, немесе», «Үрей мен қалтырау», «Ажалға бастайтын ауру». Ол Гегель философиясын сынға алды. әсіресе оның рационализмінің өз шегіне жетіп, панлогистік дәрежеге көтерілді. Гегель бойынша болмыс – ойлаумен тең, ал ақыл-ойдың шеңберінен шығатыннның бәрі ақиқат. Кьеркегор оған үзілді-кесілі қарсы тұрып, болмысты жүйелеу мүмкін емес деп есептеді. Адам – рухтың басшылығымен өмір сүріп жатқан жан мен тәннің бірлігі, ол – рух. Ал рух – ойлаумен тең емес, яғни ой логика заңдарына тәуелді емес. Философияның негізгі мәселесі адамның өмірі, өзіндік санасы, ішкі рухани өмірі. Кьеркегор бойынша „Шындық – ол ішкі дүние. Менің өз Меніме деген қатынасым“. Адамның ішкі өмірі объект бола алмағандықтан танылмайды. Оны тек тебіреністер арқылы ұғынуға болады. Адамның ішкі өмірін бейнелейтін жаңа категориялар өмір сүру, үрей, сәт, шешім, шектілік және шексіздік, зардап шегу, қайталау, түңілу, өкіну, кінә және күнә, қайта туылу.Осы ұғымдар арқылы адамның ішкі тебіреністерін беруге болады. Өмір сүру дегеніміз – ол тебірену, зардап шегу, соның шеңберінен шығуға бағытталған адамның еркі. Өмір сүру – адамның алындағы мүмкіндіктердің біреуін ерікті түрде таңдау, өзінің қайталанбас болмысын іске асыру, тобырға ұқсамау, одан бөліну, ішкі шектелген мен шексіздіктің арасын таңдау, соған байланысты үрей, шешім және секіріс. Шешім еш нәрсеге байланысты емес, ол тұлғаның ерікті таңдауымен байланысты. Мұндағы секіріс Гегель пікірінен өзгеше – ол ешбір нәнекерлікті талап етпейді, ол – зерденің шеңберінен шығып, кететін рухтың іс-әрекеті. Кьеркегорда адам өмірінің үш сатысы көрсетілген, олар: эстетикалық – тікелей сезімдікпен байланысты саты; этикалық – адам өміріндегі ізгілік саты, эстетикалықта адам Өзіндік қанағаттандыруға тырыса, этикалықта жалпылықты жүзеге асыруға тырысады. Екеуінің арасынан үлкен қайшылықтар пайда болады. Адам моралдық жағынан алып қарағанда өзіне-өзі жеткілікті пенде бола алмайды. Оның себебін, Августин сияқты, адамның туа біткен күнәлігінен көреді. Бұл арада „немесе, немесе“ принципі таңдау мәселесін шеше алмай, адам өмір сатысының үшіншісіне секіріс жасауға тырысыды. Бұл саты – діни саты. Адамдардың ғылыми танымның кереметігінен өз өмірінің мәнін, рухани тебіреністерінің мәселелерін ұмытқан, осы сатыда адам сол мәселелерге қайта оралады. Діни сатыда Құдаймен сұхбатқа түсіп, өз күнәларын мойындап, Өзін табады.
XX ғ. Батыс философиясының негізгі философиялық ағымдары мен бағыттары:
Алғашқы позитивизм О.Конт, Г.Спенсер, Дж. Милл
Екінші позитивизм (эмпириокритицизм) Э.Мах, Авенариумс
Неопозитивизм Шлик, Карнап, Нейрат, Рассел, Витгенштейн
Постпозитивизм К.Р. Поппер, Т.С. Кун; И. Я.Л акатос, П. Фейрабент
Неотомизм Жильсон, Маритен, Мерсье
Экзистенциализм Камю, Сартр, Ясперс, Хайдеггеръ
Психоанализ Фрейд, Адлер, Юнг, Фромм
Прагматизм Пирс, Джемс, Дьюи, Хук
Персонализм Боун, Ройс, Мунье, Лакруа
Феноменология Гуссерль және оның жақтастары
Неокантшылар Коген, Наторп, Виндельбанд, Риккерт
Неогегельшілер Стерлинг, Кэрд, Брэдли. Ройс
Ғылым философиясы Поппер, Кун, Лакатос
Тарих философиясы Шпенглер, Сорокин, Ясперс, Тойнби
Структурализм Леви-Стросс, Фуко, Деррида, Лакан, Альтюссер
Сциентизм Ростоу, Белл, Тофлер, Масуда, Нэсбит
Теософия Синнет, Безант, Ла Дью, Дауэр, Мэнли-Холл
Антропософия Штейнер
Синергетика Хакен, Пригожин






Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 654. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.035 сек.) русская версия | украинская версия