Студопедия — ПОЗИТИВИЗМ ФИЛОСОФИЯСЫ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ПОЗИТИВИЗМ ФИЛОСОФИЯСЫ






 

Позитивизм ілімін және ағымдары
Позитивизм ілімінде шынайы позитивті білім – арнайы ғылымдар мен олардың бірігуі нәтижесінде ғана мүмкін екендігіне негізделеді. Философия жеке ғылым ретінде өмір сүруге құқылы емес деп санайды. Позитивизм ХІХ ғасырдың 30 жылдарында пайда болды. Позитивизмнің негізін қалаушы Огюст Конт(1798-1857 жж.). Еңбектері: «Позитивті философияның курсы», «Позитивті саясаттың жүйесі». Конт позитивизмді эмпиризм және мистицизм арасындағы ілім деп есептеді. Конт бойынша, ғылым табиғаттың мәнін емес, тек құбылыстарды ғана тануы керек. Конт адамзаттың даму тарихын үш кезеңге бөледі: 1) теологиялық; 2) метафизикалық; 3) позитивті (ғылыми). Позитивизмнің алғашқы буын өкілдері: Э. Литтре, П. Лаффит, Ж. Ренан, Г. Спенсер.
Непозитивизм – философияның теориялық таным ретіндегі мүмкіндігін жоққа шығарады. Ғылымды философияға қарсы қоя отырып, бұл бағыттың өкілдері бірден-бір білім көзі ретінде, тек арнайы ғылыми білімді мойындайды. Бұл бағыттың өкілдері 1922 ж. Вена үйірмесін құрды, олар: М. Шлик (үйірмені құрушы), Р. Карнап, О. Нейрат, Ф. Вайсман, Ф. Кауфман. Осы мектеп негізінде логикалық позитивизм құрылған. 1950 ж. бастап неопозитивизм ұғымын аналитикалық философия ұғымы ығыстырды. Аналитикалық философияның негізгі ұстанымдарының қалыптасуына Л. Витгенштейннің «Логикалық философиялық трактаты», «Философиялық зертеулері» ықпал етті. Людвиг Витгенштейн(1889-1951 жж.) австриялық философ, Кембридж университетінің профессоры. Оның пікірінше, философия ақиқатқа емес, тілдің мәнін айқындайтын аналитикалық қызмет атқарады. Философия белгілеудегі айқынсыздықты жоюы тиіс. Дұрыс логикалық белгілер тілдің құрылымын және белгілерді қолдану тәсілін көрсетуі тиіс.
1960-1970 ж.ж. Батыс философиясында постпозитивистік ағым қалыптаса бастады. Бұл бағыттың негізгі ұстанымдарына К. Поппердің сыни рационализмі, П. Фейерабендтің концепциясы жатады. Карл Раймунд Поппер (1902-1994 жж.) – ағылшын философы, әлеуметтанушы. Еңбегі «Ашық қоғам және оның жаулары». Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің профессоры. Сыни рационализм, ғылыми білімнің өсуі теориясын ұсынды. Ғылыми білімнің өсуі батыл болжам ұсыну және іске асыруда, ол философияның негізгі міндетінің бірі – ғылыми білімнің ғылыми емес білімнен ара жігін ашу деп демаркация қағидатын ғылымға қатысты кез келген тұжырымды бекерге шығаруды (фальсификацияны) ұсынды. Сондай-ақ, ол табиғи, ментальды, объективтік әлемнің бар екендігін қарастырды. Томас Кун(1922-1996 жж.) – американдық ғылым философы және тарихшысы. Еңбегі «Ғылыми революция құрылымы». Ғылымның тарихи эволюциялық моделі неопозитивистер мен сыни рационалистердің ұстанымдарына қарсы бағытталды. Ғылым тарихы түрлі ғылыми қауымдар арасындағы бәсекелестік күрестердің нәтижесі болып табылады. Мұндай қауымдардың қалыптасуының негізі – нақты қызмет моделін қабылдау, яғни дүниетанымдық құндылықтық әдістемелік нормалар мен теориялық стандарттарды ұстануды көрсетеді. Ол ұсынған парадигма ұғымы – ғылыми қауымдастық ұсынған, нақты бір уақытта мәселені қою және оны шешудің моделі, бәрі мойындаған ғылыми жетістіктер болып табылады. Парадигманың ауысуы – ғылыми революцияны айқындайды. Имре Лакатос(1922-1974 ж.) – ағылшындық ғылым тарихшысы. Ғылыми білімнің даму заңдылықтарын зерттеді. Ол өз зерттеулерінде білім үдерістерінің өзгеруінің логикалық реконструкциясын және ғылымның эмпирикалық тарихын зерттеу негізінде ғылыми теориялардың даму жолдарын зерттеді. Сондай-ақ, ғылыми зерттеу бағдарламаларының методологиясына қатысты ұсыныстар жасады






Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 744. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия