Студопедия — Бақылау өлшем құралы.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бақылау өлшем құралы.






1 Қоғамдық және заң ғылымдары жүйесіндегі құқықтың жалпы теориясы. Құқықтың жалпы теориясының пәні. Құқық теориясы мен өзге де заң ғылымдарымен арақатынасы. Құқық теориясы мен мемлекет теориясы.

2 Құқықты түсінудің теориялық мәселелері. Құқықтың әлеуметтік тағайыны мен табиғаты туралы ілімнің сан алуандығы. Құқық және әділеттілік. Құқық және теңдік. Құқық және бостандық. Құқықтың құндылығы.

3 Құқықтық реттеудегі өнегеліктің рөлі. Құқықтанудағы құқық туралы көзқарастардың дамуы. Қазіргі құқықтық таным: негізгі тұжырымдамалар. Табиғи құқық теориясы және оның құқықтық тәжірибе үшін маңызы.

4 Құқық пен заң түсінігінің дискуссиялық сұрақтары. Табиғи құқық пен позитивтік заң арақатынасы. Құқықтық заңның критериилері. ҚР Конституциясына табиғи құқық ережелерін енгізу.

5 Құқықтың қайнар-көздерінің өзекті мәселелері. Құқықтың қайнар көздерінің жалпы сипаттамасы. Қолданымдағы құқық.. Қолданымдағы құқықтың мазмұны туралы дискуссия.

6 Әдет құқығы. Әдет құқығы құқықтың қайнар көзі ретінде және оның ерекшеліктері. Қазақтың әдет құқығы және оны осы уақытта зерттеу.

7 Заңды прецедент. Құқықтың континенталды және жалпы жүйесіндегі елдерде заңды прецеденттің маңызы.

8 Заң құқықтың қайнар көзі ретінде. Мемлекеттің нормативтік-құқықтық актілері – осы заманғы құқықтың жетекші қайнар көзі.

9 Нормативтік-құқықтық актілер жүйесі. Нормативтік-құқықтық актілер сатыларының мәселелері. Нормативтік-құқықтық актілер сатыларындағы заңның үстемділігі мәселелері. Заңның үстемділігі шарттары.

10 Норматитвтік шарт құқықтың қайнар көзі ретінде. Норматитвтік шарт және келісім шарт құқығы. Норматитвтік келісім шарт түрлері. ҚР-дағы норматитвтік шарттардың дамуы.

11 Қолданымдағы құқықты жүзеге асыру мәселелері. Құқықты жүзеге асыру нысандары мен тәсілдері. Құқық қолдану құқықты жүзеге асырудың ерекше нысаны ретінде. Халықаралық, ұлттық және шетелдік құқықты қолдану ерекшеліктері. Құқықтық нормаларының қайшылығы. Құқықтағы олқылық және оларды болдырмау тәсілдері.

12 Құқықтық қатынастар теориясының мәселелері. Құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың ерекше нысаны ретінде. Құқықтық қатынастар жүйе ретінде. Құқықтық қатынастардың құрылымы.

13 Заңды фактілердің түсінігі және топтастырылуы. Іс жүзіндегі (заңды) құрам. Құқық нормасы және құқықтық қатынастар.

14 Қазіргі кездегі құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Құқықтық санадағы таптық, адамзаттық және ұлттық белгілер. Құқықтық идеология және құқықтық психология. Қоғамдық пікір және оларды зерттеу тәсілдері. Қоғамдық пікірдің құқықтық тәжірибеге тигізер әсері.

15 Құқық нормасы мен құқықтың құқықтық санаға ықпалы. Өзара әрекет ету жолдары. Конформизм және нонкорфомизм. Заңды сақтау. Құқыққа құрмет және оныңқазіргі кезде қалыптастыру үрдісі.

16 Қоғамның мәдениеті жүйесіндегі құқықтық мәдениет. Құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы құқықтық мәдениеттің маңызы. Құқықтық нигилизм: пайда болу нысаны, таралу себептері және болдырмау мен төмендету шаралары.

17 Құқықтық мінез-құлық және оны зерттеу амалдары. Құқыққа сай мінез-құлық мәселелері. Құқыққа сай мінез-құлықтың нысаны мен түрлері.

18 Құқық бұзушылық құқықтық мінез-құлықтың қарсылығы ретінде. Құқық бұзушылықтың негізгі белгілері. Құқық бұзушылықтың заңды құрамы. Заңды жауаптылықтың әдістемелік мәселелері.

19 Заңды жауаптылықтың жалпы теориясы. Заңды жауаптылық түсінігінің мазмұны. Заңды жауаптылықтың қағидалары.

20 Заңды жауаптылықтың түрлері. Конституциялық жауаптылық және оның заңды жауаптылықтың түрлері жүйесіндегі орны. Жауаптылықтың саяси-құқықтық теориялары мен заңдары. Заңды жауаптылықтың заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз ету. «Қорғауға құқық».

21 Заңды жауаптылықтың нормаларын талқылау мәселелері. Конституция нормаларының ҚР Конституциялық Кеңеспен талқылануы және оның құқықтық тәжірибе үшін маңызы.

22 Салалы заң ғылымдарының жауаптылық теориясы. Жауаптылықтың процессуалдық нысаны. Мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының құқықтық нысаны.

23 Адам құқығын зерттеудегі әдістемелік мәселелер. Адам құқығы және заңнама. Адам құқықтары мен бостандықтары институтының дамуының теориялық-құқықтық және тарихи мәселелері.

24 Адам құқықтарының топтастырылуы. Адам құқығы саласындағы халықаралық құқық және халықаралық стандарттар бойынша адам құқықтарының топтастырылуы.Адам құқықтары мен бостандықтарын конституциялық-құқықтық реттеудің жалпы тенденциялары. Қазақстан Республикасындағы адам мен азаматтың құқықтарын жүзеге асырудың тәжірибелік тұстары.

25 Адам құқықтарын шектеудің мәселелері. Адам құқықтарының шектелуі қағидалары. Адам құқығын шектеудің амалдары, нысаны және мақсаттары.

26 Білікті заң көмегін алуға құқық: жағдайы, қамтамасыз ету мәселелері. Халықаралық және ұлттық тәжірибе.

27 Қазіргі кездегі адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары теориясының жағдайы. Құқықтық мемлекеттегі адам құқықтары мен бостандықтарының сипаты. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің қамтамасыз етілу мәселелері. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуші органдар және олардың функциялары. Конституциялық заңдылықтың түсінігі.

28 Құқықтық реформа және ҚР-дағы құқық қорғаушы органдарды реформалау жолдары. Құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы құқық қорғаушы органдардың рөлі.

29 Жаһандану және адам құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері. Құқық және саясат. Құқықтық саясат түсінігі. 2010-2020жж. Қазақстанның құқықтық саясат тұжырымдамасы және оның құқықтық жүйенің дамуы үшін маңызы.

30 2010-2020жж. Қазақстанның құқықтық саясат тұжырымдамасымен байланысты ұлттық құқықтың дамуының негізгі бағыттары. Құқық шығармашылық қызметтің болжамдық-аналитикалық дамуының мәселелері. Заңдарды жүйелендіру және оның түрлері. Кодификация құқықты жүйелендірудің жоғарғы нысаны ретінде. ҚР-дағы кодификация мәселесі. Құқық шығармашылық үрдісінің тиімділігінің мәселелері. Заң шығарушылық үрдісіндегі ресми және биресми лоббизм механизмдері.

ТАПСЫРМАЛАР
1 Қазіргі кезде Қазақстанның заң ғылымында сот тәжірибесі құқықтың қайнар көздері ретінде танылуы туралы мәселе талқыланып жүр.

Аталған көзқарастың оң және теріс жақтарын көрсетіңіз. Қазақстанда сот прецедентін қолдануға болады ма? Қазіргі Қазақстанның сот жүйесі қызметіндегі өзекті мәселелерді ашыңыз.

Сот жүйесін жетілдіру мен сот билігіне халықтың сенімін көтеру жөнінде өзіндік көзқарасыңызды білдіріңіз.

2 Қазақ әдет құқығының нормалары күні бүгінде жоғары деңгейдегі ізгілік нормалары, қазақ әдет құқығын рим құқығымен теңбе-тең қоятын, қазақ халқының құқықтық мәдениетінің ескерткіштері ретінде танылған.

Әдет құқығының ізгілігінің маңызын түсіндіретін мысалдар келтіріңіз. Қазіргі кезде қазақ әдет құқығының нормаларын қолдануға болады ма? Қазақ әдет құқығы қандай қағидаларға сүйенеді?

3 Академик С.З. Зиманов өзінің ғылыми мақалаларында Қазақ құқығы болып табылатын, ұзақ тарихи уақытта өзінің мәнін әлі күнге дейін жоғалтпаған - Жеті Жарғының өмір сүргіштігін ғылыми дәлелдерге сүйене отырып, негіздейді. С.З. Зимановтың негіздеген түйіндерінің мәнін ашыңыз. Билер сот өндірісінің ерекшеліктері мен қағидаларын ашыңыз. Ш.Уалихановтың «Сот реформасы туралы жазбалар» шығармасын қолданыңыз.

Профессор З.Ж. Кенжалиев өзінің «Көшпелі қазақ қоғамындағы құқықтық мәдениет» еңбегінде құқықтық қағидалар қазақ әдет құқығының негізгі қайнар көзі болып табылғанын негіздейді. Ол қағидаларды жалпы және арнайы деп бөледі.

Құқықтық қағидалардың анықтамасын беріңіз, қазақ халқының бірнеше құқықтық қағидаларын белгілеңіз, ол қағидаларды осы заманғы құқықтық қағидалармен байланыстырыңыз. ҚР Конституциясының 77 бабының 1 тармағына назар аударыңыз.

4 Ал академик С.С. Сартаев өзінің «Ар мен дар алдындағы сөз» атты еңбегінде өлім жазасының мәселелерін зерттейді. Ол қандай түйіндер жасайды? Өлім жазасын алып тастауға өзіндік көзқарасыңызды білдіріңіз. Қазіргі кезде Қазақстанда өлім жазасы қоданылады ма?

С. Ударцевтың «Знаменитый профессор Сартаев С.» кітабында С. Сартаевтың парламент және оның депуттары туралы көзқарасы ашылады. С.Сартаев депуттарға қандай талаптар қояды? С.Сартаевтың Парламент түріндегі заңшығарушы билікке қатысты пікірлерін ашыңыз.

5 Әдет құқығының мына қағидасының мазмұнын ашыңыз: «Ұр деген жазықты емес, ұрған жазықты». Әдет құқығының мына қағидасының мазмұнын ашыңыз: «Әдет әдет емес, жөн әдет». Әдет құқығының мына қағидасының мазмұнын ашыңыз: «Алдыңа келсе атаңның құнын кешір», Әдет құқығының мына қағидасының мазмұнын ашыңыз: «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы». Аталған қағида көшпелі қазақ қоғамындағы негізгі қағида болып табылады. Аталған қағиданың мәні неде? Көшпелі қоғамда қандай құндылықтар бірніш орында тұрған? Мәселені қазіргі уақытпен байланыстырыңыз.

6 Әбу Насыр әл-Фараби өзінің «Қайрымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» шығармасында қаланы басқарушыға ерекше назар аударады. Басқарушыға сан алуан талаптар қойылады. Осы талаптарды ашыңыз. Әбу Насыр әл-Фараби «Қайрымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» шығармасында қала-мемлекеттерді қайрымды және қайрымсыз етіп топтастырады. Осы қала-мемлекеттердің мазмұнын ашыңыз. Әл -Фараби қала-мемлекеттердің қандай түрін жақтаған?

7 Академик С. Зиманов өзінің ғылыми еңбектерінде қазақтың ежелгі жеріндегі сот әділдігінің «Алтын ғасырына» сипаттама береді. С. Зиманов қандай жүйені ашады? Осы жүйедегі қандай ерекшеліктерді анықтайды? Атақты қазақ ойшылы Ш. Уалиханов қазақ сот әділдігіне жоғары баға берген. Ш.Уалиханов қазақ сот әділдігінің қандай ерекшеліктеріне көңіл бөлген? Осы қағидаларды қазіргі сот әділдігінде қолдануға болады ма? Қазақ сот әділдігінің іргелі қағидаларын ашыңыз. Қазақ сот әділдігінің «ежелгі нысаны» тарихқа «Алтын ғасыр» атымен енді. Қазіргі сот әділдігі жүйесінде осы қағидаларды қолдану жөнінде өзіндік көзқарасыңызды білдіріңіз.

8 Қазақстанның құқықтық тәжірибесінде болған жағдай. Мемлекеттік қазыналы кәсіпорынның басшысы барлық жұмысшыларға Президентті сайлауға міндетті түрде қатысу керектігі туралы бұйрық шығарады. Қатыспаған жағдайда жұмысшы жұмыстан кетуі тиіс болды. Жұмысшылар бұйрыққа бағынып, сайлауға қатысады. Сайлау өткеннен кейін жұмысшылар заңсыз бұйрық шығарғаны үшін кәсіпорынның басшысына қатысты сотқа арыз беріп, моральдық залалдың орнын толтыруды талап етеді.

Кәсіпорын басшысының әрекеті дұрыс па? Жұмысшылардың әрекеті құқыққа сай ма? Жұмысшылардың қандай құқықтары бұзылды? Істі бойынша сот қандай шешім шығаруы керек? Тәжірибеде сот бұл істі қалай шешті?

9 11 қазан 2011 жылы «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» ҚР жаңа заңы қабылданды. Аталған заңның басты мақсатын ашыңыз. Заңға сәйкес қандай жаңа ережелер енгізілген? Осы заң адамның ар-намыс бостандығына құқығын шектемей ме? Жаһанданудың адам құқығына тигізетін әсерін талдаңыз. Адам құқығын қамтамасыз ету тұрғысынан жаһанданудың оң және теріс жақтарын көрсетіңіз.

10 ҚР Конституциясы 39-баптың, 1-тармағын қараңыз.Көрсетілген норманың мақсаты қандай? Осы нормаға доктриналдық түсінік беріңіз, атап айтқанда конституциялық құрылысты қорғаудың, қоғамдық тәртіпті сақтаудың түсініктерін, адам құқықтары мен бостандықтары, халықтың денсаулығы мен ізгілігі мәселелерін ашып, түсіндіріңіз. Осы норманың іс жүзінде қолданылуы жайлы мысалдар келтіріңіз.

11 ҚР Конституциясы 1-баптың, 1-тармағын қараңыз.

Берілген нормаға доктриналды түсініктеме беріңіз? «Зиялы», «құқықтық», «әлеуметтік», «демократиялық», «унитарлы» терминдерінің мағынасын ашып, «бекітеді» терминіне мән беріңіз?

12 Қазақстанның сот жүйесі қызметіндегі өзекті мәселелерді анықтаңыз. Сот жүйесін жетілдіру мен сот билігіне халықтың сенімін арттыру жөнінде өзіндік ойыңызды білдіріңіз. Романо-германдық және англосаксондық құқықтық жүйелердің жалпы белгілер мен ерекшеліктерін анықтаңыз. Қазақстанда англосаксондық құқықтық жүйені қолдану мүмкіншілігі жайлы мәселеге өзіндік көзқарасыңызды білдіріңіз.

13 Қазіргі кезде елімізде құқық бұзушылық пен құқықтық нигилизмнің саны өсуде.

Тапсырма:

1 Құқықтық нигилизм санының өсуінің себебі неде?

2 Күні бүгінде құқықтық нигилизмнің қандай нысаны қоғам үшін аса қауіпті болып отыр?.

3 Құқықтық нигилизмді көптеген заңдарды қабылдау арқылы жоюға болады ма?

4 Құқықтық нигилизмнің санының өсуін төмендетуге қатысты өз ойыңызды білдіріңіз.

14 Құқық басқа реттеу құралдарына қарағанда қоғамдық қатынастарды тиімді реттеуші құрал болып табылады.

Тапсырма.

1 Құқықтың қандай қасиеті осылай тқжырымдауға негіз болады?

2 Қоғамдық қатынастарды құқықтық емес құралдармен реттеу қай салаларда тиімдірек болып табылады?

3 Құқықтың араласуы әрқашанда қажет пе?

15 Құқықтық тәрбиелеу туралы пікірсайыс барысында құқықтық тәрбиемен мемлекет, мектеп, ЖОО, еңбек коллективі айналысу керек деген пікірлер айтылды.

1 Қай орган аталмай кетті?

2 Кәмелетке толмағандардың құқықтық санасына қай әдіс көп әсерін тигізеді?

3 Құқықтық тәрбие жөнінде өз ойыңызды айтыңыз. Біздің мемлекеттегі құқықтық тәрбие жұмысына баға беріңіз?

Құқықтық мәдениет және құқықтық тәрбие мәселелері пәнінің;







Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1685. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия