Студопедия — Палеолит
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Палеолит






Ø Ерте палеолит (Б.з.б. 2 млн 500 мың – 100 мың жыл)

  1. Алғашқы еңбек құралдары негізінен жасалды: Тастан.
  2. Ежелгі адамдардың алғашқы еңбек құралдары: Үшкіртас, қазғыш таяқ, шоқпар.
  3. Домалақ малта тасты екі жағынан егеп, жүзі өткір, ирек ара сияқты жасалған құрал: Чоппинг.

v Қол қашауын жасау үшін қалақ тасты екі жағынан қашады, белгілі бір пішінге келтіріп, оны таяққа бекітті. Мұндай құралдардың ұзындығы 20 сантиметрге, салмағы

1 килограмға дейін жетті.

  1. Екі жағынан өңделген қарапайым шапқыш тас құрал: Бифас.
  2. Бір қабат өңделген тас құралдың жүзін ұсақ кертік-ойықтар (араның жүзі сияқты) жасау арқылы өткірлеу әдісі: Ретушь.
  3. Ертедегі адамның ең алғашқы кәсібі: Терімшілік.
  4. Алғашқы адамдар аулаған аңдар: Мамонт, бизон, үңгір аюлары, маралдар мен жабайы жылқылар.
  5. Ежелгі адамдардың тұңғыш баспанасы: Үңгір.
  6. Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі: Тобыр.
  7. Қазақстан аумағында алғашқы адамдардың шамамен пайда болған уақыты 1 миллиондай жыл бұрын.
  8. Қазақстандағы ежелгі адамның алғашқы іздері жатады: Ерте палеолитке.
  9. Қазақстан аумағындағы алғашқы адамдардың замандасы: Питекантроп.
  10. Қазақстан аумағында ең ежелгі адамдардың өмір сүрген аймағы: Оңтүстік Қазақстан.
  11. Жамбыл облысындағы 5 мыңға жуық тас құралдар табылған тұрақтар: Бөріқазған, Шабақты.
  12. Тас дәуірінің ескерткіші – Бөріқазған, Шабақты табылды: Оңтүстік Қазақстаннан.
  13. Бөріқазған тұрағы жатады: Ерте палеолитке.
  14. Жамбыл облысынан табылған бес мыңнан (5000) аса еңбек құралдарының барлығы: Қашау мен үшкіртастар.
  15. Палеолит дәуіріне жататын еңбек құралдары табылған өңір: Жамбыл облысы.
  16. Ерте тас ғасыры тұрақтарының ең көнелері (Бұлардан табылған құралдар Шығыс Африканың Олдувай сайынан табылған ең көне құралдармен замандас):

Маңғыстау түбегіндегі Шақпақата, Қаратаудағы Арыстанды.

  1. Орталық Қазақстан жерінен түзу, кейде қайқы тас пышақ сияқты қырғыштар табылған тұрақ: Семізбұғы.

 

Ø Орта палеолит

  1. Орта палеолитте (ортаңғы тас ғасырында) өмір сүрген адам: Неандертальдық;.
  2. Жер беті күрт суып, мұздық пайда болды: 100 мың жыл бұрын.
  3. Жер бетінің күрт сууына байланысты алып мұздық пайда болған аймақтар: Еуропа мен Азияның солтүстігі.
  4. Ғалымдардың айтуынша жер бетінде пайда болған мұздықтың қалыңдығы: 2 км.
  5. Ауа-райының күрт сууына байланысты орта палеолитте: адамдар от жағуды үйренді.
  6. Ежелгі адамдар ең әуелі (мұз дәуіріне дейін) отты алды: Найзағайдың түсуінен жанған ағаштан.
  7. Ежелгі адам жіп орнына пайдаланды: Жануарлар сіңірін.
  8. Тас дәуірі адамдарының ине мен біз жасаған заты: Үшкір сүйек.

 

Ø Кейінгі палеолит

  1. Ежелгі адамның дамуы мен мәдениетінің жаңа кезеңі: Кейінгі палеолит.
  2. Адамның жетілуінде шешуші рөл атқарған: Еңбек.
  3. Алғашқы адамдардың тобырдан кейінгі топтасу жүйесі: Рулық;.
  4. Рулық қауым қалыптасты: Шамамен «саналы адам» тұсында, кейінгі палеолитте.

v Рулық қауым – туысқандардың ұжымы. Рулық қауымның барлық мүшелері өзара тең есептелінді. Қауымның ішкі жұмысын теңдей бөлісті.

  1. Тас дәуірінде ру ішіндегі барлық мәселелер шешілді: Жалпы жиналыс.

v Жалпы жиналысқа ересек адамдардың бәрі – еркектер мен әйелдер түгел қатысты. Жалпы жиналыс ақсақалдарды сайлады. Ақсақалдар даулы мәселелерді шешті, аң аулайтын, мал жаятын жерлерді бөліп берді.

F Кейінгі палеолит адамдары рухани жағынан жетіле түсті. Діни наным сенімдер қалыптаса бастады. Олар өлген адамдарын жерлегенде түрлі әшекей заттарын бірге көмген. Сонан соң жерленген адам маңайына киіктің мүйізін айналдыра қойған.

  1. Адамның шығу тегін жануарлар, өсімдіктер немесе табиғат құбылыстарымен байланыстыратын наным-сенім: Тотемизм.
  2. Ежелгі жандардың табиғаттың тылсым әрекеттеріне сиынып, құлшылық ету әрекеті (Табиғаттың дүлей құбылыстарынан өздерін сақтау үшін түрлі тылсым әрекеттер жасау): Магия.
  3. Ежелгі адамдардың жерлеу ғұрпында өлген адам үстіне қызыл минерал бояу себу сенімінің ғылыми атауы: Анимизм.
  4. Алғашқы адамдардың табиғатқа тәуелділігінен туған: Құдайға сыйыну.
  5. Адамның рухани мәдениетінің дамуы туралы мағлұмат беретін: Өнердің пайда болуы.
  6. Археологтардың тапқан сүйек пен мүйізден жасалған мүсіндерінде ең көп кездесетін бейнелер: Әйелдер бейнесі.
  7. Тасқа түсірілген сурет-хат: Пиктография.
  8. Ежелгі адамдардың малдың індет ауруынан қырылғанын білдіру үшін салған бейнесі: Шұбар ат.
  9. Орталық Қазақстандағы кейінгі палеолитке жататын 300-ге жуық тас құрал табылған тұрақ: Батпақ;.

v
Пиктография
Оның мәдени қабаты жер бетінен 6 метрдей тереңдіктен табылған. Тұрақтың жас мөлшері – б.з.б. 30-25 мыңыншы жыл.

  1. Шығыс Қазақстандағы кейінгі палеолитке жататын тұрақ: Шульбинка.

v Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанды өзенінің бойынан кейінгі палеолиттік тұрақтар табылды.

Мезолит (б.з.б. 12 – 5 мың жыл)

  1. Мезолит дәуірі шамамен созылды: 7 мың жылға.
  2. Ғалымдардың есептеуі бойынша мұздық ери бастады: 13 мың жыл бұрын.
  3. Мезолитте мамонт, мүйізтұмсық сияқты ірі аңдар жойылып кетті.
  4. Мезолиттің басында қазіргіге ұқсас өсімдіктер мен жануарлар түрлері қалыптаса бастады.
  5. Мезолиттің басты жаңалығы: Садақ, жебе.
  6. Мезолит адамының негізгі кәсібі: Аңшылық;.
  7. Қазақстандағы мезолиттік тұрақтар саны: 20-дан астам.
  8. Қабырғалары терең көмілген, көлемі 40-60 шаршы метр мезолит баспанасы табылды: Есіл өзенінің аңғарынан.
  • Мезолит заманының тұрғындары бір жерде ұзақ тұрақтап мекендемеді. Себебі: үнемі жайылымын ауыстырып, өрістеп отырған аңдардың соңынан ілесіп көшіп жүрді.
  1. Мезолит заманының үлкен жаңалығы, ұзындығы 1-2 см ұсақ жаңқа тастардан жасалаған құралдар: Микролиттер.
  2. Мезолитте малды қолға үйрете бастады.
  3. Алғашқы егіншілік қалыптаса бастаған дәуір: Мезолит.
  4. Алғашқы қауымды егіншілік пен мал шаруашылығына алып келген жағдай: Терімшілік пен егіншілік.
  5. Егіншілік пайда болды: 10 мың жыл бұрын.
  6. Алғашқы егіншіліктің егін оратын тас құралы: Тас орақ;.
  7. Ертедегі егіншілердің жер жыртатын құралы: Тесе.
  8. Адамдардың азық-түлікті өндіре бастаған кезеңі: Мезолит.
  9. Мезолит дәуірінде әйелдер мен ерлер арасында еңбек бөлінісі қалыптасты.

v Ерлер, негізінен, аң аулады, әйелдер көбінесе терімшілікпен айналысты.

  1. Мезолитте рулық қауым күшейді. Рулар өсе келе тайпаларға бірікті. Рулық қауым үш топтан тұрды: Қариялар, ересектер және балалар.
  2. Орта тас дәуіріндегі балалар тобынан ересектер тобына өту үшін жүзеге асырылған: Бағыштау (инициация).

 

Неолит (б.з.б. 5 – 3 мың жыл)

  1. Табиғи-климаттық жағдай бүгінгі күнге ұқсас болды.
  2. Алғашқы адамдардың тас өңдеуде неғұрлым биік деңгейге көтерілген уақыты.

v Неолитте адамдар тасты жылтыратып тегістеуді үйренді.

  1. Неолит дәуірінде Адамдар табиғатқа тәуелділігінен құтылып, өздері қажетті өнім өндіре бастады.
  2. Жаңа тас ғасырында (неолитте) адамдар мата тоқып, киім тігуді, шыбықтан шарбақ тоқудыүйренді.
  3. «Неолиттік төңкеріс»: Өндіргіш шаруашылыққа көшу.
  4. Малды тұрақты түрде қолға үйреткен кезең: Неолит.
  5. Егіншіліктің тұрақты қалыптасқан кезеңі: Неолит.
  6. Неолит дәуірінде адамдар ойлап тапқан еңбек құралдары: дәнүккіш, келі, балта, қайла, тоқыма станогы т.б.
  7. Неолит дәуірінің үлкен жаңалықтарының бірі: Қыш құмыра жасау.
  8. Ғалымдардың неолит дәуіріне берген өзгеше атауы: «Қыш құмыралар заманы».
  9. Неолитте саздан жасалған қыш ыдыстың атауы: Көзе.
  10. Қазақстан жерінде кездесетін неолит тұрақтарының ең көнесі: Б.з.б 5 мыңжылдыққа тән.
  11. Қыш құмыра
    Қазақстан аумағынан табылған неолиттік тұрақтар саны: 500-ден астам.
  12. Шығыс Қазақстандағы неолиттік тұрақ: Усть-Нарым.
  13. Солтүстік Қазақстандағы неолиттік тұрақ: Пеньки.
  14. Орталық Қазақстандағы неолиттік тұрақтар: Зеленая Балка, Қарағанды.

v Тұрақтардан үй малының сүйектері табылды. Бұл олардың мал шаруашылығымен айналыса бастағандығының белгісі.

  1. Неолиттік Сексеуіл тұрағы орналасқан өңір: Қызылорда облысы.

v Сексеуіл тұрағының маңында су қоймасы болған.

  1. Сексеуіл тұрағынан табылған сүйектердің 80%-ы: Қойлар мен сиырдікі.
  2. 150-ге жуық неолиттік тұрақ, көне кен шығару, жерлеу орындары табылған өңір: Жезқазған өңірі.

v Жерлеу орындарының үстіне тас үйген. Қабірдің қабырғасы тас плиткалармен қоршалған. Адамды басын солтүстік-батысқа қаратып шалқасынан жерлеген.

  1. Неолит дәуірі адамдарының өзіндік дүние танымы болғанын білдіретін Жерлеу орындары.

 

Энеолит (мыс-тас ғасыры)

  1. Тас дәуірі мен қола дәуірінің аралық кезеңінің ғылыми аталуы: Энеолит.
  2. Мыс-тас дәуірінің (энеолит) хронологиясы: Б.з.б 3000-2800 жж.
  3. Бұл кезеңде адамзат баласы металдан жасалған құралдарды игере бастады.
  4. Тас пен мыстан жасалған еңбек құралдары қатар қолданылған кезең;.
  5. Адамзат баласының тұрмыста тұңғыш пайдаланған металы: Мыс.
  6. Адамдар мыс өңдеуді үйренді: 7 мың жыл бұрын.
  7. Мыс-тас ғасыры қоғамындағы екі ірі өзгеріс:

1. Еңбек бөлінісі.

2. Аталық ру үстемдігі.

  1. Қоғамда ең алғашқы ірі еңбек бөлінісін туғызған жағдай: Шаруашылықтың егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі.
  2. Жылқы сүйектері өте көп табылған Солтүстік Қазақстандағы энеолиттік тұрақ: Ботай.
  3. Энеолиттік Ботай тұрағының мерзімі: Б.з.б. 3-2 мың жылдықтар аралығы.
  4. Энеолиттік Ботай тұрағынан табылған тұрғын үйлердің саны: 158.
  5. Ботай тұрағынан ең көп табылған мал сүйегі: Жылқы.
  6. Энеолит кезеңінде ботайлықтардың жетістігі: Жылқы малын қолға үйрету.
  7. Энеолиттік Шебір мекені орналасқан өңір: Маңғыстау.

v Шебір тұрғындары теңіз моллюскаларының қабықтарын моншақ етіп таққан.

  1. Мыс-тас ғасырынан кейіңгі кезең: Қола дәуірі.

 

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 12964. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

ЛЕКАРСТВЕННЫЕ ФОРМЫ ДЛЯ ИНЪЕКЦИЙ К лекарственным формам для инъекций относятся водные, спиртовые и масляные растворы, суспензии, эмульсии, ново­галеновые препараты, жидкие органопрепараты и жидкие экс­тракты, а также порошки и таблетки для имплантации...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия