Студопедия — Оғыз мемлекеті
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Оғыз мемлекеті






(IХ ғасырдың аяғы – ХI ғасырдың басы)

Ø Оғыз мемлекетінің құрылуы, жер аумағы

  1. Ғалымдардың «уыз» сөзінен шықты деген тұжырымы мына тайпаға қатысты: Оғыз.
  2. Оғыздардың Жетісу және Ыстықкөл мен Шу аралығын мекендегені туралы жазған: М. Қашғари.
  3. VII ғасырда Түрік қағанатының құрамында болған оғыз тайпаларының мекендеген өңірі: Батыс Жетісу.
  4. VIII ғасырдың ортасында оғыздардың Жетісудан Сырдария бойына ығысуына ықпал еткен себеп: Қарлұқ қанатының құрылуы.

v Бұл аймақта жергілікті кангар – печенегтердің; қарсылығына тап болды.

  1. Оғыздармен болған ұзақ жылдарға созылған күрес нәтижесінде жеңіліп, батысқа қарай жылжуға мәжбүр болған: кангар-печенегтер.

v ІХ ғасырдың басында оғыздар қимақтармен бірлесіп кангар–печенегтерді талқандап Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал маңын жаулап алды.

  1. Сырдарияның орта және төменгі ағысында Оғыз мемлекеті құрылды ІХ ғ. аяғы – Х ғ. басында.

? Оғыз мемлекеті жайлы алғашқы дерек Әл-Якуби (ІХ ғ.) жазбасында берілген.

  1. Оғыз мемлекетінің орталығы: Янгикент (Жаңа Гузия, Сырдарияның төменгі ағысында орналасқан).
  • Батыста Хазарияға дейінгі жерді, солтүстік Каспий маңын, орталық, оңтүстік-шығыс Қарақұм және Қызылқұм аймағын алып жатқан «Мафазат-әл-Гуз» (оғыз даласы).

 

Ø Оғыздардың тайпалық құрамы

  1. Тілі жағынан түркілене бастаған, арғы тегі финн-угорлар, үнді-еуропалық тайпалар құрамына енген мемлекет: Оғыз.
  2. Қытай деректері бойынша оғыздардың құрамына кірген тайпалар: байандұр, имур, қайлар.
  3. М.Қашғаридің мәліметі бойынша оғыздардағы тайпалар саны: 24.

v Әл-Марвази оғыздардың 12 тайпасы жөнінде жазады (12 тайпаға түскен кезі-ол тайпалардың бір-біріне қосылып, халықтық дәрежеге көтеріле батаған мезгілі).

  1. Оғыздардағы тайпалық және рулық бөлімшелер атауы: «бой», «оба», «көк».

v Бұған қоса оғыздар ұрықтар мен аймақтарға бөлінген. Ұрық; атауымен рулық атақты тұқымдар, әулеттер аталған.

  1. Оғыздардағы тайпалық одақтар атауы: Ел.
  2. «Оғызнама» дерегі бойынша Оғыз мемлекеті бөлінді: 12 аймаққа.

 

Ø Қоғамдық құрылысы

  1. Оғыз мемлекетінің қоғамдық құрылысы: Әскери демократия.
  2. Оғыз мемлекетінің жоғарғы билеушісі: Жабғу (ябғу).

v Жоғарғы билік мұрагерлік арқылы қалып отырды.

  1. Оғыз мемлекетіндегі тақ мұрагерлері: Инал
  2. Жабғудың «инал» атты мұрагерін тәрбиелеуші: Атабек.
  3. Жағбу кеңесшілері: Күл-еркіндер.
  4. Оғыз қоғамында маңызды рөл атқарған әскербасы ның лауазымы: Сюбашы
  5. Сарай маңындағы өмірде маңызды рөл атқарған, жабғу әйелдері нің атағы: «хатун» (қатын).
  6. Оғыздарда халық жиналысы шақырылды: Жылына 1(бір) рет.
  7. Оғыздарда күл-еркін тарапынан шақырылған шонжарлар кеңесі: Қанқаш.
  8. «Оғызнама» дастаны бойынша оғыз дәулетінің біртіндеп дамуына байланысты, ел басқарудың ең жоғарғы орны болған: Ұлы және кіші құрылтай.

v Ұлы құрылтайда жабғу өз ұлдарын боз оқ; (бұзұқтар) оң жағына, ақсүйектерді үш оқ;(ұшұқтар) деп сол жағына отырғызған.

  1. Оғыздарда жабғуды сайлағанда артықшылыққа ие болғандар: Боз оқтар.

 

Ø Саяси жағдайы

  1. ІХ ғасырдың аяғында оғыздар қарлұқ, қимақ тайпаларымен бірлесе отырып өздеріне бағындырды: Еділ мен Жайық аралығындағы печенегтерді.
  2. Печенегтердің оғыздардан ойсырай жеңілгендерін баяндайтын әдеби шығарма: «Оғызнама».
  3. Оғыз билеушілерінің сыртқы саясатындағы басты мақсаттарының бірі: Қара теңіз, Дон өзенінің бойына жету.

v Орыс қалаларымен сауда жасауды да ойластырды. Бұған орыс мемлекеті де мүдделі еді.

  1. Оғыздардың Қара теңіз, Дон өзенінің бойындағы жайылымды жаулап алуларына бөгет болған мемлекет: Хазар қағанаты.
  2. 965 жылы оғыздар хазарларға қарсы әскери одақ құрды: Киев Русімен.

v «Оғызнама» дастаны: «Ұрысбек оғлы Сақлаппен келісім жасалған» дейді. Мұндағы «Ұрысбек оғлы Сақлап» деп отырғаны – орыстың кінәзі Святослав.

  1. Оғыздар Киев кінәзі Владимирмен одақтасып, бұлғарларға жорық жасады: 985 жылы.
  2. Орыс жылнамаларындағы оғыздардың атауы: Торктар.
  3. Х ғ. аяғы мен ХІ ғ. басында Әли ханның кезінде мемлекет жағдайының күрт нашарлауының және халық көтерілістерінің жиілеуінің басты себебі: Шектен тыс алынатын алым-салық;.
  4. Оғыз мемлекетіндегі саяси тұрақсыздықты пайдаланып, Жент қаласын басып алған: Салжұқтар.
  5. Оғыз мемлекетінің күшеюіне үлес қосқан билеуші: Шахмәлік.
  6. Оғыздардың соңғы жабғуы Шахмәлік Хорезмді жаулап алды: 1041 жылы.

v Алайда 1043 жылы ол көтеріліске шыққан салжұқтардың қолынан қаза тапты.

  1. ХІ ғасырдың 40-шы жылдары Хорезмді жаулап алған мемлекет: Оғыз мемлекеті.
  2. ХІ ғасырда оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржола ығыстырған: Қыпшақтар.
  3. Оғыз мемлекеті біржола құлады: ХІ ғасырдың басында.

Ø Шаруашылығы

  • Оғыздар жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мал шаруашылығымен айналысты.

? Оғыздардың күз айларында Хорезм шекарасына дейін, ал кейбір бөліктерінің Ұлытау баурайына дейін көшіп жүргенің айтқан ғұлама: Әл-Бируни.

? Түркістан аймағындағы оғыздардың елтірі беретін (қаракөл) қойларды өсіретінін жазған: Ибн Хаукәл.

  1. Көршілес жатқан Орта Азия, Қытай сияқты елдермен айырбас сауданың шикізат көзі ретінде пайдаланылған: Мал өнімдері.
  2. Оғыздар айналысқан егіншілік түрі: Суармалы егіншілік.
  • Сырдарияның төменгі ағысындағы қалалар: Жанкент, Жент, Жуара. Махмуд Қашғари Сырдарияның орта ағысындағы Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ, Сауран қалалары туралы жазған.

? «Ондағы шеберлер темірден ғажайып әдемі бұйымдар жасайды» деп оғыздар мен қимақтар туралы жазған әл-Идриси.

? «Түріктер қолөнердің барлық түрін істейді,... қару, жебе, ер-тұрман, қорамсақ, найза жасайды» деп жазған араб жазушысы: әл-Жахиз.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 19131. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

ЛЕКАРСТВЕННЫЕ ФОРМЫ ДЛЯ ИНЪЕКЦИЙ К лекарственным формам для инъекций относятся водные, спиртовые и масляные растворы, суспензии, эмульсии, ново­галеновые препараты, жидкие органопрепараты и жидкие экс­тракты, а также порошки и таблетки для имплантации...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия