Студопедия — Арақытайлар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Арақытайлар






(1125-1212 ж.)

Ø Қарақытайлардың Жетісуға қоныс аударуы

  1. Қидандардың б.з.б. уақытта өмір сүрген аумағы: Қытайдың солтүстігі ( Орталық Азия (Солтүстік Монғолия), Маньчжурия, Уссури өлкесі(қытай деректері)).
  2. Х ғасырда Батысқа қарай жылжыған қидандардың бір бөлігінің мұсылман деректеріндегі атауы: «қарақытайлар».

F Қидан тайпаларының этникалық тегі мен тілі туралы пайымдаулар әр түрлі:

R Қидандар тұнғұс-монғол тілдес халық.

R Араб, парсы деректерінде, олар түркі тілдес.

  1. 924 жылы қидандар тарапынан құрылған мемлекет: Алтайдан Тынық мұқитқа дейінгі аумақты алып жатқан Ляо мемлекеті.

F Жетісуға қарақытайлардың келіп орналасуына негізінен екі себептің әсері болды:

1. Орталық Азиядан батысқа қарай жылжыған түрік тілдес тайпалардың қарақытай жерлерін жаулап алуы.

2. Қарахан мемлекетінің әлсіреуі. Қарахан билеушісі қарақытайларға шығыстағы шекарасын қорғау қызметін тапсырды. Олар қызметтері үшін үлесті жер алып отырған.

  1. 1125 жылы Ляо мемлекеті құлағаннан кейін, Жетісуға келіп қоныстанған40 мың түтін қиданға басшылық еткен: Елюй Даши

v 1125 жылы қарақытай әскерлері Жетісудың орталық аудандарына кіріп, Баласағұн қаласын басып алды.

  1. Қарақытай мемлекетін құрған орталық-азиялық тайпа: Қидандар.
  2. Қарақытай мемлекетінің негізін қалаған: Елюй Даши.
  3. Қарақытай мемлекетінің орталығы – Баласағұн қаласына жақын жердегі Ғұз орда.
  4. Қарақытай билеушісінің лауазымы: гурхан.

Ø Саяси жағдайы

  1. 1137 жылы Ходжент жанында қарақытайлар ойсырата соққы берді: Қарахан әскеріне.
  2. 1141 жылы Самарқан қаласына жақын Қатуан даласында қарақытайлардан жеңіліс тапқан: қарахан-салжұқ әскерлері.

R Қарақытайлар Мауараннахрдың; орталық бөлігін басып алады.

R Қарахандар қарақытайлардың вассалы болып, алым-салық төлеп отыруға мәжбүр болған.

  1. Хорезмшахының қарақытайларға жылына төлеген салық мөлшері: 3000 алтын динар.

R Қарақытайлар батысында Әмударияның төменгі ағысын толығымен, шығыста Гансу жеріндегі ұйғырларды, оңтүстікте Балх пен Хотан жерлерін бағындырады. Солтүстік-шығысы наймандармен шекаралас жатты.

  1. 1171-1172 жылдары қарақытайлардың Хорезмге қайтадан жорық жасау себебі: Хорезм шахының салық төлеуден бас таруы.

R Осы кезде Хорезм шахы әл-Арслан қаза болып, оның балаларының арасында билік үшін талас туады. Тақ үшін таласта Текеш қарақытайлардың көмегімен ел билігін өз қолына алады.

  1. 1198-1204 жылдары қарақытайлардың; Хорезм шахымен бірігіп соғысқан Ауғанстан жеріндегі тайпа: Гурид.

v Текештен кейінгі Хорезм шахы Мұхаммед Самарқан сұлтанымен келісімге келіп, қарақытайларға қарсы шығады. Өз одақтасынан айрылған қарақытайлар гурид тайпаларымен соғыста ауыр жеңіліске ұшырайды.

  1. 1208 жылы қарақытайларды шығыста жеңген: наймандар.
  2. Қарақытай мемлекеті біржолата құлады: 1212 жылы.

v Соңғы гурхан найман ханы Күшліктің; қолына түсіп, оның жерлері біржола наймандардың иелігіне айналады.

  1. Қарақытай мемлекетін құлатқан мемлекеттер: Хорезм, Найман.

 

Ø Қоғамдық құрылысы

  1. Елюй Даши кезінде бір әскери басшының; қол астынадағы жауынгер саны: 100.
  2. Қарақытайлардағы мұрагерліктің өзіндік ерекшелігі: әйел адамдар да мұрагер бола алған.

v Әйел жағының тегі хан тұқымынан болуы міндетті еді.

  1. Елюй Дашы 1143 жылы қаза болған соң билікті қолына алған: әйелі Табуян.
  2. 1150 жылдан кейінел басқарған, ержеткен Елюй Дашидің баласы: Иле.

v Оның тұсында халық санағы жүргізілді.

  1. Алғаш рет халық санағы жүргізілген орта ғасырлық мемлекет: Қарақытай.
  2. 1155 жылы Иле қаза болған соң, ел билеген Елюй Дашидің қызы Бұсұған.

 

Ø Алым-салық жүйесі

& Қарақытайлар өздері жаулап алған қалалар мен отырықшы қоныстарды қиратпаған. Сондықтан да жергілікті халық оларға онша қарсылық көрсетпеді.

  1. Қарақытай мемлекетіндегі салық жинау жүйесі: Түтін басына.

v Әрбір үйден (шаңырақтан) жиналған салық мөлшері: 1 (бір) динар.

v Егістік жерлер халыққа беріліп, тиісті салығы арнайы адамдар арқылы жинастырылған.

F Отырар, Тараз қалаларында алым-салықты гурханның арнайы жіберген адамдары жинап отырды. Ал басқа аймақтардан салық жинау, оны қарақытайлардың орталығына жеткізу жергілікті феодалдарға жүктелген.

  1. Жетісудың егіншілікпен айналысатын тұрғындары билеушіге төлеген: өнімнің оннан бір үлесін.
  2. Ірі қалалар әкімдерінің гурханға жыл сайын төлеп отырған салығы: Харадж.
  3. Қарақытайлар бағынышты халықтарға салық салуды күшейтіп, ашық тонауға көшті: ХІІ ғасырдың екінші жартысы.

v Осыған байланысты қарақытайларға қарсы халық көтерілістері жиілей бастады.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 5721. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Выработка навыка зеркального письма (динамический стереотип) Цель работы: Проследить особенности образования любого навыка (динамического стереотипа) на примере выработки навыка зеркального письма...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия