Студопедия — V. Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

V. Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі






Ø Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі

  1. Жоңғар хандығының құрылуы: 1635 ж.
  2. Жоңғар хандығының жоғарғы билеушісінің лауазымы: Қонтайшы.
  3. XVII ғасырдың ортасында жоңғар мемлекетінің күш-қуатын біршама арттырған қонтайшы: Батыр.
  4. Батыр қонтайшының тұсында қазақтар мен жоңғарлар арасында шайқастар өткен жылдар: 1635, 1643, 1652.
  5. XVII ғасырда Батыр қонтайшыға қарсы шайқасқан Қазақ ханы: Жәңгір.
  6. XVII ғасырдың 40 жылдарынан бастап, Қазақ хандығына қауіп төндірген мемлекет: Жоңғар хандығы.
  7. 1653 жылы Батыр қонтайшы қайтыс болып, таққа отырған: Қалдан Бошоқты (1653-1670 жж.).
  8. 1653-1670 жылдары Жоңғар тағына отырған қонтайшы: Қалдан Бошоқты.
  9. XVII ғасырда қазақ хандары ноғайлармен одақтаса отырып жоңғарларды ығыстырды Тобыл өзеніне дейін.
  10. XVII ғасырдың 80-жылдарында қазақ жеріне шабуыл ұйымдастырған жоңғар қонтайшысы: Қалдан-Бошоқты.
  11. XVII ғасырдың 80 жылдары жоңғар әскерлері жетті: Сарысу өзеніне дейін.
  12. Қазақ жеріне жойқын жорықтар ұйымдастырған Жоңғарияның мақсаты: Қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, ұлан-байтақ жерді өзіне қарату.
  13. 1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері бас қосып, жоңғарларға соққы беру мәселесін талқылаған жер: Қарақұм.

v Осы кеңестің шешіміне сай жоңғарларға қарсы біріккен халық жасағы құрылды.

v Бас қолбасшы болып сайланған: Бөгенбай батыр.

  1. Жоңғар қонтайшысы Себан-Рабданның; қазақ жеріне жасаған жорықтары сәтсіздікпен аяқталды: 1711 және 1713
  2. 1715 жылы күзінде Тәуке өлгеннен кейін оның мирасқоры: Қайып.

v Ол хандықты әлсіретіп алды. Келесі басқарушылардың бағытының бірдей болмауынан (Кіші жүзді Әбілқайыр, Орта жүзді Сәмеке, Күшік, Ұлы жүзді Жолбарыс басқарған кезде) үш жүздің бірлігі әлсіреді.

  1. 1716 жылы жоңғар әскері Іле өзенінен бағыт алды: Аягөзге.
  2. Аягөз маңындағы қазақ жасақтарының жоңғарлардан жеңіліске ұшыраған жыл: 1718 ж.
  3. 1718 жылы Аякөз өзенінің бойында қазақ қолына басшылық еткен: Қабанбай мен Жауғашар батыр.
  4. 1718 жылы Аягөз маңындағы қазақ жасақтарының жоңғарлардан жеңілу себебі: Әбілқайыр мен Қайып сұлтанның соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеуі.
  5. Аягөз маңындағы шайқастан кейін, 1718 жылы жоңғар әскерлері екінші рет жеңіске жетті: Арыс бойында.

F Қазақ мемлекетінің ахуалын қиындатқан тек жоңғар шабуылдары ғана емес. Солтүстік-батыстан башқұрттар, солтүстіктен Сібір казактары, оңтүстіктен Қоқан, Хиуа мемлекеттері қазақтардың қиын жағдайын пайдаланып қалуға тырысты.

  1. Қазақ даласын әйгілі «Ақ мешін» жұты шарпқан жыл: 1723
  2. 1723 жылы Жоңғарияның барлық күш–қуатын қазақ еліне қарсы жұмсауға мүмкіндік алуының себебі: Цин императоры Кансидың өлімі.
  3. Жоңғардың қалың қолы Қазақстанға тұтқиылдан баса көктеп кірген жыл: 1723 жылы.
  4. 1723 жылы қазақ жеріне басып кірген жоңғар әскерінің саны: 70 мың;.
  5. 1723 жылы қазақ жеріне басып кірген жоңғар әскеріне басшылық еткен: Шона Доба.

v Ол 70 мың әскерін жеті шепке бөліп, олардың бір мезгілде шапшаң да қаймықпай шабуылға шығуына жарлық береді.

  1. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары: 1723-1727 жж.
  2. Қазақ халқының қасіреті болған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»: XVIII ғ. 20 жылдары.
  3. Жоңғарлардың соққысына төтеп бере алмаған Орта жүз рулары ойысқан өңір: Самарқанға.

v Ұлы жүздің көпшілік рулары мен Орта жүздің бірқатар рулары ауа көшті: Ходжентке қарай.

v Кіші жүз Ырғыз, Торғай, Жайық, Ор өзендеріне қарай ығысты.

  1. Жоңғарлардың Ташкент пен Түркістан қалаларын басып алуы: 1724-1725 жылы.
  2. Жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан әйгілі ән: «Елім-ай».
  3. Жоңғар шапқыншылығынан зардап шеккен аймақ: Жетісу.
  4. Жоңғарларға қарсы күресте қол бастап, ерекше көзге түскен қазақ батыры: Қаңжығалы Бөгенбай.
  5. Жоңғар шапқыншылығына қарсы қол бастаған батыр: қаракерей Қабанбай.
  6. 1726 (1728) жылы қазақ жасақтары жоңғар әскеріне күйрете соққы берген жер: Бұланты.

v Қазақтардың жоңғар әскерін жеңген Бұланты өзенінің жағасы кейіннен аталды: «Қалмақ қырылған».

  1. 1726 жылы қазақ жасақтарының жоңғарларды талқандауының басы болған оқиға: «Қалмақ қырылған».
  2. 1726 жылы болған «Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы: Қазақстанның солтүстік-батысы азат етілді.
  3. Бұланты шайқасынан кейін қазақ жүздерінің өкілдері жауға қарсы күресті күшейту жөнінде шешім қабылдаған жер (Қазақстанның оңтүстігіндегі тау): Ордабасы.
  4. Ордабасы тауына жиналған қазақ жүздерінің шешімі бойынша жоңғарларға қарсы күресте қазақ жасақтарының бас қолбасшысы болып сайланған: Әбілқайыр хан.
  5. Қазақстанның оңтүстігіндегі Ордабасы тауының етегінде қазақ жасақтарының жиналуының себебі: Бұл жер Жетісуды азат етуге аттануға жақын еді.
  6. Топонималық мәліметтер бойынша қазақ жасақтары Ордабасы тауында ұйымдастырылды: жүздік негізде.
  7. Аңырақай түбінде барлық жасақтарға қолбасшылық жасаған: Әбілқайыр хан.
  8. Балқаш көлінің маңында Аңырақай жерінде (қалмақтардың аңырауы, боздауы) жоңғарларға күйрете соққы берген жыл: 1729

v Кіші жүз бен Орта жүз жерлерінің көп бөлігі азат етілді.

  1. Аңырақай шайқасынан кейін жоңғарларды толығымен талқандауға кесірін тигізген жағдай: Ұлы жүздің ханы Болаттың өлімінен кейінгі аға хандыққа таласуы.
  2. Болат хан өлгеннен кейін, аға хандыққа таласқан қазақ хандары: Сәмеке мен Әбілқайыр.

 

Ø Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі

F Орыс мемлекеті орта-азиялық хандықтармен сауда-экономикалық және дипломатиялық қатынастарын кеңейткеннен кейін, XVI ғасырдың соңы – XVII ғасырдың басында Қазақстанға қызығушылығы арта түсті.

  1. Орал аймағын игергісі келген, көршілермен қауіпсіздік байланысты сақтауға тырысқан Мәскеу үкіметі, Қазақстанмен шекарада қорғаныс бекіністерін салуға кірісті.
  2. 1585 жылы негізі қаланған қалашық: Обск.

v 1586 – Түмен,1587 – Тобыл, 1594 – Тара, 1604 – Томск.

  1. «Шашыранды алтын құм» туралы көптеген аңыздар тараған қала: Еркет (Яркенд).
  2. 1714-1720 жылдар аралығында Ертіс өзенінің жоғары ағысында патша өкіметі тұрғызған бекіністер: Жәміш, Омбы, Колбасинск, Железинск.
  3. 1718 жылы Жоғарғы Ертіс бойында салынған бекініс: Семипалатинск.

v 1720 жылы – Павлодар, Өскемен.

  1. 1714-1720 жылы патша өкіметінің Ертіс бойына әскери бекіністер салудағы басты мақсаты: Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу.
  2. 1716 жылы қазақ ханы Сібір губернаторы М.П.Гагаринге елші жіберіп, қалмақтарға қарсы күресте көмек көрсетуін сұрады.
  3. XVIII ғасырдың басында Ресейдің қазақ-жоңғар тартысына араласа алмауының себебі: Ресей Швециямен соғысып жатты.
  4. 1717 жылы І Петрге мәңгілік бейбітшілік пен келісімде болуға ұсыныс грамотасын жіберген хан: Қайып.
  5. XVIII ғасырдың бірінші ширегінде Ресей Қазақ хандығымен кең байланыс жасауға ұмтылды: Солтүстік соғыста Швецияны жеңгеннен кейін.
  6. XVIII ғасырдың бірінші жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы: Әбілқайыр хан.
  7. Әбілқайыр ханның өмір сүрген жылдары: 1680-1748 жж.
  8. Әбілқайыр ханның Ресей құрамына кірудегі ең басты мақсаты: Ресеймен сенімді байланыс орнатып, бар күшті ойраттарға қарсы жұмылдыру.

v Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, Қазақстандағы өз қарсыластарын сағын сындыру.

  • 1730 жылы Кіші жүздің ықпалды билері Әбілқайырға Жоңғарияға қарсы Ресеймен әскери одақ; құруды жүктеді.
  1. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер: Сейітқұл Қойдағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлы.
  2. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша: Анна Иоанновна.
  3. Әбілқайыр ханның Кіші жүзді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы ұсыныспен жіберген елшілерін Анна Иоанновна қабыл алды: 1731 жылы ақпан айының 19-ы.
  4. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы: 1731 жылы.
  5. Қазақтардан ант алуға Ресейдің орыс елшілігінен басқарып келген сыртқы істер коллегиясының тілмашы, қабылетті елші: А.И.Тевкелев.
  6. 1731 жылы қазан айында Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны: 29 старшын.

v Кіші жүз «ақсүйектерінің» өзара қырқысын шебер пайдаланған патша үкіметі әкімшілік және саяси шаралармен Қазақстанның батыс аудандарын отарлауды жеделдетті.

  1. 1734 жылы орыс үкіметі тарапынан жабдықталған «қырғыз-қайсақ» экспедициясын басқарған Сенаттың бас хатшысы: И.К.Кириллов.

v Экспедицияның негізгі мақсаты: Ор бойында бекініс тұрғызу, табиғат байлықтарын игеру, Орта Азия хандықтарымен керуен саудасын кеңейту, Сырдария бойында қала тұрғызып, біртіндеп өзен флотилиясын ұйымдастыру.

  1. 1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде Ор өзені бойында салынған бекініс: Ор.
  2. Башқұрттардың көтерілісін басуға патша үкіметі Кіші жүз жасақтарын пайдаланды: 1735-1737 жылдары.
  3. 1735 жылы Башқұртстанда болған патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы азаттық күреске қатысқандарды жазалау кезінде Қазақстанға қашқан башқұрттардың саны: 50000.
  4. 1738 жылы тамыз айында Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор комиссиясының басшысы: В.Н.Татищев.
  • Патша үкіметі қазақтарды өз шеңгелінде мейілінше қысып ұстауға тырысу себебі: 1740 жылғы башқұрт халқының екінші көтерілісі.
  1. Орта жүздің билеушілері Абылай сұлтан мен Әбілмәмбет хан Ресейге ант берді: 1740 жылы.

v Олардың мақсаты Ресеймен жақындасып, Орта жүзге қарсы жоңғар шабуылдарын әлсірету.

  1. 1740 жылы Кіші Жүздің шекарасына қауіп төндірген: Парсы әміршісі Нәдір шах.
  2. Өзінің зардабы жағынан «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» кем түспейтін Жоңғар қонтайшысы Қалдан-Сереннің; шапқынышылықтары болған жылдар: 1741-1742 жыл.
  3. 1742 жылы 20 мамырда Ресей Сенатының қабылдаған Жарлығы: Қазақтарды және шекаралық өңірдегі бекіністерді қорғау туралы.
  4. 1742 жылы қыркүйектің 2-сінде Қалдан-Серенге хат жолдап, Ресейдің қарамағындағы қазақтарға қысымды тоқтатуды талап еткен Орынбор комиссиясының төрағасы: И.Н.Неплюев.
  5. Орынбор қаласының негізі қаланды: 1743 ж.

v И.И.Неплюев 1735 жылы негізі қаланған Орск қалашығын жаңа жерге көшірді.

  1. 1747 жылы Нәдір шах өлгеннен кейін Хиуа тағына отырған: Батыр сұлтанның ұлы Қайып сұлтан.
  2. 1747 жылы Нәдір шахтың өлтірілуінен соң Әбілқайырдың Хиуа өңіріндегі әсерін әлсіреткен жағдай: Хиуа тағына Қайыптың сайлануы
  3. Әбілқайырды 1748 жылы өлтірген: Барақ сұлтан.

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 10160. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия