Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты. Қазақстан теуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 ж. 3 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кірді, Халықаралық еалюта қорының Халықаралық реконструкция және даму банкісінің Дүниежүзілік банктің Халықаралық даму ассоциациясының Инвестицияға кепілдік беретін көп жақты агенттіктің Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымының мүшесі болды және басқа бірсыпыра үйымдарға кірді. Осы уақыт ішінде Қазақстанды жүзден аса мемлекет танып, олардың көпшілігімен елшілік және екілеттілік дережеде дипломатиялық қатынас орнатылды. Республиканың сыртқы саяси бағыты шекаралас мемлекеттермен, ТМД-ның мүшелерімен езара тиімді достық қатынасты сақтау, сондай-ақ басқа да мемлекеттермен еділеттік және халықаралық серіктестік негізінде жан-жақты байланыстарды дамыту. Олардың ішінде Америка Кұрама Штаттарымен стратегиялық және демократиялық серіктестік, Жапониямен стратегиялық серіктестік туралы келісімдерге, 1,Шанхай бестігі" жобасы шеңберіндегі шекараның үзына бойына сенім шаралары туралы келісімгн Ресеймен, Өзбекстанмен, Кырғызстанмен, Украинамен достық туралы шарттарға қол қою айрықша орын алады. Қазақстан Республикасының ҚХР-мен шекарасын межелеу, Ресеймен, Өзбекстанмен және Кэірғызстанмен шекараны белгілеу туралы меселені шешу женінде жүмыс жүргізілуде.