Студопедия — Оғыз және қимақ мемлекеттері. 3 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Оғыз және қимақ мемлекеттері. 3 страница






Түркеш қағанаты Жетісуда билік басына Үш Елік қаған(699-706) бастаған түркештер келді. Олар Шаштан Тұрпан мен Бесбалыққа дейінгі аралықта түркештердің билігін орнатты. Басты астанасы – Суяб. 2-ордасы – Күңгіт қаласына орналасты. Үш Елік қаған елді әрқайсысында 7 мың әскері бар 20 үлесті жерге бөлді. Үш Еліктің орнына Сақал қаған(706-711) отырды. Түркештердің өз арасында ауызбірлік болмады. Батысында соғдылықтармен бірге арабтарға қарсы соғысты. Оңтүстігінен Таң имп-ясы қауып төндірді. Түркеш қағанаты саяси тұрақсыздықты басынан кешіргенімен, Сұлу қағанның тұсында(715-708) қайта нығайды. Сұлуға екі майданда күрес жүргізуге тура келді. Сұлу арабтарға қарсы батыл да шешімді әрекеттермен көзге түсіп, арабтар оған Әбу Мұзахим(Сүзеген) деп ат қойды. 738ж Сұлу Субқа қайтып келе жатқан кезде, өз қолбасшыларының бірі Баға Тарханның қолынан қаза тапты.751ж Тараздың маңындағы Атлах қаласының түбінде әскербасы Зияд Ибн Салих басқарған арабтармен қолбасшы Гао Сяньчжи басқарған қытайлар арасында соғыс болды. Ұрыс 5 күнге созылды. Шешуші сәтте қытайдың қол астындағы қарлұқтар бас көтеріп, арабтар жағына шықты да, қытайлар жеңілді. Екі жақты соғыстан әлсіреген түркеш мемл-ті 756ж түркі тілдес тайпа қарлұқтардың тегеурініне төтеп бере алмай, біржолата құлады.

Түрік қағанатының саяси құрылысы мен әлеуметтік этникалық құрылымы және этникасы Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (603 - 704). Түрік қағанатында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді. Батыс Түрік қағанатының негізін Торэмен қаған қалаған деген ғылыми дерек те бар. Түрік қағанатының осыншама ұлан-байтақ жер енді ғана қалыптаса бастаған мемлекеттіктің шеңберінде ұзақ уақыт қала алмайтын еді. Олар іштен және сырттан болатын қысымға қарсы тұра аларлық өзара байланысты біртұтас экономикалық және этникалық-саяси организм болмады. Тек қарудың күшімен ғана құрылған империя оған ұзақ уакыт сүйеніп тұра алмады. Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, олардың талай жылдарға созылған мал індеттерімен, жұттарымен және ашаршылықпен ушыға түсуі, Суй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы (581—618 жылдар), ақырында, оның аудандарының автономиялану үрдісінің табиғи түрде басталуы жалпы Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа — Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінумен аяқталды; Батыс қағанаттың орталығы Суяб (Жетісу) болды. Бөлінуіне қарамастан, Батыс Түрік қағанаты Шығыс түрік қағанатына біршама саяси тәуелділікте болды, онда өкімет билігі түріктердің қаған руы ашиналардың қолында болды. Шаруашылық-экономикалық жағынан алғанда, қағанат екі негіздің — мал шаруашылығын көшпелі әдіспен жүргізуге негізделген қоғамның және бұл кезде феодалдық қатынастар едәуір дамыған отырықшы-егіншілік қоғамның ұштасуы болды. Бұл кезде феодалдық қатынастар Византия мен сасанилер Иранында дамыған болатын. Соғыс және сауда бәсекелестігіне қарамастан (бәлкім, соның арқасында да болар), феодалдық қоғамдық қатынастар Кавказ өңірінің Хазар патшалығының көшпелі ортасына, тиректер мен Алтайдың ертедегі түріктері жеріне өтіп ұлғая түсті. Батыс түрік (сондай-ақ Шығыс түрік каганатының) халықаралық шаруашылық және саяси байланыстар аясына тартылуында Соғды мен Жетісудың соғдылық көпестері ерекше рөл атқарды. Жетісудың құжаттарда көбінесе «соғды» қалалары деп аталатын қалалары ежелгі түрік дәуірінде тоқтап қана өтетін мекендер болған жоқ. Қағанатта қоғамдық-экономикалық қатынастардың дамуы Еуразияның басқа аудандарындағы осы сияқты үрдістерге байланысты жүріп, феодалдық қатынастардың орнығу арнасында жүргенімен, оның өз ерекшеліктері де болды.

Ұжымдастыруға қарсы бағытталған шаруалар көтерілістері Ужымдастырудын сталиндик үлгисине карсы шаруалардын наразылыгы алуан түрлі болды:Қалалар мен құрылыстарға кету;Басқа аймақтарға, шет елдерге көшу;Белсенділерді, кеңес, партия, комсомол қызметкерлері, сот орындаушыларын өлтіру;Қарулы отрядтар құру;Көтеріліске шығу; 1929-31жж өлкеде қарулы көтерілістер болып өтті.Семей округі- халық наразылығының ірі ошағы. 1930ж ақпан-мамыр аралығында Зырянов, Өскемен,Самар,Шемонайха,Қатонқарағай аудандарында толқулар болды. Батпаққаа көтерілісі бандиттік-басмашы қозғалысының көрінісі деп бағаланды. Оңтүстік, орталық, батыс Қазақстанның 5000 шаруалары біріккен Қарақұм аймағы көтерілісшілер ауданына айналды. Көтерілісшілер талаптары: Заңсыз тәркіленген шаруаларды айдаудан босату және мал мүлкін қайтару;Дін бостандығы;Шаруаларға үдемелі табыс салығын салу;Еріктілік ұстанымын сақтау;Дербес ауылдар ұйымдастыруға мүмкіндік беру;Созақ көтерілісі табандылығымен және ұйымдастырылуымен ерекшеленді(басшысы Жақыпов). Көтерілісшілер созақ ауданының орталығын алып, аудан басшыларын өлтірді.Күштеп әдісі мен жаппай ұжымдастыруға қарсы Сарысу, Ырғыз, Балқаш, Қастек, Абыралы, Қордай, шыңғыстау, Шұбартау ауданының шаруалары көтеріліске шықты.1931ж көктемде Қарқаралы округінің Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау аудандарының көтерілісшілері жазалау әрекетімен түгел қырылды.

Ұлт зиялыларына қарсы жасалған қуғын сүргін саясаты. 30-жылдары КСРО-да соц-к қатынастар орнығып болды.Елде «Социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі» деген сталиндік теория үстемдік етті. Нәтижесінде: 1, Жазалау орг-р-ң қызметі күшейді; 2, Мемлекеттік өкімет органы ретіндегі кеңестер қызметі шектелді.Одақтық Ішкі істер халық комиссариаты құрамында ерекше кеңес құрылып жазалау шаралары іс жүзіне асырылды.Жазалау шаралары:ату жазасы;жер аудару;еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау;КСРО-дан тыс жерлерге қудалау.

Ұлттық бірлік туралы Доктрина. Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының 15-ші сессиясында Ұлттық бірлік доктринасын жалпыхалықтық талқылауға шығарды. доктрина орта мерзімді кезеңдегі мемлекеттік ұлттық саясаттың негізі.оның негізгі ережелері біздің еліміздің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясының жоспарына, енген болатын.Ол Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Президенттің доктринаны қабылдау туралы бастамасы дер кезінде қолға алынған өзекті дүние екенін атап кө Қазақстандағы Ассамблеясының ХIҮ сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық бірлік доктринасының жобасын дайындауды тапсырған болатын. Осы дайын болған жобаны көпшілікке талқылауға ұсынылып отыр.Жобада қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы этносаралық қатынастарын нығайту мәселесі қозғалып отыр. Бұл дегеніміз Қазақстандық қоғамның барлық әлеуметтік- саяси және рухани –адамгершілік қызметінің негізі болатын құжат болып отыр.Ел бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар этносаралық іс-қимыл институттарын нығайтуға, тіл саясатына, білім беру мен тәрбие, рухани-мәдени, ақпараттық, құқық және құқық қорғау салаларын қозғап отыр.
Тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы- Ассамблея екенін білеміз. Осы еліміздің беріктігі осы көпұлтты халықтың бірлігінде жатыр. Қазіргі таңдағы қол жеткізген табыстарымыз осы бірліктің арқасында,яғни Ассамблеялардың арқасында іске асуда. «Бірлік доктринасы» бұл құжат болып қабылдануы мені өте қуантты. Өйткені бұл көпұлтты Қазақстанның бүгінгі күнге дейінгі өміріне қорытынды, ал келешектегі өмірінің даму стратегиясы болып табылады. Елдегі тұрақтылық, бірлік пен келісімді одан әрі нығайту, ұлт саясатына жатқызамын.
Ұлттық бірлік доктринасы үш сұрақты басты тақырып қылып алып отыр.Бұл ұлттық бірлік мәселесі. Демек біздің елімізде тұрақты топтасқан этностық, діни және әлеуметтік –мәдени топтарының қоғамдастығының болу мен оның іс-қимылдары қазіргі заманға сай әлемде ұлттық бірлікті -ортақ мемлекетті бірлесіп құру әрекеттерін айқындайды.Оның ішінде азаматтық және мемлекет тілін білу шарттары қолға алынған.Ұлттық бірлікті нығайту маңыздылығы елдің ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету деген сөз. Бастысы Қазақстанның ХХI ғасырда қазақтар мемлекетқұрушы ұлт ретінде жаңа белеске шығуы көзделген. Қазақстан халқының бірлігі мен беріктігі, алға нық сеніммен баратынына көз жеткіземіз.Қазақстан мемлекетін құрушы көпұлтты ұлттар қауымдастықтарының ортақ тарихын құруы көзделген. «Мың өліп –мың тірілген» қазақтың көрген көп азаптарынан қажетті сабақ ала білуі маңызды болып отыр. Түрлі этностардың бұрын орын алған азаптары мен ащы тағдыры болашақта қайталанбас үшін оларды еске алу күндері де аталып өтілуде. Ендігі тарих беттерінде ұлттық бірлігі жарасқан қазақстан халқы деген жалында сөздерге толы болуын менде қалаймын. Елбасының ұстанып отырған көзқарасы да осы. Соның ішінде басым бағыт ол болашаққа арналған ең алдымен білім мен тәрбие беру жүйесі арқылы қазақстандық жас ұрпақын төзімділік пен келісім құндылықтарына тәрбиелеуде мектеп басты роль атқарады. Осы бағыттарда мектеп алдына қойған бірқатар шаралары да қабылданған екен. Соның ішінде өскелең ұрпақтың дін мәселелеріндегі мағлұматы мен білімінің деңгейін көтеру мақсатында енгізіліп отырған «Дінтану негіздері» оқу курсын қолдаймын. Бұл жоба дамып келе жатқан бірлігі мен білімділігі артқан Қазақстан халқы үшін дер кезіндегі ұсынылған жоба ретінде менде өз қолдауымды көрсетемін.

Ұлы жүзді жаулап алу. Қазақстанның Ресейге қосылу процесінің аяқталуы. XVIII ғасырда қазақтың Кiшi және Орта Жүз жерлерi Ресейдiң қол астына өткенiмен, негiзiнен Ұлы Жүз ру-тайпалары мекендейтiн Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан жерi Қоқан хандығы ықпалында қалып қойды. Ресми түрде бұл аймақтарды жаулап алмағанымен Қоқан билеушiлерi қазақтардан күштеп алым-салықтар алып отырды. Осындай жағдайда Ұлы Жүз өкiлдерi патша үкiметiне өздерiн Ресей бодандығына қабылдау туралы өтiнiш жасады. 1819 жылғы 18 қаңтарда орыс үкiметi Ұлы Жүз қазақтарын ресми түрде Ресейдiң бодандары деп жариялады. Сол жылы Абылай ханның ұлы Сүйiк сұлтан қарамағындағы 55 мың адаммен бодандыққа ант бердi. 1824 жылы 13 мамырда тағы да 14 сұлтан қарамағындағы 165 мың адаммен Ресейдiң қол астына өттi. Ресей әкiмшiлiгi жаңа енген аймақтардан салыстырмалы түрде аз салық жинады. Жаңа қосылған жерлерде патша үкiметi Ақтау, Алатау, Қапал, Сергиопол, Лепсi бекiнiстерiн салды. Бұл бекiнiстер Жетiсу жерiн одан әрi жаулап алуға көмекшi күш ретiнде қызмет еттi. 1825 жылы Жетiсудың 50000 адамы бар Үйсiндер тұрған аймақ өз жерлерiнде сыртқы округтi ашуға рұқсат бердi. 1847 жылы Қапал бекiнiсiнiң салынуы Лепсi мен Iле өзендерi бойын мекендеген қазақтардың Ресей империясы билiгiне енуiн жылдамдатты. Ресей үкiметi үшiн Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан аумағын өзiне бағындырудың саяси және экономикалық маңызы болды. Қазақтар үшiн де дамуы жағынан артта тұрған Қоқан хандығынан гөрi Ресейдiң қол астына өтуiнiң прогрессивтi жақтары басым болдыҚазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы XIX ғасырдың 50-шi Ресей үкiметi Қазақ жерiне iшкерiлей енудi одан әрi жалғастырды. Осы жылдарда Ресей бекiнiстерi Сырдарияның орта ағысы мен Жетiсу жерiнде салына бастады. Патша үкiметi Хиуа мен Қоқан хандықтарымен келiссөздер жасауға ұмтылды. Қазақтардың 1858 жылғы Қоқан хандығына қарсы көтерiлiсi нәтижесiз аяқталды. Британ үкiметiне арқа сүйеген Қоқан билеушiлерi Мерке, Әулиеата және Шымкентте өздерiнiң шептерiн күшейттi. Осы жағдайда Ресей үкiметi Оңтүстiк Қазақстанды жаулап алуға ұмтылды. 1860 жылы орыс әскерлерi соғыс қимылдарын бастап, 26 тамызда Тоқмақ, 4 қыркүйекте Пiшпек қалаларын алды. Ал 24 қазанда Ұзынағаш түбiнде подполковник Колпаковский Қоқан әскерiн талқандады. Қазақ билеушiлерi қалыптасқан жағдайда екiге бөлiндi. Кенесарының баласы Садық сұлтан, дулат руынан шыққан Андас, Сұраншы билер қоқандықтар жағында орыс әскерiне қарсы күрестi. Жекеленген қазақ билеушiлерi орыс әскерiне қолдау жасады. Алайда қазақтарға қарсы зорлық-зомбылық орыс әскерилерi мен Қоқан билеушiлерi тарапынан қатар жүрiп отырды. 1864 жылы орыс әскерiнiн бiр тобы Сауран, Шорнақ бекiнiстерi арқылы Түркiстан қаласына келiп жеттi. Түркiстан қаласын аларда орыс әскерлерi Қожа Ахмет Иассауи кесенесiне зеңбiректен 12 снаряд атып, қазақтарды үрейлендiруге әрекеттендi. Черняев бастаған орыс әскерлерi шiлдеде Мерке бекiнiсiн ұрыссыз алып, 6 шiлдеде Әулиеата бекiнiсiн жаулап алды. Алайда Шымкент бекiнiсi орыс әскерiне қарсы аянбай күрестi. Бұл бекiнiсте бейбiт халықты тонап, жазалау шараларын жүргiзiлдi. Черняев экспидициясына қатысқан Ш. Уәлиханов орыс әскерiнен қол үзiп, Тезек сұлтан аулына барады. Қоқан билеушiлерiнен азап шеккен Оңтүстiк Қазақстан тұрғындары қайтадан жаңа отарлаушы мемлекет - Ресейдiң құрамына кiрдi

Ұлы Жібек жолының бойымен халықаралық керуен саудасының қалыптасуы мен дамуының тарихи жағдайлары. Ұлы Жібек жолы жолы туралы алғ мәліметті будда діндары Сюань Цзяннің қол жазбаларынан білеміз (629-630ж). БЗД 3-2 ғас Жібек жолымен алғашқы сауда байланысы жасалған. ҰЖЖ шығыс пен батысты байланыстырып, Жерорта теңзенен Қытайға дейін Еуразияның қақ жарып өтетін керуен жтлынң жүйесі. Ұзындығы 7000 шақырымнан астам. Бұл жол Орта Азиямен Қазақсатн Терерториялары арөылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды: Лазурит жолы: Бадахшан тауы Иран Мисопотамия Мысыр Сирия Қытай. Нефрит: Жаркентдария Шығ Түркістан Қытай. Дала: Қара теңіз жағалауы Дон Оңт Орал Ертіс Алтай Зайсан көлі. Қазақстан жеріндегі ҰЖЖ негізгі бағыттары Жетісу мен Оңт Қазақстан Арқылы өтіп, төрт тармаққа бөлінді. Батыстан шығысқа бағытталған, Іле бағ, Еуропа бағ, Орта және Шығ бағыты. ҰЖЖ 6-7ғғ ең гүлденген бағыты Қытайдан жетісу оңт Қаз арөылы батысқа баратын жол. Тауар тасымалы: Саудадағы баты тауар Жібек. ОЛ алтынмен теңелетін и халқаралық валютаға айналған. Батыс елдеріне жеткізіліп, кейіннен Үндістан, Иран, Византия, Араб халифаты, Еуропа, Ресей тауарлары тасылды. ҰЖЖ арқылы тасылатын тауарлар: жасмин суы, мускат жаңғаға, пілдер, арыстандар, арғымақ, тотықұс. Ортағасырлық Азияда әлемнің тқрт патшалығы туралы тұжырым болды: Пілдер патшалығы не Үндістан, Бағалы тастар патшалығы не Иран мен Византия, Сәйгүліктер паш не Түрік п, адамдар пат не мемлекетті басқару және өнеркәсіп пат Қытай. ҰЖЖ арөылы Қытайда көп таралған Шығ Түркістан мен қазақстанның әуендері болды. Сырдариядағы Кедер қаласынан 9-10ғғ жататын Саздан жасалған маска табылды. Осы ғғ жерлеу дәстүріне өзгеріс еңгізіліп, мұсылмандық сипат пайда болд. Орта ғасырлық ЖЖ маңызы: Отыырықшы және көшпелі мәдениеттің өзара қатынасы күшейіп, бірін бірі байытты. Қалалар көбейді, сыртқы байланыс дамыды, сауда өркендеді. ҰЖЖ 2000ж бойы жұмыс істеді. 15ғ су жолы пайда болған соң кеуен жол тоқтатылды.

Ұлы Отан соғысының басталуы. Экономиканы соғысқа бейімдеу. (1939-1945). Қазақстан - майданның арсеналы. 1941 ж. 22 маусымда Германия КСРО-ға соғыс ашты. Қазақстан соғыстың бірінші күндерінен-ақ оның арсеналына айналды. Экономика соғыс қажетіне лайықтағ қайта құрылды.Қарағанды шахтерлері төрт жыл ішінде 34 млн. тонна көмір шығарды. Орал-Ембі мұнайлы ауданының кәсіпорындары сұйық отын шығаруды 39 проц. арттырды, электр қуатын өндіру екі есе дерлік өсті.Шығыс Қоңырат молибден, Жезді марганец, Донск хромит кеніштері, Ақшатау молибден-уольфрам комбинаттары салынды.1941-1945 жж. барлығы 460 зауыт, фабрик, кеніш, шахта және жеке өндірістер салынды. Бұлардың қатарына көшіріп әкелінген металл өңдейтін, машина жасайтын зауыттар қосылды, олар миналар, снарядтар, торпедо, бомбалар, огнеметтер, радиостанциялар, шығарды.Қазақстан эуакуацияланған өнеркәсіптерді қарсы алды. 1941-42 жж. 220 зауыт, фабрик (Мәскеуден, Ленинградтан, Украина, Белоруссиядан келген) қайтадан жасақталды. Олар негізінен Алматыға, Оралға, Шымкентке, Семейге, Қарағандыға орналасты.Ауыл-село еңбеккерлері өздерінің ғатриоттық міндеттерін өтеді: 1941-1945 жж. олар майдан мен елге 5829 мың т. астық, 734 мың т. ет және басқа азық-түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді. Ш.Берсиев тарыдан 1943 ж. гектарынан 202 ц. өнім алса, Ы.Жақаев күріштің гектарынан 172 ц. өнім алып, осындай табысқа жетті.Қазақстанға шығармашылық және ғылыми ұжымдарда келді. Олардың қатарында Мәскеу, Ленинград киностудиялары, 20 ғылыми мекемелер, атақты ғалымдар: И.П.Вернадский, А.М.Панкратова, А.А.Скочинский және т.б. бар. Белгілі қазақ ғоэзия, ғроза өкілдері Ж.Жабаев, С.Мұқанов, Д.Снегин М.Әуезовтар өз шығармашылықтарын жеңіске жетуге арнады.Қазақстанда әскери бөлімдерде жасақталды. Барлығы 12 атқыштар, 4 кауалериялық диуизия, 7 атқыштар бригадасы құрылды.Қазақстандықтар алғашқылардың бірі болып соғысты қарсы алды. Брест қорғанын К.Әбдірахманов, В.Лобанов, К.Иманқұлов, ±.Жұматов қорғады. Мәскеу үшін шайқаста қазақстандықтар даңққа бөленді. 316 атқыштар диуизиясы (Алматыда жасақталған) 8 Панфиловшы Гуардияшылар болып қайта құрылды. Мұнда аға лейтенант Б.Момышұлы (1990 ж. КСРО батыры) басқарған батальон көзге түсті. Сондай-ақ осында ерлік көрсеткендер Т.Тоқтаров, М.Ғабдуллиндар болды.Ленинградты қорғауда Қазақстаннан 310, 314 диуизиялар қатысты. Қазақстандықтар теңізде де соғысты, "Киров" крейсерінде 156 қазақстандық болды. Ленинград үшін шайқаста кевдесімен дзотты жағқан Кеңес Одағының Батыры С.Баймағамбетов болатын. Жамбыл өзінің "Ленинградтық, өренім!" атты жалынды өлеңімен 1941 ж. қыркүйегінде ленинградтықтарды жігерлендірді.1942 ж. күздегі Сталинград үшін шайқас кезінде Батыс Қазақстан облысында әскери жағдай жарияланды. Сталинград оғерациясына 5 атқыштар, 1 кауалериялық диуизия, 1 теңіз атқыштар бригадасы, 1 минометті ғолк қатысты. Мұндағы ұрыста Н.Әбдіров, К.Сғатаев батыр атағын алды.Көғтеген қазақстандықтар Күрск түбіндегі, Белоруссиядағы, Украинадағы шайқастарға қатысты. Берлинге ту тіккендердің бірі Р.Қошқарбаев еді. Қазақстандықтар партизан қозғалысына (Қ.Қайсенов), Қарсыласу қозғалыстарына қатысты.Соғыстағы ерліктері үшін 499 қазақстандық (99-ы қазақ) Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Екі рет иеленгендер Т.Бегелдинов, Л.Беда, И.Паулов, С.Луганский болатын. Шығыс қыздары арасынан Ә.Молдағұлова мен М.Мәметова Кеңес Одағының Батыры атанды. Шамамен 410 мың қазақстандық соғыстан оралмады.Екінші дүниежүзілік соғыстағы Қазақстанның рөлі. 1939 жылы басталған екінші дүниежүзілік соғыстың ұлы отан соғысы жылдарында соғыста да, тылда да ерліктің, ғатриотизмнің үлгісі болғандардың қатарына қазақстандықтар жатады. Алғашқы күндерден-ақ соғыс техникасын, әскерге киім-кешек, түрлі құрал-жабдықтар дайындапан Қазақстан халқы болды. Эуакуациямен, реғрессиямен келген сан мыңдаған басқа ұлт өкілдерін қарсы алып, бауырмалдық танытқан қазақ халқы еді. Ауыл еңбеккерлерінің орнын басқан әйелдер (70-80 проц.), соғыстың жеңіспен аяқталуына зор үлес қосты. Мысалы, зуено жетекшісі М.Мұхамедиева қызылшаның гектарынан 600 ц. өнім алса, жылқышы Ш.Шұғаиғова бір мыңнан астам жылқыны шығынсыз бағығ келді.Майданға ерікті көмек ұйымдастырылды, 1941 ж. күзінен бастап ғатриоттардың қаржысына танктер, ұшақтар, сүңгуір қайықтар сатып алынды. Майдандағы солдаттарға 1600 вагон сәлем-сауқаттар жіберілді. Қазақстан артистері 1216 рет майдан шебінде концерт көрсетіп, тыл мен майдан бірлігін дәлелдеді.Тылдың майданға көмегі жауынгерлердің жағдайын жақсартығ қана қоймай, олардың жауынгерлік рухын көтерді, оларды жауды талқандау үшін мүмкін емес нәрсенің бәрін де істевге жігерлендірді.Жағонияның тізе бүгуімен Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды. Бұл соғыстың жеңіспен аяқталуына қазақстандықтардың үлесі зор. Соғыстың алғашқы жылдарынан бастап республика экономикасын әскери бағытқа көшірілді.бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды. көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады.Майданға жақын жерлерге 220 зауыт пен фабрика,цехтар мен артельдер Қазақстанға көшірілді. Өнеркәсіп орындарын көшіру 2 рет жүргізілді:өшірілген кәсіпорындардың 20-сы қару-жарақ пен оқ-дәрі шығаратын болып қайта құрылды.Көшіріліп әкелінген зауыттар мен фабрикалар негізінен мына аймақтарға орналастырылды: Алматы,Орал,Петропавл,Шымкент,Орал,Семей. Қазақстан –КСРО-ның негізгі әскери-өнеркәсіп базасына айналды. 1942ж Одақта өндірілген: қорғасынның 85% -ын, көмірдің 1/8 бөлігін, молибденнің 60% -ын, Отандық мұнайдың 1млн.т-ға жуығын береді. Соғыс жылдарында салынған құрылыстар: Мақат-Қосшағыл темір жолы, Петровский машина жасау зауытының екінші кезегі, Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу зауыты,т.б.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 644. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

МЕТОДИКА ИЗУЧЕНИЯ МОРФЕМНОГО СОСТАВА СЛОВА В НАЧАЛЬНЫХ КЛАССАХ В практике речевого общения широко известен следующий факт: как взрослые...

СИНТАКСИЧЕСКАЯ РАБОТА В СИСТЕМЕ РАЗВИТИЯ РЕЧИ УЧАЩИХСЯ В языке различаются уровни — уровень слова (лексический), уровень словосочетания и предложения (синтаксический) и уровень Словосочетание в этом смысле может рассматриваться как переходное звено от лексического уровня к синтаксическому...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.015 сек.) русская версия | украинская версия