Студопедия — Х-ХІІ ғасырлардағы ғылым мен білім
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Х-ХІІ ғасырлардағы ғылым мен білім






Аты – жөні Өмірбаяны Еңбектері Мазмұны
Тіл білімі
Жүсіп Баласағұни (Жүсіп Хас Хажип Баласағұни) 1021-1075 ж.ж. Шу өзені бойындағы Баласағұн қаласында туған. «Құт негізі - білік» («Құтадғу білік») дастанын дайындауға 30 жылын арнап, 1 жарым жылда жазып шыққан (1069 ж.). Алғаш түрік тілінде жазылған. «Арабша, тәжікше кітаптар көп. Ал бұл біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинақ». «Ж.Баласағұни) Дастанда өмір сүрген ортаның шындығы, әлеуметтік топтың қоғамдық түсінігі мен саяси тұжырымы берілген. Бақытты болудың негізі – білім деп түйіндейді. Баласағұни еңбегін Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартып, Ұлы хас-хажип атанған.
Махмуд Қашқари (Махмуд Хусейн ибн Мұхаммед Қашқари) 1030-1090 ж.ж. (ХІ ғ.) Әкесі Қашқарда туған. Махмуд алғаш Қашқарда, кейін Орта Азия мен Иранның ірі қалаларында білім алады. 1072-1074 ж.ж. жазылған 3 кітаптан тұратын «Түрік тілдерінің сөздігі» («Диуани-лұғат ат-түрік») атты еңбегі тілтану ғылымына үлкен үлес қосты. Бұл шығарма – түркі тілдес халықтардың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрып, тілі туралы тарихи дерек, түрік тайпалары сөздерінің жиынтығы. Түркі тілдес халықтардың энциклопедиясы атанды. Түріктердің мекендерінің аты, тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті жайлы мәлімет жазылған. · А.Кононов «М.Қашқаридің бұл кітапты жазудағы басты мақсаты түрік тілінің мәртебесін көтеріп, оның араб тілінен ешбір кем түспейтіндігін дәлелдеу болды» дейді. · Н.Баскаков: «М.Қашқари өзінің бұл атақты еңбегін жазуда түрік тілдерін өзара салыстыра зерттеушілердің көшбасшысы болды» деген пікір айтты.
Әдебиет
Қожа Ахмет Йасауи 1103-1167 ж.ж. Сайрам қаласында туған. Әкесі Ибраһим атақты ғұлама адам болған. Шешесі – Мұса шайқының қызы Айша (бір деректерде Қарашаш). Ахмет жастайынан шешесінен, 7 жаста әкесінен жетім қалған. Ол өзінің әпкесі Гауһар-Шахназдың қолында өседі. Алғаш әкесінен оқып, сауатын ашып, кейінірек ислам дінінің шариғат-қағидаларын үйренген. Бала кезінен Йасы (Түркістан) қаласын мекен етеді. Кейін осы қаланың атымен Ахмет Йасауи (йасылық Ахмет) атанады. Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алып, Йасыға оралады. Мұнда ол сопылық ілімнің насихатшысына айналады. Арыстан бабты пір тұтады. «Даналық кітабы» - «Диуан-и-хикмет» еңбегі түрік тілінде араб әліпбиімен жазылған. Бұл еңбек те адамды даналыққа, адалдыққа, кішіпейілділікке, имандылыққа шақырады. Аллаға адал болуға баулиды, дін жолында таза болуға үгіттейді. Ақын өз заманының әділетсіз билік иелерін қатты сынға алады.
Сүлеймен Бақырғани Ахмет Йасауиді жолын қуған шәкірттерінің бірі. Ғұлама ақын, ел ішінде Хакім ата атанған. «Ақырзаман» («Пақырнама») Ақын халықта имандылыққа шақырады.
Ахмет Йүгнеки (Қарахан мемлекетінің кезінде даңқы шыққан ақын) Туған-өлген жылдары белгісіз. Шын аты Әдіб Ахмет Махмұдұлы. Иүгнекидің туған қаласының да орны белгісіз. археологтардың пікірі бойынша, Түркістан қаласының аймағында. Иүгнекиге халық тірі кезінде-ақ «ақындардың ақыны, даналардың көшбасы» деп баға берген. «Ақиқат сыйы» дастаны қарахан халқына түсінікті түрік тілінде жазылған. Дастан халықты инабатты болуға, адал өмір сүруге, арамдықтан аулақ болуға шақырады. Шешен сөйлеуге, орынсыз сөйлемеуге ақыл-кеңес береді. «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі»
Әли ақын   «Жүсіп-Зылиқа» поэмасы (ХІІІ ғ. басында) Махаббаттағы адалдықты жырлаған бұл поэма діни сарында жазылған.
Ғылым
Әбу Насыр әл-Фараби 870-950 ж.ж. Фараб аймағына қарайтын Отырар қаласында туған. Осы қалада қыпшақ тілінде білім алған. Араб тілін Исфахан, Бағдат, Дамаск (Шаш) қалаларында игерген. Философ, музыкант, математик.    
Әбу Райхан әл-Бируни 973-1050 ж.ж. – энциклопедист-ғалым. Ол өз заманына лайық білім алып, Әбу Наср әл-Фараби, Ғаббас әл-Жауһари т.б. дәстүрлерін жалғастырды. Тарих, математика, география, астрономия, медицина т.б. ғылым салаларынан 150-ден астым еңбектер жазып қалдырған. «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші», «Асыл тастар» Ол алғаш рет жердің күнд айналатындығын болжап, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарын ашқан. Бируни дүниенің геоцентрлік жүйесін Коперниктен 500 жыл бұрын және денелердің жерге тартылысын Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын айтып кеткен.

Қазақ хандығы (ХV – ХVІІІ ғ.ғ.)

Қазақ хандары Билік еткен жылдары Елшіліктер
Жәнібек(Әбусаид)– Барақ ханның баласы; Керей – Болат сұлтанның баласы (Барақ ханның ағасы)   (1465 - 1474 ж.ж.)  
Бұрындық(Керейдің ұлы) (1473/1474 – 1511 ж.ж.)  
Қасым(Әз Жәнібектің ұлы) (1511 – 1518/21/23 ж.ж.)  
Мамаш (Қамаш)(Қасымның баласы) (1518 – 1523 ж.ж.)  
Таһир (Тақыр)(Қасымның немере інісі) (1523 – 1532/33 ж.ж.)  
Бұйдаш(Тақырдың інісі) (1533 – 1534 ж.ж.)  
Қожа Махмут (1534 – 1535 ж.ж.)  
Тоғым (1535 – 1538 ж.ж.)  
Хақназар (Ақназар)(Қасымның баласы) (1538 – 1580 ж.ж.) 1569 ж. Семен Мальцев 1573 ж. Третьяк Чебуков
Шығай(Жәнібек ханның немере інісі) (1580 – 1582 ж.ж.)  
Тәуекел(Шығай баласы) (1582 – 1598 ж.ж.) 1594 ж. Құл-Мұхаммед 1595 ж. Степанов
Есім(Шығай баласы) (1598 – 1628 ж.ж.)  
Тұрсын(Жалым сұлтанның баласы) (1613/14 – 1627 ж.ж.)  
Жәңгір(Есім баласы) (1628 – 1652 ж.ж.)  
Тәуке(Жәңгір баласы) (1680 – 1715/18 ж.ж.) 1694 ж. Аталықов
Қайып (1715 – 1718 ж.ж.)  
Қазақ (Алаш)
Ақарыс Жанарыс Бекарыс
Ұлы жүз (Үйсін) Орта жүз (Болат) Кіші жүз (Алшын)
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан Орталық және Солтүстік-Шығыс Қазақстан Батыс Қазақстан
Үйсін, дулат, албан, суан, жалайыр, қаңлы, шапырашты, сіргелі, ысты, ошақты, шаңышқылы, т.б. Қыпшақ, арғын, найман, керей, қоңырат, уақ т.б. Жетіру (7 ата: тама, табын, кердері, төлеу, рабадан, керей, жағалбайлы), Әлімұлы(6 ата: шекті, шөмекей, төртқара, кете, қаракесек, қарасақал), Байұлы (12 ата: адай, таз, жаппас (алтын), қызылқұрт, шеркеш, беріш, ысық, масқар, есентемір, байбақты, тана, алаша)
Төле би Әлібекұлы (1663-1756 жж)   Қазыбек би Келдібекұлы (1665-1705 жж) Әйтеке би Бәйдібекұлы (1682-1766 жж)






Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 1835. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Понятие о синдроме нарушения бронхиальной проходимости и его клинические проявления Синдром нарушения бронхиальной проходимости (бронхообструктивный синдром) – это патологическое состояние...

Опухоли яичников в детском и подростковом возрасте Опухоли яичников занимают первое место в структуре опухолей половой системы у девочек и встречаются в возрасте 10 – 16 лет и в период полового созревания...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия