Студопедия — Лекция №7 Қазақ билеушілерінің Ресей протекторлығын қабылдау.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лекция №7 Қазақ билеушілерінің Ресей протекторлығын қабылдау.






Негізгі ұғымдар:Саяси отарлау, қазақтар отарлау, саясатында бекініс, отарлық саясат.

Мақсаты: Қазақстанның Ресейге қосылуының тарихи шарттары мен алғы шарттарын анықтау арқылы қазақ хандығының саяси жағдайының ішкі-сыртқы жағдайына баға беру.

Жоспар:

1. Әскери бекініс шектерінің салынуы.

2. Қазақстан ресей қосылуының тарихи шарттары мен алғы шарттары.

3. Қазақстан даласындағы Ресей саясаты.

Лекция

1.Ресей үкіметінің қазақ жеріне бекіністер мен шептерді салудағы мақсаты (XVIII ғасыр) Қазақ халқынын XVIII-XIX ғасырда Ресейге өз еркімен қосылғаны туралы және отаршыддықтың бүкіл зардабын Әбілкайыр хан есімімен тікелей байланыстыра қарауды доғаратын уақыт жетті дедік.

Қазақ халқының Ресейге оз еркімен қосылмағаны туралы және Әбілқайыр ханның Ресейдің боданы болдым деген қүжат жоқ екені туралы мағлүмат беретін қүжаттар мен әдебиеттер баршылық.

Біріншіден, Қазақстан жалпы алғанда бүкіл Орта Азия сияқты Ресейге қарудың күшімен еріксіз қосыдды. Шын мәнінде қазақ жерінде бұл іс қаңды Ермак (1582) жорығынан басталған, өйткені Ермак жаулап алған Ібір-Сібір халқы негізінен қыпшақ, арғын, найман, керей, табын, жалайыр руларынан түратын. Көшім түрғандағы Ібір-Сібір хандығына қазіргі Батыс Сібірдің барлық жері Оңтүстік Орал еңірі, Ертіс, Есіл, Тобыл езендерінің сағаларын алып жатқан Сол-түстік Қазақстан жерлері кірді. Қазақ рулары Тобылдың, Есіл мен Ертістің Орта ағысы бойында қоныстанған сол өл-кенің түрғылықты халқы болған1.

Ермактің Сібірді қалай жаулағандығын орыс тарихшыларының атасы: Н.М. Карамзин былай қорытындылайды: "Сібірдің жаулануы көп жағдайда Мексикамен Перудың жаулануына үқсайды: жалын сүсты қарумен қаруланған Ермактың қарақшылары мыңдаған қолы оп-оңай бағын-дырды. Откені Солтүстік Моңғолдар мен түркілер оқ-дәріні пайдалануды білмейтін. XVI ғасырдың соңындағы олардың бар қаруы Шыңғысхан дәуіріндегі қару ғана болатын".

Бүдан шығатын қорытынды Солтүстік қазақ жерін Ресей-дің жаулап алуы Әбілқайыр ханнан 150 жыл бүрын іске аса бастаған болатын.

Екіншіден, бірінші Петрдің өзі 1722 жылы "Бұл Орда (Қазақ хандығы) бүкіл Азия елдері мен жерлеріне кілт және қақпа"... "Мейлі миллионнан ассын, орасан зор шығынға Қарамай бағындырып алу керек"3 деген екен.

Осы мақсатты іс жүзінде асыру үшін 1734 жылы Сенаттың Обер секретары И.К.Кириловтың (1689-1734) Қазақстан мен Орта Азиядағы Россия иеліктерін нығайту үшін, осы еддермен сауданы дамыту үшін қалалар мен қорғаныс шептерін салу жөніндегі ұсынысын Сенат және Сыртқы істер коллегиясы қабылдады1, 1734 жылдың 1 мамырыңда Сенат жарлығымен И.К.Кирилов басшылық еткен Орынбор экспедициясы2 қүрылды.

Экспедицияның мақсаты: "Қазақстан, Башкирия, Қарақал-пақстанның Оңтүстік аудаңдарының шаруашыльнын, олардьщ пайдалы табиғи қазбаларын пайдалануға дайындау", -болды. Бұл уақытта қазақ халқы жоңғарлармен соғыстың ауыр кезеңін бастан өткізген еді. Соны пайдаланып Ресей империясы Ор (Тобылдың бір тармағы), Жайық өзендері қүйылысында бекініс шептерін сала бастайды. Жайық өзе-нінің алдыңғы түсында орыстың бекіністі сауда орталығы -Орынбор (1735-1738) қаласының іргесі қаланды. Хиуа, Бүхара, Ташкент бағытында орыстың сауда керуеңдері жүрді, қалаға қарай ағылған орыс көпестеріне үш жылға дейін алым-салық алынбайтын сауда жүргізуге (1735-1738) рүқсат етілді4.

XVIII ғасырдың өзінде Жайық өзені бойында 14 қамал салынды. Жайық қалашығынан бастап Звериноголовск бекінісіне - 770 шақырымға созылған Уйск шебі (әскери ли-ния" аяқталды. 1752 жылы тоғыз қамал, 58 бекіністен түра-тын 540 шақырымға созылған - Жаңа Есіл шебі оны 950 шақырымға созылған Ертіс - Сібір шебімен жалғастырылды.

Алғашқы кезде қазақ жерін отарлау екі бағытта жүргізілді: Қазақстанның Батыс белігінде (Кіші жүзде), Солтүстік пен Шығыста (Орта жүзде). Бұл бөлікгің барлығыңда да Ресейдің казак өскерлері бекініс шептер яғни қамалдар түрғызды. XVIII ғасырдың бірінші жартысында үзындығы 1780 шақырымды қамтитын Атырау (Гурьев) қалашығынан басталып, Жайықтың бойымен Алабүға шебіне дейін жеткен Жайық бекініс шебі салыңды. Содан соң Орск (1735), Верхнеуральск (1745), Есіл (1735), Омбы (1705), Семей (1718), Оскемен (1720) т.б. бекіністерінің іргесі қаланды. Сөйтіп Жайық, Орынбор және Сібір шептерінің бойында казак қоныстарын салу кешпенді қазақ елі пайдаланып келген жерлерді орыстар жоңғарлармен бірге қазақтардан тартып алуға кірісті. Соның салдарынан дәстүрлі кошіп-қону жолдары бүзылды.

Ал 1738 жылы салынған Ертіс линиясы, Жаңа Сібір және Есіл, Орынбор линиясы тірек (форпостқа) дейінгі жерге дейін жалғастырыдды. 1745 жылы Ертіс шебіне генерал-майор Киндерманның басшылық етуімен екі жаяу жөне үш атты әскер полктары орналастырылды1.

Сенат жарлығы бойынша 1752 жылы Қазақстанның Солтүстік жағында тағы бір нығайтылған Преснегорьковск линиясын (шебін) салу басталды.

"4 шіддеде 1752 жылы Омбыдан 546 шақырым қашықтықта Звериноголовск бекінісінің ірге тасы қаланған еді. Оған қоса Нашебурск және Вологодск полктерінің солдаттары мен драгундері Қызылжар сайында Луцк драгун полкінің өскери күзетімен әулие Петр, болашақ Петропавловск қамалын салды3. Оны Ешім өзенінің еңселі биігіне түрғызып екі қатар ағаш қабырғалармен қоршап тастады. Топырақ жолдары көмкерген қамал француздардың әскери инженері Вобанның жүйесімен салынды және шептегі басты тірек пункті болып табылды. 1753 жылы шеп салынып бітті. Оның қүрамына 10 қамал. 31 редут және 40 маяк енді. 1758 жылы Горький шебіне (Ашы көлдер) 2 жылға Орал және Дон әскерлерінің 2 мың казактары жіберілді. Үкімет қазақ жерін отарлау саясатының әскери тірегі ретінде қараған Сібір әскерлері күшейтідді.

Бекіністер шебі қазақтардың ғасырлар бойы көшіп-қонып жүрген жайылымдарына шек қойды. Жерден патшалық қысым көрген рулар бір-бірімен бәсекелесіп өзара қырқысты. Жердің иесі қазақтарды қыспаққа алу енді ғана жоспарлы түрде іске аса бастады. Бір жағынан қазақтардан қүнарлы, шүрайлы жерлерді тартып алды. Екінші жағынан жаңа бекіністерге және оның маңайындағы қоныс тебе бастаған орыс шаруаларын, қамал горнизондарын азық-түлікпен, есіресе, астыкпен қамтамасыз ету мақсатымен — Сібірден Россияның ішкі түбірінен шаруаларды қоныстандыру басталды.

2. Қазақстан ресей қосылуының тарихи шарттары мен алғы шарттары. Әбілқайыр хан тұсындағы Кіші жүз қазақтарының Ресейге қосылуының тарихи себептері орыс патшалығы тұсындағы ғалым саяхатшылардың қолжазба еңбектеріне түскен. Солардың бірі. Л.Мейер өзінің еңбегінде: «Қалдан Серен Түркістан ханын құртуды ойлап, ұтымды сәтін күтіп жүрген болатын. Қазақ хандығының Ресейден қолдау тапқандығын біліп, 1723 жылы Түркістан қаласын алды. Барлық орданы өзіне бағындырғысы келгенімен Орта жүз бен Кіші жүз солтүстік пен батысқа қарай үдере көшті». Бұл «Ақтабан шұбырынды» кезі еді. Л.Мейер өзінің еңбегінде қазақтардың қоныс ауып келгендегі әрекеті туралы баяндай келіп, орыс патшасының қазақ халқын түбі бағындырып, мойынсұндыру туралы отарлық саясат бағдарын байыппен баяндаған пікірі мынадай: «Әбілқайыр хан бастаған Кіші жүз қазақтарының Елек, Еділ, Жайық бойына көшіп келіп башқұрт, қалмақтарды ығыстырғанымен, өзінен күші басым Орыс мемлекеті түбі өзіне қаратпай қоймас еді» деген пікірін қалдырды. Хан Әбілқайыр өлгенше қалмақ- жоңғарлармен күресіп, Ресей патшасымен одақтасу арқылы айласын асырып, халқын тәуелсіз ұстауға тырысты. Сол үшін бар жігер-күшін салды. Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың Ресей қарамағына иек артуының себебін П.И.Рычков:«Өте ақылды Кіші жүздің ханы Әбілқайыр сол кездегі тығырықтан шығар жол Ресеймен бірге болу екенін білді», – деп көрсетті.

Әбілқайыр ханның қасындағы батырлары да саяси жағдайды түсініген. Ресейге қосылуда Әбілқайыр ханға тірек болып қолдау көрсеткен батырлар – Табын Бөгенбай Қарабатырұлы, Арғын Жәнібек, Тама Есет, ру басылары және басқа да би-батырлар қолдау көрсеткен болатын. Сол кезде, Ресейге қосылудағы Әбілқайыр хан шешіміне қарсы Батыр сұлтан бастаған топ қарсы болған. Сол кездегі қазақ ханы мен сұлтандардың бірлігі болмай, әрқайсысы әр жаққа тартып алауыз болып, билікке таласып, ауыз бірліктері болмады. Әрбір хан әрбір сұлтан өз беттерінше билік құрып жүрген кезде қазақ халқының осындай саяси-әлеуметтік жағдайында сыртқы жаулардан елді қорғау үшін, Әбілқайыр хан мен белгілі батырлар Ресейге қосылуда алдын-ала шарт қойды. Шарт бойынша: бірінші, қазақ елінің сырттқы қауіпсіздігін қамтамасыз етуін. Екінші, елдегі ішкі қырқысулардан қорғауы. Үшінші, Еділ мен Жайық өзендері аралықтарынан қазақтарға мал жайылымына жер берулері қарастырылады. Әбілқайыр ханның Ресеймен бірге болу туралы ойын би-сұлтандар мен батырлар кеңесінің талқысына салған, яғни жасырын елші жіберіп «бодан» болу туралы жеке өзінің ұсыныс жасамағаны мәлім. Ресеймен бірге болу ұсынысы көпшіліктен қолдау таппай, өзін қолдаған аз топтың келісіміне сүйеніп, яғни сол кездегі батырлар Бөкенбай, Тама Есет, Жәнібек, т.б. қолдауымен ғана шешім қабылдап, Ресеймен бірге болу үшін елші жіберген. Бұл жерде Әбілқайырдың бақ құмарлығына тартып, хандық билігін нығайту емес, хан болғасын қара халықтың тағдырына жауапкершілік мемлекеттілікті сақтап қалуды сезіну басым. Өзін сол кездегі қолдаған азғантай топта Кіші жүздің орналасқан жеріндегі географиялық орналасуы да осыған итермелегенін түсіну қиын емес, яғни:

1. Жоңғарлар мен қара қалмақтар шапқыншылығының күшейе түсуі;

2. Башқұрттар тарапынан жасалған шапқыншылық пен шекаралық барымта қаупінің жиілеуі;

3. Жайық казактарының шекаралық барымтасы;

4. Түркмендер тарапынан шапқыншылық қаупі;

5. Іргелес отырған ірі мемлекет Ресеймен одақтасу арқылы өзіне тірек іздеу болатын.

Ресей патшасы өкіметі болса, елдесудің бодан қылудан басқа жолын қаламайтыны да белгілі еді. Осындай жағдайда Әбілқайыр хан Ресеймен одақтас болуды ұйғарады. Патша үкіметі башқұрт тархандарын Қалмақ тайшылары және Сібір ханзадаларымен, Қазақ хандарымен

болған шекаралық шабуылдарды тойтаруға пайдаланды.

3. Қазақстан даласындағы Ресей саясаты. XVIII ғасырдың 50 жылдарында Сібірде — қазақ жеріңде жаңадан түрғызылған бекіністер жағдайы төмендегідей еді. Ертістен Алтай аралығында үш бекініс шебі түрғызылды. Біріншісі, Сібір редутынан Омбы бекінісіне дейінгі жерлерді алып жатты, үзындығы 553 шақырым (1 шақырым — 1,0668 километр) шептің бойыңца түзды көлдердің көптігінен Ащы шебі (Горькая линия) деп аталып кеткен. Екінші, Омбы бекінісінен Ертістің оң жағасын бойлай Малонарм бекінісіне дейін, үзындығы - 1684 шакырым. Ол Ертіс шебі деп аталып кетті. Оскемен бекінісінен Алтай тауларының батысын бойлай Колыван шебі деп аталып кетті. 1752 жылы Петропавл бекінісінің бой көтеруі — Есіл өзені бойында көшіп-қонып жүрген қазақ руларын бақылауға, осы өлкені отарлауға негіз болды. Кейіннен бірнеше баска да бекіністермен жалғастырылған Жаңа Есіл шебі 9 қосалқы бекіністен, 53 редуттан тұрды және 540 шақырым бойында Солтүстік Батыс Қазақстанда асығыс салына бастаған бекіністерді Ертіс шебімен байланыстырды. Қазақтардың наразылығын басу үшін патша үкіметі Жаңа Есіл шебіне 2518 башқүрт, 2 драгун (соғыс кезінде аттан түсіп те соғысатын атты әскерлердің бір түрі) полкін, 800 казак әскерін, бір эскадрон тұрақты топты шоғырландырды. Осы кездерде Красногорская дистанциясы қүрылды. Красногорская, Верхнеозерная, Ильинская, Губерлинская бекіністері және Орск әскери шебі (Орская, Таналыцкая, Уртамышская бекіністері) қанат жайды.

Бекіністер шебі қазақтардың ғасырлар бойы көшіп-қонып жүрген жайылымдарына шек қойды. Жерден патшалық қысым көрген рулар бір-бірімен бәсекелесіп өзара қырқысты. Жердің иесі қазақтарды қыспаққа алу енді ғана жоспарлы түрде іске аса бастады. Бір жағынан қазақтардан құнарлы, шұрайлыжерлерді тартып алды. Екінші жағынан жаңа бекіністерге және оның маңайындағы коныс тебе бастаған орыс шаруаларын, қамал горнизондарын азық-түлікпен, есіресе, астыкпен қамтамасыз ету мақсатымен — Сібірден Россияның ішкі түбірінен шаруаларды қоныстандыру басталды. 1760 жылы заң шығарушы Сенат Өскемен бекінісінен Бұқтырма өзені аңғарында, одан әрі Төлеуіт көліне дейінгі өңірді, сонымен қатар Ульба, Березовка, Глубокая және басқа да Ертіске құятын өзендер аңғарын орыстармен қоныстандыру туралы арнайы шешім қабылдады. 1762 жылы бір кезде діни нанымдар бойынша кудалауға түсіп, Россиядан Польшаға қашкан ескі дінді жақтаушыларға (Русские староверы) қоныстануға рұқсат берді. 1764 жылы алтайлық "поляктардың" алғашқы қоныстары пайда болды. Лосиха, Секисвка, Шемонайха, Екатеринка, Бобровка, кейіннен Малая Ульбинка, Черемшанка, Тарханка т.б. поселкалар осы күнге дейін топонимикалық аттарын сақтаған.

Осы жерлерге қоныстанған Әбілфаиз сұлтанға бағынышты - сыбан, керей, қаракерей, найман, буранайман, белгілі орта жүз сұлтаны кейіннен хан Абылайдың туының астында кошіп жүрген уақ, қыпшак және басқа рулар бекіністердің қыспағына қарамай өздерінің негізгі иеліктерін сақтап қалады. XVIII ғасырдың 40 жылдардан Алтай мен Ертіс маңайына казактарды, түрмеде отырған қылмыскерлерді қоныстандырды. Осы бай өлкеде орыстардың санын кебейту үшін тіпті Шығыс және Солтүстік Қазақстанды жер ауғандарды қоныстандыратын өлкеге айналдыра бастады. Отаршылдарға мүның езі аз болып корінді.

Шығыс Қазақстан жерлерін біртіндеп орыс қонысшы-ларымен толтырып, әсіресе түсті металдар мен аты шыққан Шығыс Қазақстанды тікелей өзінің иелігіне айналдыруға тырысты. Түсті метадцар қорытатын кендерге көздері алақтап, тіпті 1747 жылы белгілі завод иелері Демидовтардың кәсіп-орыңдарьш Россия императорларының меншігі деп жариялады. Шығыс Қазақстан, Алтай, Тарбағатай өңіріңде өз жеріңде көшіп-қонып жүрген қазақ руларына қысым көрсете бастады.

Бекіту сұрақтары:

1. Қазақ даласындағы әскери бекініс шектерінің салынуы қашан басталды?

2. Қазақстанның ресейге қосылуының саяси себептерін аттаңыз?

3. Қазақстан даласындағы Ресей патша үкіметінің отаршылдық саясаты неден көрінді?

4. П.И.Рычков Кіші жүздің ханы Әбілқайырға қандай мінездеме берген?

 

Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 2453. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия