Студопедия — Лекция №14-15 ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Ресейлік саяси-әкімшілік жүйесінің Қазақстанға еңгізілуі. 8 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лекция №14-15 ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Ресейлік саяси-әкімшілік жүйесінің Қазақстанға еңгізілуі. 8 страница






… Ақмешіттің салысымен дарияны қуалап төмен кеткен, хиуалықтарды паналап, бұлардың қысымымен қашқан қазақтар мен қарақалпақтардың егін егіп, мал өсіріп өмір сүру мүмкіндігінен айыру, сөйтіп өздерінің қол астына қайтаруға мәжбүр ету мақсатымен қоқандықтар Жаңадарияны байлап тастады. Хиуалықтарға бұл шара қатты батып, реті келген жағдайларда олар Қоқан ханынан бөгетті бұзу жөнінде сұрау салды, бірақ бұл өтініштері үнемі аяқсыз қалды.

«…Сандыққорған құландысы жанындағы 1852 жылы қазақ батыры Бұхарбай бұзған бөгетті 1853 жылдың қазанында Сырдың суын көтеріп, кеме жүздіру мақсатымен Жаңадарияға жібермей, қайтадан қалпына келтірдік, бірақ көп ұзамай судың қысымы бөгетті қуып кетті».

Сонымен Бұхарбай батыр енді қайтап оралып, Қоқан иелігіндегі жерге шабуыл жасады. Халықтың ойынан табылып, жаудың сағын сындырып, Қарабөгетті бұзды. Әрине, батырдың бұл әрекеті жау тарапынан жазасыз кетпейтіні түсінікті еді. Ақмешіт бегі Жақыпбек Хазірет (Түркістан болуы мүмкін) қаласына адам шаптырып, Бұхарбаймен шайқасуға рұқсат сұрайды, бірақ қала бастығы Нұрмұхаммед Бұхарбайды орыстар жұмсап отыр деген оймен оған тоқтау айтады. Хазірет қаласының бастығы осы мәліметті алған соң Ақмешітке жан-жақтағы қамалдардан 7 зеңбірек пен 530 адам келді. Ақмешіт гарнизоны көбейіп, 1230 адамға жеткен. Бұхарбай, Сейілдің орыс иелігіндегі жерге өтуін патша ұлықтарының құп алып, отаршылдық саясаттың алға басуына қуанғандарын аңғаруға болады.

Ілгері жіберілген шолғыншы әскерлер Сыр жағасындағы сексеуіл тоғайынан екі жүздей қоқандықтарды кездестіріп, оларға қарсы Бұхарбай батырмен бірге ат қойып тұра ұмтылады. Тас-талқан қып қашырып, біреуін жарақаттап, тұтқынға алады. Содан жау туралы Бородинге хабар жібереді де, әскер келгенше үздіксіз көбейіп келе жатқан қоқандықтарды, екі мәрте лап қойғанына қарамастан, шепте ұстап тұрды. Орталарында 300-дей сауыт киген жауынгерлері бар жеті мыңдай қоқандықтар улап-шулап айқай салып, кернейлетіп, даңғара қағып, жаппай шабуылға көтерілді, бірақ оларды жақындатып алып картечьпен, мылтықтың оғымен қарсы алып, кейін қарай ысырып тастады.

Ымырыт үйірілгенше созылған соғыс тоқтаған соң Бородин дарияның жағасына ор қазып, бекініс салды. Ертеңіне таң сәріден қоқандықтар кейін шегінді. Ұзақ жылдар Сыр бойы қазақтарын аяусыз езген ата жауды Бұхарбай батырлар Желекке дейін қуып апарып тастады. Жол бойында қоқандықтардың өліктері мен көліктері жайрап қалды. Бұл жеңіс орыстар үшін ауыздан түспейтін елеулі оқиғаға айналды. Көптеген адамдар шен-шекпен, мадақтаулар алды.

Бұхарбай батырдың Құмсауыттағы ерлігі орыс өкіметі алдында оның беделін көтеріп, айбынын асырды. Ақмешіт, Құмсуат шайқастарынан кейін оның орыс өкіметі алдында салмағы арта түсті.

«Табын руы, оңтаңбалы тармағының биі Бұхарбай Естекбаев батыр мен теріс таңбалы тармағынан Сейіл Байқадамов өздерінің ерлігі, батырлығымен белгілі болған ордалықтар. Бұхарбайды мен Құмсуат ісі үшін, оның да бұрын алған күміс медалі болғандықтан, зауряд хорунжий шеніне, ал Сейілді иыққа асатын Анна лентасы мен күміс медальға лайық деп білемін».

Қорыта айтқанда, Сырдария қазақтарының XІX ғасырдың 20-50 жылдар арасындағы Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы күресі отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күрес болып табылады. Бірақ, қалыптасқан әскери күшке ие болған, Қоқан және Хиуа хандықтарының күштері басым еді. ХІХ ғасырдың 20-40 жж. Қазақстанның оңтүстігіне Орта Азия хандықтары өз ықпалын жүргізсе, кейін өңірге орыс отаршылдығы жетті. Алғашында орыс әскерлерін Орта Азия хандықтарына қарсы күресте өздерінің қорғаушысы ретінде сезінсе, кейін аймақта өзінің отаршылдық саясатын жүргізген орыс үкіметіне қарсы қазақ халқы қолына қару алып, қарсы шықты. ХІХ ғасырда хандық басқару жүйесінің жойылуынан кейінгі кезеңде қазақ даласында орыс отаршылдығының күшеюі өлкедегі жағдайды одан сайын шиеленістіре түсті. Қазақ даласында қанатын жайып, ішкерілей ене бастаған орыс билігіне мойынсұнбаған қазақ сұлтандары Орта Азия хандықтарының қолдауына арқа сүйеді. Патша үкіметі болса әртүрлі шен-шекпен мен сый-сияпат тарту етіп, ел игілерінің арасына араздық шоғын тастап, бір-біріне айдап салу арқылы, олардың бірігуіне жол бермеуге тырысты. Сонымен бірге орыс үкіметі оңтүстікті отарлауда, Сыр бойындағы халықтың Хиуа және Қоқан хандықтары ықпалында болғандығын өз мүдделеріне тиімді пайдалана білді. Ал керісінше орыс жаулап алушылығының өз шекараларына жақындауынан қауіптенген Орта Азия хандықтары, оған кедергі жасау мен тоқтату жолында оңтүстік өңір қазақтарын пайдалануға ұмтылды. Сөйтіп, Сыр бойындағы қазақтардың «орыстық» және «хиуалық, қоқандық» болып екіге бөлінуі, бірі Ресейдің, екіншісі Орта Азия хандықтарының билігін тануына итермеледі. Сонымен екі жақтан жасалынған жаулап алушылық қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістерінің басталуына себеп болды. ХІХ ғасырдың 20-60 жылдарының аралығы Қазақстанда Ресей мен Орта Азия хандықтарына қарсы ұлт-азаттық көтерілістердің кең құлаш жайған кезеңі болып табылады.

Сыр бойындағы қазақтардың ұлт-азаттық күрестері қанша кең-құлаш жайғанмен, отаршылдарды Сырдың төменгі жағынан қуып шыға алмады. Солай болса да, олар отаршылдықты мойындамады. Осы көтерілістің басшысы болған Жанқожа Нұрмұхаммедұлы өзінің асқан батырлығымен, халқына деген сүйіспеншілігімен, адалдығымен, адамгершілік қасиеттерімен ел аузындағы аңызға айналып, оның есімі ұрпақтар жүрегінде мәңгі сақталып қалды.

Бекіту сұрақтары:

1.Ұлы жүз қазақтары Ресейге қай жылы қосылды?

2. Перовскийдің жорығы немен аяқталды?

3. Арал бойы қазақтарына жүргізілген Қоқан хандығының жорықтары немен аяқталды?

4.Арал бойы қазақтарының Хиуалықтар мен Ресей басқыншыларына қарсы күресі қай жылы басталды?

Әдебиеттер: Н-14,4,7,9.Қ- 9,15,18.24,27,32,33,38,42,45.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 1073. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Плейотропное действие генов. Примеры. Плейотропное действие генов - это зависимость нескольких признаков от одного гена, то есть множественное действие одного гена...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия