Студопедия — Рефераттар тақырыбы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Рефераттар тақырыбы






1. Қазақ-жоңғар қатынастары: көшпелі ел тағдыры

2. Аңырақай - ғасыр шайқасы

3. Казақ батырлары

4. М.Тынышпаевтың "Ұлы қасірет..." еңбегі

5. Төле би және билер институты

6. Кіші жүз ханы Әбілқайыр: өмірі мен қызметі

7. Орынбор экспедициясының ұйымдастырылуы және қызметі

8. Қазақ жеріндегі бекіністер мен әскери шептер

9. Ресейдің шығыс саясаты

10. Қазақстандағы Ресейдің әскери-отаршылдық әрекеттері

11. Абылай — мемлекет кайраткері және саясатшы

12. П.Г.Галузоның ресей отаршылдығын зерттеуі

13. "Көрінбейтіндердің" қозғалысы

14. Сырым батыр және халық кеңесі

15. Бұқар - жырау және кеңесші

16. Шешендік өнер

17. Қазақстандағы сауда және жөрмеңкелер

18. XIX ғасырдағы салық жүйесі

19. Орта және Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы

20. Кенесары көтерілісі: тарихы және зерттелуі

21. Исатай-Махамбет: қоғамдағы әлеуметгік теңдік мәселесінің қойылуы

21. Патша укіметінің әкшшілік-саяси реформаларының сипаты

22. Ағартушылық және ағартушылар

23. Қалалар тарихы

24. Жұмысшы кадрларының қалыптасуы

25. Қазақстанның Ресейге қосылу тарихының тарихнамасы

26. Казақстандағы Ф.Щербина, В.Кузнецов, П.Румянцев экспедициялары.

26. "Қазақ" газеті — отаршылдықты әшкерлеуші

27. XX ғасыр басындағы қазақ ұлт зиялылары

28. "Айқап журналы", оның идеялық-саяси мазмұны

Курстық жұмыстар тақырыбы:

1. ХҮІІІ ғ. қазақ - башқұрт қатынасы.

2. Әбілқайырқанның саяси мемлекеттік қызметі.

3.Абылай ханнаң саяси мемлекеттік қызметі.

4.Қожаберген жырау және Елімай дастаны.

5.Левшин қазақ тарихын зерттеуші.

6.М.С.Бабажанов қазақ этнографиясын зерттеуші.

7.А.Диваев қазақ этнографиясын зертеуші.

8.С.Асфендияров өмірі еңбегі

9.М.Тынышпаев өмірі мен еңбегі

10.М.Вяткин өмірі мен шығармашылығы.

11.Е.Бекмаханов өмірі мен шығармашылығы.

12.Л.Гумилев өмірі мен шығармашылығы.

13.Академик М.Қозыбаевтің Қазақстан тарихына қосқан үлесі.

14.С.Зиманов Қазақстан тарихының саясй құрылымын зерттеуші.

15. Басин В.Я. ХҮІ-ХҮІІІ ғғ.қазақ-орыс қатынастарын зерттеуші

16. С.Толыбеков Қазақ қоғамының дәстүрлі шаруашылығын зерттеуші.

17. ХҮІІІ ғ.Қазақ даласындағы сыртқы сауда.

18.Көрінбейтіндердің қозғалысы (Көктемір қозғалысы) 1775-1776 жж.

19. Игельстром Реформасы.

20.Шаңды жоры – жоңғар соғысының ақыры.

21.Мұса батыр Дәуітбайұлы отаршылдыққа қарсы күрескер.

22.Маңғыстаудағы 1870 жылғы көтеріліс.

23 ХІХ ғ. өлкедегі урбандалу тарихы.

24.Қазақ әдебиетіндегі «Зар заман» мектебі өкілдері және олардың шығармалары.

25. ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Қазақстандағы халық ағарту ісінің жағдайы.

26.Ш. Уалиханов ғалым-ағартушы, оның ғылыми мұралары.

27.Ы. Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі.

28. ХІХ ғ.- ХХғ. басындағы мерзімді баспасөз ісінің даму тарихы.

29. А.Байтұрсынұлының өмірімен тарихи мұралары.

30.Ж.Қасымбаев өмірі меншығармашылығы.
Глоссарий

Cардар – кербасы, қолбасы деген сөз. Жаугершілік заман туа қалса, ханы, биі бар, ел ағалары мен ақсақалдары, ержүрек жауынгерлері бар, бас қосып, әскербасын, яғни сардар сайлайды.Ол ерлігі, батырлығымен бірге соғыс өнерін білетін және осы жолда талай сыннан өтіп, көзге түскен батырлардан таңдалып сайланады.

Сарбаз – елін, жерін қорғау жолындағы қатардағы жауынгер. Соғыс кезінде сарбаздар онға, жүзге, мыңға бөлінген. Оларды онбасы, жүзбасы, мыңбасылар басқарған. Бұл- қазақ халқының ежелден келе жатқан әскери құрылымы. Бұрыннан келе жатқан тәртіп бойынша соғысқа сарбаз жинағанда, әр үйден 2 жігіттің біреуі, 3 жігіттің біреуі, 5 жігіттің үшеуі соғысқа алынған. Бір отбасындағы жалғыз жігіт соғысқа алынбаған. Бұл-шаңырақты сақтап қалу үшін жасалған заң. Бұл кеңем үкіметі тұсында, мысалы.1941-1945 жылдары қазақстан соғысқа бір үйде қанша жігіт болса соншасы, тіпті 41 жасар әкесі баласымен бірге алынған. Осында йсебептермен мыңдаған шаңырақ із-түссіз кетті.

Найзагер – Сарбаздар ұрыста өздерінің тамаша жауынгерлік өнерін көрсете білді. Солардың бірі- найзагерлік өнер.Олар қалың сайыста дұшпандарын найзамен түйреп түсіріп отырған. Кенесарының інісі, атақты батыр, Наурызбай найзагерлік өнерді жетік меңгергендігі сондай, ат үстінен ағып бара жатып, жердегі түйенің қу құмалағын шаншып алатын болған.

Мерген – «Құралайды көзге ататын мергендер» де ел арасында жиі кездескен. Олар садақпен де, мылтықпен де, қаруланып, соғыста да, аңшылықта да өздерінің мергендік өнерін паш еткен.

Балуан – қазақелі батыр мен балуанды айырықша құрметтеп, оларды басқа адамдары жоғары қойған. Әр ел, жұрт өз балуандарымен мақтанған. Айтта, тойда елдің сыйлы адамдары өз балуандарымен барған.

Сал Сері – Бұл сөздер айтыла қалса, ел есіне Ақан сері, Біржан сал түседі. Себебі олар- елдің өнері мен мәдениетінің көркі әрі көшбасшысы. Сал-серілер халық мақтанышы мен сүйеніші, елдің еркесі, той бастар серкесі, ойын-сауығының ажары, ғажайып өнерінің базары. Серілер сұлу сүйіп, жүйрік ат, алғыр қыран, епті тазы ұстанған тазалық пен пәктіктің көрінісі болса, сал-дүниенің бетіне қарамай шашып-төгіп жүретін, мәрт те жомарт, мінез-құлқы да ерекше адамдар болған. Сал да, сері де сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаздар. Әсіресе, серілер өзі күйші, өзі әнші, өзі ақын, өзі әнші, өзі ақын, өзі компазитор, өзі шебер, өзі мерген, өзі балуан, өзі шешен, өзі батыр, өзі ер, шабандоз бір сөзбен айтқанда, сирек жаратылыс, сирек бітімді біртуар азаматтар.

Ақын – қазақ табиғатында ақын халық. Ел ішінен шыққан ақындардың көп болуы осыдан-ақ болар. Ақындар шаруаға икемсіз болса да, өнер мұнарасын алтыннан соққан даланың дара дарындары екні қай кезде де жоғары бағаланған. Халық оларды төбесіне шығарып, төрге отырғызып, ханнан бетер сыйлаған. Олардың әр сөзін жерде қалдырмай жаттап алып, жалпақ елге таратып, насихаттап отырған.

Жырау – ақындар мен шешендердің өлең-жырларын жаттап алып, оның шып-шырғасын шығармай жырлап, кейінгіге өнегелі сөздерді өлтірмей сақтайтын, қажет кезінде өзі де толғап, жырлап айта алатын, бірегей өнер шебері. Ол-әнші, домбырашы, қобызшы. Қазақ халқының жүздеген, мыңдаған жырлардағы хисса, дастандарын, батырлар жырларын, толғауларды кейінгі ұрпақтарға жеткізген де осы жыраулар тобы болды. Халық мұндай адамдарға жырау деп ат берген.

Шешен – қызыл тілдің шебер ұстасы, зергері сөз өнерінің жүйрігі. Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешетін шешендердің өзі де, сөзі де тым жоғары тұрады. Билер мен қазылар әдетте осы шешендік өнерпді жетік меңгерген шашендерден сайланған және бұл олардың тегіне, әлеуметтік жайы мен тұрмысына, бай ма, кедей ме, оған қарамаған.

Шежіреші – қазақ қауымында айтып, жазып, кейінгіге жеткізуші құймақұлақ, халық тұрмысы мен салт-дәстүрін жетік білетін білімді кісілер қатарына жатады. Ол жастарға ел тарихын, жеті атаны, ағайын, туыс, ілік, жекжатадамдарды біліп, оның жөн-жосығын түсіндіріп, хатқа жазып лтыратын сұңғыла шешен, айтқыр да тапқыр, зерделі адам.

Мүфти – Ислам қоғамының мемлекеттік дәрежедегі ең жоғары лауазымы дін басы. Ол мұсылман мемлекеттерінде дін қағидалары мен міндеттерінің орындарын басқарады және қадағалайды. Мешіттер мен медреселерде ислам жөн-жосықтары мен оқуының барысына бақылау жасайды. Дін орындарына имамдар мен қазыларды тағайындайды және өзгертеді.

Мүфти лауазымына білімді, парасатты, адамгершілігі зор, әділ адамдар сайланады.

Қазы – м ұсылманның діни қағидаларының орындалуын жергілікті жерде бақылайтын және оны жүзеге асыратын, құқық жолдары мен тәртібін, ұлтсалт дәстүрі мен әдет-ғұрпын, тілін, тарихы мен тұрмысын жақсы білетін, арнайы дін оқу орнын бітірген, тәжірибесі мол, дін соты қызметін және билік айтушы әрі төреші міндетін атқару қазыға жүктелген. Қазы ешкімге тәуелді емес. Ол қара қылды қақ жарып, әділдігін айтатын, өз міндеті мен дін ісіне шын берілген тақуа адам болуға тиіс.

Ишан – м едреселерде арнайы білім алған ислам дінінің білімпазы. Ол – ел ішінде исламның таза жолын нассихаттайтын әрі оқытып-үйрететін, әрі емшілік жасай білетін және сондай қызметі үшін ел арасында зор беделге ие болған дін қайраткері.

Шәкірт – м едреселер мен ауыл мектептерінде оқыған жастарлы «шәкірт» деп атаған.

Жұлдызшы есепші – х алық арасында аспан әлемі мен жердегі болатын табиғат құбылыстарын ерте болжай білетін талантты адамдар болған. Олар бұлтқа, жан-жануарлар мен жәндіктердің іс-әрекеттеріне, мінезіне қарап күнделікті ауа райын немесе келер қыс пен жаздың қалай болатынын бұрын біліп, халыққа айтып отырған. Бұл болжамжардың көпшілігі айна-қатесіз келіп отырған. Мұндай адамдарды «жұлдызшы» немесе «есепші» деп атаған.

Көріпкел – адам өмірі мен келешегін, ел ішінде болғалы тұрған жақсылық пен жамандықты, әртүрлі апатты жайларды күні бұрын білетін сирек талатты адамдарды халық «көріпкел» деп бағалап, сенім білдірген. Олардың қасиетті есімдері әлі ұмытылған жоқ. Қойлыбай бақсы – баянауылдық, Мәшһүр Жүсіп, Қималық Шерхан – осындай көріпкел кісілер болған.

Бақсы – тылсым күш иесі. Олар небір ғажайып көріністерді көз алдына әкеліп көрсететін, жынмен, аруақпен сөйлесетін ғажайыптар әлемінің құдыретін игерген.

Құмалақшы – алдын ала болжай білетін, яғни құпиялық, сезімдік сыры бар адамдардың бірі – осы құмалақшы. Бұлар құмалақ тарту арқылы болжап айта алады. Құмалақшыға халық сенім білдірген.

Жауырыншы - бақсы, құмалақшы сияқты жауырыншылар да болашақты болжап айта алған. Олар қойдың отқа күйдірген жауырынына қарап айтқан. Жауырыншылар және құмалақшылар туралы әңгімелер батырлар жырында жиі кездеседі.

Сынықшы - осы күнге дейін жалғасып және өз ісін дәлелдеп көрсетіп жүрген сирек мамандықтың бірі – осы сынықшылық. Сынықшылар арнайы білім, оқу орындарында оқымай-ақ сүйегі сынған адамдарды емдеудің ғажап өнері мен құпиясын толық игерген емсек адамдар. Олар сынған мүшелерді сырттай сипап отырып, уатылып кеткен сүйектерді орны-орнына салып, емдеген.

Емші – бұлар ауру-сырқауларды емдеп, адамдардың денсаулығы үшін қызмет еткен. Емшілер көкірек, буын, жүйке және балалар ауруын емдеудің әдіс-тәсілдерін меңгерген.

Үйші - киіз үй сүйектерін жасайтын үйшілердің қазақ қоғамында алатын орны өте жоғары. Қазақтың атын шығарған және оның ғасырлық баспанасы болған, әсемдің этнографиялық көрмелерде еуропалықтарды таң қалдырып, бірнеше дүркін жүлде алған киіз үйді осы үйшілер жасаған. Шеберлер үйді 4 қанатты 24, тіпті 30 қанатқа дейін құрастырып шығарған.

Ерші - қазақ елінің ең көп пайдаланатын мүлкі - кәдімгі ер. Оның шеберлерін халық «ерші» деп атаған. Ер қайың, емен, жөке сияқты қатты ағаштардан тұтас шабылып та немесе әр бөлшегі жеке-жеке құрастырылып жасалған. Мұндайды «Ер қосу» дейді. Ер қосылғаннан кейін оны былғарымен қаптап, алдыңғы қасын алтын, күміспен, сүйекпен зерлейді.

Бәдізші – тастан бұйым жасап, өрнек салатын адамдар. Олар көбінесе құлпытас қашап, диірмен жасау, тастан белгі орнату сияқты жұмыстармен айналысқан.

Зергер – алтын, күміс, асыл тастан тұратын әсемдік бұйымдарды жасайтын шебер. М, сақина, жүзік, қапсырма, өңіржиек, тана, сырға, кісе белбеу, күміс пышақ, т.б.

Өрімші – бұрын кең тараған, бұл күндері азайып келе жатқан сирек өнердің бірі. Олар көбінесе сиыр терісін илеп, одан көбіне ер тұрман әбзелдерін (қамшы, божы, тұсаман, шыбықты, бишік, шідер, шылбыр, жүген) жасаған. Өрімшілер иленген теріні таспалап тіліп, одан 3-тен бастап 40 таспаға дейін қамшы өрген.

Етікші – қой, ешкі, сиыр терілерін илеп, өндеп, етік, мәсі, кебіс сияқты аяқ киімдер тіккен. Аяқ киімдерді олар әр түрлі әсем жіптермен өрнектеп, яғни көксуырлап тіккен.

Тігінші – халақты ұлттық киім-кешектермен қамтамасыз етіп, киіндіруде тігіншілер атқарған жұмыстары өте зор. Бас киімдер, ішкі-сыртқы киімдер, соның ішінде қымбат тымақ, қаптал шапан, жылы ішік, әсем қамзол, желбіршек көйлек, ең ақыры жейде, ыстандарға дейінгі киімдерді тігіншілер тіккен.

Тоқымашы – кілем, алаша, басқұр, желбеу, таңғыштар тоқу арқылы жасайтын шеберлер. Текемет басу, оған әр түрлі ою салу, кестелеу сияқты қолөнердің түрлері бұрын ел ішінде жақсы дамып, оның шеберлерінің де қатары көп болған.

Ағаш шебері – ел ішінде ең көп дамыған өнер. Өйткені ел-жұрт ағаш бұйымдарын көп тұтынған. Ыдыс аяқ, күбі, бесік, адалбақан, ас, бұым сақтайтын қобди, сандық, абдыра, ең ақыры есік, терезеге дейңн ағаштан жасаған.

Ұста – темір соғып, одан өте қажетті бұйымдар мен заттар жасаған. Кетпен, күректен бастап, арбаға дейін ұста қолынан шыққан.

Шебер – он саусағынан өнер тамған шеберлер өткен ғасырларда, тіпті қазақ елінің тарихында өз тамаша туындылары арқылы халақ мұқтажын өтеп қан қойған жоқ. Сонымен бірге, қол өнері мен мәдени өнерді дамытуға теңдесі жоқ үлестерін қосты.

 

 









Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 1054. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

СИНТАКСИЧЕСКАЯ РАБОТА В СИСТЕМЕ РАЗВИТИЯ РЕЧИ УЧАЩИХСЯ В языке различаются уровни — уровень слова (лексический), уровень словосочетания и предложения (синтаксический) и уровень Словосочетание в этом смысле может рассматриваться как переходное звено от лексического уровня к синтаксическому...

Плейотропное действие генов. Примеры. Плейотропное действие генов - это зависимость нескольких признаков от одного гена, то есть множественное действие одного гена...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия