Студопедия — 3 страница. 1. алып тасталды 2. Парламент депутаттары оның жұмысына қатысуға мiндеттi
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

3 страница. 1. алып тасталды 2. Парламент депутаттары оның жұмысына қатысуға мiндеттi






Бап

1. алып тасталды
2. Парламент депутаттары оның жұмысына қатысуға мiндеттi. Парламентте депутаттың жеке өзi ғана дауыс бередi. Депутаттың Палаталар мен олардың органдарының отырыстарына дәлелдi себептерсiз үш реттен артық қатыспауы, сол сияқты дауыс беру құқығын басқа бiреуге беруi депутатқа заңда белгiленген жазалау шараларын қолдануға әкеп соғады.
3. Парламент депутатының басқа өкiлдi органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетiн өзге де жұмыс атқаруға, кәсiпкерлiкпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiруге құқығы жоқ. Осы ереженiң бұзылуы депутаттың өкiлеттiгiн тоқтатуға әкеп соғады.
4. Парламент депутатын оның өкiлеттiк мерзiмi iшiнде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттердi қоспағанда, тиiстi Палатаның келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
5. Парламент депутатының өкiлеттiгi орнынан түскен, ол қайтыс болған, соттың заңды күшiне енген шешiмi бойынша депутат iс-әрекетке қабiлетсiз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
Парламент депутаты:
1) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;
2) оған қатысты соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енген;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде өз мандатынан айырылады.
Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты:
1) депутат конституциялық заңға сәйкес өзiн сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған;
2) конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси партия қызметiн тоқтатқан кезде өз мандатынан айырылады.
Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының өкiлеттiгi Республика Президентiнiң шешiмi бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
Парламент және Парламент Мәжiлiсi депутаттарының өкiлеттiгi тиiсiнше Парламент немесе Парламент Мәжiлiсi таратылған жағдайларда тоқтатылады.
6. Депутаттарға жазалау шараларын қолдануға, олардың осы баптың 3-тармағының талаптарын, депутаттық әдеп ережелерiн сақтауына, сондай-ақ депутаттардың өкiлеттiгiн тоқтатуға және өкiлеттiгiнен әрi депутатқа ешкiмнiң тиiспеуi жөнiндегi құқығынан айыруға байланысты мәселелердi әзiрлеу Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жүктеледi.
Ескерту. 52-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1998.10.07 N 284 Заңымен, 52-баптың 3 және 5-тармақтарына түсiнiктеме берiлдi - ҚР Конституциялық Кеңесiнiң 2001.05.17 N 7/2, 2003.05.12 N 5, 52-баптың 1 және 5-тармақтарына түсiнiктеме берiлдi - 2001.12.13 N 19/2, 52-баптың 4-тармағына түсiнiктеме берiлдi - 2003.01.30 N 10, 52-баптың 4 және 5-тармақтарына түсiнiктеме берiлдi - 2003.02.11 N 1 қаулыларымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.

Бап

Палаталардың бiрлескен отырысында Парламент:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi;
2) Үкiмет пен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн бекiтедi. Үкiметтiң республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есебiн Парламенттiң бекiтпеуi Парламенттiң Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiргенiн көрсетедi;
3) Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң даусымен бiр жылдан аспайтын мерзiмге заң шығару өкiлеттiгiн беруге хақылы;
4) соғыс және бiтiм мәселелерiн шешедi;
5) Республика Президентiнiң ұсынысы бойынша бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау үшiн Республиканың Қарулы Күштерiн пайдалану туралы шешiм қабылдайды;
6) Конституциялық Кеңестiң Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйi туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;
7) палаталардың бiрлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметi туралы есептердi тыңдайды;
8) Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.
Ескерту. 53-баптың 3) және 4) тармақшаларына түсiнiктеме берiлдi - ҚР Конституциялық Кеңесiнiң 2008.06.26 N 5 Нормативтiк қаулысы.

Бап

1. Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелердi әуелi - Мәжiлiсте, ал содан кейiн Сенатта өз кезегiмен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды, оның iшiнде:
1) республикалық бюджеттi бекiтедi, оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi;
2) мемлекеттiк салықтар мен алымдарды белгiлейдi және оларды алып тастайды;
3) Қазақстанның әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы мәселелерiн шешу тәртiбiн белгiлейдi;
4) мемлекеттiк наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметтi, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерiн, дипломатиялық дәрежелерiн белгiлейдi, Республиканың мемлекеттiк рәмiздерiн айқындайды;
5) мемлекеттiк заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуi туралы мәселелердi шешедi;
6) рақымшылық жасау мәселелерiн шешедi;
7) Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшiн жояды.
2. Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелердi әуелi - Мәжiлiсте, ал содан кейiн Сенатта өз кезегiмен қарау арқылы:
1) республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептердi талқылайды;
2) Республика Президентiнiң қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар жiберiлген күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткiзедi. Бұл мерзiмнiң сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын бiлдiредi. Егер Мәжiлiс пен Сенат әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екi көпшiлiк даусымен бұрын қабылданған шешiмдi растайтын болса, Президент бiр ай iшiнде заңға қол қояды. Егер Президенттiң қарсылығын ең болмаса палаталардың бiрi еңсермесе, заң қабылданбайды немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледi. Парламент қабылдаған конституциялық заңдарға Мемлекет басшысының қарсылығы осы тармақшада көзделген тәртiппен қаралады. Бұл ретте Парламент Президенттiң конституциялық заңдарға қарсылығын әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң даусымен еңсередi;
3) республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтередi.
Ескерту. 54-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен, 54-бабына түсiнiктеме берiлдi - ҚР Конституциялық Кеңесiнiң 2008.10.15 N 8 Нормативтiк Қаулысымен.

Бап

Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау;
2) Республика Президентiнiң Республика Ұлттық Банкiнiң Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасын тағайындауына келiсiм беру;
3) Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын оларға ешкiмнiң тиiспеуi жөнiндегi құқығынан айыру;
4) алып тасталды
5) Мәжiлiстiң өкiлеттiктерi мерзiмiнен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика Парламентiнiң конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөнiндегi функцияларын орындау;
6) Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
Ескерту. 55-баптың 1-тармақшасына түсiнiктеме берiлдi - ҚР Конституциялық Кеңесiнiң 2000.07.05 N 11/2 қаулысымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.

Бап

1. Мәжiлiстiң ерекше қарауына мыналар жатады:
1) Парламентке енгiзiлген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау;
2) Палата депутаттарының жалпы санының көпшiлiк даусымен Республика Президентiне Республика Премьер-Министрiн тағайындауға келiсiм беру;
3) Республика Президентiнiң кезектi сайлауын хабарлау;
4) Конституциямен Парламент Мәжiлiсiне жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
2. Мәжiлiс депутаттарының жалпы санының көпшiлiк даусымен, Мәжiлiс депутаттарының жалпы санының кемiнде бестен бiрiнiң бастамасы бойынша Мәжiлiс Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiруге хақылы.
Ескерту. 56-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.

Бап

Парламенттiң әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз:
1) Конституциялық Кеңестiң екi мүшесiн қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екi мүшесiн, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң үш мүшесiн бес жыл мерзiмге қызметке тағайындайды;
2) Конституцияның 47-бабының 1-тармағында көзделген ретте Парламент құратын комиссия мүшелерiнiң тең жартысына өкiлеттiк бередi;
3) Палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң тең жартысын сайлайды;
4) Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуымен оларға ешкiмнiң тиiспеуi жөнiндегi құқығынан Палаталардың депутаттарын айыру мәселелерiн шешедi;
5) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша парламенттiк тыңдаулар өткiзедi;
6) Палата депутаттары жалпы санының кемiнде үштен бiрiнiң бастамасы бойынша Республика Үкiметi мүшелерiнiң өз қызметi мәселелерi жөнiндегi есептерiн тыңдауға хақылы. Есептi тыңдау қорытындылары бойынша Үкiмет мүшесi Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен оны қызметтен босату туралы Республика Президентiне өтiнiш жасауға хақылы. Егер Республика Президентi мұндай өтiнiштi қабылдамай тастаса, онда депутаттар Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен алғашқы өтiнiш берiлген күннен бастап алты ай өткеннен кейiн Республика Президентiнiң алдына Үкiмет мүшесiн қызметiнен босату туралы мәселенi қайталап қоюға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президентi Үкiмет мүшесiн қызметiнен босатады;
7) Палаталардың үйлестiрушi және жұмыс органдарын құрады;
8) өз қызметiнiң регламентiн, Палатаның ұйымдастыру және iшкi тәртiбiне байланысты мәселелер бойынша өзге де шешiмдер қабылдайды.
Ескерту. 57-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1998.10.07 N 284, 2007.05.21 N 254 Заңдарымен.

Бап

1. Палаталарды мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген өз депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжiлiс сайлаған төрағалар басқарады. Сенат Төрағасының қызметiне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президентi ұсынады. Мәжiлiс Төрағасының қызметiне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.
2. Палаталардың төрағалары, егер бұл үшiн Палаталардың депутаттары жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қызметтен керi шақырылып алынуы мүмкiн, сондай-ақ олар өз еркiмен орнынан түсуге хақылы.
3. Парламент Палаталарының төрағалары:
1) Палаталардың отырыстарын шақырып, оларға төрағалық етедi;
2) Палаталардың қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеуге жалпы басшылық жасайды;
3) Палаталар төрағаларының орынбасарлары қызметiне сайлау үшiн Палаталарға кандидатуралар ұсынады;
4) Палаталар қызметiнде регламенттiң сақталуын қамтамасыз етедi;
5) Палаталардың үйлестiру органдарының қызметiне басшылық жасайды;
6) Палаталар шығаратын актiлерге қол қояды;
7) палаталарға Конституциялық Кеңестiң, Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң мүшесi қызметiне тағайындау үшiн кандидатуралар ұсынады;
8) өздерiне Парламент регламентi жүктейтiн басқа да мiндеттердi атқарады.
4. Мәжiлiс Төрағасы:
1) Парламент сессияларын ашады;
2) Палаталардың кезектi бiрлескен отырыстарын шақырады, Палаталардың кезектi және кезектен тыс бiрлескен отырыстарына төрағалық етедi.
5. Палаталардың төрағалары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады.
Ескерту. 58-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.

Бап

1. Парламент сессиясы оның Палаталарының бiрлескен және бөлек отырыстары түрiнде өткiзiледi.
2. Парламенттiң бiрiншi сессиясын Қазақстан Республикасының Президентi сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей шақырады.
3. Парламенттiң кезектi сессиялары жылына бiр рет қыркүйектiң бiрiншi жұмыс күнiнен маусымның соңғы жұмыс күнiне дейiн өткiзiледi.
4. Парламент сессиясын, әдетте, Республика Президентi ашады және сессия Сенат пен Мәжiлiстiң бiрлескен отырыстарында жабылады. Парламент сессиялары аралығындағы кезеңде Республика Президентi өз бастамасымен, палаталар төрағаларының немесе Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде үштен бiрiнiң ұсынысымен Парламенттiң кезектен тыс сессиясын шақыра алады. Онда сессияны шақыруға негiз болған мәселелер ғана қаралады.
5. Палаталардың бiрлескен және бөлек отырыстары оларға әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда өткiзiледi.
6. Палаталардың бiрлескен және бөлек отырыстары ашық отырыстар болып табылады. Регламенттерде көзделген реттерде жабық отырыстар өткiзiлуi мүмкiн. Республика Президентiнiң, Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерiнiң, Ұлттық Банк Төрағасының, Бас Прокурордың, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының кез келген отырыстарға қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар.
Ескерту. 59-баптың 2-тармағына түсiнiктеме берiлдi - ҚР Конституциялық Кеңесiнiң 1999.07.14 N 13/2, 59-баптың 3-тармағына түсiнiктеме берiлдi - 1999.06.30 N 14/2 қаулыларымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.

Бап

1. Палаталар әр Палатада саны жетiден аспайтын тұрақты комитеттер құрады.
2. Палаталардың бiрлескен қызметтерiне қатысты мәселелердi шешу үшiн Сенат пен Мәжiлiс тепе-тең негiзде бiрлескен комиссиялар құруға хақылы.
3. Комитеттер мен комиссиялар өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қаулылар шығарады.
4. Комитеттер мен комиссияларды құру, олардың өкiлеттiгi және қызметiн ұйымдастыру тәртiбi заңмен белгiленедi.

Бап

1. Заң шығару бастамасы құқығы Республика Президентiне, Парламент депутаттарына, Үкiметке тиесiлi және тек қана Мәжiлiсте жүзеге асырылады.
2. Республика Президентiнiң заңдар жобаларын қараудың басымдылығын белгiлеуге, сондай-ақ осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар, бұл Парламент заң жобасын енгiзiлген күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiстi екенiн бiлдiредi. Парламент осы талапты орындамаса, Республика Президентi заң күшi бар Жарлық шығаруға хақылы, ол Парламент Конституция белгiлеген тәртiппен жаңа заң қабылдағанға дейiн қолданылады.
3. Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн, мыналарға:
1) жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектiлiгiне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың мiндеттерi мен жауапкершiлiгiне;
2) меншiк режимiне және өзге де мүлiктiк құқықтарға;
3) мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметiнiң, мемлекеттiк және әскери қызметтiң негiздерiне;
4) салық салуға, алымдар мен басқа да мiндеттi төлемдердi белгiлеуге;
5) республикалық бюджетке;
6) сот құрылысы мен сотта iс жүргiзу мәселелерiне;
7) бiлiм беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтiк қамсыздандыруға;
8) кәсiпорындар мен олардың мүлкiн жекешелендiруге;
9) айналадағы ортаны қорғауға;
10) республиканың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына;
11) мемлекет қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты негiзгi принциптер мен нормаларды белгiлейтiн заңдар шығаруға хақылы.
Өзге қатынастардың барлығы заңға тәуелдi актiлермен реттеледi.
4. Мәжiлiс депутаттары қараған және жалпы санының көпшiлiк даусымен мақұлданған заң жобасы Сенатқа берiледi, ол онда әрi кеткенде алпыс күннiң iшiнде қаралады. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданған жоба заңға айналады және он күннiң iшiнде Президенттiң қол қоюына берiледi. Тұтас алғанда, Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданбаған жоба Мәжiлiске қайтарылады. Егер Мәжiлiс депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен жобаны қайтадан мақұлдаса, ол Сенатқа қайта талқылауға және дауысқа салуға берiледi. Қайта қабылданбаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгiзуге болмайды.
5. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен заң жобасына енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулар Мәжiлiске жiберiледi. Егер Мәжiлiс депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен ұсынылған өзгертулермен және толықтырулармен келiссе, заң қабылданды деп есептеледi. Егер Мәжiлiс нақ сондай көпшiлiк дауыспен Сенат енгiзген өзгертулер мен толықтыруларға қарсы болса, Палаталар арасындағы келiспеушiлiк келiсу рәсiмi арқылы шешiледi.
5-1. Мәжiлiс депутаттары қараған және олардың жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң даусымен мақұлданған конституциялық заң жобасы Сенатқа берiледi, онда алпыс күннен асырылмай қаралады. Сенат депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң даусымен қабылданған жоба конституциялық заңға айналады және он күн iшiнде Республика Президентiне қол қоюға ұсынылады. Конституциялық заң жобасын тұтастай қабылдамауды Мәжiлiс немесе Сенат Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен жүзеге асырады.
Сенат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң даусымен конституциялық заң жобасына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар Мәжiлiске жiберiледi. Егер Мәжiлiс депутаттардың кемiнде үштен екiсiнiң даусымен Сенат енгiзген өзгерiстермен және толықтырулармен келiссе, конституциялық заң қабылданды деп есептеледi.
Егер Мәжiлiс, Сенат енгiзген өзгерiстер мен толықтырулар бойынша дауыс беру кезiнде олармен депутаттардың кемiнде үштен екiсiнiң даусымен келiспесе, онда палаталар арасындағы келiспеушiлiктер келiсу рәсiмдерi арқылы шешiледi.
6. Мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығысты көбейтудi көздейтiн заңдардың жобалары Республика Үкiметiнiң оң қорытындысы болғанда ғана енгiзiлуi мүмкiн. Республика Президентiнiң заң шығару бастамасы тәртiбiмен Парламент Мәжiлiсiне енгiзiлген заңнамалық актiлердiң жобалары үшiн мұндай қорытындының болуы талап етiлмейдi.
7. Үкiмет енгiзген заң жобасының қабылданбауына байланысты Премьер-Министр Парламент палаталарының бiрлескен отырысында Үкiметке сенiм туралы мәселе қоюға хақылы. Бұл мәселе бойынша дауыс беру сенiм туралы мәселе қойылған сәттен бастап қырық сегiз сағаттан ерте өткiзiлмейдi. Егер сенiмсiздiк бiлдiру туралы ұсыныс палаталардың әрқайсысының депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусын ала алмаса, заң жобасы дауысқа салынбай қабылданды деп есептеледi. Алайда Үкiмет бұл құқықты жылына екi реттен артық пайдалана алмайды.
Ескерту. 61-баптың 7-тармағына түсiнiктеме берiлдi - ҚР Конституциялық Кеңесiнiң 1999.03.12 N 3/2, 1999.09.27 N 18/2, 2003.05.13 N 6, 61-баптың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларына түсiнiктеме берiлдi - 1999.11.03 N 19/2, 61-баптың 6-тармағына түсiнiктеме берiлдi - 2000.06.15 N 9/2, 61-баптың 2) тармағына түсiнiктеме берiлдi - 2000.07.03 N 15/2, 61-баптың 1 және 4-тармақтарына түсiнiктеме берiлдi - 2001.06.08 N 8/2, 61-бабы 3-тармағының 1) және 3) тармақшаларына түсiнiктеме берiлдi - 2008.10.15 N 8 қаулыларымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.

Бап

1. Парламент Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттiң қаулылары, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары түрiнде заң актiлерiн қабылдайды.
2. Республиканың заңдары Республика Президентi қол қойғаннан кейiн күшiне енедi.
3. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен енгiзiледi.
4. Конституциялық заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады.
5. Парламент пен оның Палаталарының заң актiлерi, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады.
6. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мәселелерi бойынша кемiнде екi оқылым өткiзу мiндеттi.
7. Республиканың заңдары, Парламент пен оның Палаталарының қаулылары Конституцияға қайшы келмеуге тиiс. Парламент пен оның Палаталарының қаулылары заңдарға қайшы келмеуге тиiс.
8. Республиканың заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеу, ұсыну, талқылау, күшiне енгiзу және жариялау тәртiбi арнаулы заңмен және Парламент пен оның Палаталарының регламенттерiмен реттеледi.
Ескерту. 62-бапқа түсiнiктеме берiлдi - ҚР Конституциялық Кеңесiнiң 2000.07.03 N 15/2, 2007.04.18 N 4 Қаулыларымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 499. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Значення творчості Г.Сковороди для розвитку української культури Важливий внесок в історію всієї духовної культури українського народу та її барокової літературно-філософської традиції зробив, зокрема, Григорій Савич Сковорода (1722—1794 pp...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия