Студопедия — Анықтамасын беру тәртібі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Анықтамасын беру тәртібі






8. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы жеке басын куәландыратын құжатын, 16 жасқа дейінгі балалар туу туралы куәлігін ұсынған кезде беріледі.

9. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беруді және ұзартуды медицина қызметкері адамды тексеріп-қарағаннан және науқастың амбулаториялық (стационарлық) медициналық картасына оны жұмыстан уақытша босату қажеттігін негіздейтін денсаулық жағдайы туралы деректерді жазғаннан кейін жүзеге асырады.

10. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтамасы еңбекке уақытша жарамсыздығы белгіленген күнінен бастап мереке және демалыс күндерін қоса алғанда, еңбекке жарамдылығын қалпына келтірудің бүкіл кезеңі бойына беріледі.

11. Осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, адамды медицина қызметкері тексермеген, өтіп кеткен күндер үшін еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беруге жол берілмейді.

12. Аурулар мен жарақаттар кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын медицина қызметкері күнтізбелік үш күнге (халықтың тұмаумен қатты сырқаттанушылығы кезеңінде алты күнге дейін) және жалпы ұзақтығы күнтізбелік алты күннен аспайтын мерзімге жеке өзі және бір мезгілде береді.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтамасын алты күннен артық ұзарту медициналық ұйымның бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, жалпы ұзақтығы күнтізбелік жиырма күннен аспайтын мерзімге жүргізіледі. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағынан көрсетілген мерзімнен артық ұзарту ДКК-ның қорытындысы бойынша жүргізіледі.

Жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын күнтізбелік алты күннен аспайтын мерзімге береді.

13. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы жүктілікті және босануды, сондай-ақ «Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 1171 қаулысымен айқындалған жағдайларды қоспағанда, екі айдан аспайтын мерзімге беріледі.

Егер ДКК-ның қорытындысы бойынша мүгедектікті белгілеу мақсатында МӘС-ға жіберу үшін негіз болмаса және адамдардың еңбек жағдайын аурудың клиникалық ағымы мен болжамын нашарлатса, ДКК-ның екі айдан алты айға дейінгі мерзімге неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстыру туралы қорытындысы беріледі. Мерзімді кәсібіне (мамандығына), аурудың ағымы мен асқынуларына қарай ДКК белгілейді.

14. Жұмыс (ауысым, оқу) уақыты аяқталғаннан кейін медициналық көмекке өтініш білдірген адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағында және анықтамасында келесі күннен бастап жұмыстан босату күні көрсетіледі.

15. Жедел медициналық жәрдем бригадасы қызмет көрсеткен және травматологиялық пунктте еңбекке уақытша жарамсыз деп танылған адамдарға медициналық картаға оның денсаулық жағдайы туралы жазыла отырып, еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы беріледі.

Еңбекке жарамсыздық парағы мен анықтамасы олардың травматологиялық пунктке және жедел медициналық жәрдемге өтініш білдіргенін растайтын анықтаманың негізінде көрсетілген медициналық ұйымға өтініш білдірген күні есепке алына отырып, ол өтініш білдірген күні тіркелген жеріндегі емханада беріледі.

16. Ол жұмысқа жарамсыз болған жағдайда кәсіпорындар мен ұйымдардың медициналық пункттерінің медицина қызметкері кейіннен медициналық ұйымға жібере отырып, ауысымның аяғына дейін еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын береді. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беруді кәсіпорынның медициналық пунктіне өтініш білдірген күнін есепке ала отырып, адам тіркелген медициналық ұйымның медицина қызметкері жүргізеді. Егер медицина қызметкері адамды еңбекке жарамды деп таныса, онда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілмейді.

17. Туберкулез, психикалық, тері-венерологиялық, онкологиялық және адамның иммун тапшылығы вирусы/ жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (бұдан әрі - АИТВ/ЖИТС) аурулары кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын мамандандырылған медициналық ұйымдардың (бөлімшелердің, кабинеттердің) тиісті медицина қызметкерлері береді. Осы аурулармен ауыратын адамдар жалпы бейінді медициналық ұйымдарға жүгінген кезде медицина қызметкері кейіннен міндетті түрде адамды мамандандырылған медициналық ұйымға (бөлімшеге), ондай болмаған жағдайда бейінді маманға жібере отырып, күнтізбелік үш күннен аспайтын мерзімге еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын береді.

18. Адамды санаторийлік-курорттық ұйымға ауыстырған жағдайда, оны медициналық оңалту емдеудің ажырамас компоненті болып табылғанда еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын ұзартуды ДКК қорытындысының негізінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын ашқан медициналық ұйым жүргізеді.

19. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын стационарлық емдеу кезінде (күндізгі стационарларды қоса алғанда) медицина қызметкері адамды шығарған күні стационарлық емдеудің бүкіл кезеңіне береді.

Егер стационардан шығару сәтіне адамның еңбекке жарамдылығы толық қалпына келтірілсе, еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы шығарылған күнмен жабылады.

Еңбекке уақытша жарамсыздығы сақталып отырған адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы оның емхананың медицина қызметкеріне келуі немесе медицина қызметкерін үйге шақыруы (бір күннен аспайтын мерзімге) үшін қажетті уақыты ескеріле отырып, ұзартылады.

Тұрған өңірінен тыс ем қабылдаған адамдарға оның тұрақты мекенжайына келуі үшін қажетті уақыт (бірақ күнтізбелік төрт күннен аспайтын мерзімге) есептеледі.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын одан әрі ұзарту және жабу науқастың тұрғылықты жері бойынша іл және ДКК қорытындысынан кейін оны одан әрі бақылауды жүзеге асыратын медицина қызметкері немесе одан әрі емделу үшін науқас жіберілген медициналық ұйым жүргізеді.

20. Созылмалы алкоголизмді, нашақорлықты, уыттанушылықты емдеу кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасымен куәландырылады. Егер бұл кезеңде аурулар туындаса немесе жарақат алса еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріледі.

21. Психикалық аурулары бар адамдар медициналық ұйымға уақытында қаралмаған кезде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы психоневрологиялық диспансердің ДКК-ның немесе медициналық ұйымның басшысымен бірлесе отырып, медицина қызметкерінің (психиатр дәрігер) қорытындысы бойынша өткен күндері үшін беріледі.

Соттың шешімі бойынша еңбекке жарамсыз деп танылған сот-медициналық немесе сот-психиатриялық сараптамаға жіберілген адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы сараптамаға түскен күнінен бастап беріледі.

22. Оқуын жұмыспен қоса атқаратын адамға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы тіркелген жеріндегі медициналық ұйымдар береді.

23. Егер адам бірнеше жұмыс берушіде жұмыс істейтін болса жұмыс берушінің атауы көрсетіле отырып, оған әрбір жұмыс орны бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары беріледі.

24. Әйелдерге жүктілігі мен босануына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемақыны жүзеге асыру үшін еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары) беріледі.

25. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы олардың уақытша келген жерінде ресімделеді және тиісті медициналық ұйым басшысының келісімі бойынша беріледі.

Көрсетілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын ұзарту еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын ашқан медициналық ұйымның ДКК қорытындысы болған жағдайда тұрақты мекенжайы бойынша жүргізіледі.

26. Тұрақты мекенжайынан тыс, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс медициналық ұйымдарға жіберілген адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын жол жүруге қажетті күнтізбелік күндердің талап етілетін санына, бірақ күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімге ДКК қорытындысы бойынша жіберген медициналық ұйым береді.

Бұл еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын ұзарту адам жіберілген медициналық ұйымда жүргізіледі. Егер адам Қазақстан Республикасынан тыс жіберілген болса, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын соңғы ресімдеуді ол қайтып келген кезде ДКК басқа елдегі консультация (емдеу) туралы құжаттардың негізінде жүргізеді.

27. Тұрақты мекенжайында, жұмыс істейтін және оқитын жерінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын алған адамдарға оларды басқа медициналық ұйымда ұзарту медициналық ұйымның ДКК қорытындысы болған жағдайда ғана жүргізіледі.

28. Қазақстан Республикасы адамдарының шетелде болуы кезеңінде олардың ауру, жарақаттану фактілерін куәландыратын құжаттар оның тіркелген жеріндегі медициналық ұйымның ДКК қорытындысы бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру үшін негіз болып табылады.

29. МӘС-ға:

1) еңбекке уақытша жарамсыздығы басталған күннен бастап төрт айдан кейін немесе қайталап ауруы (сол аурумен) кезінде соңғы он екі айдың ішінде еңбекке уақытша жарамсыздықтың бес айынан кешіктірмей;

2) туберкулезбен аурудың салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздық басталған күннен бастап сегіз айдан кейін ұзақ ауыратын, жұмыс істейтін еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары бар адамдар жіберіледі.

30. Жұмыс істейтін мүгедектер мүгедектікке әкелген аурулары бойынша денсаулығы нашарлаған кезде уақытша жұмысқа жарамсыздық күнінен бастап екі айдан кейін МӘС-ға жіберіледі.

31. Адамды МӘС-ға жіберуден бас тартқан жағдайда уақытша жұмысқа жарамсыздық парағы МӘС-ға жіберуден бас тартқан күнінен бастап ұзартылмайды, бұл туралы мәліметтер еңбекке уақытша жарамсыздық парағында және науқастың амбулаториялық (стационарлық) медициналық картасында көрсетіледі.

32. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағының бланктері қатаң есептілік құжаттары болып табылады.

33. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

34. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ресімделеді.

35. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беретін денсаулық сақтау субъектілері оның беткі жағын толтырады. «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы» атауымен еңбекке уақытша жарамсыздық парағының беткі жағында тиісінше не «алғашқы» не «жалғасы» деген сөздердің асты сызылады. Одан кейін медициналық ұйымның атауы мен мекенжайы, парақты беру күні, пациенттің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы мен жұмыс орны көрсетіліп, медициналық ұйымның мөрі қойылады.

36. «Уақытша жұмысқа жарамсыздық түрі» бағанында парақты беру негізі көрсетіледі.

Егер еңбекке уақытша жарамсыздық парағы босануға байланысты берілсе - босану күні, ұл/қыз баланы асырап алуға байланысты-асырап алу күні, науқас балаға күтім жасау бойынша - баланың туған жылы мен күні көрсетіледі.

37. «Режим» деген жолда жазылған емдеу-сақтау режимінің (стационарлық, амбулаториялық, санаториялық) түрі көрсетіледі. Медицина қызметкері тағайындаған режимді адамның бұзу жағдайлары (алкогольді шамадан тыс пайдалану, тағайындаған зерттеп-қарауды немесе емдеуді орындамау, медицина қызметкерінің қабылдауына көрсетілген мерзімде келмеу, басқа жерге кетіп қалу және басқалар) міндетті түрде белгіленіп, медицина қызметкерінің қолы қойылады.

38. Тиісті кестелерде стационарлық емдеу мерзімдері туралы, МӘС-ға жолдау күні және олардың қорытындысы туралы белгілер жасалады.

39. «Жұмыстан босату» бөліміндегі «Қай күннен бастап» бағаны араб цифрларымен, ал «Қай күнді қоса алғанда» деген бағанда жазбаша жазылады. Бұл бөлімнің әрбір жолында медицина қызметкерінің лауазымы, тегі мен аты көрсетіліп,одан кейін қолы қойылады.

40. «Жұмысқа кірісу» деген жол адам тексеріліп-қаралғаннан және еңбекке жарамды деп танылғаннан кейін келесі күнмен (айы мен күні) жазбаша толтырылады. Еңбекке уақытша жарамсыздық сақталған жағдайда: «Әлі сырқаттануда» деп жазылады және басқа еңбекке жарамсыздық парағының нөмірі мен берілген күні көрсетіледі. Еңбекке жарамсыздық басқаша аяқталған жағдайда: «Мүгедектік белгіленді (күні)», «қайтыс болды» (қайтыс болған күні көрсетіледі) деген мәліметтер жазылады.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын бергеннен немесе мерзімін ұзартқаннан кейін адам қабылдауға келмесе, ал кезекті қабылдауда еңбекке жарамды деп танылса, еңбекке жарамсыздық парағының «Жұмысқа кірісу» деген жолында: «Жұмысқа жарамды» (келген күні көрсетіле отырып), «Қай күннен бастап» және «Қай күнді қоса алғанда» деген бағандардағы бос жолдар «Z» белгісімен сызылады.

41. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы адамның өтініші бойынша немесе оның жұмысындағы әкімшіліктің талабы бойынша жабылмайды.

42. Науқастың амбулаториялық картасында (стационарлық сырқаттың медициналық картасында) еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары бланкілерінің нөмірлері, олардың берілген күні, ұзартылған немесе жұмысқа шығарылған күні жазылады.

43. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағының сыртқы бетін адамның жұмыс орны бойынша жұмыс беруші еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңінде ақы төленетін жұмыс күндерін көрсетуді есепке ала отырып, толтырады.

44. Дұрыс жазылмағандарды сыза және үстіңгі жағына дұрыс жаза отырып, түзетулер енгізуге болады. Түзетулер денсаулық сақтау субъектісінің мөрімен куәландырылған медицина қызметкерінің қолымен ескертіледі.

45. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын ашқан кезде денсаулық сақтау субъектісінің мөрі парақтың бірінші бөлімінің үстінде оң жағына және жұмысқа шығарған кезде немесе жалғасын берген кезде төменгі жағына қойылады.

46. Барлық еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары еңбекке уақытша жарамсыздарға еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарының бланкілері бойынша есептілік үшін құжат болып табылатын түбіртектерге қол қойдыру арқылы беріледі.

47. Берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарының есебі еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын тіркеу кітабында жүргізіледі.

48. Бүлінген және алынбай қалған еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарының бланкілерін оларды берген медицина қызметкерлері мынадай тәртіппен қайтарады: бланкіні иір сызықпен сызады және ірі әріптермен «бүлінген» немесе «қайтарылған» деп жазады.

Бланкілердің түбіртектері, бүлінген немесе алынбай қалған бланкілер медициналық ұйымда екі жыл бойы сақталады, содан кейін басшы бұйрығының негізінде жойылады. Бүлінген немесе алынбай қалған бланкілерді жою туралы акт бес жыл бойы сақталады.

49. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын жоғалтқан жағдайда, жұмыс орнынан жоғалған еңбекке уақытша жарамсыздық парағы бойынша жәрдем ақы төленбегендігі туралы анықтаманы ұсынған кезде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын берген денсаулық сақтау субъектісі оның телнұсқасын береді. Телнұсқаның алдыңғы бетінің жоғарғы жағында «Телнұсқа» деген белгі қойылады.

50. Тағайындаған күні дәрігердің қабылдауына келмеген адамға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы жүгінген күнінен бастап қана ұзартылады, ал келмеген күндеріне жүргізілмейді.

51. Еңбекке жарамсыздық жалғасқан жағдайда медицина қызметкері алғашқы еңбекке жарамсыздық парағының «Режимді бұзу туралы белгілер» деген бағанында бұзушылықты белгілеп, адамға еңбекке уақытша жарамсыздық парағының «жалғасын» береді.

52. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағының бланкілері ұрланған немесе жоғалған жағдайда медициналық ұйым оны анықтаған күнінен бастап үш күнтізбелік күннен аспайтын мерзімнің ішінде көрсетілген фактілер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға хабарлайды.

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 572. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия