Студопедия — Еңбекке жарамсыздық парағын және анықтамасын беру
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Еңбекке жарамсыздық парағын және анықтамасын беру






53. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:

1) жүктілік пен босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын медицина қызметкері (акушер-гинеколог дәрігер), ал ол болмаған жағдайда - жүктіліктің отызыншы аптасынан бастап ұзақтығы күнтізбелік жүз жиырма алты күнге (босанғанға дейін күнтізбелік жетпіс күн және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты күн) ДКК қорытындысынан кейін бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, дәрігер береді.

Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге жүктілігі мен босануы бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы қалыпты босанған жағдайда жиырма жеті аптадан бастап ұзақтығы күнтізбелік жүз жетпіс күнге және асқынулары бар босанулар немесе екі және одан да көп бала туған жағдайда күнтізбелік жүз сексен төрт күнге беріледі;

2) жүктілігі мен босануы бойынша тұрақты мекенжайынан уақытша кеткен әйелдерге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы босанған жеріндегі медициналық ұйымда немесе әйелдер консультациясында (кабинетінде) босандыру ұйымының шығару қағазына (ауыстыру картасына) сәйкес бақылау орны бойынша беріледі (ұзартылады);

3) асқынған босану, екі және одан да көп бала туған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы босандыратын денсаулық сақтау ұйымының шығару қағазына сәйкес бақылаған жері бойынша әйелдер консультациясында (кабинетінде) қосымша күнтізбелік он төрт күнге ұзартылады. Мұндай жағдайда босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалыстардың жалпы ұзақтығы күнтізбелік жүз қырық күнді құрайды;

4) дене салмағы бес жүз және одан артық грамм болған жиырма екі және жиырма тоғыз апталық тірі бала туған және ол жеті тәуліктен астам өмір сүрген жағдайда әйелге босану фактісі бойынша күнтізбелік жетпіс күнге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі.

Дене салмағы бес жүз және одан артық грамм болған жиырма екі және жиырма тоғыз апталық өлі бала туған немесе ол жеті тәулікке дейін тірі болып, өлген жағдайда әйелге босану фактісі бойынша күнтізбелік елу алты күнге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі;

5) ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдер үшін дене салмағы бес жүз және одан артық грамм болған жиырма екі және жиырма тоғыз апталық тірі бала туған немесе ол жеті тәуліктен астам өмір сүрген жағдайда әйелге тоқсан бір күнге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі. Өлі бала туған кезде немесе туған баласы жеті тәулікке дейін тірі болып, өлген жағдайда әйелге босану фактісі бойынша күнтізбелік жетпіс жеті күнге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі;

6) әйел төленетін жыл сайынғы еңбек демалысында немесе үш жасқа толғанша балаға күтім жасау бойынша жалақысы сақталмайтын қосымша демалыста болған кезеңде жүктілік басталған кезде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы жүктілігі мен босануы бойынша демалыстың бүкіл күндеріне беріледі;

7) босанған кезде немесе босанғаннан кейінгі кезеңде анасы қайтыс болған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы нәрестеге күтім жасауды жүзеге асыратын адамға беріледі;

8) жүктіліктің жасанды үзу операциясы кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын операция жүргізілген стационарда және амбулаториялық-емханалық деңгейде болған кезде дәрігер бөлімше меңгерушісімен бірлесіп береді, ал асқынулар болған жағдайда - еңбекке уақытша жарамсыздығының бүкіл кезеңіне береді.

Түсік өздігінен түскен (түсік тастағанда) жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы еңбекке жарамсыздықтың бүкіл кезеңіне беріледі;

9) эмбрионды ауыстырып қондыру операциясын жүргізген кезде операция жасаған медициналық ұйым эмбрионды ауыстырып қондырған күнінен бастап жүктілікті белгілеу фактісіне дейін еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын береді.

Ұл немесе қыз баланы асырап алған адамдарға, сондай-ақ биологиялық аналарға құрық ана болу кезінде ұл немесе қыз баланы асырап алған күнінен бастап және бала туған күнінен бастап күнтізбелік елу алты күн өткенге дейін тікелей перзентханадан еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі;

10) медициналық ұйым еңбекке уақытша жарамсыздық парағымен және анықтамасымен бір уақытта жүктілігі мен босануына, жаңа туған нәрестені (баланы) асырап алуына байланысты жұмыс берушінің жүктілігі мен босануына, сондай-ақ жаңа туған ұл немесе қыз баланы (балаларды) асырап алуына байланысты демалысты ресімдеуі үшін еңбекке уақытша жарамсыздығын растайтын ДКК-ның анықтамасын береді.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 931. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия