Студопедия — Бап. Баланы ауыстыру
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бап. Баланы ауыстыру






1. Баланы қасақана ауыстыру -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Пайдакүнемдiк немесе өзге жамандық ниетпен жасалған дәл сол әрекет -
үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 134-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47, 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

135-бап. Бала асырап алу құпиясын жария ету

Бала асырап алушының еркiне қайшы қызметтiк те немесе кәсiптiк құпия ретiнде бала асырап алу фактiсiн сақтауға мiндеттi адамның не өзге адамның пайдакүнемдiк немесе өзге жамандық ниетпен жасаған бала асырап алу құпиясын жария етуi -
айлық есептiк көрсеткiштің бір жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
Ескерту. 135-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

136-бап. Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын
асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейi
жалтару

1. Ата-ананың сот шешiмi бойынша кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегiз жасқа толған еңбекке жарамсыз балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден үш айдан астам әдейi жалтаруы -
айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Кәмелетке толған еңбекке жарамды адамның сот шешiмi бойынша өзiнiң еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден үш айдан астам әдейi жалтаруы -
айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
Ескерту. 136-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

137-бап. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөнiндегi
мiндеттердi орындамау

Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi ата-анасының немесе өзiне осы мiндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты кәмелетке толмаған баланы қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi педагогтiң немесе оқу, тәрбие беру, емдеу немесе өзге мекеменiң басқа қызметкерiнiң орындамауы немесе тиiстi дәрежеде орындамауы, егер бұл әрекет кәмелетке толмаған балаға қатал қараумен ұштасса -
елу айлық есептiк көрсеткiштен жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе жүз сағаттан екi жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жыл мерзiмге дейiн бас бостандығын шектеуге жазаланады.
Ескерту. 137-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.12.21 N 363, 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

138-бап. Балалардың өмiрi мен денсаулығының;
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi
мiндеттердi тиiсiнше орындамау

1. Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi қызметi бойынша өзiне осындай мiндеттер жүктелген адамның не осы мiндеттердi арнайы тапсырма бойынша орындаушы немесе мұндай мiндеттердi ерiктi түрде өзiне алған адамның тиiсiнше орындамауы, егер бұл жас баланың денсаулығына абайсызда ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса -
бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда жас баланың өлiмiне әкеп соққан нақ сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз бес жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 138-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

138-1-бап. Кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамасын бұзу

1. Жұмыс берушінің немесе лауазымды адамның Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын кәмелетке толмағандардың еңбегін пайдалану бөлігінде, олардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соққан бұзуы –
айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден жеті жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
а) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
б) бірнеше рет;
в) екі және одан да көп адамға қатысты;
г) алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы жасалған;
д) психикасының бұзылуынан зардап шегетіні немесе дәрменсiз күйде екені кінәліге көрінеу белгілі кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған нақ сол әрекеттер –
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Кодекс 138-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 127-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

139-бап. Қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын терiс
пайдалану

Қамқоршылықты немесе қорғаншылықты пайдакүнемдiк немесе қамқоршылықтағы (қорғаншылықтағы) балаға зиян келтiру үшiн өзге арам мақсаттарға пайдалану немесе қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) баланы қасақана қадағалаусыз немесе қажеттi көмексiз қалдыру қамқоршылықтағы (қорғаншылықтағы) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi нұқсан келтiруге әкеп соқса -
елуден жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ осы мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 139-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

140-бап. Еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан
әдейi жалтару

Еңбекке жарамды адамның еңбекке жарамсыз және материалдық көмекке мұқтаж жұбайын (зайыбын) асырауға сот шешiмi бойынша қаражат төлеуден үш айдан астам әдейi жалтаруы, мұны дәл осындай әрекет жасағаны үшін бір жыл ішінде әкімшілік жаза қолданылған адам жасағанда, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
Ескерту. 140-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

3-тарау. Адамның және азаматтың
Конституциялық құқықтары мен
бостандықтарына қарсы қылмыстар

141-бап. Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу

1. Адамның (азаматтың) құқықтары мен бостандықтарын тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық немесе мүлiктiк жағдайы, жынысы, нәсiлi, ұлты, тiлi, дiнге көзқарасына сенiмi, тұрғылықты жерi, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына себептерiмен немесе өзге кез келген жағдайлар бойынша тiкелей немесе жанама шектеу -
айлық есептiк көрсеткiштің екi жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бiрлестiктiң жетекшiсi жасаған дәл сол әрекет -
айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
Ескерту. 141-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

141-1-бап. Қинау

1. Тергеушiнiң, анықтауды жүргiзушi адамның, немесе өзге лауазымды адамның не олардың айдап салуымен немесе үнсіз келісімімен басқа адамның, не олардың білуімен қиналушыдан немесе үшiншi адамнан мәлiметтер алу немесе мойындату, не ол жасаған немесе жасады деп күдiк келтiрiлген iс-әрекет үшiн оны жазалау, сондай-ақ оны немесе үшiншi адамды кез келген сипаттағы кемсiтуге негiзделген кез келген себеп бойынша қорқыту немесе мәжбүр ету мақсатымен қасақана тән зардабын және (немесе) психикалық зардап шектiруi, –
айлық есептiк көрсеткiштің екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан айыруға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) адамдар тобымен немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен;
б) бiрнеше рет;
в) денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтiре отырып;
г) кiнәлi адам жүктi әйелге қатысты көрiнеу жасаса немесе кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса, –
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Дәл сол әрекет жәбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зиян келтiруге немесе абайсызда оның өлiмiне әкеп соқса, –
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
Лауазымды адамдардың заңды iс-әрекетi нәтижесiнде келтiрiлген тән зардабы және психикалық зардап қинау деп танылмайды.
Ескерту. Кодекс 141-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

142-бап. Жеке өмiрге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан
Республикасының дербес деректер және оларды
қорғау туралы заңнамасын бұзу

1. Адамның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын жеке өмiрi туралы мәлiметтердi оның келiсiмiнсiз заңсыз жинау не өзге де дербес деректерді заңсыз жинау және (немесе) өңдеу нәтижесінде адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіру – айлық есептік көрсеткiштің төрт жүзден жетi жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
2. Дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды қолдану міндеті жүктелген адамның мұндай шараларды сақтамауы, егер осы әрекет адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірсе –
айлық есептiк көрсеткiштің жетi жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып немесе өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу мақсатында жасаған, осы баптың бірінші және (немесе) екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, сол сияқты осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген мәлiметтердi көпшiлiк алдында сөйлеген сөзде, көпшiлiкке көрсетiлетiн шығармаларда немесе бұқаралық ақпарат құралдарында тарату –
қылмыс жасау жарағы немесе құралы болып табылатын мүлкі тәркіленіп не онсыз айлық есептiк көрсеткiштің бiр мыңнан екі мыңға дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 142-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.05.2013 № 95-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

143-бап. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф
хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын
заңсыз бұзу

1. Жеке тұлғалардың хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф немесе өзге хабарларының құпиясын заңсыз бұзу -
бір жүзден екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
2. Адам өзiнiң қызмет бабын немесе ақпаратты жасырын алуға арналған құралдарды пайдаланып жасаған нақ сол әрекет -
бір мыңнан үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не заңсыз пайдаланатын арнаулы техникалық құралдары тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Ақпаратты жасырын алуға арналған арнаулы техникалық құралдарды өткiзу мақсатында заңсыз жасау, өндiру, өткiзу немесе сатып алу -
бес жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 143-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.07 N 221-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

144-бап. Дәрiгерлiк құпияны жария ету

1. Медициналық қызметкердiң кәсiптiк немесе қызметтiк қажеттiлiксiз адам бойында ВИЧ/ЖҚТБ бар екенi туралы мәлiметтердi хабарлау арқылы пациенттiң сырқаты немесе медициналық куәландыру нәтижелерi туралы мәлiметтерді жария етуi –
айлық есептiк көрсеткiштің бір жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екі жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 144-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

145-бап. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу

1. Тұрғын үйге онда тұратын адамның еркiнен тыс басып кiру -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
2. Күш қолданып не оны қолданамын деп қорқытумен немесе адамдар тобы жасаған, немесе түнгi уақытта, немесе заңсыз тiнтуге ұласа жасалған әрекет, сол сияқты тұрғын үйден заңсыз шығарып тастау -
бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаған әрекеттер -
сегiз жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 145-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

146-бап. Сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау
комиссияларының жұмысына кедергi жасау

1. Сайлаушының өзiнiң сайлау құқығын немесе референдумға қатысу құқығын еркiн жүзеге асыруына кедергi жасау, сондай-ақ сайлау комиссияларының немесе референдум жүргiзу жөнiндегi комиссияның жұмысына заңсыз араласу және дауыс беруге, кандидатты, партиялық тiзiмдердi тiркеуге, дауыстарды санауға және сайлаудағы немесе референдумдағы дауыс беру нәтижелерiн анықтауға байланысты мiндеттерiн атқаруына кедергi жасау -
елуден жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
а) пара берiп сатып алумен, алдаумен, күш қолданып не оны қолданамын деп қорқытумен сабақтасса;
б) адам өзiнiң лауазымын немесе қызмет бабын пайдалана отырып жасаса;
в) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен жасалса;
г) электрондық сайлау жүйесiнiң жұмыс iстеуiнiң белгiленген тәртiбiн бұзу жолымен жасалса, -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 146-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.07.09 N 583, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

147-бап. Сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын
бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу

1. Сайлау құжаттарын немесе референдум құжаттарын бұрмалау, бюллетеньге жалған жазбалар немесе қол қойылған парақтар енгiзу, дауыстарды көпе-көрiнеу қате есептеу не сайлаудың нәтижелерiн немесе референдум қорытындыларын көпе-көрiнеу дұрыс айқындамау, не дауыс беру құпиясын бұзу, егер осы әрекеттердi Қазақстан Республикасы Президентiне кандидаттың сенiмдi өкiлi, немесе депутаттыққа кандидаттың сенiмдi өкiлi жасаса, сол сияқты сайлау комиссиясының, немесе референдум жүргiзу жөнiндегi комиссияның мүшесi жасаса, -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Электрондық сайлау жүйесiнiң жұмыс iстеуiнiң белгiленген тәртiбiн бұзу жолымен жасалған дәл сол әрекеттер, -
жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 147-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.07.09 N 583, 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

148-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын
бұзу

1. Қызметкермен еңбек шартын заңсыз тоқтату, соттың жұмыста қайта қалпына келтiру туралы шешiмiн орындамау, сол сияқты азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулi зиян келуiне әкеп соққан Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын өзге де бұзу -
жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.
2. Әйелмен оның жүктілігі себебі бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе онымен еңбек шартын негізсіз тоқтату немесе үш жасқа дейінгі балалары бар әйелмен осы себептер бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе онымен еңбек шартын негізсіз тоқтату, сол сияқты мүгедекпен оның мүгедектігі себебі бойынша не кәмелетке толмағанмен оның кәмелетке толмағандығы себебі бойынша еңбек шартын жасасудан негізсіз бас тарту немесе еңбек шартын негізсіз тоқтату -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан айыруға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
3. Басқару қызметiн атқарушы адамның ақша қаражатын өзге мақсаттарға пайдаланумен байланысты жалақының толық көлемiнде және белгiленген мерзiмде төленуiн бiрнеше рет кiдiртуi -
үш жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 148-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47, 2007.05.15 N 253, 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

149-бап. Ар-ождан және дiни наным бостандығы құқығын
жүзеге асыруға кедергi жасау

Ескерту. 149-бап алып тасталды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

150-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiне кедергi
жасау

Ескерту. 150-бап алып тасталды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

150-1-бап. Қызметкерлер өкілдерінің заңды қызметіне
кедергі келтіру

Қызметкерлер өкілдерінің заңды қызметіне лауазымды адамның қызмет бабын пайдаланып кедергі келтіруі, сол сияқты олардың құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соққан лауазымды адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып олардың заңды қызметіне араласуы, мұны дәл осындай әрекет жасағаны үшін бір жыл ішінде әкімшілік жаза қолданылған адам жасағанда -
жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
Ескерту. Кодекс 150-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.05.15 N 253 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

151-бап. Жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткiзуге,
пикет жасауға немесе оларға қатысуға кедергi
жасау

Жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткiзуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға кедергi жасау не оларға қатысуға мәжбүрлеу, егер бұл әрекеттердi лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып не күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытумен жасаса -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 151-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

152-бап. Еңбектi қорғау ережелерiн бұзу

1. Қауiпсiздiк техникасын, өндiрiстiк санитария ережелерiн немесе еңбектi қорғаудың өзге де ережелерiн осы ережелердi сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттер жүктелген адамның бұзуы абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiруге әкеп соқса -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару не белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, нақ сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 152-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

153-бап. Ереуiлге қатысуға немесе ереуiлге қатысудан бас
тартуға мәжбүрлеу

Адамның өз қызмет бабын пайдаланып не күш көрсету немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы ереуiлге қатысуға немесе заңды ереуiлге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеуi -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 153-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

154-бап. <*>;

Ескерту. 154-бап алынып тасталды - ҚР 2004.12.09 N 10 Заңымен.

155-бап. Журналистiң заңды кәсiптiк қызметiне кедергi
келтiру

1. Журналистiң заңды кәсiптiк қызметiне оны ақпарат таратуға не оны таратудан бас тартуға мәжбүрлеу арқылы кедергi келтiру -
елуден жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
2. Адам өз қызмет бабын пайдалана отырып, сол сияқты күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқыта отырып жасаған әрекет -
екi жылға дейiнгi мерзімге түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 155-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

4-тарау. Бейбiтшiлiк пен адамзат
қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар

156-бап. Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзiрлеу,
тұтандыру немесе жүргiзу

1. Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзiрлеу немесе тұтандыру -
жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Басқыншылық соғысты жүргiзу -
он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан
айыруға не өлiм жазасына немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.

157-бап. Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу
және жария түрде шақыру

1. Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу және жария түрде шақыру -
үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасалған не мемлекеттiк жауапты қызмет атқарып отырған лауазымды адамжасаған дәл сол әрекет -
бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 157-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

158-бап. Жаппай қырып-жою қаруын өндiру немесе тарату

Химиялық, биологиялық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен тыйым салынған жаппай қырып-жою қаруының басқа да түрiн өндiру, сатып алу немесе өткiзу -
бес жылдан он жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

159-бап. Соғыс жүргiзудiң тыйым салынған құралдары
мен әдiстерiн қолдану

1. Әскери тұтқындарға немесе әскери емес тұрғындарға қатыгездiкпен қарау, әскери емес тұрғындарды күштеп көшiру, басып алынған аумақта ұлттық мүлiктi тонау, Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен тыйым салынған құралдар мен әдiстердi әскери жанжалда қолдану -
алты жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен тыйым салынған жаппай қырып-жою қаруын қолдану -
он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өлiм жазасына немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 159-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 1200. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Методы анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия   Содержанием анализа финансово-хозяйственной деятельности предприятия является глубокое и всестороннее изучение экономической информации о функционировании анализируемого субъекта хозяйствования с целью принятия оптимальных управленческих...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия