Студопедия — Бап. Пара алу 1 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бап. Пара алу 1 страница






1. Мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның, өзi немесе делдал арқылы параберушiнiң немесе оның өкiлi болған адамның пайдасына жасаған iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлiк, мүлiкке құқығы немесе мүлiк сипатындағы өзі немесе басқа адамдар үшін пайда түрiнде пара алуы, егер, мұндай iс-әрекет (әрекетсiздiк) мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның қызметтiк өкiлеттiгiне кiретiн болса не ол қызметтiк жағдайына байланысты осындай iс-әрекетке (әрекетсiздiкке) мүмкiндiк жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы немесе қызметi бойынша жол берсе, -
жетi жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп немесе онсыз нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адамның нақ сол әрекеттердi жасауы, сол сияқты заңсыз iс-әрекет (әрекетсiздiгi) үшiн пара алуы -
жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, жауапты мемлекеттiк лауазымды атқарушы адам жасаған әрекеттер -
жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар:
а) қорқытып алу жолымен;
б) адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ;
в) iрi мөлшерде;
г) әлденеше рет жасалса -
мүлкiн тәркiлеп жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар аса ірі мөлшерде жасалса, -
мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
1. Бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүлiктiң немесе мүлiктiк сипаттағы пайданың құны iрi мөлшердегi пара деп танылады.
2. Егер сыйлықтың құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның бiрiншi рет сыйлық ретiнде мүлiк, мүлiкке немесе өзге мүлiктiк пайдаға құқық алуы бұрын жасалған заңды әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн алдын ала уағдаластық болмаған жағдайда маңызы аз екендiгiне байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкімшілік ретпен қудаланады.
3. Екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы, бағалы қағаздардың, өзге де мүліктің немесе мүліктік сипаттағы пайданың құны аса ірі мөлшердегі пара болып танылады.
4. Осы Кодекстің осы бабына және 312-бабына қатысты лауазымды
адамдарға осы Кодекстің 307-бабының ескертулерінде көрсетілген
лауазымды адамдар, сондай-ақ шет мемлекеттердің немесе халықаралық
ұйымдардың лауазымды адамдары жатады.
Ескерту. 311-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47, 2003.09.25 N 484, 2007.07.21 N 308, 2009.12.07 N 222-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

312-бап. Пара беру

1. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамға тікелей немесе делдал арқылы пара беру, -
жеті жүзден екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адамға пара беру, сол сияқты көрінеу заңсыз іс-әрекет (әрекетсіздік) жасағаны үшін пара беру, -
бір мыңнан үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамға пара беру, -
мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды:
а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ;
б) ірі мөлшерде;
в) әлденеше рет жасаса, -
мүлкі тәркіленіп жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші немесе төртінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар аса ірі мөлшерде жасалса, -
мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескертулер.
1. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамға не оған теңестірілген адамға оның бұрын жасаған заңды іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін сомасы немесе құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сыйлықты алғаш рет беру, егер мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам жасаған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) алдын ала уағдаластықпен байланысты болмаса, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.
2. Пара берген адам, егер мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның тарапынан оған қатысты қорқытып пара алу орын алған болса немесе ол адам пара бергені туралы қылмыстық іс қозғауға құқығы бар органға өз еркімен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Ескерту. 312-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 308, өзгеріс енгізілді - 2009.04.07 N 149-IV, 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

313-бап. Парақорлыққа делдал болу

1. Парақорлыққа делдал болу, яғни пара алушыға және пара берушiге пара алу мен беру туралы олардың арасындағы келiсiмге қол жеткiзуге немесе iске асыруға жәрдемдесу -
жеті жүзден екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Әлденеше рет немесе ұйымдасқан топ, немесе адам өзiнiң қызмет жағдайын пайдалана отырып жасалған дәл сол әрекет -
бір мыңнан үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не алты жылға дейiн мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 313-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.21 N 308, 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

314-бап. Қызметтiк жалғандық жасау

1. Қызметтiк жалғандық жасау, яғни мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның ресми құжаттарға көрінеу жалған мәлiметтердi eнгізуі, сол сияқты аталған құжаттарға олардың шын мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгiзуi, не көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар беруi, егер бұл әрекеттер өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалған болса, -
жеті жүзден екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, -
екі мыңнан төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттердi, егер оларды жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адам жасаса, -
төрт мыңнан алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 314-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.09.25 N 484, өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.21 N 308, 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

315-бап. Қызметтегi әрекетсiздiк

1. Қызметтегi әрекетсiздiк, яғни мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, -
жеті жүзден екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, -
екі мыңнан төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекет, -
төрт мыңнан алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп, жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 315-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.09.25 N 484, өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

316-бап. Салақтық;

1. Салақтық, яғни лауазымды адамның қызметiне адал қарамауы немесе ұқыпсыз қарауы салдарынан өз мiндеттерiн орындамауы немесе лайықты орындамауы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған дәл сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейiнгi мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 316-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

14-тарау. Басқару тәртiбiне қарсы қылмыс

317-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін
қорлау

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорлау –
бір мыңнан екi мыңға дейінгі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 317-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.06.28 № 24-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

317-1-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін —
Елбасын көпшілік алдында қорлау және оның;
абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғу,
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің —
Елбасының бейнесін бүлдіру, Қазақстан
Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының;
заңды қызметіне кедергі жасау

1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін — Елбасын көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғу, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының бейнесін бүлдіру —
айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалған нақ сол әрекеттер, —
айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау мақсатында оған немесе онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне қандай да болсын нысанда ықпал ету —
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе дел сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Кодекс 317-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.06.14 № 290-IV Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

317-2-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне —
Елбасына ешкімнің тиіспеушілігі кепілдігін бұзу

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне ешкімнің тиіспеушілігі кепілдігін, оның ішінде мүлкіне, тұрғын және қызметтік үй-жайларына, жеке жене қызметтік көлік құралдарына, хат-хабарларына, олар пайдаланатын байланыс құралдарына қол сұғылмаушылық кепілдігін, банктік шоттарының банктік құпиялығы мен қол сұғылмаушылығы, сондай-ақ оларға тиесілі құжаттарға қол сұғылмаушылық кепілдігін қандай да болсын нысанда бұзу, —
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Кодекс 317-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.06.14 № 290-IV Заңымен.

318-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң ар-ұжданы
мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның;
қызметiне кедергi жасау

1. Қазақстан Республикасы Президентiн жария қорлау немесе оның ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасаған дәл сол әрекет -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өз мiндеттерiн атқаруына кедергi жасау мақсатында оған немесе оның жақын туыстарына қандай да болсын нысанда ықпал ету -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жүргiзiп отырған саясаты туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауапқа тартуға әкеп соқпайды.
Ескерту. 318-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

319-бап. Депутаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне қол
сұғу және оның қызметiне кедергi жасау

1. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатын оның депутаттық мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оны атқаруға байланысты жария қорлау -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмысқа тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасаған дәл сол әрекет -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiштен сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Қазақстан Республикасы Парламентi депутатының өз мiндеттерiн атқаруына кедергi жасау мақсатында оған немесе оның жақын туыстарына қандай да болсын нысанда ықпал ету -
екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Парламент депутатының депутаттық қызметi туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.
Ескерту. 319-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

319-1-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң;
қызметіне кедергi жасау

1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қызметіне оның өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына кедергi жасау мақсатында қандай да болмасын нысанда араласу, -
екi жүзден үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаған нақ сол әрекет, -
үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Кодекс 319-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

320-бап. Өкiмет өкiлiн қорлау

1. Өкiметтiң өкiлiн оның өз қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде немесе оны атқаруына байланысты жария қорлау -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасаған дәл сол әрекет -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiштен жетi жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
1. Осы Кодекстiң осы бабында және басқа да баптарында өкiметтiң өкiлдерi деп, оған қызмет жағынан тәуелсiз адамдарға қатысты заңмен белгiленген тәртiпте өкiм ету өкiлеттiгi берiлген мемлекеттiк органның лауазымды тұлғасы танылады.
2. Өкiмет өкiлiнiң қызметтiк жұмысы туралы сын тұрғысында айтылған жария сөздер осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.
Ескерту. 320-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 533. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия