Студопедия — бөлім. Коммерциялық табу. 1. Жер қойнауын пайдаланушы кен орнын тапқан жағдайда құзыретті органға отыз жұмыс күнінен кешіктірмей
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

бөлім. Коммерциялық табу. 1. Жер қойнауын пайдаланушы кен орнын тапқан жағдайда құзыретті органға отыз жұмыс күнінен кешіктірмей

1. Жер қойнауын пайдаланушы кен орнын тапқан жағдайда құзыретті органға отыз жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауы тиіс.

2. Құзыретті орган хабарламаны алғаннан кейінгі бір ай мерзімде бағалау жұмыстары кезегіне өтуге рұқсат береді. Бағалау жұмыстар кезегіне өту барысында келісімшарттың жұмыс бағдарламасында міндетті түрде өзгеріс енгізіледі.

3. Табуды растау мен оны бағалау мерзімі құзыретті органмен жер қойнауын зерттеу мен пайдалану бойынша құзыретті органның тұжырымдамасы бойынша белгіленеді. Коммерциялық табуды жер қойнауын пайдаланушы хабарлайды.

4. Жер қойнауын пайдаланушы бағалау жұмыстары кезегіне өту барысында Заңға сәйкес, бағалау жұмыстарының жобасын әзірлейді. Бағалау жұмыстарында қатты пайдалы қазбаларды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасы (немесе көмірсутекті шикізат бойынша сынамалы пайдалану) болуы мүмкін.

5. Бағалау жұмыстарының жобасында белгіленген тәртіпте бекітілгеннен тыс, сондай-ақ, бағалау жұмыстарының жобасы талаптарын бұза отырып кен орындарына бағалау жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады. Тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру (немесе көмірсутекті шикізат бойынша сынамалы пайдалану) жобасында белгіленген тәртіпте бекітілгеннен тыс, сондай-ақ, осындай жобаның талаптарын бұза отырып, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру (немесе көмірсутекті шикізат бойынша сынамалы пайдалану) жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.

 

 

10-бөлім. Өндіру кезеңі

 

1. Жер қойнауын пайдаланушы жыл сайынғы өндіру жөніндегі операцияларды келісімшартқа, бекітілген жобалаушы құжаттарға, жұмыс түрлері, олардың көлемдері мен шығындарын көздейтін жұмыс бағдарламасына сәйкес, жүзеге асырады.

2. Жер қойнауын пайдаланушыға жобалаушы құжаттарға сәйкес кен орнындағы пайдалы қазбалардың қорларының толық өңделу мерзімі ескеріле отырып, келісімшарттық аумақта өндіруге айрықша құқық беріледі.

3. Жер қойнауын пайдаланушы жұмыс бағдарламасы келісілгеннен кейін _____________ өндіруді күнненкешіктірмей бастауы тиіс. (күнін көрсету) 4. Жер қойнауын пайдаланушы алдын ала __ күн бұрын кен орнында өндіру басталуының нақты күні туралы құзыретті органға хабардар етеді.

5. Көмірсутек шикізаты кен орнын өнеркәсіптік игеру барысында жер қойнауын пайдаланушы жобалаушы құжаттардың және жұмыс бағдарламасының ережелерін сақтауға міндетті. Өнеркәсіптік игеруді, тәжірибелік-өнеркәсіптік игеруді бекітілген тәртіпте бекітілген өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге жобалаушы құжаттарсыз, сондай-ақ мұндай жобалаушы құжаттар талаптарына қайшы келетін жағдайларда жүзеге асыруға тыйым салынады.

6. Жер қойнауын пайдаланушы кен орындарын игеруді жүргізуді мемлекет Үкіметі бекітетін, Пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай ережелерге сәйкес жүзеге асыруы тиіс.

7. Жер қойнауын пайдаланушылар көмірсутек шикізатының кен орындарын өнеркәсіптік игеруді жүзеге асыру кезінде геологиялық және маркшейдерлік бақылаулардың және тиісті құжаттаманың толық, жүйелі және сапалы жүргізілуін, оның сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

8. Кен орындарын игерумен байланысты жұмыстарды жер қойнауының жай-күйіне мониторинг жүргізбей және кен орнын игеруге бақылау жасамай жүзеге асыруға тыйым салынады.

9. Табиғи газды өндіру барысында табылған кен орнынан өндірілетін табиғи газды жеткізіп беру жөніндегі мәмілелер жасалғанға дейін табиғи газды өндіруді бастауды талап етуге құзыретті органның құқығы жоқ, ал жер қойнауын пайдаланушы өндіруді бастауға міндетті емес. Бұл ретте келісімшарттың қолданылу мерзімі табылған табиғи газ кен орнынан өндірілетін табиғи газды жеткізіп беру жөніндегі тиісті мәмілелер жасалған кезге дейін үзіледі.

10. Егер жер қойнауын пайдаланушы табиғи газды жеткізіп беру жөніндегі мәмілелерді кен орнын жарақтандырғаннан кейінгі бір жыл ішінде жасаспаса, құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушының үшінші тұлғамен қисынды шарттар бойынша газ жеткізіп беруге, оның ішінде үшінші тұлға жер қойнауын пайдаланушымен мәміле жасасуға келіскен жағдайда, жеткізіліп берілетін газды отандық не шетелдік тұтынушыларға кейін қайта сату мақсатында шарт жасасуды талап етуге құқылы. Егер жер қойнауын пайдаланушы және құзыретті орган айқындаған мұндай үшінші тұлға осы мәселе бойынша келісімге келмеген жағдайда, олар бұл даудың сот тәртібімен шешілуін талап етуге құқылы.

11. Мұнай-газ кен орындарын ілеспе және (немесе) табиғи газды қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жаратусыз өнеркәсіптік игеруге тыйым салынады.

12. Мынадай жағдайларды:

1) апаттық жағдай қатері немесе оның туындауы, персоналдың өміріне немесе тұрғындар денсаулығына және қоршаған ортаға қатер төнуі;

2) ұңғымалар объектілерін сынау, кен орындарын сынамалы пайдалану кезінде;

3) технологиялық жабдықты іске қосу-баптау; технологиялық жабдықты пайдалану; технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу жағдайларын қоспағанда, ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға тыйым салынады.

13. Жер қойнауын пайдаланушы қажетті кәсіпшілік объектілерді және пайдалы қазбаларды өндіру, дайындау, сақтау және тасымалдау үшін қажетті өзге де инфрақұрылым объектілерін салуды белгіленген тәртіппен бекітілетін жобалау құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

14. Кен орындарын жайластыру объектілерін жобалау мен салу кезінде осы объектілердің қауіпсіз жұмыс істеуі, ықтимал апаттық жағдайлардың зардаптарын шектеу мен мейлінше азайту жөніндегі қажетті шаралар қамтамасыз етілуге тиіс.

15. Жайластыру объектілерін салу кезінде кен орнын игерудің қабылданған технологиялық нұсқасының жобалау көрсеткіштерінің өзгеруіне және өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік жөніндегі талаптардың бұзылуына әкеп соқпас үшін оларды пайдалануға берудің жобалау құжатында белгіленген кезектілігі сақталуға тиіс.

16. Бұрын бұрғыланған ұңғыма бақылаудан алынған кезде, мұндай ұңғыманы бақылауға алу үшін өзге әдістерді қолдану мүмкін емес не қалыптасқан жағдайларда тиімсіз болып табылатын қысымды шығаруға арналған тығындау ұңғымасын бұрғылауды қоспағанда, пайдалану ұңғымаларын немесе өзге де ұңғыманы құзыретті органның жазбаша рұқсатынсыз бұрғылауға тыйым салынады. Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға мұндай тығындау ұңғымасын бұрғылаудың басталуы туралы осындай тығындау ұңғымасын бұрғылау туралы шешім қабылдауға әсер еткен нақты жағдайлар мен себептерді көрсете отырып, қисынды мерзімде жазбаша хабарлауға міндетті.

17. Игерілген және мемлекетке қайтарылатын кен орны учаскелері мемлекеттің қоршаған ортаны қорғауға қатысты заңнамасының барлық талаптарына сәйкес келуі тиіс. Жер қойнауын пайдаланушы өндіру жүргізу нәтижесінде бүлінген қайтарылатын аумақтарды және өзге де табиғи объектілерді одан әрі тікелей мақсатына пайдалануға жарамды қалыпқа дейін өз қаражаты есебінен қалпына келтіреді. 11-бөлім. Пайдалы қазбаны өлшеу

1. Өлшеу бірлесіп барлау мен өндіруге арналған келісімшартқа сәйкес жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды ала отырып, тәжірибелік-өнеркәсіптік игеруге немесе табудың сынамалы пайдалануына құқылы болған жағдайларда қолданылады.

2. Келісімшарттық аумақта өндірілген ____________________________________, (мұнайды қоспағанда)

(пайдалы қазба түрін көрсету)

өлшеу және таразылауды жер қойнауын пайдаланушы мемлекетте қолданылатын әдiстер мен тәжiрибеге сәйкес жүргiзедi. 3. ________________________ өлшеу және таразылау үшін қолданылатын (пайдалы қазба түрін көрсету) жабдық пен аспаптарды сынаудан өткізу мемлекеттің метрология және стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі. 4. Келісімшарттық аумақта өндірілген мұнайды өлшеу және таразылауды жер қойнауын пайдаланушы мемлекет Үкіметі бекітетін тәртіппен сәйкес жүзеге асырады.5. Теңізде және ішкі су айдындарында мұнай операцияларын жүргізу барысында келісімшарттық аумақта өндірілген мұнайды өлшеу және таразылауды жер қойнауын пайдаланушы құрлықта орналасқан өлшеу пункттарында және мемлекет Үкіметі бекітетін тәртіпке сәйкес жүзеге асырады.

6. Егер сынақ немесе тексеру кезiнде жабдықтар немесе аспаптарда ақау байқалса, бүлiну мерзiмін анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, ақау мерзiмi ақау табылған күнге дейiнгi алдыңғы өлшеу уақытының жартысы ретiнде белгiленедi.

7. Жер қойнауын пайдаланушы белгіленген тәртіппен уақыттың белгілі бір кезеңі сайын құзыретті орган және метрология және стандарттау жөніндегі уәкілетті орган өкілінің қатысуымен мұнайды таразылау мен өлшеу үшін пайдаланылатын жабдық пен аспаптарды жүйелі түрде сынаудан өткізіп отырады.

12-бөлім. Мердігерлік жұмыстарды орындау

 

1. Жер қойнауын пайдаланушы бекітілген бюджетке және тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасына сәйкес жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты жұмыстардың жекелеген түрлерін орындау үшін мердігерлерді тартуға құқылы.

2. Егер мемлекеттің заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес иеленетін жер қойнауын пайдаланушыларды, акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдинг иеленетін жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы мердігерлерді тартуды жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыру барысында тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың мемлекет Үкіметі бекіткен тәртібіне сәйкес жүзеге асырады.

3. Мердігерлердің жер қойнауын пайдаланушымен жасалған мердігерлік шарттары бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін жер қойнауын пайдаланушы құзыретті орган алдында жауапты болады.

4. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы, сондай-ақ оның мердігерлері тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілерден мемлекет заңнамасына сәйкес сатып алуға міндетті.

5. Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлері тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға байланысты рәсімдерді мемлекет аумағында жүзеге асыруға міндетті.

 

 

13-бөлім. Қаржыландыру

 

1. Жер қойнауын пайдаланушы өзіне жобалаушы құжаттар және жұмыс бағдарламасына сәйкес келiсiмшарт бойынша өз қызметiн қаржыландыру жөнінде міндеттеме алады.

2. Келісімшарт бойынша қызметті қаржыландыру өз қаражаты есебінен де, тартылған қаражат есебінен де жүргізілуі мүмкін.

3. Келiсiмшартқа сәйкес есеп айырысудың барлық түрлерi мемлекет заңнамасымен белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

4. Жер қойнауын пайдаланушы мен оның мердiгерлері валюталық операцияларды валюталық реттеу туралы мемлекет заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

 

14-бөлім. Салық салу

 

1. Келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтар мен бюджетке міндетті төлемдер бойынша салықтық міндеттемелерді есептеу оларды төлеу бойынша міндеттеме туындаған күні қолданыста болатын салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтық міндеттемелерді орындау жер қойнауын пайдаланушыны мемлекет аумағында келісімшарт шеңберінен тыс қызметті жүзеге асыру бойынша салықтық міндеттеме туындаған күні қолданыста болатын мемлекеттің салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемесін орындаудан босатпайды.

2. Осы келісімшартты жасасу кезінде жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонустың белгіленген сомасының елу пайызын 20___ жылдың «___» _________ күнгі №_____ төлем тапсырмасы бойынша төледі.

3. Қол қойылатын бонустың _________________ мөлшердегі қалған елу пайызын жер қойнауын пайдаланушы (сомасын көрсету) келісімшарт күшіне енгеннен кейінгі отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей төлейді.

4. Қол қойылатын бонус көлемі конкурстық ұсыныста (тікелей келіссөздер өтінімінде) көзделген көлемнен төмен бола алмайды.

5. Қол қойылатын бонус бойынша төлемнің кезеңділігі мен тәртібі мемлекеттің салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Жер қойнауын пайдаланушы тарихи шығындардың өтеу бойынша төлемді жер қойнауын зерттеу мен пайдаланудың № _____ __________, бойынша және _________ мөлшерде, мемлекеттің салық заңнамасымен бекітілген тәртіп пен мерзімде уәкілетті органмен құпиялылық туралы келісімге сәйкес төлейді.

7. Қол қойылған бонустың дер кезінде және толық төленуін бақылау мемлекеттің салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

15-бөлім. Бухгалтерлік есеп

 

1. Мемлекеттің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына, халықаралық және ұлттық стандарттарға және бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарына сәйкес, бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау үшін қызметтің қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, есеп саясатын қабылдауға міндетті.

2. Активтерді сақтау, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасауда жымқыру мен қателесу оқиғаларын анықтау мен алдын алу бойынша шараларды қоса алғанда, мемлекеттің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын сақтау, есеп саясатын, операцияларды тиімді жүргізу үшін жер қойнауын пайдаланушы ішкі бақылау ұйымдастыруға құқылы.

16-бөлім. Сақтандыру

1. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу барысында мемлекет заңнамаларына сәйкес, міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті.

2. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру мүмкін объектілердің меншік иесі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы меншік иесі ретінде қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру мүмкін объектілердің меншік иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі туралы міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.

3. Қызметшілердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау барысында денсаулығы мен өміріне зиян келтіру мүмкін жағдайлардан, олардың мүліктік мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдаланушы мемлекет заңнамасында көзделген көлемде қызметкерлердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау барысында жазатайым жағдайлардан жұмыскерлерді сақтандыру туралы жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті.

4. Үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға оның апаттық ластануы нәтижесінде келтірілген зардаптың орнын толтыру мақсатында жер қойнауын пайдаланушы Үкімет анықтаған тізілімге сәйкес, шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрін жүзеге асырушы субъект ретінде міндетті экологиялық сақтандырудың келісімшартын жасасуды жүзеге асыруға міндетті.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жатқызылған жер қойнауын пайдаланушы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін үшінші тұлғаларға зиян келтіру мүмкін объектілердің меншік иесі ретінде азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды жүзеге асырған жағдайда міндетті экологиялық сақтандыру тек қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік бөлігінде ғана жасалады.

5. Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттің заңнамасымен көзделген сақтандырудың өзге де түрлерін жүзеге асырады.

6. Жер қойнауын пайдаланушының ерікті сақтандыру шарттарын жасасуы оны міндетті сақтандыру шарттарын жасасу бойынша міндетінен босатпайды.

7. Мұнай операцияларын жүргізу барысында келісімшарт әрекет етуінің барлық мерзіміне жер қойнауын пайдаланушы мынадай сақтандыруды жүзеге асырады:

1) Келісімшарттық аумақта _______________________________________

(жер қойнауын пайдалану бойынша операцияның түрін көрсету) немесе келісімшарттық аумақтан\қа тасымалдау кезінде қолданылатын немесе қолдануға жоспарланып отырған барлық құрылғыларды, ғимараттарды, технологиялық объектілерді және барлық түрдегі тауарды қамтитын мүлікті зардаптан сақтандыру.

2) ______________________________________________________________

(жер қойнауын пайдалану бойынша операцияның түрін көрсету)

байланысты туындаған үшінші тұлғалардың мүлкіне және (немесе) өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін:

Құрлықтағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияға қатысты бір оқиға бойынша 3 000 000 айлық есептік көрсеткіштен;

Теңіздегі жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияға қатысты бір оқиға бойынша 9 000 000 айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде сақтандыру.

3) Келесі шығындардың орнын толтыруды қамтамасыз ететін, зиян келтіргені үшін жауапкершіліктің тәуекелдері мен қаржылық шығындары мен тәуекелдерінен сақтандыру:

а) атқылайтын ұңғыманы бақылауға алу бойынша шығындар;

б) атқылау нәтижесінде ұңғыманы жоғалтқан жағдайда қайталама бұрғылауды жүзеге асыру бойынша шығындар;

в) ұңғыма атқылау нәтижесінде орын алған ластануды тазалау мен оқшаулау бойынша шығындар;

а) – в) тармақшалар бойынша мұндай сақтандырудың жалпы сомасы:

Құрлықтағы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға қатысты бір оқиға бойынша 3 000 000 айлық есептік көрсеткіштен;

Теңіздегі жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияға қатысты бір оқиға бойынша 9 000 000 айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде жүзеге асырылады.

4) Жер қойнауын пайдаланушының қызметкерлерін медициналық сақтандыру.

8) Осы бөлімінің 7-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдаланушымен жасалатын сақтандыру шарттары жер қойнауын пайдаланушының мүдделеріне қатысты төмендетудің болмауы шартымен қосымша сақтандырылғандар ретінде мердігерлерді, қосалқы мердігерлерді, аффилиирленген тұлғаларды және басқа тұлғаларды қамтуы мүмкін.

9) Осы бөлімге сәйкес, жер қойнауын пайдаланушы жасасатын сақтандыру шарттары бойынша сақтандырушы ұйым қабылдайтын тәуекел Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасы талаптарына сәйкес қайта сақтандыруға жататын болса, сақтандырушы ұйым мұндай қайта сақтандыруды келесі сақтандырушы (қайта сақтандырушы) ұйымдарда қамтамасыз етуі тиіс:

- халықаралық шкала бойынша қаржылық қастамасыз етудің халықаралық рейтингі келесі рейтинг агенттіктерімен расталған:

Standard & Poors - А- төмен емес

немесе FITCH - А- төмен емес

немесе Moody’s Investors Service - А3 төмен емес

немесе, тек қана акцияларына (қатысу үлестеріне) ұлттық компания тікелей немес жанама иелік ететін жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты,

- акцияларының (қатысу үлестерінің) 100% ұлттық компания тікелей немесе жанама иелік ететін сақтандырушы (қайта сақтандырушы) ұйым болып табылатын ұйымдарда.

10) Келісімшарт күшіне енгеннен кейін ____ күн ішінде жер қойнауын пайдаланушы осы бөліммен сақтандыру көзделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты тәуекелдерді сақтандыру бағдарламасын жасайды және құзыретті органға келісуге жібереді.

 

 

17-бөлім. Консервация немесе тарату және тарату қоры

 

1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар тоқтатылған кезде жер қойнауын пайдаланушы жобалаушы құжаттарға және жұмыс бағдарламасына сәйкес бұдан кейінгі жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларда қолданылатын жер қойнауын пайдалану объектісінің технологиялық бірліктерін (блоктарды, панельдерді, қазбаларды, әртүрлі мақсаттағы мұнай және газ ұңғымаларын) қоспағанда, барлау және (немесе) өндіру жөніндегі жұмыстар жүргізілген жер қойнауын пайдалану объектілерін таратуды немесе консервациялауды жүзеге асырады.

2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтатқан кезде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану объектісін жою немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды орындауға дереу кіріседі. Жер қойнауын пайдалануға байланысты операцияны тоқтату туралы шұғыл шешім қабылдау қажет болған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы өндірістік объектілерді жою немесе консервациялау басталғанға дейін олардың сақталуын қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін жүргізеді.

3. Жер қойнауын пайдалану объектілері қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, өнеркәсіп қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдармен келісуден өткен және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жер қойнауын пайдалану объектілерін жою мен консервациялау қағидаларының негізінде жобаны жобалау мен іске асыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуді қаржыландыратын жер қойнауын пайдаланушы бекіткен жою немесе консервациялау жобасына сәйкес жойылады немесе консервацияланады.

4. Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою мен консервациялау жөніндегі жұмыстар құзыретті орган қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдардың және облыстың, (облыстың республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының өкілдерінен құратын комиссия жер қойнауын пайдалану объектісін жою мен консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдап алу актісіне қол қойғаннан кейін аяқталған болып есептеледі.

5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен жер қойнауын пайдалану объектісін жою мен консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдап алу актісін алғаннан кейін геологиялық, маркшейдерлік және өзге де құжаттама жұмыстардың аяқталу кезінде толықтырылады және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға белгіленген тәртіппен сақтауға тапсырылады.

6. Объектіні жоюмен немесе консервациялаумен байланысты жұмыстарды қаржыландыру тарату қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте тарату қорын пайдалануды жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісілген құзыретті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырады.

7. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға байланысты операциялардың салдарын жою үшін тарату қорын құрады.

8. Жер қойнауын пайдалану операцияларына байланысты тарату қорына аударымдар жыл сайын жер қойнауын пайдаланушымен жылдық шығындардың 1 %-ынан кем емес мөлшерде мемлекет аумағындағы кез келген банктегі арнайы депозиттік есеп-шотқа аударылады.

9. Егер таратуға арналған нақты шығындар тарату қорының мөлшерiнен асып кетсе, жер қойнауын пайдаланушы тарату жұмыстарын қосымша қаржыландыруды жүзеге асырады.

10. Егер таратуға арналған нақты шығындар тарату қорының мөлшерiнен кем болып шықса, ақшалай қаражаттың артығы жер қойнауын пайдаланушыға берiледi және салық салынатын табысқа енгiзiледi.

11. Тарату немесе консервация жобасы жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық аумақтағы қызметі барысында пайдаланылған объектілерді таратуды немесе консервациялауды көздейді. 12. Жер қойнауын пайдалану құқығы ауысқан жағдайда тарату қоры жаңа жер қойнауын пайдаланушыға беріледі.13. Құзыретті орган келісімшартты біржақты тәртіппен тоқтатқан жағдайда тарату қоры Заңның 72-бабының 10-тармағымен анықталатын сенімгерлікпен басқарушыға беріледі.

18-бөлім. Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау

 

1. Өз қызметін жүзеге асыруда жер қойнауын пайдаланушы мынадай жалпы экологиялық талаптарды сақтауға міндетті:

1) жер қойнауын мемлекеттің экологиялық заңнамасы талаптарына сәйкес пайдалану;

2) жер бетін кен орнын игерудің арнайы әдістерін қолдану есебінен сақтау;

3) жердiң техногендiк шөлейттенуiн болдырмау;

4) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыру барысында қауіпті техногендік үдерістердің алдын алу шараларын қолдану;

5) Жер қойнауын су басудан, өрттен және кен орнын игеру мен пайдалануды қиындататын өзге де күтпеген факторлардан қорғауды жүзеге асыру;

6) жер қойнауының ластануының алдын алу;

7) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұрудың, тоқтатудың, жер қойнауын пайдалану жөніндегі оперцияларды жүзеге асырумен байланысты объектілерді консервациялау мен таратудың бекітілген тәртібін сақтау;

8) қалдықтарды үю мен орналастыру кезінде экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету;

9) ұтымды сызба бойынша жұмыстар басталғанға дейін автомобиль жолдарын салу, сондай-ақ басқа әдістерді пайдалану арқылы бұзылатын және иеліктен шығарылатын жерлер аумақтарын азайту;

10) топырақтың жел эрозиясын, өндіріс қалдықтарының қышқылдануы мен өздігінен жануының алдын алу;

11) ластануды болдырмау үшiн тартылатын және тұщы сулы жерлердi оқшаулау;

12) жер асты суларының сарқылуының және ластануының алдын алу, сонымен бірге шаюшы сұйықтарды әзірлеу кезінде улы емес реагенттерді қолдану;

13) бұрғылау ерітінділерін тазарту мен қайта пайдалануды жүргізу;

14) бұрғылау және жанар-жағар материалдар қалдықтарын таратуды экологиялық қауіпсіз жолмен жүзеге асыру;

15) шаюшы сұйықтарды әзірлеу кезінде улы емес реагенттерді қолдану;

16) мұнай шоғырларының қабатішілік қысымын қолдау жүйесінде мұнай өнеркәсіптік ағындарды тазалауды және қайта пайдалануды жүзеге асыру.

2. Жер қойнауына нормативтік көрсеткіштерге дейін тазартылмаған ағын суларды төгуге тыйым салынады, бұл ретте пайдалы қазбамен ілеспе өндірілген суларды кері ағызу, сондай-ақ мемлекет заңнамасымен көзделген мемлекеттік экологиялық сараптама мен өзге сараптамалардың оң қорытындысын алған жобалар және технологиялық регламенттерде көзделген, пайдалы қазбаларды өндіруге технологиялық ерітінділерді жер қойнауына ағызу ағын суларды төгу деп есептелмейді.

3. Жер қойнауын пайдаланушы:

1) халықаралық тәжірибелерде қабылданған стандарттарға негізделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын таңдауға;

2) жер қойнауын ұтымды пайдалануды, қызметкерлердің, тұрғындардың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін технологиялық сызбалар мен жұмыстар жүргізу жобаларын сақтауға міндетті.

4. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыруының міндетті шарты жер қойнауы ластануының алдын алу мен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қоршаған ортаға жағымсыз әсерін азайтуды қамтамасыз ету болып табылады. Жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану саласында:

1) Жер қойнауы ресурстарын ұтымды және кешендi пайдалануды қамтамасыз ету;

2) бай учаскелерді таңдап өндіруге жол бермей пайдалы қазбаларды жер қойнауынан бөліп алудың толымдылығын қамтамасыз ету;

3) кен орнын игеру кезінде сыртқа шығарылатын және жер қойнауында айналыстан шыққан негізгі және онымен бір жерде жатқан пайдалы қазбалар қорын және қосалқы компоненттерді, оның ішінде минералдық шикізатты өңдеу өнімдері мен өндіріс қалдықтарын дұрыс есепке алу;

4) бастапқы өңдеу деректері бойынша мемлекеттік баланста есепте тұрған пайдалы қазбалар қорларын түзетуді жою;

5) су жинау алаңдарында және ауыз сумен немесе өнеркәсіптік сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын жерасты сулары жинақталған жерлерде өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жиналуын болғызбау;

6) жер қойнауын су басудан, өрттен және кен орындарын пайдалануды және игеруді қиындата түсетін басқа да дүлей факторлардан қорғау;

7) жер қойнауының ластануын, әсіресе мұнайды, газды немесе басқа да заттар мен материалдарды жер астында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму кезінде ластануын болғызбау;

8) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру, доғару, кен орнын игеру объектілерін консервациялау мен жою жөніндегі белгіленген тәртіпті сақтау;

9) өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды үю мен орналастыру кезінде олардың су жинау алаңдары мен жер асты суларына қосылып, жиналуының алдын алу мақсатында экологиялық талаптарды қамтамасыз ету қажет.

5. Пайдалы қазбаларды өндіру шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрі болып табылады және жер қойнауын пайдаланушы мынадай талаптарды сақтаған жағдайда жүзеге асырылады:

1) ұңғымалардың және тау-кен қазбаларының құрылымы сенімділік, технологиялық және экологиялық қауіпсіздік бөлігінде жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау шарттарын қамтамасыз етуі тиіс;

2) дизель-генераторлық және дизельдік құрылғыларды қолданумен бұрғылау және басқа жұмыстар барысында мұндай құрылғылардан тазартылмаған газдардың атмосфераға шығуы олардың техникалық сипаттамаларына және экологиялық талаптарға сәйкес болуы тиіс;

3) құрылғыны монтаждауға даярлау жұмыстарын жүргізу барысында ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерде жер қойнауын пайдалану жөніндегі құрылыстарды салу барысында топырақ қабаты алынып аймақты кейінгі рекультивациялау үшін жеке сақталады;

4) улы заттардың табиғи объектілерге өтуін болдырмау мақсатында технологиялық алаңдарды гидрооқшаулаумен қалдықтарды жинау және сақтаудың инженерлік жүйесі көзделуі тиіс;

5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ұңғыма салынған жағдайда тек қана амбарсыз технологияны қолдану қажет;

6) бекітілген талаптарға сәйкес, бұрғылау барысында қайта пайдалану, қоршаған ортаға қайтару мақсатында бұрғылау, карьерлік, шахталық ағын суларды, бұрғылау ерітіндісін бейтараптандыру және шөгінділерді кәдеге жарату бойынша жұмыстар жүргізілуі тиіс;

7) көмірсутектік негіздегі (әк-битумды, инвертті-эмульсионды және басқа) бұрғылау ерітінділерін қолданған жағдайда ауа қабаты газдануының алдын алу бойынша шаралар қабылдануы тиіс;

8) өртену және адамдарды улау мүмкіндіктерін болдырмау мақсатында пирофорлы түзілістерді, шөгінділерді және кернді көму қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдармен, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органмен және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы орг




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
бөлім. Коммерциялық табу | Азақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың бірі және Орта жүздің руы: Керей 1 страница

Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 489. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.015 сек.) русская версия | украинская версия