Студопедия — Тазалық - саулық негiзi, саулық байлық негiзi Қазақтың халық мақалы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тазалық - саулық негiзi, саулық байлық негiзi Қазақтың халық мақалы






Экономикалық iлгерiлеу бiздiң азаматтарымыздың игiлiгiне өздiгiнен кепiлдiк бере алмайды. Гүлденген экономика жағдайында-ақ өз денсаулығын дұрыс күтпеуiнiң және қоршаған ортаның ластануы салдарынан науқас адамдардың саны жылдан-жылға өсiп отырғанын көзге елестету қиын емес. Қоғамымызды құруымызға қарай азаматтарымыздың өз өмiрiнiң аяғына дейiн сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшiн күш салу керек. Бұл мақсатты iске асырудағы бiздiң стратегиямыз мынадай құрамдас бөлiктерден тұрады:
Ауруды болдырмау және салауатты өмiр салтын ынталандыру. Мемлекеттiң, бiр жағынан, ауруды болдырмау, екiншi жағынан, салауатты өмiр салтын ынталандыру жөнiндегi қадамдары халықтың денсаулығына әсер ететiн маңызды фактор екенiн әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отыр. Аурулардың алдын алу дегенiмiз таза су мен кенеулi асты пайдалануды, тазарту жүйелерiнiң болуын, қоршаған ортаны ластайтын және экологиялық зиян келтiретiн объектiлердi қысқартуды, басқа да қауiптi факторларды төмендету жөнiндегi осыған ұқсас шараларды бiлдiредi.
Салауатты өмiр салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесiмен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есiрткiлердi, темекi мен алкогольдi тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с.с. бағытталған.
Жеткiлiктi құралдар болмай тұрған жағдайда ауруларға қарсы күрес пен денсаулықты нығайту жөнiндегi бiздiң стратегиямыз азаматтарымызды салауатты өмiр салтына әзiрлеуден басталады. Салауатты өмiр салты мен дұрыс тамақтануды, тазалық пен санитария ережелерiн насихаттайтын пәрмендi ақпараттық iс-шаралар жүргiзiлуi қажет. Ол мыналарды қамтуға тиiс:
Нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес. Есiрткiнi әкелу мен таратуға қолданылатын жазаны қатайту және осыған байланысты бiрқатар елдердегiдей, оның iшiнде Малайзия мен Сингапурдегiдей өлiм жазасын енгiзу керек пе деген мәселенi қоғамның талқысына шығару керек. Есiрткi - өте ерекше және түпке жететiн сала, сондықтан бұл жерде адамгершiлiк принциптерiнiң қандай дәрежеде қолданылуы үлкен мәселе. Таразының бiр басында оны әкелiп, тарататын адамның өмiрi тұрса, екiншi басында соның "көмегiмен" қор болған есiрткi тұтынушылардың ғұмыры тұр.
Темекi мен алкогольдi тұтынуды қысқарту. Алкоголь мен темекiнiң адам өмiрiне зиянды екенi дәлелдеудi қажет етпейдi. Халықаралық тәжiрибе бұл салада мемлекеттiк саясатты жүргiзудiң алкоголь мен темекiге салық енгiзу, сондай-ақ маскүнемдiктен емделуге арнайы салық салудан бастап, бiрнеше сабағын ұсынып отыр. Бiз бұл мәселеде байыпты саясат жүргiзуiмiз керек. Контрабанданың ағыны мен қылмыскерлiктiң өсуi сияқты керi нәтижеге душар болмас үшiн бұл арада барлығын салмақтап, бiрнеше қайтара есептеп шығу керек. Бастапқы кезде алкоголь мен темекiнi жарнамалауға барлық жерде және түпкiлiктi тыйым салынуға тиiс. Шылым шегу терең ойластырылып, асыра сiлтеушiлiкке ұрынбай, бiртiндеп қоғамдық орындардан ығыстырылуы қажет. Мұны басқаларға үлгi болу үшiн мемлекеттiк үйлер мен мекемелерден бастау керек. Жалпы, адамдар нелiктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзiммен қарауға тиiс? Мен барлықтарыңызды шылым шегушiлерге ымырасыз болуға шақырамын.
Қоғамдық сана мен мораль алкогольге барынша қарсы болуға тиiс. Мемлекет бұл сезiмдi тәрбиелеуге тиiс. Кеңес өкiметi жылдарында арақ бiздiң тұрмысымызға, әдетiмiзге, дәстүрiмiзге тереңдеп ендi. Ол ауылдық жерлерде де адам өмiрiнiң ажырамас бөлiгi болып алды. Бүгiн көпшiлiк қиыншылыққа тап боп, күйзелiске түскенде iшкiлiкке салыну артып отыр.
Көптеген елдер бұл кеселге тыйым салғанмен, табысқа жете алмады. Осыған қарамастан кейбiр елдер ұтымды ақпараттық және түсiндiру саясатын жүргiзу, мәдениет пен бiлiм арқылы едәуiр табыстарға қол жеткiздi. Өнеркәсiбi дамыған елдерде iшiмдiктi пайдаланушылар мен темекi тартушылардың саны кеми түсуде, өйткенi кәсiпкерлiк - денсаулығы мықты жандардың үлесi. Өмiр салтын терiс әдеттерден спортқа көшiру тиiмдi жолдардың бiрi болып табылады.
Әйел мен баланың денсаулығын жақсарту. Ана мен баланың денсаулығын қорғау бiздiң мемлекетiмiздiң, денсаулық сақтау органдарының, жұртшылықтың тiкелей назарында болуға тиiс. Уақыт өтiп, қазына кiрiсi өскенде мемлекет үшiн де, отбасын қолдауға тиiмдi демографиялық саясат үшiн де қолайлы нысанда аналар мен балаларға мемлекеттiк қолдау көрсетуге қаражат табамыз. Бiз бұрынғы уақыттан берi және қиындықтарға қарамастан бүгiн де осындай көмектi көрсетiп келемiз. Мен балалы болғысы келмейтiндерге салық енгiзу туралы ұсынысты көпшiлiк талқысына саламын. Одан түскен қаржыны көп балалы отбасыларды қолдауға жұмсар едiк.
Бiзге жергiлiктi деңгейде де отбасын, әйелдiң жүктi кезiн және балаларды тәрбиелеудi қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғызбасты аналар проблемасын шешу керек. Егер бiз адамгершiлiгi жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бiр-бiрiнiң алдындағы, ал ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершiлiгiн күшейтуге тиiспiз. Ата-аналар балаларына, ал балалар өздерiнiң қартайған ата-аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда - елiмiз үшiн алаңдамауға да болады. Бұл ұсыныстар Қазақстан халқына қашанда тән болған, оларды жандандырып, жан-жақты қорғау қажет. Жұртшылық мұнда дұрыс шешiмдi көрсетiп, ол отбасы туралы заңда бейнеленуге тиiс.
Салауатты тұрмыс құрып, сол арқылы балаларына үлгi көрсетiп отырған ата-аналарды айрықша атап көрсету қажет. Мен компаниялар мен жұмыс берушiлерге осы тұрғыдан көтермелеудiң тиiстi нысандарын iздестiрудi ұсынар едiм.
Елiмiзде жыл сайын 200 мың аборт жасалады. Қоғамда абортқа тыйым салу керек пе, жоқ па деген мәселе пiкiрталасына түсуi керек. Мұндай өте нәзiк мәселеде де, басқа мәселелерде де мен көпшiлiктi қолдаймын. Қандай жағдайда да, әйелдiң өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiрмейтiн отбасын жоспарлаудың өркениеттi жолына түсуiмiз керек.
Жас шамасына қарай жүргiзiлетiн саясатта бiз жастар мен жеткiншек ұрпаққа, сондай-ақ жас отбасыларға көңiл бөлудi күшейтуге тиiспiз.
Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту.
Экологиялық нашар ахуал бүгiнде адам өлiмiнiң 20 процентiне себеп болып отыр, ал кейбiр аймақтарда жағдай мұнан да қиын. Отандастарымыздың үштен бiрi сапасыз ауыз-суды пайдаланады. Жеткiлiктi және дұрыс тамақтанбау да терiс демографиялық салдарға әкеп соғады.
Сондықтан бiздiң әрқайсымыз тамақтану мен ауызсуға ерекше көңiл бөлуге тиiспiз. Бiздiң мамандарымыз қалай дұрыс тамақтану керек екенiн, табыс дәрежесiне қарай өз рационын қалай құру керек екенiн қазiргi заманғы жеке басының тазалығы ережелерiн орындауды, сапасы төмен ауызсудың зиянын қалай тигiзбеудi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсiндiруден жалықпауы керек. Экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мен стандарттау органдары қойылған мақсаттардың басымдығына сәйкес жұмыс жүргiзуге тиiс. Кез келген сапасыз тамақ өнiмдерiн өткiзушiлер мен жасап шығарушыларға, табиғи ортаны ластаушылардың бәрiне берiк және қат-қабат тосқауыл қойылуы қажет.
Мемлекеттiк ведомстволардың басшылары осының бәрiнде де үлгi көрсетуге тиiс. Сонымен қатар дiнбасылар мен қоғамның басқа да құрметтi адамдарын осы процеске қосылуға шақырамын. Бұл - маңызы зор мәселелер. Адамдардың денсаулығы мен оны мыңдаған отандастарымыздың өмiрi осы шараларға тiкелей байланысты.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 990. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

ЛЕКАРСТВЕННЫЕ ФОРМЫ ДЛЯ ИНЪЕКЦИЙ К лекарственным формам для инъекций относятся водные, спиртовые и масляные растворы, суспензии, эмульсии, ново­галеновые препараты, жидкие органопрепараты и жидкие экс­тракты, а также порошки и таблетки для имплантации...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Лечебно-охранительный режим, его элементы и значение.   Терапевтическое воздействие на пациента подразумевает не только использование всех видов лечения, но и применение лечебно-охранительного режима – соблюдение условий поведения, способствующих выздоровлению...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия